мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 1-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық маңызы бар қалада, астанада және облыстық маңызы бар қалада тіркелген көлік құралдарында орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық маңызы бар қаланың, астананың және облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органдары белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;
1-3) сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен облыстың жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;
1-4) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн құжат;
1-5) сыртқы (көрнекi) жарнаманы аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;
1-6) сыртқы (көрнекi) жарнаманы ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастыру кезiнде - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ауданның жергiлiктi атқарушы органы белгiлi бiр мерзiмге беретiн рұқсат;»;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерінде, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
Сыртқы (көрнекі) жарнаманы аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде, аудандық маңызы бар қалалардағы, ауылдардағы, кенттердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және ауданда тіркелген көлік құралдарында орналастырғаны үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерлерде төлемақы алынады.
4. Осы баптың 2-тармағында айқындалған уәкілетті органдар салық қызметі органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы (көрнекi) жарнама объектілерін республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда орналастыруға берілген рұқсат құжаттары туралы мәлiметтердi ұсынуға мiндеттi.».
7. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат):
1) 11-бап мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің басқаруына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгі тізбесін бекітеді;»;
2) 18-баптың 2), 6), 9) және 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;»;
«6) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;»;
«9) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;»;
«16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;»;
3) 122-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқару ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімімен аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдеріне беріледі.»;
4) 156-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, коммуналдық қазыналық кәсiпорын өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын жергiлiктi атқарушы орган белгiлейдi.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы маусымның 13-і.
№ 101-V