Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1348 Қаулысы
(2005.22.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеті жарғы» республикалық заң әдебиеті баспасы туралы» 1996 жылғы 19 қарашадағы № 1403 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Республикалық заң әдебиеті баспасы мен апталық заң газетін құру туралы» 1994 жылғы 27 қаңтардағы № 107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 51-құжат):
2-9-тармақтардың күші жойылған деп танылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 378 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж, № 29, 256-құжат):
«Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі «Жеті жарғы» республикалық заң әдебиеті баспасы» деген сөздер алынып тасталсын.
4. ҚР Үкіметінің 1999.09.21. № 1433 қаулысымен 4-тармағының күші жойылды
5. ҚР Үкіметінің 29.04.99 ж.№ 499 қаулысымен 5-тармағының күші жойылды