Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 Қаулысы
(2011.03.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 21 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 24 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен
бекітiлген
Бөлiнбейтiн іpi көлемдi және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегi, «Автомобиль жолдары туралы» 2002 жылғы 17 шілдедегi Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiне, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөніндегі негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiне және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көліктің тiзбесiне (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi), «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiн реттейтiн кейбір мәселелер» туралы 2002 жылғы 19 қаңтардағы № 62 қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк және құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрлендi.
2. Ереже автокөлiк құралының көлемi мен салмағын ескере отырып, автомобиль жолдары арқылы және қалалар мен елдi мекендердің көшелерi арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етiлген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын жүктердi тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін реттейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.16.06. № 913 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.03.08. № 902 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Ережеде қолданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
1) бүркемелеу автомобилi - iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына барлық жүру бағыты бойынша iлесiп жүру үшiн тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi бөлген автомобиль;
2) ілесіп жүру автомобилі - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралына автомобиль жолдарымен ілесіп жүретін, тиісті тану белгілері бар Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшілерінің (бұдан әрі - жол полициясы) ақысыз негізде ұсынатын патрульдік автомобилі;
3) бақылаушы органдар - көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, жол полициясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері;
4) Арнайы рұқсатқа бақылау талоны - iрi көлемдi және ауыр салмақты автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуi үшiн төленген алым сомасын растайтын құжат;
5) iрi көлемдi автокөлiк құралы - автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгіленген рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерi асып түсетiн жүгімен немесе жүксіз автокөлiк құралы;
6) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк - автокөлiк құралдарымен тасымалдау кезiнде рұқсат етiлген көлемдiк өлшемдерден асатын және (немесе) жүгi бар автокөлiк құралының толық салмағы немесе оське түсетін жүктемелерi автомобиль жолдары арқылы жүрiп өту үшiн Қазақстан Республикасы аумағында белгiленген рұқсат етiлген салмақтың өлшемдерден асып түсетiн жүк;
7) халықаралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қиып өтетiн тасымал;
8) өңiраралық тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының екi және одан да көп облысы арқылы өтетiн тасымал;
9) жергiлiктi тасымал - бағыты Қазақстан Республикасының бір әкiмшiлiк-аумақтық бірлiгі шегiнде өтетiн тасымал;
10) бөлiнбейтiн жүк - тасымалдау кезінде бөлшектеу-құрастыру жұмыстарына шектен тыс шығынсыз (мысалы жүктiң немесе оны тасымалдау құнымен бара-бар болатын), сондай-ақ жүктi өндiрушi немесе жүктi жiберушінiң құжаттарымен расталған жоюға болмайтын бастапқы сапасын жоғалту қаупiне байланысты екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнбейтiн жүк;
11) көліктік бақылау посты - арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткізу пункті;
12) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым - Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтірілген залалды ақшалай өтеу;
13) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдау бағытын келiсу - келiсушi ұйымдардың iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының белгiленген бағыт бойынша жүру шарттарын белгiлеуi;
14) келісуші ұйымдар - автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектілері (көпірлері, жолөткелдері, темір жол өтпелері, электр желілері, байланыс кабелдері және т.б.) теңгерімінде бар, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелік ету немесе басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
15) Арнайы рұқсат - белгiленген бағытқа және тасымалды жүзеге асыру мерзiміне сәйкес iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары арқылы жүруiне құқық беретiн рұқсат беру құжаты;
16) ауыр салмақты автокөлiк құралы - толық салмағы немесе оське түсетiн жүктемесi Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарымен жүру үшін белгiленген рұқсат етілген салмақтық өлшемдерден асатын жүгi бар немесе жүксіз автокөлiк құралы;
17) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Көліктiк бақылау комитетi немесе аумақтық көліктiк бақылау органдары.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көліктің басқа түрлерімен тасымалдау мүмкін болмаған және орынсыз жағдайда ғана рұқсат етіледі.
5. Автокөлiк құралының көлемдерi мен салмағын ескергенде, Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары арқылы жүру үшін белгiленген автокөлiк құралдарының рұқсат етілген көлемдiк және салмақтық өлшемдерiнен асатын бөлiнетiн жүктердi автокөлiк құралымен тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автокөлік құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкілетті орган берген осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы рұқсат пен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
7. Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктерді автомобиль көлiгiмен автомобиль жолдары арқылы тасымалдау Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің және осы Ереженің талаптарына, сондай-ақ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердің тасымалына оларды өндiрушi немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) белгiлеген қосымша талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнайы рұқсатты алуға берiлетiн өтініштi беру, қарау және келiсу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін тасымалдаушы уәкілетті органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргізілетін келісуші ұйымдардың тізбесі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелер басшыларының шешімімен бекітіледі.
Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргізілетін келісуші ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.
10. Ұсынылған тасымалдау маршрутын келiсу кезiнде тасымалдау қауiпсіздiгiн, жолдардың, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету, жол жүру бағытындағы қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдау қажеттілігi бөлiгiнде жүру жолы бойынша автомобиль жолдарының, жол құрылысы мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабiлетi және өткізу қабiлеті бағаланады.
11. Автомобиль жолдарының жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың көтерушілік қабілетiн бағалау үшiн есептеудiң сынақтан өткiзiлген әдiстерiн, жолдардың жол құрылыстары мен өзге де инженерлiк құрылыстардың жай-күйi туралы ақпаратты, сондай-ақ қосымша зерттеулердің материалдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:
1) ірі көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан;
2) ірі көлемді автокөлік құралының биіктігі жол бетінен 4,5 метрден асқан;
3) ірі көлемді автокөлік құралының, оның ішінде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан;
4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған;
5) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі.
Тасымалдаудың бағыты темір жол өтпелерімен, жолөткелдерімен, көпірлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желілерімен қиылысқан жағдайларда егер:
1) ірі көлемді автокөлік құралының ені 5 метрден асатын болса;
2) ірі көлемді автокөлік құралының биіктігі жол бетінен 4,5 метрден асатын болса;
3) ірі көлемді автокөлік құралының, оның ішінде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса;
4) ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиісті келісуші ұйымдармен тасымалдауды келісу жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Келісуші ұйым мәлімделген бағытқа келісуді жүргізеді немесе белгіленген мерзімдерде:
1) жергілікті тасымалға бір жұмыс күні ішінде;
2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды ұсынады.
14. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралын өткізудің терiс көрсеткіштерi болмаса, онда келiсуші ұйым өтiнiште оны өз шешiмiн мөрмен куәландыра отырып, жазбаша растайды.
15. Егер тасымалдаушы ұсынған бағыт бойынша ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуi мүмкiн болмаса немесе егер оны жүзеге асыру үшiн жол төсемiн немесе жол құрылыстарын нығайту бойынша қосымша шаралар жүргiзу талап етілетiн болса, келiсушi ұйым бұл туралы тасымалдаушыны жазбаша хабардар етедi және оған жүрудiң басқа бағытын ұсынады немесе тасымалдау жүзеге асырылғанға дейiн күшейту жұмыстарының қажеттi кешенiн орындайды.
16. Өтінiште онда барлық осьтер мен дөңгелектердi, ондағы осьтердің өзара орналасуын және дөңгелектердiң (жалғыз немесе қосарланған) санын, автокөлiк құралына немесе оның құрамдас бөліктерiне жүктің біркелкi тиелмеуi мүмкіндігін ескере отырып, жүктеменiң осьтер бойынша бөлiнуiн көрсете отырып, автокөлiк құралының дөңгелектiк өрнегi беріледi.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Уәкілеттi органға өтiнiш түскен кезде оны журналға тiркеу және ондағы мәлiметтердi:
1) ұсынылған ақпараттың толықтығы;
2) тасымалдауға ұсынылған iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктің бөлiнбейтiндiгінің (пайдалану мақсатын өзгертпестен, шектен тыс шығындарсыз немесе бүлiну қаупiнсіз екi немесе одан да көп бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн болмайтындығының) негiзділігі;
3) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлік құралының, оның ішінде автомобиль-тартқыштың және тіркеменің (жартылай тіркеменің) техникалық сипаттамаларының сәйкестігі;
4) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган ол келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Уәкілетті орган осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтінішті қарау барысында тасымалдаушының өтінішін келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
Осы Ереженің 13-тармағында көрcетілген мерзімде келісуші ұйым уәкілетті орган жолдаған тасымалдаушының өтінішін келіседі немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18. Егер өтініште толық емес ақпарат және (немесе) жүктің бөлінбейтіндігі құжаттамалық тұрғыдан жеткіліксіз негізделсе, уәкілетті орган өтініш журналға тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тасымалдаушыға жазбаша түрде тиісті сұрау салумен өтініш жасайды.
Тасымалдаушы он күнтізбелік күн ішінде талап етілетін ақпаратты және құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган тасымалдаушыға өтініштен бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
Осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі тасымалдаушыға тиісті сұрау жолданған сәттен бастап уәкілетті орган талап еткен ақпарат пен құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19. Уәкілетті орган осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
20. Егер автокөлiк құралының жасаушы зауыт белгілеген техникалық сипаттамалары тасымалдауға мәлiмделген iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктi тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермесе тасымалдаушыға Арнайы рұқсат беруден дәлелдi бас тарту берiледi.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алуға өтініш:
1) автокөлік құралы табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін жұмысқа тартылған;
2) көлік құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған;
3) жүк жөнелтуші не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты ресімдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.
22. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
23. Өтiнiште көрсетiлген мәлiметтер мен деректемелер:
1) егер тасымалдаушы заңды тұлға болып табылса, бірiншi басшының (оның орынбасарының немесе сенiмдi адамының) қолымен және мөрмен;
2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері;
3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
24. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алуға арналған өтінішті тасымалдау түріне қарай:
1) халықаралық және өңіраралық тасымалға - тасымалдаушының тұрған орны бойынша уәкілетті органға немесе жақын маңдағы уәкілетті органға;
2) жергілікті тасымалға - тасымал жүзеге асырылатын орын бойынша уәкілетті органға береді.
3. Арнайы рұқсатты беру және келiсу тәртібі
25. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган бередi.
26. Арнайы рұқсаттардың бланкiлерi мен оның бақылау талондары қатаң есептегі құжаттар болып табылады және тiркелуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
27. Тасымалданатын жүктердiң санатына, тасымалдардың түрi мен сипатына байланысты Арнайы рұқсат біржолғы немесе келісілген мерзім iшiнде жарамды болуы мүмкiн:
1) біржолғы Арнайы рұқсат iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты бір автокөлiк құралына белгiленген мерзiмде келісілген бағыт бойынша бір сапарға берiледi;
2) көрсетілген мерзім ішінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгіленген тәртіппен бекітілген бағыт бойынша бір тұрпатты ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты жүктерді тасымалдайтын бір автокөлік құралына беріледі.
Арнайы рұқсат алты айға дейінгі мерзімге беріледі.
ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
28. Арнайы рұқсатты уәкілетті орган толтырады және мөрмен куәландырады және барлығы келісілгеннен және ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейін екі жұмыс күні ішінде беріледі.
29. Ілесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезінде осы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган жол полициясына Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралын ілесіп жүру қажеттілігін туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
Уәкілетті органның хабарламасын алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Жол полициясы комитеті халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
Облыстың, қаланың немесе ауданның жол полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның хабарламасын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
30. ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік
құралдарының автомобиль жолдары арқылы жүріп өтуiн ұйымдастыру және оның тәртібі
31. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тараптар жасасқан тасымалдау шарты негізінде жүргiзiледi.
Ipi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдаудың, соның iшiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуiне Арнайы рұқсат алу бөлiгіндегi жалпы шарттары халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi саласындағы заңнамасында белгіленедi.
32. Тасымалға және Арнайы рұқсатқа қойылатын талаптардан туындайтын қажеттілік жағдайында тасымалдау шарты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкке қосалқы автокөлiк құралдарының (отын құюшы, автошеберхана, қосымша персоналға арналған автобус, тапқыш немесе итергiш қосымша автомобиль және т.с.с.), бүркемелеу автомобилiнiң және (немесе) ілесіп жүретiн автомобильдiң ерiп жүруiн көздейдi.
33. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға тиiстi санаттағы автокөлiк құралын басқару құқығы бар жүргiзушiге рұқсат етiледi.
34. Тасымалдаушының және (немесе) жүк жөнелтушiнiң жауапты өкiлi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдаумен айналысатын жүргізушi(лер)мен және жүк жинаушылармен қауiпсіздiк техникасы жөнiнде арнайы нұсқаулық өткiзедi.
35. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүк бекiтілген автокөлiк құралын жүру басталмас бұрын жүргiзушi, тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінiң жауапты өкілдерi қарап шығады. Жүк Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінiң талаптарына, сондай-ақ жүк жөнелтушiнiң талаптарына сәйкес бекiтіледi және таңбаланады.
36. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдары, сондай-ақ бүркемелеу автомобильдерi қызғылт немесе сары түстi арнайы жарық беру сигналдарымен (жарқылдауық маяктармен) жабдықталады.
Қозғалыс кезiнде жарқылдауық маяктардың жұмысы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қосымша хабар беру құралы болып табылады және артықшылықпен жүрiп өту құқығын бермейдi.
37. Белгіленген тәртіппен ресiмделген Арнайы рұқсат бланкісi iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүргiзушiсiнде болады және бақылаушы органдар өкiлдерінің талабы бойынша көрсетiледi.
38. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының автомобиль жолдарымен жол жүруiне әдетте қозғалыс қарқындылығы мейлiнше аз сағаттарда, ал елдi мекендерден тыс жерлерде - тәулiктiң жарық уақытында рұқсат етіледi.
Тәулiктің қараңғы уақытында елдi мекендерден тыс жерлердегі жолдармен, сондай-ақ тәулiктің жарық уақытында қозғалыс қарқынды болған кезде тасымалдауға iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралының жүруiн бүркемелеу немесе ілесіп жүру автомобилінің ерiп жүруi шартымен ғана рұқсат етіледi.
39. Көлiк құралдарының қозғалысын елеулi түрде кiдiртуге және айналасындағылар үшiн жоғары қауіп төндiруге қабілеттi жол-ауа-райының қолайсыз жағдайлары мен қозғалыс қарқындылығы жағдайларында тасымалдауға рұқсат етілмейдi.
40. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралымен, сондай-ақ бүркемелеу және iлесіп жүру автомобильдерімен тәулiктiң жарық уақытында жол жүрген кезде жақынға жарық түсiру шамдары iске қосылуы тиiс.
41. Мына жағдайлардың барлығында:
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ені 3,5 метрден асатын болса;
2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 24 метрден асатын болса;
3) Арнайы рұқсаттың «Қозғалыстың ерекше шарттары» бағанында жол жүру бағытындағы қандай да бір жол құрылысы бойынша жеке дара тәртіппен жүруге рұқсат етіледi деп көрсетiлген немесе жол жүру бағытының жекелеген учаскелерінде қозғалысты ұйымдастыруға жедел ықпал етудi талап ететiн басқа да шарттар көрсетiлген басқа жағдайларда бүркемелеу автомобилiнiң болуы міндетті.
42. Мына жағдайлардың барлығында:
1) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының енi 4,0 метрден асатын болса;
2) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ұзындығы 3,0 метрден асатын болса;
3) қозғалыс кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы қарсы қозғалыс ендiгiн ең болмағанда iшiнара иеленуге мәжбүр болса;
4) тасымалдау процесiнде жүру қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету мақсатында қозғалысты ұйымдастыруды шұғыл өзгерту талап етiлгенде;
5) ҚР Үкіметінің 2011.03.08. № 902 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)