2-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақтағы «құрылып отырған кәсіпорындарға» деген сөздер «құрылып отырған кәсiпорынға» деген сөздермен ауыстырылсын.
ҚР Үкіметінің 19.11.99 ж. № 1754 қаулысымен 3 тармақтын күші жойылды
3. алынып тасталды
4. ҚР Үкіметінің 19.12.99 ж. № 1755 қаулысымен күші жойылды
5. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Денсаулық сақтау комитетi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 7 мамырдағы № 553 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 17, 137-құжат) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінiң Денсаулық сақтау комитетiнің қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
29, 53-реттiк нөмiрлi жолдар алынып тасталсын.
6. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсiптiк білім комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 10 мамырдағы № 557 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 190-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Орта және кәсiптiк білім комитетiнiң қарауындағы мекемелердiң тiзбесi мынадай мазмұндағы 25-34-реттiк нөмiрлi жолдармен толықтырылсын:
«25. Республикалық оқу-тәрбиелiк орталығы
26. Оқу-ғылыми физика-технологиялық орталығы
27. «Қазақстан мұғалiмi» газетiнің редакциясы
28. «Учитель Казахстана» газетiнiң редакциясы
29. «Қазақстан мектебi», «Қазақстан тарихы» журналдарының редакциясы
30. «Бастауыш мектеп» журналының редакциясы
31. «Отбасы және балабақша» журналының редакциясы
32. «Қазақ тілі мен әдебиетi» журналының редакциясы - «Ұлағат»
қосымшасы
33. «Русский язык и литература в казахской школе» журналының
редакциясы
34. «Информатика, физика математика» журналының редакциясы»