«Геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 55 Қаулысы
(2002.06.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң «Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны бөлу жолымен:
1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң Алматы қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны;
2) Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Көкшетау қаласындағы шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі теңгерiм бөлiнiсiн бекіту кезiнде Алматы қаласында орналасқан Геологиялық мұражайдың және Бизнес-клубтың мүлiктерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитетiнiң «Қазақстан Республикасы геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорнына берудi көздесiн.
3. Мыналар:
осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның минералдық-шикiзат кешенi саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы;
осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынның табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық-консультациялық қызметтi және ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асыруы қызметiнiң негiзгi мәнi болып айқындалсын.
4. Осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінiң Геология және жер қойнауын қорғау комитетi белгiленсiн.
5. Осы қаулының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн;
2) олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 06.11.02 ж. № 1173 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiндегi:
«Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106а-5-жолмен толықтырылсын:
«106а-5 «Қазақстан Республикасы геология және
минералдық ресурстар ақпараттық-талдау
орталығы» республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
Алматы қаласы»;
«Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 91-3-жолмен толықтырылсын:
«91-3 (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар
және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау
орталығы» республикалық мемлекеттік
кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)
Көкшетау қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 489-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi:
«шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Қазақстан Республикасы геология, экология және табиғи ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны» деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсiпорны».
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі