35. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары;»;
2) 4-баптың 2-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу, аудару, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру;».
36. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат):
1) 42-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған;»;
2) 98-бапта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) зейнетақы активтерінен;»;
мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.».
37-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
37. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 14-құжаттар; № 3, 21, 25, 27-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 11-құжат):
қосымшаның 1-тармағының 53) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«53) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуіне, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуына;».
38. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат):
10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иемденуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.».
2-бап.
1. Осы Заң:
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының жиырма бірінші - жиырма бесінші абзацтарын, 4) - 9) және 12) тармақшаларын, 28-тармағының 6) тармақшасын, 31-тармағы 1) тармақшасының жетінші абзацын;
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 31-тармағының 1) тармақшасының бірінші - алтыншы абзацтарын және 2) тармақшасын;
2) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 3) тармақшасының оныншы-жиырмасыншы, жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын, 8-тармағының 4) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші абзацын, 11) тармақшасының жетінші абзацын, 37-тармағын;
3) 1-баптың 8-тармағының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бөлігінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есебіне жазудың) және аударудың толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етуді реттейтін ережелерін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Жинақтаушы зейнетақы қоры (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның) лицензиясының қолданысы тоқтатылған күнге дейін осы Заңда салық салу, кедендік реттеу, неке-отбасылық қатынастар, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, міндетті әлеуметтік сақтандыру, заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл, атқарушылық іс жүргізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалау бөлігінде көзделген нормалар жинақтаушы зейнетақы қорына (зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға) қатысты осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған редакцияда қолданылады.
3. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстап қалуды (есебіне жазуды) және аударуды реттейтін нормалары 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Бұл ретте 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару жүзеге асырылады.
4. Осы Заңның 1-бабы 6-тармағы 3) тармақшасының қолданысы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрсын.
Тоқтата тұру кезеңінде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады:
«3) 34-баптың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы жинақтаушы зейнетақы қорларынан үзінді-көшірмелер немесе аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді-көшірмелер;»;».
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін берілген инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар лицензиаттың еркін нысанда жасалған өтініші негізінде қайта ресімделеді.
Лицензияны қайта ресімдеуге өтініш 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бұрынғы лицензияның бланкісімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5-1. Инвестициялық портфельді басқарушының акционері болып табылатын және осы Заң қолданысқа енгізілген күннен кейінгі күні «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 72-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілеріне сай келетін тұлға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 8-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының ірі қатысушылары және инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу үшін өтініш білдірген зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органнан келісім алу талап етілмейді.
6. Осы Заң қолданысқа енгізілген күнге инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар ұйымдар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап лицензияны қайта ресімдеу күнінен кейінгі күнге дейінгі кезеңде ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті бұрынғы лицензия негізінде жүзеге асырады.
7. Осы баптың 6-тармағында көрсетілген ұйымдар осы баптың 5-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі оларға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдануға құқылы.
2014.10.01. № 156-V ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8. Заңды тұлғалардың өз атауларында «жинақтаушы зейнетақы қоры», «зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым» деген сөздерді қандай тілде болсын толық түрде пайдалануына тыйым салынады.
Бұл талап зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қабылдау-тапсыру актісіне қол қоймаған жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 21-і.
№ 106-V