Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 Қаулысы
(2012.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетiн толықтырулар мен өзгерістер бекiтілсiн.
2. Осы қаулы, 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн толықтырулар мен өзгерістердiң 3-тармағын қоспағанда, 2003 жылғы 12 шiлдеден бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн
толықтырулар мен өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2012.28.08. № 1091 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Әскери қызметшілердi азық-түлікпен ақылы қамтамасыз ету және әскери бөлiмдер ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 қазандағы № 1152 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 37, 387-құжат):
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшілерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерін азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудiң ережесінде:
2-тармақтағы «шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшау жабық гарнизондарда» деген сөздер «жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесіндегі:
2-тармақта «шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшау жабық гарнизондарда» деген сөздер «жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2012.18.04. № 481 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. «Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 18 наурыздағы № 262 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 2, 131-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы төлеу ережесінде»:
3-тармақтың бiрiншi абзацында:
«аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар» деген сөздер «қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)»деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар» деген сөздер «қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)»деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «жиын» деген сөз алынып тасталсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) өтемақы алуға құқығы бар (2-қосымша) адамның әскери қызметтi өткерген кезеңiн көрсете отырып өтемақы алуға құқық беретiн (10-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген адамдардан басқа), оқиға сәтіндегі ақшалай үлестiң мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң анықтамасы»;
6-тармақта:
бiрiншi абзацтағы «аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға» деген сөздер «қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге)»деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың» деген сөздер «қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалардың (бөлiмдердiң)»деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi абзацында:
«аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға» деген сөздер «қорғаныс iстерi жөніндегі басқармаларға (бөлiмдерге)»деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың 1) тармақшасында:
«аудандық (қалалық) әскери комиссариаттар» және «облыстық әскери комиссариаттарға» деген сөздер тиiсiнше «қорғаныс iстерi жөнiндегі басқармалар (бөлiмдер)»және» қорғаныс iстерi жөніндегі департаменттерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақта:
«Облыстық әскери комиссариаттар» деген сөздер «Қорғаныс iстерi жөнiндегі департаменттер» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскери қызметшi қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігi анықталған немесе ол әскери қызмет кезеңiнде мертiккен жағдайда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе ол мертiккен күнге соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесiнiң жалақысынан, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
2) әскери қызметшi әскери қызметтен босатылғаннан кейiн қызмет өткеру кезеңiнде алған мертiгуi (контузиясы), сырқаттануы салдарынан қайтыс болған жағдайда, босатылған сәтiнен бастап қайтыс болған күнгi соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгiленген мөлшерде;
3) әскери қызметшiнiң әскери қызметті өткеруiне байланысты контузиясы, мертiгуi, сырқаттануы нәтижесiнде болған мүгедектiгі анықталған жағдайда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған күнгі босатылған сәттен бастап соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлес жалақысының өзгеруiн ескере отырып, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде;
4) мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiне, стипендия алатын әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына, жиындарға шақырылған әскери мiндеттілерге Ереженiң осы тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектiгi анықталған немесе мертiккен күнгi жыл сайын республикалық бюджетте белгіленетiн айлық есептік көрсеткiшінің есебiнен, Заңның 14-бабында белгіленген мөлшерде.»;
14-тармақтың 2 абзацында: «өтемақы төлеу» деген сөздерден кейiн «және оны аудару үшiн банктiң қызмет көрсеткеніне төлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
Ережеге 1-қосымшада:
«Әскери комиссар» деген сөздер «Бастық (командир)»деген сөздермен ауыстырылсын.