5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемдену жөніндегі мәміледе тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлға (оның ірі қатысушысы (ірі акционер) иемденуші тарап болып табылатын жағдайлар;
6) өтініш берушінің осы Заңда белгіленген инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушыларына қойылатын өзге де талаптарды сақтамауы;
7) өтініш беруші - қаржы ұйымы өзі орналасқан елде шоғырландырылған негізде қадағалауға жатпайтын жағдайлар;
8) инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжайтын, өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдау;
9) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымында шыққан елінің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктердің болмауы;
10) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғада осы Заңның 72-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі қажетті рейтингінің болмауы;
11) осы қордың немесе ұйымның қаржылық жай-күйінің ықтимал нашарлауы жағдайында инвестициялық портфельді басқарушыны қайта капиталдандырудың ұсынылған жоспарының тиімсіздігі;
12) өтініш беруші - жеке тұлғада, сондай-ақ өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлерінде мінсіз іскерлік беделдің болмауы;
13) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.
2. Мына жағдайлардың бірінің болуы:
1) өтініш беруші - заңды тұлғаның өтініш берген күнге дейін екі жылға жетпейтін уақытта құрылуы;
2) өтініш беруші міндеттемелерінің басқа заңды тұлғалардың акцияларына және жарғылық капиталдарына қатысу үлестеріне орналастырылған және инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын иемденуге көзделген активтер сомасын шегергенде, өзінің активтерінен асып кетуі;
3) әрбір аяқталған екі қаржы жылының әрқайсысының нәтижелері бойынша залал шегуі;
4) өтініш беруші міндеттемелері мөлшерінің инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жай-күйіне айтарлықтай қатер төндіруі;
5) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушы алдында мерзімін өткізіп алған және (немесе) инвестициялық портфельді басқарушының балансына жатқызылған берешегінің болуы;
6) өтініш берушінің инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуінің қаржылық салдарына жасалған талдаудың өтініш берушінің қаржылық жай-күйінің нашарлайтынын болжауы;
7) инвестициялық портфельді басқарушыға және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына (алушыларға) залал келтіру ықтималдығы туралы куәландыратын өзге де негіздер өтініш берушінің тұрақсыз қаржылық жағдайының белгісі болып табылады.
3. Тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілерін иемденген кезде, уәкілетті орган алты айдан аспайтын мерзімде осы тұлғаға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген санкцияларды, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын өткізу жөніндегі талаптар бөлігінде осы Заңның 72-3-бабында көзделген мәжбүрлеу шараларын қолданады.
72-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
1. Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ ірі қатысушыларына:
1) ірі қатысушы мәртебесін иемденуге уәкілетті органның келісімін алмаған;
2) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденгеннен кейін осы Заңның 72-2-бабының 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 3-1-бабы 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларына сәйкес уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын және уәкілетті органмен жасалған жазбаша келісімдерді орындамаған;
4) инвестициялық портфельді басқарушы белгілері бар тұлға, олардың салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін іс-әрекеттерді жасаған;
5) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғалардың, сондай-ақ ірі қатысушыларының соның салдарынан инвестициялық портфельді басқарушыға залал келтірілген немесе келтірілуі мүмкін қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
6) осы Заңның 3-2-бабында көрсетілген факторлардың анықталуына байланысты инвестициялық портфельді басқарушының қаржылық жағдайы нашарлаған;
7) инвестициялық портфельді басқарушы мен оның ірі қатысушысы, ірі қатысушысы белгілері бар тұлға арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қарым-қатынастар болған;
8) ірі қатысушы белгілері бар тұлғаның, сондай-ақ ірі қатысушының осы Заңның 49-бабының 5-тармағы талаптарының орындалмауына әкеп соққан іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі жағдайларында мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар орын алған кезде:
1) инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы белгілері бар тұлғадан, сондай-ақ ірі қатысушысынан олардың тікелей немесе жанама түрде иелік ету үлесін инвестициялық портфельді басқарушының дауыс беретін акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейін азайтуды;
2) инвестициялық портфельді басқарушыдан ірі қатысушыға қатысты инвестициялық портфельді басқарушыны тәуекелге ұрындыратын олардың арасындағы операцияларды (тікелей және жанама түрде) жүзеге асыруды тоқтата тұруды;
3) инвестициялық портфельді басқарушыдан, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысынан инвестициялық портфельді басқарушыны қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті органның шешімі негізінде инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларына сенімгерлік басқару тағайындалады. Осы акциялар уәкілетті органға сенімгерлік басқаруға үш айға дейінгі мерзімге беріледі.
Уәкілетті орган инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда, акцияларды сенімгерлік басқару тағайындалатын мерзім уәкілетті органның сенімгерлік басқаруды тағайындау туралы тиісті шешімінде айқындалады.
Уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру кезеңінде акциялардың меншік иесі сенімгерлік басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы емес.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы не ірі қатысушысы белгілері бар тұлға уәкілетті органға инвестициялық портфельді басқарушының барлық өзіне тиесілі акцияларын өтінішхатта көрсетілген тұлғаларға сату туралы өтінішхат беруге құқылы.
Өтінішхатта көрсетілген акцияларды иемденушілер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің талаптарын орындаған жағдайда уәкілетті орган өтінішхатты қанағаттандырады.
Сенімгерлік басқару белгіленген мерзім өткенге дейін инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге негіздер жойылмаған кезде уәкілетті орган не ұлттық басқарушы холдинг сенімгерлік басқарудағы акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында акцияларды өткізу туралы шешім қабылданған күнге қалыптасқан нарықтық құн бойынша оларды өткізу арқылы иеліктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, бағалаушы акцияларды өткізу бағасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкін. Аталған акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенімгерлік басқаруға берілген тұлғаларға аударылады.
Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сату жөніндегі іс-шаралар инвестициялық портфельді басқарушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысына не ірі қатысушысы белгілері бар тұлғаға тиесілі инвестициялық портфельді басқарушының акцияларын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті органның не ұлттық басқарушы холдингтің сенімгерлік басқару кезеңіндегі іс-әрекеттері тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
14) 73-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметтi кастодиандық қызмет пен сейфтiк операцияларға лицензиялары бар банктер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асыруға құқылы.»;
«3. Кастодианның шетелдік клиенттерге қызметтер көрсету жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылмайтын кастодиан өз клиентінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.».
29. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат):
1) 1-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қаржылық көрсетілетін қызметтер - сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың қызметі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, орталық депозитарийдің, бірыңғай тіркеушінің және өзара сақтандыру қоғамдарының лицензиялауға жатпайтын қызметі.»;
2) 9-баптың 2-2- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Уәкілетті орган қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында банктерде, банк холдингтерінде, инвестициялық портфельді басқарушыларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында, сақтандыру холдингтерінде өз өкілінің (бұдан әрі - өкіл) болуына құқылы.»;
3) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1-бап. Өкілдің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттарында уәкілетті органның қызметкерлері арасынан өзі тағайындайтын өз өкілін банктерге, банк холдингтеріне, инвестициялық портфельді басқарушыларға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының біріндегі өкілдер санын уәкілетті орган айқындайды.
2. Өкіл өз қызметінде осы Заңды, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа алады.
3. Уәкілетті орган банктегі, инвестициялық портфельді басқарушыдағы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы өз өкілін кез келген уақытта ауыстыруға құқылы.
4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
5. Өкіл өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсаттарында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін талдайды;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сұрау салуларының, нұсқамаларының, талаптарының сақталуын бақылайды;
3) банкте, инвестициялық портфельді басқарушыда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында тексеру жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы басқармасының, директорлар кеңесінің, тұрақты не уақытша жұмыс істейтін комиссияларының (комитеттерінің, жұмыс топтарының) (бұдан әрі - банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары) отырыстарына байқаушы ретінде қатысады;
5) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру және өз пікірін білдіру құқығынсыз байқаушы ретінде банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысады.
6. Өкілдің:
1) өзіне жүктелген функцияларды орындау мақсаттарында осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарынан және (немесе) олардың лауазымды адамдарынан ауызша және жазбаша нысандағы мәліметтер мен құжаттарды, оның ішінде қаржылық есептілікті және банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары отырыстарының (сырттай өткізілгендерін қоса алғанда) материалдарын сұратуға;
2) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қол жеткізуге құқығы бар.
7. Өкіл:
1) өзі сұратқан мәліметтер мен құжаттарды осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының табыс етпеуі немесе уақтылы табыс етпеуі, уәкілетті орган өкілінің өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі, осы қаржы ұйымдарының тарапынан параға сатып алу, қорқыту немесе оған өзге де құқыққа сыйымсыз ықпал ету фактілері туралы уәкілетті органға хабарлауға;
2) уәкілетті органның банкке, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға өз өкілін жіберу туралы шешімінде көрсетілген мәселелер жөнінде уәкілетті органның тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындауға міндетті.
8. Өкіл жіберілетін банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) өкілге өз функцияларын орындауына жәрдем көрсетуге;
2) өкілге осы баптың 1-тармағында көрсетілген қаржы ұйымдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің ақпаратты толық және уақтылы беру мүмкіндігін және барлық ақпарат көздеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
3) өкілден сұрау салуды алған күні не сұрау салуда белгіленген және өздерімен келісілген мерзімдерде барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды табыс етуге;
4) деректерді түзету мүмкіндігінсіз (қарау режимінде) өздерінің қызметіне қатысты ақпаратқа, оның ішінде автоматтандырылған жүйелер мен дерекқорға қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
5) өкілдерді өзіне жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттардың көшірмелерімен қамтамасыз етуге міндетті.
9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған, қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.
Өкіл уәкілетті органдағы жұмысын тоқтатқаннан кейінгі бір жыл ішінде өзі өкілі болып табылған банкке, инвестициялық портфельді басқарушыға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына жұмысқа қабылдана алмайды.
Өкіл банк, инвестициялық портфельді басқарушы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы органдарының отырыстары барысында қабылданатын (қабылданған) нәтижелер мен шешімдер үшін жауапты болмайды.
10. Осы баптың 2 - 9-тармақтарының талаптары уәкілетті органның банктегі және сақтандыру холдингтеріндегі өкіліне қолданылады.»;
4) 12-бапта:
9-1) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) жеке және заңды тұлғалардың инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иемденуіне келісімді беру және оны беруден бас тарту тәртібін, аталған келісімді алу үшін ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптарды айқындайды, мұндай келісімді береді не беруден бас тартады;»;
«11) инвестициялық портфельді басқарушының және институционалдық инвесторлардың инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) инвестициялық портфельді басқарушының салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;
11-2) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат береді;»;
5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi
Уәкiлеттi орган бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсаттарында:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;
2) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
3) ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға арналған лицензиядан айырылған жағдайда, салымшылардың ерікті зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару тәртібін белгілейді;
4) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.».
30. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж.,№ 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат):
11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банктер қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды.».
31. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж, № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 25-құжат; № 12, 84-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
1) тармақшаның бірінші - алтыншы абзацтары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бірінші жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді
1) 32-бапта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет.
Аталған қызмет түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін:
ерікті зейнетақы жарналарын (ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры) тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;
ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қамтиды;»;
1) тармақшаның жетінші абзацы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді
13) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
2) тармақша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры соңғы жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы активтері мен міндеттемелерін қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен кейінгі күннен бастап қолданысқа енгізілді
2) 42-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.»;
3) 45-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының күші «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында көзделген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.».
32. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
13-баптың 4-тармағы алып тасталсын.
33. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 4, 37-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161, 171-құжаттар; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 22-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат):
4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31-2) және 36-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«31-2) монетарлық қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;»;
«36-1) шетелдік депозитарийлердің және өзге де қаржы ұйымдарының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды қоса алғанда, депозитарлық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;».
34. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат):
32-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Осы баптың ережелері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне қолданылмайды.».