Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі № 343 Қаулысы
(2013.15.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 2 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 27 сәуірдегі
№ 343 қаулысымен
бекітілген
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану
ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау, жүргізу және пайдалану ережесі «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасында сәйкестендіру нөмірлерін енгізу негізінде белгілі бір тұлғаға қатысты мәліметтерді тіркеудің және есепке алудың бірыңғай жүйесіне көшуді қамтамасыз етеді.
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау
2. Қазақстан Республикасы Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері жеке сәйкестендіру нөмірлері (бұдан әрі - ЖСН) мен бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін (бұдан әрі - БСН) есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізген кезде ақпараттық жүйелердің негізінде құрылады.
3. Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі мен дербес деректерді қамтамасыз ету мақсатында Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері кіріктірілген және тіркеу-өндірістік деген бөліктерге бөлінген.
4. Ақпараттық жүйенің тіркеу-өндірістік бөлігінде құжаттарды беру туралы өтініштерде қамтылған деректердің негізінде ЖСН қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
5. Ақпараттық жүйенің кіріктірілген бөлігі мынадай міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорларына өзекті сипат беру және ақпараттың қайталануын болғызбау;
2) ақпараттық ресурстарды басқару мен пайдалану тетігін жетілдіру;
3) жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасын олардың жүгінуі кезінде рәсімдерді жеделдету және оңайлату арқылы жетілдіру.
6. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімі БСН беру жолымен заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді), қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік (есептік) тіркеуді немесе қайта тіркеуді есепке алудың бірыңғай жүйесін, ақпаратты сыныптау және кодтау жүйесін, электрондық хабарлау арқылы деректермен алмасудың бірыңғай форматын, ақпараттық-іздестіру жүйесін, модульдардың ақпараттық-телекоммуникациялық байланыстарын және ақпараттық сұратуларды өңдеуді өзіне қамтиды.
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу
7. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды орындайтын мемлекеттік уәкілетті органдар (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
8. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу тіркеуші органдардың жеке тұлғалар туралы уәкілетті органға ұсынған мәліметтерін есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.
9. Туу туралы куәлікті берген кезде ЖСН-ін беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
1) тегі;
2) аты;
3) әкесінің аты;
4) жынысы;
5) азаматтығы;
6) ұлты;
7) туған күні;
8) туған жері;
9) құжаттың түрі;
10) құжаттың нөмірі;
11) құжаттың сериясы;
12) құжаттың берілген күні;
13) құжатты кім берді.
10. Жеке басты куәландыратын құжаттарды және салық төлеушінің
куәлігін берген кезде ЖСН-ін беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
1) тегі;
2) аты;
3) әкесінің аты;
4) жынысы;
5) ұлты;
6) туған күні;
7) туған жері;
8) азаматы болып табылатын елдің коды (азаматтығы болған жағдайда);
9) портреттік бейнесі (сандық фотосурет) және қолы;
10) туған жері;
11) құжаттың түрі;
12) құжаттандыру себебі;
13) мекен-жай мәліметтері.
11. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен ЖСН мынадай жағдайларда алып тасталады:
1) жеке тұлға қайтыс болғанда;
2) соттың жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі күшіне енгенде;
3) жеке тұлға шетелге тұрақты тұруға кеткен және азаматтығын ауыстырған кезде;
4) резидент емес жеке тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
5) резидент емес жеке тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
6) резидент емес жеке тұлға Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кеткен жағдайда.
12. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен бұрын алып тасталған ЖСН, жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда, қайта қалпына келтірілуге тиіс.
13. ЖСН Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен:
1) соттың жеке тұлғаны хабарсыз кетті деп тану туралы шешімі күшіне енгеннен кейін, өзінің құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілетін көлемдегі және мерзімдегі мәліметтер;
2) резидент еместер Қазақстан Республикасынан кеткен кезде шартты түрде алып тасталады.
14. Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірін алып тастау немесе шартты түрде алып тастау мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізіледі. Алып тасталған немесе шартты түрде алып тасталған сәйкестендіру нөмірлері Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде сақталуға тиіс.
15. Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу тіркеуші органдардың уәкілетті органға заңды тұлғалар (филиалдар мен өкілдіктер) туралы ұсынған деректерін есепке алу және өзектендіру жолымен жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтамаларды берген кезде БСН беру мынадай қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу нәтижесінде жүзеге асырылады:
1) өтініштің келіп түскен күні;
2) заңды тұлға құру (қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу) туралы шешімнің нөмірі мен күні және шешім шығарған ұйымның атауы;
3) ұйымдастыру нысаны;
4) тіркеу түрі;
5) қайта тіркеу негіздемесі;
6) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұрынғы атауы;
7) бұрынғы толық тіркелген нөмірі;
8) қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер;
9) ұйымдық-құқықтық нысаны;
10) коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйым;
11) еншілес ұйым;
12) жеке кәсіпкерлік субъектісінің түрі;
13) мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні;
14) бастапқы мемлекеттік (есептік) тіркелген күні;
15) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің толық атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
16) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің қысқартылған атауы (мемлекеттік және орыс тілдерінде);
17) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу) туралы бұйрықтың нөмірі мен күні;
18) меншік нысаны;
19) шетелдік қатысу;
20) үлгілік жарғы негізінде қызметті жүзеге асыру;
21) ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22) ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23) заңды тұлғаның, филиал мен өкілдіктің заңды мекен-жайы (почталық индексі, облысы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үйдің, пәтердің, телефонның, факстың нөмірі);
24) КАТО анықтамалығының коды;
25) құрылтайшылардың салымдары бойынша жарғылық капиталды бөлу туралы мәліметтер (мемлекеттік, жеке меншік %);
26) жарғылық капиталдағы шетелдік капиталдың үлесі;
27) құрылтайшы-жеке тұлғалар (бастамашы азаматтар) туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН, қатысу үлесі;
28) құрылтайшы-заңды тұлғалар туралы мәліметтер: тіркелген жері, БСН, қатысу үлесі;
29) бірінші басшы туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, тұратын елі, ЖСН;
30) қызметкерлердің шамамен күтілетін саны;
31) экономикалық қызметтің түрі (жарғыдан алынған қызмет түрінің атауы);
32) тіркеуші орган туралы мәліметтер (тіркеуші органның толық атауы, тіркеуші органның коды, облысы, ауданы, тіркеуші туралы мәлімет (оператордың тегі, аты, әкесінің аты);
33) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін алымның (сомасы айлық есептік көрсеткіштерде және теңгеде) төленгені туралы мәліметтер, төлем құжатының деректемелері, төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (заңды тұлғаның атауы) және ЖСН;
34) заңды тұлғаны, филиалды, өкілдікті мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу туралы анықтама және барлық анықтамаларды берген орны туралы ақпарат (жаңа анықтама берілді);
35) ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
17. БСН Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен:
1) заңды тұлға (филиал, өкілдік) таратылған кезде;
2) бірлескен жеке кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруды тоқтатқан кезде;
3) резидент емес-заңды тұлғаның салық салу объектілеріне және салық салуға байланысты объектілерге құқығы тоқтатылған кезде;
4) резидент емес-заңды тұлға резидент-банктегі ағымдағы шотын жапқан жағдайда;
5) резидент емес-заңды тұлға Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан және Қазақстан Республикасынан кеткен жағдайда алып тасталады.
18. БСН-ін Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен шартты түрде алып тастау жүргізілмейді.
19. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізу бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін пайдалану
20. Сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің мәліметтерін мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелердің пайдалануы олардың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат шегінде жүзеге асырылады.
21. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтер:
1) уәкілетті органының жазбаша рұқсатының негізінде Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін өзектілігі жағдайында ұстау мақсатында тіркеуші органдарға;
2) заңға сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдарға;
3) қылмыс жасағаны және өзге де құқық бұзғаны үшін жауаптылықты белгілеу туралы істерді қарау барысында соттарға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда мәліметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, жария етуге жатпайды.
22. Жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке немесе заңды тұлғаның нотариалды куәландырылған келісімінсіз басқа адамға беруге болмайды.
23. Жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің мемлекеттік деректер қорының құжаттарын немесе өзге де ақпарат таратқыштарды жоғалтуға, сол сияқты олардың қызметтеріне байланысты көрсетілген ақпаратқа қол жеткізетін адамдардың оларды заңсыз өзгертуіне жол берілмейді.
24. Жеке сәйкестендіру нөмірлері ұлттық тізілімдерінің ақпараттық ресурстарындағы ақпараттарды қорғауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.