2. Демпингке қарсы қолданылып отырған шараларды сақтаудың дұрыс болмайтыны анықталған жағдайда уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының Yкіметіне олардың күшiн жою не олардың мөлшерiн өзгерту туралы қаулының жобасын енгiзедi.
41-бап. Шешiмдерге шағым беру тәртібі
Мүдделi тұлғалар демпингке қарсы iстiң қаралуы кезеңiнде уәкiлеттi орган қабылдаған шешiмдер мен жасаған әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 42-баптың тақырыбы өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
42-бап. Демпингтiк тауарды кедендiк декларациялау мен есепке алу
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Демпингке қарсы iстiң қаралуын жүргiзу демпингтiк тауарды кедендiк декларациялаудағы кедергiлер үшiн негiз болмайды.
2. Демпингтiк тауар импорты бойынша iстi қарау басталғаннан кейiн уәкiлеттi органның өтiнiшiмен кеден органдары бұдан әрi сол импортқа демпингке қарсы шаралардың қолданылуы мүмкiн болуы үшiн демпингтiк тауар импортының есебiн жүргiзедi.
3. Кеден органдары iс қарау жүргiзiлiп жатқан демпингтiк тауар импорты туралы мәлiметтердi уәкiлеттi органға ай сайын хабарлап отыруға тиіс.
43-бап. Демпингке қарсы шаралар жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Уәкілетті орган мен оның лауазымды адамдарының демпингке қарсы шаралар жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолданылады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев