12) тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін талдауды және оның мониторингін жүзеге асырады;
13) тізілімді қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша, тауарлардың өзара алмастырылуының, оларды сатып алуға қолжетімділіктің критерийлерін, сондай-ақ тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелерін, қаржылық ұйымдарға қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекітеді;
15) тауарларын реттелетін нарықтарда өткізетін нарық субъектілерін қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген монополиялық жоғары (төмен), монопсониялық төмен бағаларды айқындайды;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
16) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келiсу бойынша монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды айқындау жөніндегі әдістемені бекітеді;
17) нарық субъектілері мен мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылық фактілері бойынша осы Заңда белгіленген тәртіппен тергеу жүргізеді;
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
18) осы Заңда көзделген өкілеттігін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органнан, салық және кеден органдарынан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпия болып табылатын мәліметтерді сұратады және алады;
19) нарық субъектілеріне:
осы Заңды бұзушылықтарды және олардың салдарларын жою;
бастапқы жағдайды қалпына келтіру;
осы Заңға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;
егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың өзге субъектісімен шарт жасасу туралы орындалуға міндетті нұсқамалар шығарады;
20) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған осы Заңға қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар енгізеді;
21) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік жазаларды қолданады;
22) сотқа талап қойып және өтінішпен жүгінеді, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысады;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша реттеушi органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
24) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жібереді;
25) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекелестікті қорғауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар береді;
26) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жылдық есепті жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 маусымнан кешіктірмей жібереді;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) жүргiзілетiн бәсекелестiк саясаттың ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етедi, оның ішінде тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және монополияға қарсы органның интернет-ресурсында монополияға қарсы органның қызметi туралы мәлiметтердi орналастырады;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 26-2) тармақшамен толықтырылды
26-2) мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға бағаның сараптамасын жүргізеді;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 27) тармақшамен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
27) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
40-бап. Монополияға қарсы органның басқармасы
1. Монополияға қарсы органның басшысы болып табылатын төраға басқаратын Басқарма монополияға қарсы органның алқалы басқару органы болып табылады.
2. Басқарманың құзыреті Монополияға қарсы орган туралы ережеде белгіленеді.
3. Басқарма бес адамнан тұрады.
Басқарма құрамына монополияға қарсы органның басшысы, оның орынбасарлары және Қазақстан Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінен Басқарма мүшелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және босатады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 40-1-баппен толықтырылды
40-1-бап. Тiзiлiмдi қалыптастыру және жүргiзу
1. Тiзiлiмдi бекiту және оған өзгерiстер енгiзу Монополияға қарсы орган басқармасының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
2. Тiзiлiм монополияға қарсы орган белгiлеген нысан бойынша бекiтiледi.
3. Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан алып тастау) туралы шешiм қабылдаған жағдайда осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiне Монополияға қарсы органның басқармасы нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу (одан алып тастау) туралы шешiмдi қабылдаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде тiзiлiмнен үзінді көшiрмені жiбередi.
4. Тұлғалар тобы тiзiлiмге бiртұтас нарық субъектiсi ретiнде енгiзiледi және бұл ретте тұлғалар тобына кiретiн, тиiстi тауар нарығындағы қызметті жүзеге асыратын барлық жеке және (немесе) заңды тұлғалар көрсетiледi.
5. Нарық субъектiлерiн тiзiлiмге енгiзу және одан алып тастау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
41-бап. Монополияға қарсы орган басқармасының өкілеттігі
1. Монополияға қарсы орган басқармасының құзыретіне:
1) бәсекелестік саясатын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау;
2) монополияға қарсы органның құзыретіне жатқызылған әдістемелерді бекіту;
3) экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімдер шығару, осы шешімдерді қайта қарау немесе күшін жою туралы шешімдер қабылдау;
4) жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қолданылатын шаралар туралы жыл сайынғы жылдық есепті мақұлдау;
5) нарық субъектісін мәжбүрлеп бөлу немесе оның құрамынан құрылымдық бөлімшелері базасында бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығару туралы талап қойып сотқа жүгіну туралы шешім қабылдау;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарға жүргізілген тергеу нәтижелерi бойынша қорытындыға берілген шағымдарды қарау;
7) 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Монополияға қарсы орган басқармасының жұмыс регламентін бекіту;
9) монополияға қарсы органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді қарау және қабылдау мәселелері кіреді.
2. Монополияға қарсы орган басқармасының отырысы қажет болуына қарай, бірақ айына кемінде бір рет оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі болған кезде өткізіледі. Монополияға қарсы орган басқармасының отырысын - Басқарма төрағасы, ал ол болмаған жағдайда, оны алмастыратын адам жүргізеді.
3. Монополияға қарсы орган қызметінің мәселелерін талқылау үшін Басқарманың кезектен тыс отырысын өткізуді Басқарманың төрағасы не Басқарма мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірі талап етуге құқылы.
4. Басқарма шешімі Басқарма мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс беруге қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Басқарма төрағасының дауысы шешуші болады.
5. Шешім Басқарма төрағасы болмаған кезде қабылданған жағдайда ол бір апта мерзімнен кешіктірілмей Басқармаға шешімін өзінің қарсылықтарымен қоса қайта талқылау және дауыс беру үшін қайтаруға құқылы. Басқарма төрағасының қарсылықтары Басқарма мүшелері жалпы санының үштен екісінің даусымен еңсерілуі мүмкін.
6. Басқарма өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
7. Басқарманың отырысында хаттама жүргізіледі. Төраға Басқарма хатшысының функциясын Басқарманың кез келген мүшесіне немесе монополияға қарсы органның қызметкеріне жүктей алады.
8. Басқарма отырысында қарауға арналған құжаттар Басқарма отырысы басталардан күнтізбелік он күннен кешіктірілмей енгізіледі. Басқарма төрағасы материалдарды алдын ала қараудың өзге де мерзімдерін белгілеуге құқылы.
42-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқарған, оның ішінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы туралы істі тергеген, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындаған кезде өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы орган басшысының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына тергеу жүргізу туралы шешімін көрсеткен кезде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2) мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан ақпарат, оның ішінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
43-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтау жөніндегі міндеті
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпарат жария етілуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы органның қызметкерлері коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын ақпараттарды жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды
43-1-бап. Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органның құзыреті
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган:
1) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
2) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы әдістемелер мен нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
3) нарық субъектілерінен, сондай-ақ лауазымды және өзге де жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу саласында осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 7-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-тарау. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң реттеушi, құқық қорғау органдарымен және монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
44-бап. Монополияға қарсы және реттеуші органдардың өзара іс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде реттеуші органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша реттеушi органдармен бiрлесiп, тауар нарықтарын талдау нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағаларды енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) тауар нарығын реттелетін нарыққа жатқызған кезде реттеуші органдарға және осы нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне тізілімнен үзінді көшірме жібереді;
3) реттеуші органдарға табиғи монополия субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді;
4) реттеуші органдармен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады.
2. Реттеуші органдар өз өкілеттігі шегінде монополияға қарсы органмен өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен келісу бойынша монополияға қарсы органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және көрсетілетін қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) монополияға қарсы органға табиғи монополиялар субъектілерінің немесе қызметін реттелетін нарықтарда жүзеге асыратын нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуының анықталған белгілері туралы хабарлайды және ақпаратты немесе материалдарды береді;
3) монополияға қарсы органмен бірлесіп, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуының жолын кесу жөнінде бірлескен іс-шаралар жүргізуге қатыса алады.
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 44-1-баппен толықтырылды
44-1-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердiң монополияға қарсы органдарымен өзара iс-қимылы
1. Бiрыңғай экономикалық кеңiстiк шеңберiнде Кеден одағы елдерiнiң монополияға қарсы органдары өзара іс-қимылды, оның ішінде хабарламалар, ақпарат беру туралы сұраулар жіберу, консультациялар жүргiзу, тергеулер жөнiнде хабардар ету жолымен жүзеге асырады.
2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және сұрау салулар бойынша ақпарат беруге құқылы.
45-бап. Монополияға қарсы және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
1) құқық қорғау органдарына монополияға қарсы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
2) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалы ақпарат пен мониторинг деректерін береді;
3) құқық қорғау органдарының сауал салуы бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;
4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сауал салуы бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі іс жүргізу әрекеттері мен іс-шараларына қатысуы үшін сарапшылар ретінде жібереді.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттігі шегінде монополияға қарсы органмен мынадай нысандарда өзара іс-қимылды жүзеге асырады:
1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы саласында анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сауал салуы мен өтініштері бойынша:
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізуге, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы іс-әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сауал салуына сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін монополияға қарсы органға жеткізу жөнінде шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен монополияға қарсы орган табыс ететін қылмыстық жаза қолданылатын белгілері бар бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің материалдары бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдайды, ол туралы монополияға қарсы органға хабарлайды;
монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.
4-БӨЛІМ. БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
8-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ
ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
46-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган:
1) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
2) экономикалық шоғырлануға бақылау;
3) үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметтеріне мониторинг жүргізеді.
47-бап. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау
1. Тауар нарықтарына талдау жүргізудің мақсаты бәсекелестікті қорғау мен дамытуға, монополистік қызметтің алдын алуға, шектеуге және жолын кесуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу үшін бәсекелестік деңгейін айқындау, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін анықтау болып табылады.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Тауар нарығын талдау осы баптың 10-тармағына сәйкес ұсынылатын ақпараттың негізінде жүргізіледі.
3. Тауар нарығының шекаралары, егер тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарды осы аумақтың шегінен тыс жерлерден сатып алу экономикалық, технологиялық және басқа себептер бойынша орынсыз болса, тұтынушының оларды сатып алатын аумағын айқындайды.
4. Тауар нарықтарының шекаралары тауарларды сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, мынадай:
1) осы аумақта тауар сатып алу мүмкіндігінің;
2) көлік шығындарының тауар құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін-өзі ақтайтындығының;
3) тауарды тасымалдау кезінде оның сапасы, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттері сақталуының;
4) тауарларды сатып алуға-сатуға, әкелуге және әкетуге шектеулер (тыйым салу) болмауының;
5) өз шегінде тауарлардың сатылуы, берілуі жүзеге асырылатын аумақта бәсекелестікке тең жағдайлар болуының критерийлері бойынша айқындалады.
5. Тиісті тауар нарықтарының шекараларын айқындауды монополияға қарсы орган:
1) тауарлар нарықтарына талдау жасау кезінде;
2) тізілімді қалыптастыру және жүргізу кезінде;
3) жеке тұлғаның, нарық субъектісінің және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның дәлелді өтініші болған жағдайда;
4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады.
6. Тауар нарығының көлемі тауардың немесе өзара алмастырылатын тауарлардың әкеліну және әкетілу көлемдері ескеріле отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың шекаралары шегінде өткізуінің заттай көрсеткіштердегі немесе құн көрсеткіштеріндегі сомасы ретінде айқындалады.
Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз мұқтажына пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі ғана қосылады.
7. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің тауарды немесе өзара алмастырылатын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде өткізу көлемінің тиісті тауар нарығының жалпы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады.
8. Нарық субъектілерінің үлесін айқындау өнім беру көлемінің үлесі өнім берудің жалпы көлемінде сексен бес проценттен асатын субъектілердің ақпараты болған кезде мүмкін болады.
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Монополияға қарсы орган тауарлардың өзара алмастырылуының және оларды сатып алуға қолжетімділіктің, тауар нарығы шекараларының, оны талдаудың және бәсекелес ортаның жай-күйін бағалаудың критерийлерін айқындау әдістемесін тауардың ерекшелігін және Қазақстан Республикасының экономиканың тиісті саласын реттейтін заңнамасын ескере отырып, уәкілетті органмен келісім бойынша, ал қаржылық ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша бекітеді.
2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, салық және кеден органдары, олардың лауазымды адамдары монополияға қарсы органның осы Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін қажетті дәйекті құжаттарды, жазбаша және ауызша түсіндірмелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты монополияға қарсы органның талап етуі бойынша беруге міндетті.
48-бап. Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі
1. Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметі мониторингінің мақсаты, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу болып табылады.