«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 7 мамырдағы № 500 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі Кәсіпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні қызметтік ғимараттарды пайдалануды жүзеге асыру және уәкілетті органды жабдықтау функцияларын орындау болып белгіленсін.
4. Уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-72-жолмен толықтырылсын:
«9-72. «Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
шаруашылық басқармасы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны» Астана қаласы».
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |