29) иммиграциялық жер қоры - оралмандарға беру үшін резервке қалдырылған және арнайы жер қоры құрамына кіретін жер учаскелері;
30) кадастрлық (бағалау) құны - мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
31) кейінгі жер пайдаланушылар - өзінің бастапқы жер пайдаланушы мәртебесін сақтап қалатын жер пайдаланушыдан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар;
32) кондоминиум - жылжымайтын мүлікке меншіктің (өзге де құқықтың) ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бөлек (дербес) меншігінде (өзге де құқықта) болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішінде жер учаскесі де оларға ортақ үлестік меншік құқығымен (өзге де ортақ құқықпен) тиесілі болады және бөлек (дербес) меншігіндегі (өзге де құқықтағы) жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды;
33) мемлекеттік жер пайдаланушылар - мемлекеттік республикалық және коммуналдық заңды тұлғалар;
34) мемлекеттік заттай гранттар - Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін осы Кодексте және Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен беріле отырып, кейіннен меншікке немесе жер пайдалануға өтеусіз берілетін жер учаскелері;
35) мемлекеттік емес жер пайдаланушылар - азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
36) меншік құқығының объектілері - мемлекеттік және жеке меншіктегі жер;
37) өзіндік қосалқы шаруашылық - ауылдық жерде және қала маңындағы аймақта орналасқан жер учаскесінде өз қажеттерін қанағаттандыруға арналған қызмет түрі;
38) сервитут - бөтен жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану, аңшылық және балық шаруашылықтары және өзге де мұқтаждар үшін пайдалану құқығы;
39) топырақ қабаты - жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім;
40) төлемақының базалық ставкасы - мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы;
41) тұрақты жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар;
42) уақытша жер пайдаланушылар - жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар;
43) ұлттық жер пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік қатысушысы бар кәсіпорындар;
44) шартты жер үлесі - таратылған немесе қайта ұйымдастырылған ұжымшар мүшелерінің, мемлекеттік емес болып қайта құрылған мемлекеттік ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ осы Кодексте аталған өзге дe тұлғалардың сандық тұрғыдан анықталған үлесі, оған сәйкес аталған ұйымдардың жер пайдалану құрамында бұдан бұрын болған жер учаскелеріне құқықтар беру жүзеге асырылады немесе осы Кодексте көзделген өзге де құқықтар іске асырылады;
45) шетелдік жер пайдаланушылар - шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шет мемлекет заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар (шетелдік заңды тұлғалар), шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар.
2-тарау. Мемлекеттік органдардың жер қатынастары саласындағы құзыреті
13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі басқа да iс-шаралардың кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын сақтау мен арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен кеңейтуге, халықаралық мiндеттемелердi орындау мен жердi қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшiн пайдалануға байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерден жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтаждары үшін алып қою;
2008.01.12 № 94-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды
3-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) жер учаскесiне меншiк құқығына және жердi пайдалану құқығына берiлетiн сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту;
2006.05.07 № 162-III ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) жеке тұрғын үй құрлысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережелерін бекіту;
5) облыстық өкiлдi және атқарушы органдардың аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың шекарасын өзгерту мәселелерi жөніндегі ұсыныстарын келiсу, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалар төңiрегiнде қала маңы аймақтарын белгiлеу мен өзгерту;
2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) жердi ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жатқызу және жердi осы аумақтардың резервiне қалдыру тәртібін, республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн, сондай-ақ орман қорының жерлерін орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерлерге ауыстыру қағидаларын бекіту;
7) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу тәртібін бекіту;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 7-2) тармақшамен толықтырылды
7-2) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру қағидаларын бекіту;
8) 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9) бір облыстың, республикалық маңызы бap қаланың, астананың аумағындағы жерді басқа облысқа, республикалық маңызы бap қалаға, астанаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;
10) оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функциялар.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Орталық уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының құзыреті
1. Орталық уәкілетті органның құзыретіне:
1) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру;
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
1-2) жер қатынастарын реттеу саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
2-1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларының жобаларын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізу;
3) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
4) жерге орналастыру, мемлекеттік жер кадастры және жер мониторингі жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлеу және бекіту;
5) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты республикалық бағдарламаларға, жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
6) орталық және жергілікті атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын бекіту;
7-1) жерді аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негізінде жердің нысаналы мақсатының жіктемесін бекіту;
8) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын белгілеу;
9) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
10) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансының деректері негізінде Қазақстан Республикасының жер балансын жасау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
11) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;
12) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келісу;
14) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған шешімдерінің заңдылығын бақылау;
15) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен мазмұн 16) тармақшамен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 16) тармақша өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын әзірлеу және бекіту;
16-1) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлеу және бекіту жатады.
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды
17) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органының құзыретіне:
1) жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) анықталған жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
4) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) осы Кодекстің 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және ұсыну;
6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерінің мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;
7) жер кадастрының дұрыс жүргізілуін бақылау;
8) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық-барлау және басқа жұмыстар жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізілсе, оларды тоқтата тұру жатады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 14-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
14-1-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының құзыреті
1. Облыстың уәкілетті органының құзыретіне:
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2012.09.01. № 535-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбырлар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 14) тармақша өзгертілді
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды
14-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау жатады.
15) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне:
1) 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;
6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
7) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
10) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
12) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
14) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
15) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
16) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және республикалық маңызы бар қаланың, астананың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
17) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
19) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
2007.21.07. № 297-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, оның ішінде мақсатына сай емес пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау жатады.
3. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:
2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2007.06.07 № 279-ІІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
13) 2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 18-1) тармақшамен толықтырылды
18-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жатады.
15-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының құзыретi
1. Жергiлiктi өкiлдi органдардың тиiстi аумақтарда жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыретiне мыналар жатады:
1) басқа да табиғат қорғау iс-шаралары кешенiнде жердi ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық бағдарламаларды бекіту;
2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің қарамағына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту;