1) заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) өздерiне қатысты осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
2. Монополияға қарсы органға осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы көзделетiн жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi бойынша, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн нақ сол немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 55-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
55-бап. Экономикалық шоғырлануға тыйым салу
Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестiктi шектеуге әкеп соғатын болса, оған тыйым салынады.
56-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат бойынша шешім
1. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;
2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға, ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де жіберіледі.
3. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестікке теріс ықпалын жоятын немесе бәсеңдететін белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін. Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.
4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішхат береді.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған дәйексіз ақпарат негізінде қабылданса, мұның өзі заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары монополияға қарсы органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе оған тыйым салу туралы шешімін қайта қарауы мүмкін.
6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;
2) шешімді өзгертеді;
3) шешімнің күшін жояды;
4) жаңа шешім қабылдайды.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Егер монополияға қарсы орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.
8. Өтініш беруші монополияға қарсы органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды қарау үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен өтінішхат береді.
9. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға бұрын қабылданған шешімін қайта қарау жөніндегі шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға жіберіледі.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 56-1-баппен толықтырылды
56-1-бап. Монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы
1. Егер монополияға қарсы органға жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама келiп түскеннен кейiн күнтiзбелiк қырық бес күн өткен соң монополияға қарсы орган хабарламаны жiберген тұлғаға мәмiленiң күшiн жою қажеттiгi туралы жазбаша жауап жiбермеген жағдайда, экономикалық шоғырлану жүзеге асырылған болып саналады.
2. Егер монополияға қарсы орган жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезiнде оны жасаудың бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi жолымен шектеуге немесе жоюға әкеп соғатыны немесе әкеп соғуы мүмкiн екендiгiн анықтайтын жағдайда, монополияға қарсы орган күнтiзбелiк отыз күн iшiнде орындалуға тиiсті нұсқама шығарады.
3. Нұсқама орындалмаған жағдайда монополияға қарсы орган нарық субъектiсiн монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қоюмен сотқа жүгiнеді.
57-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарауды тоқтату негіздері
1. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау:
1) өтініш берушілерден өтінішхатты кері қайтарып алу туралы хабарлама түскен;
2) өтініш беруші ақпаратты монополияға қарсы орган белгілеген мерзімде бермеген, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтіретін болған;
3) өтініш беруші өтінішхатты объективті түрде қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат берген жағдайларда тоқтатылуға жатады.
2. Монополияға қарсы органның өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға жіберіледі.
3. Өтініш беруші өтінішхатты қарау тоқтатылғаннан кейін монополияға қарсы органға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішпен жүгінуге құқылы.
9-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
58-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді бастау үшін негіздер
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергейді және тергеу нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің монополияға қарсы органға келіп түсуі тергеуді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) жеке немесе заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектілерінің іс-әрекеттерінен Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) бұқаралық ақпарат құралдарының монополияға қарсы органға өтініші;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) бұқаралық ақпарат құралдарында қамтылған ақпарат болып табылады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Тергеудiң басталуы тергеу жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тергеудiң басталуы туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей, өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.
59-бап. 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
60-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар
1. Мыналар:
1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді монополияға қарсы органға жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеу объектісі - өзінің іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеу объектісі болып танылады;
3) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы - монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге уәкілетті қызметкері;
5) куә - тергеу үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы - арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске қатысуға мүдделі емес жеке тұлға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар болып табылады.
2. Тергеу жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеу барысында тергеу объектісінің емес, өзге тұлғаның іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Заңның 58-бабында көзделген тәртіппен тергеу объектісі ретінде тартады.
61-бап. Тергеу жүргізу
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның іс-әрекеттерінде осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда монополияға қарсы орган тергеу жүргiзу туралы бұйрық шығарады.
2. Тергеу жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеу объектісінің атауы;
2) тергеу барысында анықталуға жататын мәселелер тізбесі және мән-жайлар тобы;
3) тергеудің басталу және аяқталу мерзімі;
4) монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге уәкілетті лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты қамтылуға тиіс.
2009 жылғы 10 шілдедегі № 178-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Монополияға қарсы орган істі тергеуді екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Мерзімді ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмелері шығарылған күнінен бастап үш күн ішінде өтiнiш берушiге және тергеу объектiсiне жiберiледi.
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Монополияға қарсы орган тергеу басталғанға дейін тергеуді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық форматта ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
5. Монополияға қарсы орган тергеу барысында бірнеше тергеуді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеу жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
63-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалардың:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысушы басқа тұлғаларға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсініктемелер беруге, тергеу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
6) іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінішхаттарына, дәлелдеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
64-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргізу кезінде:
1) тергеу объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;
2) тергеу нысанасына сәйкес тергеу объектісінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелеріне) қол жеткізуге;
3) тергеу объектісінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тергеу нысанасына қатысты қажетті ақпарат, құжаттар немесе олардың көшірмелерін, тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер сұратуға және алуға;
4) тергеу жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының мамандарын сарапшылар ретінде тартуға құқығы бар.
2. Тергеу объектісінің басшысы және (немесе) лауазымды адамы монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге жауапты лауазымды адамының ауызша сауал салуы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша түсініктемелерді беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиісінше жазбаша сауал салу тапсырылады. Жазбаша сауал салуды тергеу объектісінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда сауал салу тергеу объектісі басшысының атына хабарламалы тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі.
3. Сұратылатын ақпаратты тергеу объектісінің коммерциялық құпиясына жатқызу тергеуді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының аталған ақпаратты пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды
3-1. Нарық субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызған жағдайда монополияға қарсы органға мәлiметтердi берген кезде нарық субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тергеу барысында тергеу объектісі туралы монополияға қарсы орган алған кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
5. Монополияға қарсы органның тергеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тергеу нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюына және өтінішпен жүгінуіне тыйым салынады.
6. Бұзушылықтар және тергеу жүргізу туралы мәліметтерді қараған кезде монополияға қарсы органның лауазымды адамдары:
1) дәлелдемелердің жан-жақты, толық және объективті жиналуы және зерттелуі үшін барлық шараларды қабылдауға;
2) бұзушылықтар туралы мәліметтерді алдын ала қарау нәтижелері туралы қорытындыны уақтылы әзірлеуге;
3) тергеуді тоқтата тұру, қайта бастау туралы және тергеу нәтижелері бойынша, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы қорытындыны уақтылы әзірлеуге;
4) аумақтық органдар қорытындыларды бекіткен не бұзушылықтар туралы мәліметтерді қарау және бұзушылықтарды тергеу туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы құжаттардың көшірмелерін орталық мемлекеттік органға жіберуге міндетті.
65-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы істі тергеуді тоқтата тұру
1. Монополияға қарсы орган:
1) монополияға қарсы орган, сот, алдын ала тергеу органдары Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу үшін маңызы бар басқа істі қараған;
2) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына сол тергеу объектісіне қатысты басқа тергеу жүргізілген;
3) сараптама жүргізілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу мерзімі тергеуді тоқтата тұру кезінде үзіледі және тергеу қайта басталған күннен бастап жалғасады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сарапшыға жiберiледi.
66-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату
Монополияға қарсы орган:
1) тергеу объектісінің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық болмаған;
2) жалғыз тергеу объектісі - заңды тұлға таратылған;
3) жалғыз тергеу объектісі - жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген талап қою мерзімі өтіп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың болуы туралы немесе болмауы туралы қорытынды қамтылған заңды күшіне енген сот актісі болған жағдайда, Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтатады.
67-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның шешімдері
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган:
1) осы Заңның 66-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату туралы;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;
3) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы тиісті шешім (шешімдер) қабылдайды.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қойған күн тергеудің аяқталуы болып есептеледі.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері туралы қорытындыны бекіту тергеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеу объектiсiне тапсырылады немесе хабарламалы хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушi қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабардар етiледi.
5. Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактілері анықталған кез болып есептеледі.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды