Демпингке қарсы шаралар туралы
1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «қалыпты бағасынан», «қалыпты баға», қалыпты бағасын», «қалыпты бағаны», «Қалыпты баға», «қалыпты бағасы», «қалыпты бағасының», «қалыпты бағасына» деген сөздер тиісінше «қалыпты құнынан», «қалыпты құн», «қалыпты құнын», «қалыпты құнды», «Қалыпты құн», «қалыпты құны», «қалыпты құнының», «қалыпты құнына» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Осы Заң демпингке қарсы іс қарауды жүзеге асыру, отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызатын теріс пиғылды бәсекеден қорғау мақсатында демпингке қарсы шараларды енгізу және қайта қарау кезінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) демпингке қарсы баж - демпингтік тауар импортына салынатын кеден бажының ставкасынан тыс белгіленетін баж;
2) демпингке қарсы істі қарау - егер бұлайша сату ұқсас тауарды отандық өндірушілерге материалдық залал келтірсе немесе оны келтіру қаупін төндірсе, өзінің қалыпты құнынан төмен баға бойынша сатылатын тауар беру жөніндегі құжаттарды қарау рәсімі;
3) демпингке қарсы шаралар - демпингтік тауар импортына ұқсас тауарларды отандық өндірушілерге материалдық залал келтіруді немесе оны келтіру қаупін жою үшін демпингке қарсы уақытша шаралар, демпингке қарсы баж немесе баға міндеттемелері нысанында қолданылатын әкімшілік-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы;
4) демпингке қарсы уақытша шаралар - демпингке қарсы iстi жүргiзу процесiнде Қазақстан Республикасы банкінің кепiлдiк берiлген ақша депозиттерi және (немесе) кепiлдiгi түрiнде демпингтiк тауар импортына қолданылатын демпингке қарсы алдын ала шаралар;
5) өзара тәуелдi тараптар - жорамалдап алғанда демпинг нысанасы болып табылатын тауарды берушiлерге байланысты немесе өздерi берушiлер болып табылатын өндiрушiлер немесе сатып алушылар (мәмiлеге қатысушылар). Араларындағы қатынастар өз қызметiнiң немесе өздерi өкiлдерi болып табылатын тұлғалар қызметiнiң жағдайларына немесе экономикалық нәтижелерiне тiкелей ықпал етуi мүмкiн жеке адамдар және (немесе) заңды тұлғалар өзара тәуелді деп танылады, атап айтқанда:
бiр адам басқа адамның мүлкiне қатысады және мұндай қатысу үлесi 33 проценттен астам болады;
адамдар Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңдарына сәйкес некелiк қатынастарда немесе туыстық немесе жекжаттық, асырап алушы және асырап алынушы, сондай-ақ қамқоршы және қорғаншылық қатынастарда болады;
6) демпинг - Қазақстан Республикасының аумағына өзiнiң қалыпты құнынан төмен бағамен сатылатын тауар жеткiзу;
7) мүдделi тұлғалар - iстi қарау объектiсi болып табылатын ұқсас тауарды отандық өндiрушi не қатысушыларының көпшiлiгi сондай тауар өндiретiн отандық өндiрушiлер бiрлестiгi;
iстi қарау объектiсi болып табылатын тауарды шетелдiк экспорттаушы мен тауарды шетелдiк өндiрушi;
отандық тауар импорттаушы немесе қатысушыларының көпшiлiгi сондай тауарды импорттаушы болып табылатын отандық импорттаушылар бiрлестiгi;
шет мемлекеттiң үкіметі, тауар шығарылған немесе сондай тауарды экспорттайтын елдiң уәкiлеттi органы не осындай тауарды шығаратын немесе оны экспорттайтын елдер кiретiн шет мемлекеттер одағының уәкiлеттi органы;
тауарды тұтынушы немесе тұтынушылар бiрлестiгi;
Қазақстан Республикасының Yкіметі мен уәкiлеттi органы;
құқықтары мен мүдделерi белгiлi бiр iстi қарағанда қозғалатын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкiлеттi органның пiкiрiнше, сол iстi қарауды өткiзуге жәрдемдесуге қабiлеттi өзге де тұлғалар;
8) құпия ақпарат ашылған жағдайда бәсекелестер үшін едәуір артықшылықтар беретiн немесе ақпаратты берген мүдделi тұлғалар үшiн едәуiр қолайсыз зардаптары болатын ақпарат;
9) материалдық залал - демпингтiк баға бойынша тауар беруден отандық өндiрушiлер шегетiн нақты зиян және (немесе) алынбаған кiрiс (алынбай қалған пайда);
10) қалыпты құн - дағдылы сауда операциялары процесiнде өндiрушi және (немесе) экспорттаушы елге демпингке қарсы iстi қарау нысанасы болып табылатын тауарға ұқсас тауарды сату кезінде нақты төленген немесе төленуге тиiстi баға;
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) дағдылы сауда операциялары - тауарды экспорттаушы елде тұтыну кезінде осыған ұқсас тауарға белгіленетін нарықтық бағамен сатып алу-сату жөніндегі мәмiлелер;
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) отандық өндiрушiлер - өндiрiстiң жинақталған көлемi Қазақстан Республикасы аумағында өндiрiлетiн осындай тауардың негізгі бөлігін құрайтын ұқсас тауарды қазақстандық өндiрушiлер;
13) ұқсас тауар - жұмыс iстеу мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары жағынан және басқа да негізгі қасиеттерi жағынан басқа тауармен толық бiрдейленген немесе салыстыруға болатын тауар;
14) өнiм берушi - демпингтiк тауарды шетелдiк өндiрушi және (немесе) экспорттаушы;
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
15) аймақтық өндiрушiлер - аймақтық рыноктағы отандық ұқсас тауар өндiрушiлердiң жиынтығы, олар мынадай шарттарға сай келедi:
өндiрушiлер өзiнiң барлық тауарын немесе оның негізгі бөлiгiн сол рынок iшiнде сатады;бөлiгiн
өндiрушiлер ұқсас тауарды бұл аймаққа беретiн бiрден-бiр өндiрушiлер болып табылады;
16) аймақтық рынок - Қазақстанның жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiнiң рыногы;
17) материалдық залал қаупi - залал келтiру мүмкiндiгi туралы субъективтi пiкiрлердi болдырмау мақсатымен нақты дәлелдемелер арқылы расталған материалдық залалдың анық болмай қоймайтындығы;
18) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндiрiстiк қызмет мониторингiн жүзеге асыратын, демпингтiң және материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуын және демпингке қарсы шаралар енгізу қажеттiгiн анықтау бойынша демпингке қарсы iс қарауды жүргiзетiн мемлекеттік органы;
19) экспорттық баға - өзiне қатысты iс жүргiзілiп жатқан тауар үшiн iс-жүзiнде төленген немесе төленуге тиiстi баға.
2-бап. Осы Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары отандық өндірушілерді демпингтік тауар импорты туғызған терiс пиғылды бәсекеден қорғау және демпингке қарсы шараларды енгізу жолымен отандық өндiрушiлер үшiн келеңсiз зардаптарды жою болып табылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң уәкiлеттi орган мен мүдделi тұлғалар арасында, сондай-ақ мүдделi тұлғалардың өздерi арасында отандық өндiрушiлерге оның аумағына тауарды қалыпты құнынан төмен бағамен сату үшiн әкелу арқылы материалдық залал келтiруге немесе материалдық залал келтiру қаупiне және демпингке қарсы шараларды енгізуге байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
4-бап. Қазақстан Республикасының демпингке қарсы
шаралар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының тауар импорты жағдайындағы демпингке қарсы шаралар туралы заңдары осы Заңнан және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келісімде
немесе шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық
келісімнiң немесе шарттың ережелерi қолданылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
5-бап. Демпингке қарсы реттеуді ұйымдастыру
1. Демпингтiк тауар берушiлердiң сауда практикасын демпингке қарсы реттеуге жалпы басшылықты уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Демпингке қарсы шараларды енгізу, қайта қарау және олардың күшiн жою уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметі шешiмдерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады.
6-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган өзiне осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiмен берiлетiн өкілеттiк шегiнде iс-қимыл жасайды.
2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде демпингке қарсы iстi қарау рәсiмдерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, тауар демпингiнiң фактiсi бойынша iс қарауды жүргiзедi, демпингке қарсы шаралар қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге арналған материалдарды дайындайды.
3. Уәкiлеттi орган өз қызметiн жүзеге асырған кезде басқа елдердiң ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2-тарау. Демпингке қарсы істі қарау
7-бап. Демпингке қарсы iстi қараудың нысанасы
Демпингке қарсы iстi қараудың нысанасы ұқсас тауарларды отандық өндiрушiлерге материалдық залал келтiретiн немесе оны келтіру қаупін төндiретiн не сол тауарлар өндiрiсiн тежейтiн импорттық тауарларды олардың қалыпты құнынан төмен бағамен беру болып табылады.
8-бап. Демпингтiң болуы және материалдық залал келтiру немесе
оны келтiру қаупi фактiсiн тексеру туралы арыз
1. Демпингтiң болуы және материалдық залал келтiру немесе оны
келтiру қаупi фактiсiн тексеру туралы арызды отандық өндiрушiлер немесе
олардың бiрлестiктерi уәкiлеттi органға жазбаша нысанда бередi.
2. Арызда мынадай деректер болуға тиiс:
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) арыз берушiнiң, арыз берушiлердiң (бұдан әрi - арыз берушi) реквизиттерi, арыз берушiнiң тауар өндiру туралы деректерi (көлемі мен құны), сондай-ақ арыз берушiге белгiлі отандық өндiрушiлердiң ұқсас тауар өндiруi туралы деректер;
2) тауардың сипаттамасы, экспорттаушы немесе шығарушы елдiң атауы, осы тауарды белгiлi шетелдiк экспорттаушылардың немесе өндiрушiлердiң, импорттаушылардың тiзбесi;
3) сол тауардың шығарылған немесе экспорттаған елдердегi рыноктарда сатылатын бағасы, экспорттық баға, сондай-ақ ұқсас тауардың iшкi рыноктағы бағасы туралы ақпарат;
4) демпингтiк тауар беру көлемiнiң үдемелiлiгi оның ұқсас тауардың ішкі рыноктағы бағасына ықпалы және сондай тауар берудiң салдары.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 2-1 тармақпен толықтырылды
2-1. Демпингке қарсы істі қарау рәсімінің басталуы туралы шешім қабылдау және дәлелдемелердің жеткіліктілігін айқындау мақсатында уәкілетті орган арызда көрсетілген мәліметтердің анықтығы мен дәлдігін зерделейді.
3. Егер уәкiлеттi орган мәлiметтер 8-баптың 2-тармағында көзделгенге сай жеткiлiктi деп танып, ол туралы арыз берушiге жазбаша нысанда хабарласа, арыз қабылданған болып есептеледi. Егер уәкiлеттi орган мәлiметтердi жеткiлiксiз деп есептесе, ол арыз алынған күннен бастап он күн мерзiмде бұл жөнiнде арыз берушiге хабарлап, оның өз арызын өзгертуiне немесе толықтыруына мүмкiндiк беруге тиiс.
Егер арыз берушi өз арызын өзгертсе немесе толықтырса, арыздың қаралу мерзімі толықтырулар немесе өзгерістер алынған күннен басталады.
4. Отандық өндiрушiлердiң арызы бойынша демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiнiң басталуы үшiн уәкiлеттi органның бұл арыз бойынша өз пiкiрiн бiлдiргендердiң үлесiне отандық өндiрушiлердiң тауар өндiру көлемiнiң елу проценттен астамы келетiнiн анықтауы мiндеттi талап болып табылады. Бұл пiкiрлер «жақтайтын», «қарсы» болуы, сондай-ақ өзiнiң айқын көзқарасын бiлдiрмеуi мүмкiн. Бұл орайда арызды қолдайтын отандық өндiрушiлер өндiрген тауардың үлесiне қазақстандық өндiрушiлер өндiрген барлық ұқсас тауарлардың жиырма бес проценттен астамы келедi.
9-бап. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша демпингке
қарсы iстi қараудың басталуы
Егер уәкiлеттi органның демпингтiк тауар беру арқылы демпингтiң және материалдық залалдың немесе оны келтiру қаупiнiң болуы туралы мәлiметтерi болған жағдайда, ол өз бастамасы бойынша демпингке қарсы iстi қараудың басталуы туралы шешiм қабылдауға құқылы.
10-бап. Демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiнiң басталуынан
бас тарту үшiн негiздеме
Егер:
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) демпингтiк айырма экспорттық бағаның екі процентiнен кем екенi;
2) атына арыз берiлген бiрнеше елдiң жиынтық өнiм беруi Қазақстанға ұқсас тауар беруiнiң жетi процентiнен асатын жағдайларды қоспағанда, демпингтiк тауар берудiң көлемi және олардан келгелi материалдық залал болмашы екенiн, яғни атына арыз берiлген елден тауар беру Қазақстанға барлық ұқсас тауар берудiң үш процентiнен кемiн құрайтыны анықталса;
3) 8-баптың 4-тармағында көзделген талаптар орындалмаса, уәкiлеттi орган қабылданған арыз бойынша демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiн бастаудан бас тартады.
11-бап. Арызды қайтарып алу
1. Арыз берушi арызды демпингке қарсы iстi қарау басталғанға дейiн немесе оның барысында керi қайтып алуы мүмкiн. Арыз демпингке қарсы iстi қарау басталғанға дейiн қайтарылып алынған жағдайда ол берiлмеген болып есептеледi.
2. Егер арыз демпингке қарсы iстi қарау барысында қайтарылып алынса, уәкiлеттi органның өз бастамасы бойынша демпингке қарсы iстi қарауды жалғастыруға не оны демпингке қарсы шара қолданбай тоқтатуға құқығы бар.
12-бап. Демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiн бастау туралы
не одан бас тарту туралы шешiм
1. Демпингке қарсы iстi қараудың басталуы туралы не одан бас тарту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган арыз қабылданған кезден бастап 30 күн iшiнде, осы Заңның 8-10-баптарының талаптары сақталған жағдайда берiлген барлық деректердi зерделеу негiзiнде қабылдайды.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды
1-1. Демпингке қарсы істі қарау рәсімінің басталуы туралы шешім қабылдағанға дейін уәкілетті орган, мүдделі мемлекет үкіметінің хабарламасын қоспағанда, келіп түскен арыз туралы ақпаратты жария етпейді.
2. Демпингке қарсы істi қарау рәсімiнiң басталуы туралы шешім қабылданғаннан кейiн уәкiлеттi орган «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген ресми басылымдарда хабарлама жариялайды және хабарламаны мүдделi тұлғаларға жiбередi.
3. Демпингке қарсы iстi қарау рәсiмiнiң басталуы туралы хабарламада мынадай ақпарат болуға тиiс:
1) демпингке қарсы iстi қарауды өткiзетiн уәкiлеттi органның атауы;
2) экспорттаушы елдiң немесе елдердiң атауы және жеткiзiп берiлуi демпингке қарсы iстi қараудың мәселесi болып табылатын тауардың атауы;
3) демпингке қарсы істі қараудың басталатын күнi;
4) iстi қараудың басталуы үшiн негiздеме;
3) арыздың заңдылығын растайтын фактілердің қысқаша мазмұны;
6) iспен танысуға, өз пiкiрiн айтуға және мүдделi тұлғалардың кездесулерiн өткiзуге мүмкiндiк алу үшiн мүдделi тұлғалар уәкiлеттi органға өз өтiнiштерiн беруге тиiстi болатын шектегi мерзiмдер.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 3-1 тармақпен толықтырылды
3-1. Егер уәкілетті орган жекелеген мүдделі тұлғаға демпингке қарсы істің басталғаны туралы хабарлама жіберсе, онда ол бұл хабарламаның өзге де мүдделі тұлғаларға қол жетімді болуын қамтамасыз етуге тиіс.
4. Демпингке қарсы iстiң қаралуын өткiзуден бас тарту туралы шешiм қабылданған жағдайда уәкілетті орган шешiмi қабылданған күннен бастап он күн мерзiмде бұл жөнiнде арыз берушiге хабарлап, бас тартудың себептерi мен негiздемесiн көрсетуге тиiс.
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 5 тармақпен толықтырылды
5. Уәкілетті орган алған дәлелдемелер, құпия болып табылатын ақпараттардан басқасы, демпингке қарсы істі қарауға қатысатын барлық мүдделі тұлғаларға табыс етіледі.
3-тарау. Демпингтің болуын белгілеу тәртібі
13-бап. Тауардың қалыпты құнын анықтау
1. Тауардың қалыпты құнын уәкiлеттi орган экспорттайтын және (немесе) өндiретiн елде тұтынуға арналған ұқсас тауарға дағдылы сауда операциялары процесiнде белгiленетiн баға негiзiнде анықтайды.
2. Өзара тәуелдi тараптар арасындағы сату дағдылы сауда операциялары шеңберiнде өндiрiлген деп қаралмайды және тәуелдiлiк фактiсi тауар құнына ықпал жасамағанына дәлелдемелер табыс етiлген жағдайларды қоспағанда, қалыпты құнды анықтау кезiнде назарға алынбайды.
3. Қазақстанға тауар шығарылған елiнен емес, басқа елден берiлген кезде уәкiлеттi орган осы экспорттаушы елге (бұдан әрi - экспорт елi) төленген немесе төленуге тиiстi баға негiзiнде қалыпты құнды анықтайды.
Қалыпты құн шығарылған елдегi баға бойынша мына жағдайларда:
1) тауарлар экспорт елi арқылы тек жөнелтiлетiн (тасылатын);
2) ұқсас тауарлар экспорт елiнде өндiрiлмейтiн;
3) оларға экспорт елiнде салыстыру бағасы болмайтын жағдайларда белгiленедi.
4. Тауардың қалыпты құнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайда ұқсас тауар сатылуының болмау себебi бойынша немесе мұндай сату ерекше рыноктық жағдайдың немесе экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елдiң iшкi рыногындағы сату көлемiнiң шағын болуы салдарынан тиiсiнше салыстыру жүргiзуге мүмкiндiк бермейтiн кезде экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елдiң iшкi рыногындағы бағаны негiзге ала отырып уәкiлеттi орган:
1) үшiншi елге экспортталатын ұқсас тауардың сол тауарды сату жеткiлiктi мөлшерде жүзеге асырылатын жағдайдағы салыстырылатын бағасын;
2) әкiмшiлiк, сауда және жалпы шығын (шығындар), сондай-ақ осы Заңның 14-бабына сәйкес белгiленетiн пайда қосылған өндiрiс шығындарын қамтитын есеп айырысу бағасын тауардың қалыпты құны ретiнде пайдаланады.
5. Ұқсас тауардың сатылуын уәкiлеттi орган олардың экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елдiң iшкi рыногында тұтынуға арналған көлемi сол тауарды Қазақстанға сату көлемiнiң кемiнде бес процентi болған жағдайда қалыпты құнды анықтау үшiн жеткiлiктi мөлшерде жүзеге асырылады деп қарастыруы мүмкiн. Уәкiлеттi орган сату көлемiнiң едәуiр екенiне дәлелдемелер болған жағдайда тиiсiнше салыстыру үшiн сатудың неғұрлым төмен проценттiк көрсеткiшiн қолдануы мүмкiн.
14-бап. Өндiрiс шығындары мен пайданы есептеу
1. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қарау жүргiзiлiп жатқан тауар
берушiнiң бухгалтерлiк құжаттары негiзiнде шығындарын есептеп
шығарады, бұл жағдайда мұндай құжаттар экспорттаушы және (немесе)
өндiрушi елде жалпы қабылданған есепке алу принциптерi мен стандарттарына
сәйкес келуi және сол тауарды өндiру мен сатуға байланысты шығындарды
көрсетуi керек.
2. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қарау барысында тауар берушi әкелген дәлелдемелердi қоса алғанда, шығындарды дұрыс бөлудiң қолда бар барлық дәлелдемелерiн қарайды, бұл жағдайда бұлайша бөлудi тауар берушi әдетте, атап айтқанда, амортизацияның және шығындардың басқа баптарының тиiстi мерзiмдерi мен нормаларын анықтау үшiн пайдаланады.
3. Әкiмшілiк, сауда және жалпы шығындарының, сондай-ақ пайданың мөлшерi дағдылы сауда операциялары процесiнде ұқсас тауардың өндiрiлуi мен сатылуы туралы демпингке қарсы істі қарау жүргізіліп жатқан тауар берушi табыс ететiн нақты деректерге негiзделедi. Егер мұндай сомаларды осы негiзде анықтау мүмкiн болмаса, олар:
1) сол өнiм берушiнiң нақ сол санаттағы тауарды шығарылған елдiң iшкi рыногында өндiруге және сатуға байланысты төленген және алынған нақты сомаларды;
2) демпингке қарсы iстi қарау жүргiзiлiп жатқан басқа тауар берушiнiң ұқсас тауарды өндiруге және шығарылған елдiң iшкi рыногында сатуға байланысты төленген және алынған, орташа орнықтырылған нақты сомаларын;
3) осындай әдiспен белгiленген пайда сомасы нақ сондай санаттағы тауарды шығарылған елдiң iшкi рыногында сату кезiнде басқа өнiм берушiлер алатын пайдадан аспайтын жағдайда кез келген басқа да негiзделген әдiстердi негiзге ала отырып айқындалады.
15-бап. Шығындар деңгейiнен төмен бағамен сату
1. Уәкiлеттi орган демпингке қарсы iстi қарау өткiзiлiп жатқан тауардың экспорттаушы және (немесе) өндiрушi елдiң iшкi рыногында сатылуын немесе үшiншi елге дағдылы сауда операциялары процесiнде жүзеге асырылатын сату ретiнде бiр өнiмге жұмсалатын шығындар деңгейiнен төмен бағамен сатылуын бағаның төмендетiлуi себебi бойынша қарамайды және сату:
1) ұзақ уақыт кезеңi iшiнде (бiр жылға дейiнгi мерзiмде, бiрақ алты айдан кем емес);
2) едәуiр мөлшерде;
3) ақылға сыйымды қажеттi уақыт кезеңi шегiнде барлық шығындардың жабылуын қамтамасыз етпейтiн бағамен жүзеге асырылған жағдайда қалыпты құнды анықтау кезiнде бұл сатуды ескермейдi.
2. Егер баға сату кезiнде шығындардан төмен болса, ал iстi қарау кезеңiнде орта есеппен салмақталған шығындардан жоғары болса, уәкiлеттi орган мұндай бағаны ақылға сыйымды қажеттi уақыт кезеңi шегiнде барлық шығындардың жабылуын қамтамасыз ететiн баға деп қарастырады.
3. Егер уәкiлеттi орган қалыпты құнды анықтау үшiн есепке алынатын мәмiлелерде ортаға орнықтырылған сату бағасы бір өнiмге орташа орнықтырылған шығындардан төмен екенiн немесе бiр өнiмге жұмсалған оған шығындардан төмен бағамен сату көлемi қалыпта бағаны анықтау үшiн есепке алынатын мәмiлелер бойынша сату көлемiнiң жиырма процентiнен кем еместiгiн анықтаса, бір өнiмге жұмсалған шығындардан төмен бағамен сату едәуiр мөлшерде жүзеге асырылған деп есептеледi.
16-бап. Экспорттық бағаны есептеу
1. Экспорттық баға болмаған жағдайда не экспорттаушы мен импорттаушы немесе үшiншi тарап арасында байланыс немесе өтем туралы уағдаластық болуы себептi экспорттық баға сенiмсiз болған кезде экспорттық баға берiлетiн тауар оны берушiге немесе сатушыға тәуелсiз сатып алушыға алғаш рет қайта сатылатын баға негiзiнде есептеп шығарылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген мән-жайларда уәкiлеттi орган экспорттық бағаны есептеу кезінде өзара тәуелді тараптар арасындағы барлық мәмiлелердi ескермеуге құқылы.
17-бап. Демпингтік айырманы анықтау
1. Уәкiлеттi орган демпингтiк айырманы анықтау үшiн тауардың экспорттық бағасы мен қалыпты құнының арасында салыстыру жасайды.
2. Демпингтiк айырманың болуы орта есеппен есептелген қалыпты құнды барлық салыстырылатын экспорттық мәмiлелердiң орта есеппен есептелген бағасымен салыстыру негiзiнде анықталады. Салыстыру сауда операциясының нақ бiр сатысында, жасап шығаруы зауыттан тиеп-жөнелту сатысында және мүмкiндiгiнше бiр мезгiлде жүзеге асырылған сату жөнiнде жүргізілуге тиіс. Әрбір ретте өнім беру, салық салу жағдайларындағы, сауда операциясының сатыларындағы, санындағы, физикалық сипаттамасындағы айырмашылықтарды қоса алғанда бағаның салыстырылуына қатысты айырмашылықтар, сондай-ақ мүдделi тұлғалар олардың баға салыстырылуына ықпалының дәлелдемелерiн де табыс ететiн басқа да кез келген айырмашылықтар ескерілетін қажеттi түзетулер жасалуға тиіс.
3. Егер уәкiлеттi орган экспорттық бағаның әртүрлi сатып алушылар арасында, сондай-ақ аймақтар немесе уақыт кезеңдері бойынша едәуiр айырмашылықтары барын тапса, орта есеппен есептелген негізде орта есеппен есептелген негiзде белгiленген қалыпты құнды нақты экспорттық мәмiлелердiң бағасымен салыстыруға болады. Мұндай жағдайларда уәкiлеттi орган мүдделi тұлғаларға мұндай айырмашылықтарды орта есеппен есептелген мөлшерлерге не нақты мәмілелер бағасына салыстыру жүргізген кезде нелiктен ескеруге болмайтынын түсiндiрiп бередi.
4. Экспорттық баға берiлетiн тауар осы Заңның 16-бабына сәйкес Тәуелсіз сатып алушыға алғаш рет қайта сатылатын баға негiзiнде есептеп шығарылған жағдайда тауарды беру мен қайта сату аралығындағы кезеңде төленген баж бен салықтарды қоса алғанда, шығындарға, сондай-ақ тауарларды беру мен сатудан алынған пайда мөлшеріне түзетулер де енгізу керек. Егер мұндай жағдайларда бағаның салыстырылуы қозғалатын болса, уәкiлеттi орган сауда операциясының сатысында экспорттық баға бейімделіп есептелген сатыға баламалы қалыпты құн белгiлейдi не осы бапта рұқсат етiлген қажеттi түзетулер жасайды.
5. Уәкiлеттi орган мүдделi тұлғалардан салыстыру үшiн қажеттi
ақпарат талап етуге құқылы. Әрбiр нақты жағдайда уәкiлеттi орган әрбiр
мүдделi тұлғаның дәлелдемелер беруiне қажеттi тәртiптi белгiлейдi.
18-бап. Демпингтi анықтау кезiнде валюталарды қайта есептеу
2006.09.01 № 114-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Егер экспорттық баға мен қалыпты құнды салыстыру бiр валютадан екiншiсiне қайта есептеудi талап етсе, онда мұндай қайта есептеудi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген сату күніндегі валюталардың ресми айырбас бағамын пайдалана отырып жүзеге асыруға тиiс. Келісім-шарттың, сатып алу тапсырысының, тапсырысты немесе шотты растаудың күнi сату жағдайларын қандай құжаттың айқындауына қарай сату күнi деп есептеледі.
2. Егер экспорттау, осы тауарды беру ақысына мерзiмдi валюта рыноктарында алынатын шетелдiк валютаны берушiнiң сатуымен тiкелей байланысты болса, онда уәкiлеттi орган жоғарыда аталған шетелдiк валютаны берушi сатқан кезде тиiстi мерзiмде пайдаланылған айырбас бағамын ескеруге тиiс.
3. Уәкiлеттi орган валюта бағамының қысқа уақытқа ауытқуын назарға алмайды. Демпингке қарсы iстi қарау кезiнде өнiм берушiлерге зерттелiп отырған кезеңдегi валюта бағамының өзгеру үрдiсiн ескере отырып, өздерiнiң экспорттық бағасын түзету үшiн кемiнде екi ай берiледi.
4-тарау. Материалдық залалдың немесе оны келтіру