Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.
Алкоголь өнімін өндiруге, алкоголь өнiмін (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткізуге арналған лицензиялардың болуы алкоголь өнімiнің экспортына құқық бередi.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Еркін қоймаларда этил спиртi мен шарап материалын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.
5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салынады.
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары
1. Этил спиртiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес:
1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;
2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;
3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.
2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.
3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.
4. Этил спиртiн сақтау Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу
1. Өндiрушi алкоголь өнiмiн фирмалық арнаулы дүкендер арқылы және алкоголь өнiмдерiн сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.
2. Импорттаушылар және алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтауға, көтерме саудада өткізуге арналған лицензиясы бар тұлғалар алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған тиiстi лицензиясы бар тұлғаларға ғана алкоголь өнiмiн өткізуге құқылы.
3. алынып тасталды
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Екi немесе одан да кеп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткізу жөніндегі қызметiне тыйым салынады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары
Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті түрде ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.
13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау
1. Этил спиртiн өндiрудi, сақтауды, өткізудi және пайдалануды, алкоголь өнiмдерiн өндiрудi, сақтауды және көтерме саудамен өткізудi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы декларацияларын тапсыруға мiндеттi.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14-бап. 2007 ж. 19 маусымдағы № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):
1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерден импорттауға, алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнiмiн сақтауға және көтерме саудада өткізуге, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Кеден одағына мүше мемлекеттерден этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты лицензиялауға жатпайды.
2. Лицензия иелiктен айырылмайды, яғни оны лицензиаттың басқа жеке және заңды тұлғаларға беруiне болмайды.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.
Алкоголь өнiмiн импорттауға арналған лицензия осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетiлген түрлері бойынша және сыртқы экономикалық қызметтiң бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша берiледi.
Лицензия тиісті құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы тармақта белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмаса этил спиртiн сақтауға және өткізуге тыйым салынады.
Алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндіруге лицензия өндірушіге:
алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін қойма үй-жайларда, лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жерде сақтауға;
өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензиясы бар субъектілерге көтерме саудада өткізуге құқық береді.
Өндіріс аумағында алкоголь өнімін сақтау, көтерме саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды.
5. алынып тасталды
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға тиіс
6) алынып тасталды
7. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.
16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктiлiк деңгейi қызметтiң тиiстi түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi.
2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану
1. Егер лицензия осы Заңмен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе арыз берушiге бас тарту негiзсiз болып көрiнсе, ол осы әрекеттерге бiр ай мерзiм iшiнде сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
2. Сот бас тартудың негiзсiздiгiн не лицензияның белгiленген мерзiмде берiлмеу фактiсiн айқындай отырып, лицензиарды лицензия беруге мiндеттейтiн сот шешiмi заңды күшiне енгеннен бастап лицензиар он күн iшiнде орындауға тиiс шешiм шығарады.
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 18-бап өзгертілді
18-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
19-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру
1. Лицензиар этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге, алкоголь өнiмiн (сырадан басқа) сақтауға, көтерме және бөлшек саудада өткізуге, этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортына арналған лицензияның қолданылуын мынадай жағдайларда:
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Заң бұзылғанда;
2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы көлемдерiн декларациялаудың белгiленген тәртібі бұзылғанда;
3) лицензиардың өзiнiң құзыретiнiң шегіндегі талаптары орындалмағанда;
4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн осы Заңның 7-бабында белгiленген талаптарды бұза отырып өндiргенде;
5) стандарттардың талаптарына сәйкес келмейтiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiргенде немесе өткiзгенде;
6) лицензиарға мәлiметтердi беруден бас тартқанда немесе бұрыс ақпаратты бергенде;
2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7) салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді үнемі төлемегенде;
8) алкоголь өнiмiн таңбалау ережелерi бұзылғанда;
9) лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіргенде, алкоголь өнiмiн сақтағанда, көтерме және бөлшек саудада өткiзгенде;
10) этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiсi көлемi мен айналымы жөніндегі декларацияларды бұрмаласа және (немесе) белгiленген мерзiмдерде табыс етпесе;
11) лицензиат дәрменсiз болғанда;
12) этил спиртiн өткізу алкоголь өнiмдерiн көтерме және бөлшек саудамен өткізу тәртібін бұзғанда;
13) шыққан жері белгiсiз алкоголь өнiмі саудада бар екені анықталса;
14) осы Заңның 15-бабының 6-тармағы көзделген қызмет түрлерiне лицензиясы жоқ тұлғалардан этил спирті мен алкоголь өнiмiн сатып алғанда алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұру себебiн көрсете отырып тоқтата тұруға құқылы.
2. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жолсыздықты құжаттамамен растау арқылы жүргiзiледi.
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселенi қарау лицензиаттың қатысуымен жүргiзiледi.
4. Лицензиат келмеген жағдайда оған хабардар етілгеннен кейін, лицензияның қолданылуын тоқтата түру туралы шешiмдi лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.
5. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан кейін лицензиар лицензия күшiн қайтадан қалпына келтiредi.
6. Лицензиат лицензияны тоқтата тұру жөніндегі заңсыз әрекетке осы Заңға сәйкес сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
20-бап. Лицензиядан айыру
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты қызмет түрлеріне берілген лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
21-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiлуiнiң және айналымының ережелерi мен шарттарын бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк
1. Белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтiн және (немесе) шыққан жерi анықталмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелiнген этил спиртi мен алкоголь өнiмi сот тәртібімен тәркiленуге жатады.
2. Тағамдық емес спирттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелiнген этил спиртiнен және (немесе) белгiленген стандарттарға сәйкес келмейтін және (немесе) шыққан жері анықталмаған алкоголь өнiмiн өндiру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы жөніндегі қызметтi тиiстi лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кiрiс тиiстi бюджетке алынуға жатады.
4. Лицензиясыз қызметтiң объектiсi болып табылатын этил спиртi мен алкоголь өнiмi сот тәртібімен тәркiленуге жатады.
5. Мемлекет меншiгiне өткен этил спиртi мен алкоголь өнiмi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген ережелерге сәйкес пайдаланылады немесе жойылады.
Қазақстан Республикасының