3. Шаруа немесе фермер қожалығына бекітілiп берiлген жер учаскесiнде аң аулауға, балық аулауға, дәрiлiк шөп, жидек, саңырауқұлақ және басқа да табиғат өнiмдерiн жинау мен өзге де қызметке осы шаруашылық басшысының келісімiмен ғана рұқсат берiледi.
4. Шаруа немесе фермер қожалығы өз өнiмiн дербес пайдаланады, оны iшкi және сыртқы рыноктарда сатады.
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
11-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының жер пайдалану жөніндегі мiндеттемелерi
Шаруа немесе фермер қожалығы:
1) өзiне берiлген жердi оның нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға;
2) топырақ құнарлылығының төмендеуiне жол бермеуге;
3) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрудiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және жер қорғау жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асыруға;
4) өз қызметiнiң нәтижесiнде экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге;
5) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асыру кезiнде сәулеттiк-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа алуға;
6) басқа жер пайдаланушылар мен жер учаскелерi меншiк иелерiнiң құқығын бұзбауға;
7) сервитуттарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгiленген тәртiппен берудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын тоқтату
1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:
жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тартылғанда;
жер учаскесiн басқа адамдарға бергенде;
шаруа немесе фермер қожалығының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу қолданылғанда;
жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда;
жер учаскесi берiлген мерзiм бiткенде;
мақсатына сай пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскесi алынып қойылғанда;
жерлер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа жағдайларда алынып қойылғанда;
жер учаскесi тәркiленгенде тоқтатылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін берілген және мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес алып қойылуы мүмкін.
III-тарау. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң негiздерi
13-бап. Шаруа немесе фермер қожалығындағы еңбек
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртібі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленедi.
2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi мен қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы Қазақстан Республикасының тиiстi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша сақтандырушы ретiнде тiркеледi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына және басқа органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз табысынан белгiленген тәртiппен қаржы енгiзедi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығында жұмыс iстеген уақыт еңбек кiтапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жалпы және үздiксiз жұмыс стажына есептеледi.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелерiне, сондай-ақ жалданып жұмыс iстеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүргiзiледi.
14-бап. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметiнiң шарттары
1. Шаруа немесе фермер қожалығы өз шығындарын алынатын табысының есебiнен жабады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығының өндiрiстiк, коммерциялық және өзге де қатынастары шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiне, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен басқа жағдайларда, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар тарапынан араласуға тыйым салынады.
15-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының банк шоттары
Шаруа немесе фермер қожалығы банк шоттарын ашуға және банктегi өз ақшаларына иелiк етуге құқылы.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11 Заңымен 16-бап жаңа редакцияда
16-бап. Шаруа немесе фермер қожалығына салық салу
Шаруа немесе фермер қожалығына салық салу Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
17-бап. Шаруа немесе фермер қожалығына кредит беру және оны сақтандыру
1. Шаруа немесе фермер қожалығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiп пен ережелер бойынша мүлкiн, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салып кредит алуға құқылы.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалға алынған және жеке меншiк өндiрiс құрал-жабдықтарын, сондай-ақ ауыл шаруашылық дақылдарының егiсiн (екпелерiн), көпжылдық екпелердi, шығарған өнiмдерiн, шикiзатты, материалдарды жойылуы немесе зақымдануы жағдайынан сақтандыруды жүзеге асырады.
ҚР 24.12.01 ж. № 276-11; 08.01.03 ж. № 375-11 (бұр. ред. қара); 13.03.03 ж. № 395-11 (бұр. ред. қара); 29.12.03 ж. № 512-II (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 18-бап өзгертілді; 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Шаруа немесе фермер қожалықтарын мемлекеттік қолдау
1. Қызметкерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және орта есеппен алғанда жыл iшіндегі активтерiнiң жалпы құны алпыс мың мәрте есептiк көрсеткiштен аспайтын шаруа немесе фермер қожалығы:
1) алып тасталды
2008.29.12. № 116-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнiнде қосылатын қуаттар үшiн ақы төлеуден Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайда босатылады;
3) мемлекет қатысатын екiншi деңгейдегi банктерде ақы алынбай шот ашады;
4) бухгалтерлiк есептілікті жеке кәсiпкерлер ретiнде оңайлатылған тәртiппен бередi;
5)
6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мемлекеттік мұқтаждар үшiн тапсырыстар орналастыру кезiнде басым құқықты пайдаланады;
7) шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберiнде тиiстi жылға арналған мемлекеттік бюджетте белгiленген шекте жеңiлдiктi жағдайларда ақпараттық қызмет (қаражат), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар;
8) шағын кәсiпкерлiктi қолдау үшiн көзделген қаражат есебiнен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру iсiн жүргiзедi.
1-1. Шаруа немесе фермер қожалықтары жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес оңайлатылған не жалпы белгiленген тәртібін қолдануға құқылы.
2. Ауылшаруашылық өндірісіне инвестицияларды жүзеге асыратын және арнаулы салық режимін пайдаланбайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда инвестициялық преференциялар берілуі мүмкін.
4. Мемлекет отандық шаруа немесе фермер рыногын дамыту мен қорғауға жәрдемдеседi.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтарын дамытуды мемлекеттік қолдаудың ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
19-бап. Шаруа немесе фермер қожалықтарының бiрлескен қызметi
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары ерiктi негiзде кооперативтерге, қоғамдарға және басқа да бiрлестiктерге бiрiгiп, кооперативтiк, шаруашылық серiктестiктерiнiң және басқа да ұйымдардың қызметiне қатыса алады.
2. Шаруа немесе фермер қожалығы өз қалауы бойынша кез келген ұйымнан шығуға құқылы.
ҚР 29.12.03 ж. № 512-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтатудың ережелерi мен тәртібі
1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Үлестiк меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасында бiр-бiрiмен келісім бойынша бөлiнуi мүмкiн.
4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату кезiнде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудiң шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
5. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде туатын мүлiктiң, жер даулары мен өзге де даулар сот тәртібімен қаралады.
2011.24.03. № 420-IV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының шаруа немесе фермер қожалығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының