Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 шілдедегі № 843 Қаулысы
(2012.28.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 364; 2005.28.01 № 73 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1098 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 29 шілдедегі
№ 843 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігінің жай-күйін дұрыс әрі уақтылы талдау мақсатында Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган - бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган);
2) жергілікті атқарушы орган - облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
3) шетелдік мерзімді баспа басылымы - Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басылатын және тұрақты атауы, ағымдық нөмірі бар, кемінде үш айда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы;
4) таратушы - шетелдік мерзімді баспа басылымдарын меншік иесімен, шығарушысымен шарт бойынша немесе өзге де заңды негіздерде Қазақстан Республикасының аумағында таратуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (филиал немесе өкілдік);
5) Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама - таратушыға жергілікті атқарушы орган беретін және таратушы анықтаған аумақта таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауларының тізбесін растайтын құжат (бұдан әрі - анықтама).
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының аумағы) таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізілімін жүргізеді.
5. Жергілікті атқарушы орган тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, таратушы өтініште көрсеткен мәліметтерді Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізу үшін уәкілетті органға жіберіп тұрады.
2. Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
6. Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу үшін таратушы жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) жеке тұлға үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі;
филиал мен өкілдіктер үшін - филиал мен өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі.
7. Өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес болған жағдайда жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу журналына жазба енгізу арқылы Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке қояды.
9. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша таратушыға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес анықтама беріледі не мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген барлық қажетті құжат ұсынылмаса;
2) өтініште толық немесе дұрыс ақпарат көрсетілмесе;
3) таратушыға қатысты қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса;
4) шетелдік мерзімді баспа басылымдары өніміне қатысты оларды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға тыйым салу туралы сот шешімі болса.
10. Анықтаманы жоғалтып немесе бүлдіріп алған жағдайда өтініш берушіге еркін нысандағы жазбаша өтініш беру арқылы жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні мерзімі ішінде, оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар жаңа нөмір берілген анықтаманың телнұсқасы беріледі.
11. Анықтама алынған күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды. Егер осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген таратушыға немесе таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарына қатысты мәліметтер берілген анықтаманың қолданылу уақытында өзгерсе, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган таратушының жазбаша үндеу бойынша жаңа анықтаманы алу туралы өтінішін қарастырады.
12. Анықтаманың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы орган таратушының өтініші бойынша жаңа анықтаманы береді.
Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
1-қосымша
______________________________
______________________________
(өтініш тіркелелетін
органның атауы және мекенжайы)
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы
өтініш
Сізден Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алуыңызды сұраймын.
Таратушының деректері:
_________________________________________________________________________________________________________________
(ұйымдастыру-құқықтық түрін көрсетумен жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның атауы)
_________________________________________________________________________________________________________________
(ЖИН/БИН, СТН, тіркелген құжатының нөмірі және берілген күні)
_________________________________________________________________________________________________________________
(тіркелген орны, нақты мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық поштасы)
Р/с № | Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының тізбесі | Шетелдік мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы | Таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарының тілі (тілдері) | Негізгі тақырыптық бағыттығы | Мерзімділік | Таратылатын даналарының болжамды саны |
1. | | | | | | |
2. | | | | | | |
Қосымша: 1. __________________________
2. ___________________________________
бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы
МО 20__ ж. «___»______________________
Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
2-қосымша
Есепке алу журналы
Р/с № | Тіркелген күні | Анықтама нөмірі | Таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны | Анықтаманың қолданылу мерзімі | Толтыруға жауапты жергілікті атқарушы орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| | | | | |
| | | | | |
Қазақстан Республикасында
таратылатын шетелдік мерзімді
баспа басылымдарын есепке
алу қағидаларына
3-қосымша
___________________________
___________________________
(таратушыға анықтама берілген
жергілікті атқарушы органның
атауы)
Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік мерзімді баспа басылымдарын есепке алу туралы анықтама
№ _________ (тіркеу нөмірі) | 20__ ж. «___» __________ |
Осы анықтама «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес _________________________________________________________________________________________________________ берілген
(таратушының атауы және оның ұйымдастыру-құқықтық нысаны)
және шетелдік мерзімді баспа басылымдарын 20___ж. «___» __________ бастап есепке алынғанын растайды.
Шетелдік мерзімді баспа басылымдары атауының толық тізбесі:
1. ________________________________________________________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________________________________________________________
4. және т.б.
Шетелдік мерзімді баспа басылымдарының таралу аумағы:
__________________________________________________________________________________________________________________
Осы анықтама 20___ ж.«___» ____________ дейін жарамды.
Орган басшысы қолы
МО 20__ ж. «___»_______________