2. Егер патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асса, дара кәсіпкерлер бес жұмыс күні ішінде асқан сомаға қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисапты тапсыруға және осы сомадан салықтар төлеуді жүргізуге міндетті.
Егер нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асқан жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын қалыптастырылған патенттің орнына жаңа патент қалыптастырылады.
3. Егер осы Кодекстің 431-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес оның мерзімінен бұрын тоқтатылатын жағдайларын ескере отырып, патенттің қолданылу мерзімі ішінде нақты алынған табыс сомасы есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшерінен аз болса, дара кәсіпкерлер патент құнының азаю сомасына қосымша салық есептілігі түрінде есеп-қисап табыс етуге құқылы.
Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару салық органы жүргізген хронометраждық зерттеп тексеруден кейін осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
4. Нақты алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген шекті табыс сомасынан асқан жағдайда, осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнінен бастап алынған дара кәсіпкердің табысына тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салынады.
5. Дара кәсiпкер iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған жағдайды қоспағанда, патенттiң қолданылу мерзiмi өткенге дейiн кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгiзiлген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.».
177) 433-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«433-бап. Қолдану шарттары»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Кодекстің 428-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар болып табылмайтын және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:»;
177) тармақшаның алтыншы - тоғызыншы абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;»;
2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.»;
178) 434 және 435-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
178) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«434-бап. Салық кезеңі
Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.
435-бап. Қолдану тәртібі
«1. Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушiлер орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны:
1) жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде - оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының бірінші күніне дейін;
3) патент негізінде арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер:
патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
өзге жағдайларда - патенттің қолданылу немесе салық есептілігін тапсыруды уақытша тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін табыс етеді.
2. Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні:
1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін - салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күн;
3) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
4) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілер үшін:
осы Кодекстің 431-бабының 4-тармағына сәйкес патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен кейінгі күн;
осы Кодекстің 431-бабының 5-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні;
осы Кодекстің 431-бабының 6-тармағына сәйкес патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану шарттарына сәйкессіздік туындаған айдың бірінші күні болып табылады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімінен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылданған жағдайда, оның ішінде салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру кезеңінде салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдың соңғы күнi оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама тапсырылған айдан кейiнгi айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салық төлеушілер шарттарға сай келмеу туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналасқан жері бойынша салық органына жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге салық режіміне ауысу үшін қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге міндетті.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастау күнi болып табылады.
5. Салық органы салық төлеушiлердiң осы Кодекстiң 433-бабында белгiленген талаптарға сай келмеу фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсi анықталған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айға қатысты алдыңғы болап табылатын айдың соңғы күні оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) осы Кодекстің 433-бабында белгіленген шарттарға сәйкессіздік туындаған айдың бірiншi күнi жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
179) 436-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Кодекстің 435-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімін қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімінде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.»;
4 және 5-тармақтар алып тасталсын;
180) 439-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шаруа немесе фермер қожалықтары мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімі;
3) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.»;
181) 441-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«441-бап. Қолдану тәртібі
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдану үшiн жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкер жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етеді.
Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін таңдауды осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырады.
Бұл ретте:
жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін - дара кәсіпкерді салық органдарында мемлекеттік тіркеу күні;
салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібінен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысқан кезде дара кәсіпкерлер үшін - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейінгі айдың бірінші күні аталған арнаулы салық режімін қолдануды бастау күні болып табылады.
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режіміне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде дара кәсіпкерлер қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етуге мiндетті.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама табыс етілген айдан кейiнгi айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкiндiк бермейтiн шарттар туындаған жағдайларда дара кәсіпкерлер сәйкессiздiк шарттары туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны табыс етеді және жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күнi болып табылады.
4. Салық органы дара кәсіпкерлердің осы Кодекстiң 439-бабында белгiленген шарттарға сәйкессіздік фактiсiн анықтаған кезде, осы салық төлеушiлердi жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Камералдық бақылау барысында мұндай сәйкессiздiк фактiсiн анықтаған жағдайда, салық органдары жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жiбередi.
Бұл ретте:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың алдындағы айдың соңғы күнi шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолдануды бастау күнi болып табылады.»;
182) 442-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен қызметтің көрсетілген түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекстің 441-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушінің жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастаған күнінен бастап алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгiленген тәртiппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.»;
183) 443-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«443-бап. Салық салу объектісі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі болмаған кезде жер учаскесінің бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша аудан, қала бойынша орташа жердің 1 гектарының бағалау құны және жер учаскесі алаңы негізге алына отырып, айқындалады.»;
184) 444-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шаруа немесе фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын жер учаскесін жер пайдалану құқығында иеленудің нақты кезеңі үшін есептейді.
Жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалау құны жер учаскесін бағалау құнын он екіге бөлу және жер учаскесін иеленудің нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен айқындалады.
Шаруа немесе фермер қожалығы жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін иеленудің (пайдаланудың) нақты кезеңі үшін есептейді.
Жалға алушының нақты пайдалану кезеңі үшін бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.
Жалға берушінің бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесі жалға берілген айды қоса алғанда, жер учаскесіне нақты иелік ету кезеңі үшін жүргізіледі.»;
185) 448-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері мынадай салық салу режімдерінің бірін дербес таңдауға құқылы:
ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режімі (бұдан әрі - арнаулы салық режімі);
оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімі;
жалпыға бірдей белгіленген тәртіп.
Осы Кодекстің 450-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы бапта белгіленген арнаулы салық режімін таңдау кезіңде ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы режімді қолдану шарттарына сәйкес болған кезде осы режім кемінде күнтiзбелiк бір жыл мерзіммен қолданады.
Арнаулы салық режімі корпоративтік табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтік салықты, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, мүлік салығын, көлік құралдары салығын есептеудің ерекше тәртібін көздейді.
Арнаулы салық режімі:
1) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу;
толық тізбекті (төлді өсіруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өндіру, сондай-ақ өзі өндірген аталған өнімдерді қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметіне;
2) селолық тұтыну кооперативтерінің:
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін өткізу;
шаруа немесе фермер қожалықтары - осы кооперативтердің мүшелері (пайшылары) өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімдерін қайта өңдеу және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімдерді өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.»;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық төлеушілер осы арнаулы салық режімі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, кірістер мен шығыстарды, мүлікті бөлек есепке алуды жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен аталған қызмет түрлері бойынша тиісті салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті.»;
186) 450 және 451-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«450-бап. Қолдану шарттары
1. Арнаулы салық режімiн қолдану үшiн салық төлеушi арнаулы салық режімiн қолданудың бірінші жылының алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынады.
Жоғарыда көрсетілген күннен кейін ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанына дейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылады.
Жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар арнаулы салық режімiн қолдану үшiн осы Кодекстің 577-бабының 3-тармағына сәйкес тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына тапсырады.
Бұл ретте:
1) жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер үшін - әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні;
2) жаңадан құрылғандарды (пайда болғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн - қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысу туралы шешім қабылдаған кезде салық төлеушi қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны ұсынуға міндеттi.
Бұл ретте:
1) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама ұсынылған күнтізбелік жылдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) қолданылатын салық салу режімi туралы хабарлама тапсырылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
3. Осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, салық төлеушi осындай сәйкессiздiк туындаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қолданылатын салық салу режімi туралы хабарламаны салық органына ұсынады және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режімiне ауысады.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе өзге де арнаулы салық режімiн қолдануды бастау күні болып табылады.
4. Салық органы салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 448-бабында белгiленген талаптарға сәйкес келмеу фактiсiн анықтаған кезде осы салық төлеушіні жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырады.
Бұл ретте, сәйкес келмеу фактiсi камералдық бақылау барысында анықталған жағдайда, салық органдары салық төлеушiге жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауыстырылғанға дейiн камералдық бақылау нәтижелерi бойынша салық қызметi органдары анықтаған бұзушылықтарды осы Кодекстiң 607 және 608-баптарында белгiленген мерзiмдерде және тәртiппен жою туралы хабарлама жiбередi.
Бұл ретте:
1) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айға қатысты алдыңғы болып табылатын айдың соңғы күні арнаулы салық режімiн қолдануды тоқтату күнi болып табылады;
2) арнаулы салық режімiн қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған айдың бірінші күні жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолдануды бастау күні болып табылады.
5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде салық төлеушiнiң жалпыға бірдей белгіленген тәртіп немесе өзге де арнаулы салық режімi қолданыла бастаған күннен бері алынған табысы тиісінше жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен немесе өзге де арнаулы салық режімiнде белгіленген тәртіппен салық салынуға жатады.
451-бап. Жекелеген салық түрлерін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу ерекшелігі
1. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен есептелген корпоративтік табыс салығының, әлеуметтік салықтың, жер салығының, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының, мүлік салығының, көлік құралдары салығының бюджетке төленуге жататын сомалары 70 пайызға азайтылуға жатады.
2. Осы бапта көзделген корпоративтік табыс салығының сомасын азайту осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданылады.
3. Осы бапты қолдану кезінде бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында:
1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығының есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi - қосылған құн салығының асып түсуi) болмаған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есептi салық кезеңiнiң басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсуі болған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының асып түсу сомасынан асып түсуі 70 пайызға азайтылуға жатады.»;
187) 455-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін;»;
188) 456-баптың кестесінде:
4, 4.1. және 4.2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
4. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін | - |
4.1. | жылжымалы мүлік кепілін және кеме ипотекасын, әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті, сондай-ақ тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын немесе әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге қайтарылып алынбайтын өкілеттіктің өзгерістерін, толықтыруларын және мемлекеттік тізілімнен алып тастауды тіркегені үшін: | - |
»;
«
4.2. | жылжымалы мүлік кепілінің және кеме ипотекасының, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттіктің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін | 0,5 |
»;
189) 457-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
190) 458-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымдардың төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды тапсырмағанын растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.»;
191) 459-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «Егер осы бапта өзгеше көзделмесе,» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы «жүруi;» деген сөз «жүруi үшiн өндiрiп алынады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, егер ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе,» деген сөздер алып тасталсын;
192) 461-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: