Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 ақпандағы № 98 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 ақпандағы
№ 98 қаулысымен
бекітілген
Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Ұлттық мұрағат қорының мемлекеттік меншіктегі құжаттарын (бұдан әрі - Ұлттық мұрағат қорының құжаттары) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
өтініш беруші - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкетуге рұқсат сұрап мемлекеттік органға өтініш білдірген жеке немесе заңды тұлға;
рұқсат - Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша әкету құқығын растайтын белгіленген үлгідегі құжат;
сақтандыру көшірмесі - Ұлттық мұрағат қорының түпнұсқа құжаттағы ақпаратты және сыртқы белгілерін толық қайта шығаратын, оның жоғалу немесе зақымдану жағдайына дайындалған көшірме;
уәкілетті орган - мұрағаттар мен құжаттаманы басқарудың орталық мемлекеттік органы.
2. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша әкетуге рұқсат беру тәртібі
3. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын (бұдан әрі - сұратылған құжаттар) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету уақытша көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары, тұсаукесерлер, көрмелер жеміс басқа да халықаралық мәдени іс-шаралар үшін жүзеге асырылады.
4. Сұратылған құжаттарды уақытша әкету туралы өтініш уәкілетті органға ұсынылады.
Өтініште сұратылған құжаттарды уақытша әкету мақсаты және болатын елде оларды орналастыру шарттары көрсетіледі.
Заңды тұлғаның атынан өтінішке бірінші басшы не оны алмастырушы тұлға қол қояды.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке тұлға үшін - өтініш берушінің жеке басын куәландыратын
құжаттың көшірмесі;
заңды тұлға үшін - құрылтайшы құжаттардың көшірмелері;
Қазақстан Республикасында құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірме немесе шетелдік заңды тұлғаның осы тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа жария етілген құжаты;
2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұратылған құжаттардың тізбесі;
3) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша мемлекеттік мұрағаттың сұратылған құжаттардың сақтандыру көшірмелерінің болуы туралы анықтамасы.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттар нотариалды куәландырылған немесе тиісті үлгіде жария етілген болуы тиіс.
6. Уәкілетті орган өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды оларды алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
7. Өтінішті қарау кезінде сұратылған құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау жүргізіледі.
8. Қарау қорытындылары бойынша және сараптама қорытындысы
негізінде уәкілетті орган сұратылған құжаттарды уақытша әкетуге рұқсат беру туралы немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Уәкілетті орган рұқсатты өтініш берушіге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алты айдан аспайтын мерзімге береді.
10. Мыналар рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады:
1) сұратылған құжаттарды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкетуді қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз табиғи жай-күйі;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын сұратылған құжаттардағы мәліметтердің мазмұны.
11. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың бірыңғай дерекқорын жүргізеді.
Сұратылған құжаттарды уақытша әкету мақсатында дерекқорға олардың мазмұны, физикалық жай-күйі, мұрағат қорларының атауы туралы мәліметтер, Қазақстан Республикасының аумағына қайтару мерзімі мен нақты қайтарылатын күні енгізіледі.
Ұлттық мұра қорының мемлекеттік
меншіктегі құжаттарын Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге уақытша
әкетуге рұқсат беру ережесіне
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының
уақытша әкетуге рұқсат сұратылған құжаттарының
тізбесі
Р/с № | Құжаттың, істің сипаттамасы (сақтау бірлігі)* | Іздестіру деректері** | Табиғи жай-күйі |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тізбеге барлық
енгізілгені ____________________________________сақтау бірлігі
(цифрмен және жазумен)
Өтініш беруші ________________ _____________
(ұйым атауын көрсете отырып, (қолы) (Т.А.Ә.)
лауазымының атауы)
М.О.
Ескертпе:
* құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) атауымен бірге ақпарат тасымалдаушы мен оны қайта шығару тәсілі, түпнұсқалылығы немесе көшірме екендігі, өзіне тән сыртқы белгілері, өлшемдері көрсетіледі;
** құжаттың, істің (сақтау бірлігінің) сақтау орны, мемлекеттік мұрағаттың атауы, қордың, тізімдеменің, сақтау бірлігінің нөмірі; парақтардың саны көрсетіледі (егер тізбеге істің жекелеген құжаттары енгізілсе, парақтардың нөмірі көрсетіледі).
Басшының қолы және мөрі әрбір бетке қойылады.
Ұлттық мұрағат қорының
мемлекеттік меншіктегі құжаттарын
Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге уақытша әкетуге
рұқсат беру ережесіне
2-қосымша
Уәкілетті органның атауы (мемлекеттік тілде) | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы | Уәкілетті органның атауы (орыс тілінде) |
|
Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге уақытша әкету құқығына № _____ рұқсат _____________________________________________________________ _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты) қоса беріліп отырған________парақтағы тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша әкету құқығына берілді. Құжаттар______ (ел) уақытша әкетіледі. Уақытша әкетудің мақсаты: көрмеге қою, қалпына келтіру жұмыстары (қажеттісінің астын сызу), өзге де жағдайлар (көрсету) Болатын мерзімі_______ бастап_________ дейінгі кезеңде негізінде уақытша әкетуге рұқсат берілді. Мемлекеттік органның | ____________ | _________________ | басшысы | (қолы) | (Т.А.Ә.) | (ұйымның атауын көрсете отырып, | | | лауазымының атауы) | | | М.О. 200____ ж. «_____» | ____________________ | | (берілген орны) | Кеден және шекара қызметтерінің белгілері |