Автомобиль көлiгiмен кауіптi жүктердi тасымалдау жөніндегі кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 Қаулысы
(2005.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шiлдедегі және «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүрiп өту ережесi және қауіпті жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын біліктiлік талаптар бекітілсiн.
2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлген қауіпті жүктердiң тiзбесi бекiтілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысымен
бекітілген
Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту ережесi және қауiптi
жүктердi тасымалдайтын жүргізушілер мен автокөлік құралдарына қойылатын
біліктілік талаптары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өту ережесi және қауiптi жүктердi тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының»Автомобиль көлiгi туралы«2003 жылғы 4 шiлдедегi,»Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiне сәйкес әзiрленген.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ереженiң әрекетi Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердің тасымалына байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезінде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтімiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез-келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде қолданыстағы стандарттарға сәйкес қауiптi жүктердiң жiктемесi қолданылады.
2. Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктер
тасымалын ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Қауiптi жүктердi тасымалдау көлiк саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлетті орган) беретiн лицензияның негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердiң тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдарының жүргiзушiлерi және қауiптi жүктердiң тасымалы үшiн пайдаланатын автокөлiк құралдары осы Ереженiң 3 және 4-бөлiмдерiнде жазылған біліктілік талаптарына сай болуы тиiс.
7. Қауiптi жүктер мамандандырылған автокөлiк құралдарымен немесе осы мақсатқа бейiмделген басқа көлiк құралдарымен тасымалданады.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Қауіпті жүктердi тасымалдау кезiнде тиiстi уәкiлеттi орган берген нақты қауіпті жүкпен қызметтi жүзеге асыруға лицензияның болуы талап етiледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша жарылғыш немесе күшті әсер ететiн улы заттарды; азаматтық және қызметтік қаруды және оларға патрондарды, азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылған бұйымдарды тасымалдау кезiнде ішкі iстер органдары берген рұқсаттың бар болуы талап етіледi.
9. ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
10. Жүк жөнелтушi (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауiптi жүк тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.
Қауіпті жүктердi тасымалдауға арналған шарт өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты мынадай:
1) автокөлiк құралдарын арнайы өңдеу жөніндегі іс-шаралар туралы;
2) iлесiп жүрудi ұйымдастыру (қажеттi жағдайда) туралы;
3) жүргiзушiлердi жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібi туралы;
4) қауiп және қауіптi жүктi бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесiнiң элементтерiмен қамтамасыз ету тәртібі туралы мәлiметтердi қамтуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
11. Қауіптi жүктi тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік жүкқұжатын жасаумен расталады.
Қауіптi жүкті тасымалдау кезінде тасымалдаушының үш данада жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы қол қоятын тауар-көлік жүкқұжаты болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Тауар-көлiк жүкқұжатының нысаны және оны қолдану тәртібі уәкілетті орган бекiткен автомобиль көлігімен жүк тасымалдау ережесiмен айқындалады.
13. Жүк жөнелтуші тасымалдаушыға қауiптi жүктердi тасымалдауға жасалған шартпен бiрге мыналарды:
1) әрбiр автокөлiк құралына ақпарат кестесiн;
2) қауiптi жүктiң әрбiр түрiне жүргізушiге арналған нұсқаулықты;
3) ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Көрсетiлген құжаттар жол полициясы органдарымен тасымалдау бағытын келiсу мақсатында, тасымалдау шарты жасалғаннан кейiн, бiрақ тасымал басталғанға дейiн 5 күннен кешiктiрiлмей ұсынылуы мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
14. Осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердiң тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жіберілетін 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдауға тасымалдаушы қауiптi жүктi тасымалдаудың бағытын әзiрлейдi.
Тасымалдау бағытын әзiрлеген кезде тасымалдаушы мынадай негiзгi талаптарды басшылыққа алуы тиiс:
1) бағыт маңында iрi өнеркәсiп объектiлерi болмауы тиiс;
2) бағыт iрi елдi мекендер арқылы өтпеуі тиiс. Қауiптi жүктердi iрi елдi мекендер пункттерiнiң iшiмен тасымалдау қажет болған жағдайда бағыт ойын-сауық, мәдени-ағарту, оқу, мектепке дейiнгi және емдеу мекемелерінің қасынан өтпеуi тиiс;
3) тасымалдау бағытында көлiк құралдарының тұрақ орны ескерiлуi тиiс.
15. Бағыт бiр облыстың шегiнде өтетiн кезде тасымалдау бағыты осы облыста орналасқан жол полициясының бөлiмшелерiмен келісіледi.
Бағыт бiрнеше облыстардың аумағымен өтетiн жағдайда келiсу жол полициясының орталық органында жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
16. Қауiптi жүкті тасымалдаудың келісілген бағыты 12 ай iшiнде күшiнде болады.
Адамның өмiрi мен денсаулығы үшін қауіппен, қоршаған ортаға және мәдени құндылықтарға келтiрілетiн залалмен, сондай-ақ тасымалданатын жүктiң қауіпсiздігіне байланысты күтпеген жағдайлар кезiнде қауiпті жүктi тасымалдаудың келісiлген бағытын тасымалдаушы жол полициясы органымен келісім бойынша өзгертуi мүмкін.
17. Көрiнуi 300 метрге дейiн шектелген болса (тұман, жаңбыр, қар және т.б) қауiптi жүктердiң жекелеген түрлерiн тасымалдауға тыйым салынуы мүмкiн, ол нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттарында көрсетiледi.
3. Қауіптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарына қойылатын
біліктілік талаптары
18. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдары мынадай біліктілік талаптарға:
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1) жасап шығарушы зауыттың конструктивтi-техникалық сипаттамасы және қауіптi жүктердi тасымалдайтын көлік құралдарының конструкциясына, жабдығына және техникалық жай-күйіне Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтiк құжаттары;
2) тiркеу құжаттарының деректерi;
3) белгiленген тәртiппен келісілген тасымалдауға жататын нақты қауiптi заттар мен бұйымдарды қауiпсiз тасымалдау шарттары;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автокөлiк құралдарына қойылатын санитарлық-гигиеналық өлшемдерi;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесi (бұдан әрi - Жол қозғалысы ережесi) және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерi;
6) жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларымен (тахографтармен) жабдықталуы;
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Жол қозғалысы ережесiне және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес танылу белгiлерiмен жабдықталуы;
8) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралын қауiптi жүктердi тасымалдауға рұқсаты болуы;
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі қолданыстағы нормативтiк құжаттарына сәйкес жарамды сайман және жабдықпен жабдықталуы;
10) қажеттi жағдайларда тасымалданатын қауiптi затты бейтараптандыратын құралдармен және жүргiзушi мен iлесiп жүрушi қызметкердің жеке қорғану құралдарымен жабдықталуы сәйкес болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Белгiлi бiр қауiптi жүктердi тасымалдауға автокөлiк құралын жiберу туралы куәлiктiң қолданылу мерзiмi куәлiк берілген сәттен бастап бiр жыл өткенде бiтедi.
20. Автокөлiк құралының конструкциясына өзгерістер автокөлiк құралын жасап шығарушы зауытпен келісілуi тиiс.
4. Қауiптi жүктердің тасымалын жүзеге асыратын
жүргiзушілерге қойылатын білiктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
21. Автокөлiк құралдарымен қауіпті жүктердiң тасымалын жүзеге асыратын жүргiзушiлер мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиiс:
тиiстi санаттағы көлiк құралын жүргізу құқығына куәлiгiнiң болуы;
осы санаттағы көлік құралының жүргізушісi ретiнде кемiнде үш жыл үздiксiз жұмыс өтілінiң болуы;
белгiленген тәртiппен кәсiпқой жүргiзушiлер үшiн жол қағазына белгi қоя отырып, жалпы медициналық куәландырудан және рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуi;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген куәлiктiң болуы.
5. Қауiптi жүктерді тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы бойынша жүру тәртібі
22. Тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушi қауiптi жүктердi тасымалдау бойынша рейс алдында нұсқау алуы және оның мынадай iлеспе құжаттары болуы тиiс:
1) автокөлiк құралдарына арналған тiркеу құжаттары;
2) автокөлiк құралын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша белгiлi бір қауіптi жүктердiң тасымалына жiберу туралы тиiстi уәкiлеттi органның берген куәлiгi;
3) қауiптi жүктердi тасымалдауға арналған «ҚЖ тасымалы» белгiсi бар лицензия (лицензиялық карточка);
4) «Қауiптi жүк» белгiсi бар, осы Ереженiң талаптарына сәйкес тасымалдау бағыты көрсетiлген жол қағазы;
5) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдауға жүргiзушiнi жiберу туралы куәлiк (2-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 6)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) осы қаулымен бекітілген қауiптi жүктердi тiзiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында автокөлiк құралдарымен тасымалдауға жiберiлетiн 1, 6 және 7 кластық қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi (3-қосымша);
7) жүргiзушiге арналған нұсқаулық (1-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 8)-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
8) тауар-көлік жүк құжаты;
9) апаттық жағдайда жүк жөнелтушiнің әзiрлеген iс-қимыл жоспары;
10) қозғалыс бағыты бойынша орналасқан тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, көлiктi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бақылау жасау, жол қозғалысы қауiпсiздiгi, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі уәкiлеттi органдардың мекен-жайлары мен телефондары.
23. Жүргiзушi қауіптi жүк тасымалының белгiленген және келісілген бағытынан және тұрақ орнынан ауытқымауы тиiс.
Қауiптi жүгi бар автокөлік құралын басқару кезiнде жүргiзушiге:
1) автокөлiк құралын орнынан кенет қатты қозғауға;
2) кенет қатты тежеуге;
3) двигатель мен iлiнiсуi ажыратылған күйде қозғалуға;
4) қозғалыс кезiнде автокөлiк құралында темекi шегуге (тоқтаған кезде автокөлiк тұрағынан арасы кемiнде 50 м жерде темекi шегуге рұқсат етiледi);
5) отты ашық пайдалануға (айрықша жағдайларда тамақ дайындаған кезде автокөлiк тұрағынан кемiнде 200 м қашықтықта от жағуға рұқсат етiледi);
6) автокөлiк құралын қадағалаусыз қалдыруға тыйым салынады.
24. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қозғалысы Жол қозғалысы ережесiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
25. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралында бiрден артық тiркеме (немесе жартылай тiркеме) болмауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
26. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде автокөлiк құралдарының қозғалыс жылдамдығын шектеу Жол қозғалысы ережесiне сәйкес белгiленедi.
Қауiптi жүктi тасымалдау кезiнде қозғалыс жылдамдығын белгiленген шектеу жағдайында автокөлiк құралында рұқсат етiлген жылдамдық көрсетiлген тану белгiсі орнатылуы тиiс.
27. Қауiптi жүктердi 5 және одан көп автокөлiк құралынан тұратын колоннамен тасымалдаған кезде оның құрамында жүктiң осы түрiн тасымалдауға арналған резервтi бос автокөлiк құралының болуы мiндеттi. Резервтiк автокөлiк құралы колоннаның соңында жүруi тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
28. Автокөлiк құралдарының колоннасымен қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) бөлген iлесiп жүру автомобилiнiң (автомобильдерiнiң) болуы мүмкiн.
Iлесетiн автомобиль iлесіп жүретiн көлiк құралдарының алдында жүруi қажет.
Тасымалдау уақытында iлесіп жүру автомобилi қосылуы мiндеттi қызғылт сары түстi жарқылдауық маякпен жабдықталады.
29. Егер қозғалыс процесiнде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жол қозғалысын реттеу жөніндегі қосымша iс-шаралар жүргiзу қажеттілігi туындаса жол полициясы патрульдiк автомобилiнiң iлесiп жүруi жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
30. Ерекше қауiптi жүктердi тасымалдаған кезде жүргiзушiлердiң елдi мекендерде демалуға тоқтауына тыйым салынады.
Тұрғын үй құрылыстары мен адамдардың көп шоғырланған жерiнен кемiнде 200 метр жерде немесе осыған арнайы бөлiнген жерлерде тұруға рұқсат етiледi.
Автокөлiк құралы аялдаған немесе тоқтаған кезде тоқтау тежегiшi мiндеттi түрде қосылуы тиiс, ал еңiсте қосымша сырғуға қарсы тiреуiш қойылуы керек.
Қауіпті жүктердi тасымалдайтын автокөлiк құралдарының тоқтайтын және тұратын орындары қауiптi жүктi тасымалдау бағытында көрсетiледi.
31. Қауiптi жүк тасымалдайтын көлiк құралдары мүмкiндiгiнше жалпы пайдаланымдағы май құю станцияларында қосымша май құймай барлық жүру жолына жетерлiктей отынмен қамтамасыз етiледi.
Қажеттi жағдайда май құю жалпы пайдаланымдағы май құю станцияларында автомай құю станциясының аумағынан кемiнде 25 метр қашықтықта орналасқан алаңқайда, арнайы осы мақсаттар үшiн көзделген, станциядан темір канистрлермен немесе жылжымалы май құю станцияларынан алынған отынмен жүргiзiледi.
32. Жол-көлiк оқиғасы туындаған жағдайда жүргiзушi:
1) оқиға болған жерге бөтен адамдарды жiбермейдi;
2) зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетедi және қажет болған кезде жедел медициналық жәрдем шақыртады;
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 3)-тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) болған оқиға туралы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы уәкiлетті органға, сондай-ақ басқа да мүдделi органдарға хабарлайды;
4) жүргiзушiге арналған нұсқаулықтағы нұсқамаға және апаттық жағдайда iс-қимыл жоспарына сәйкес апаттық ахуалдың салдарын алғашқы жою бойынша шаралар қабылдайды;
5) оқиға болған жерге келген уәкiлеттi органдардың өкiлдерiн 22-тармақтың 10) тармақшасында атап көрсетiлген қауiп-қатер және қабылданған шаралар туралы хабардар етедi.
33. Қауiптi жүк тасымалдайтын автокөлiк құралдарына iлесiп жүретiн қызметкердiң қауiптi жүктерге оның iлесiп жүру құқығын растайтын куәлiктерi болуы тиiс. Куәлiк iлесiп жүретiн адамның жеке басын куәландыратын құжаты көрсетiлгенде ғана жарамды болады.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 34-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
34. Қауiптi жүктердiң тасымалына қатысушылар қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiрудi болдырмау мақсатында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi ұйымдастыру және техникалық шараларды қабылдауы тиiс.
Жарылғыш, тез тұтанатын, радиоактивтi, улы және басқа да қауіпті жүктердiң жөнелтушiлерi (жүк алушылары) жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлардың алдын-алу, сондай-ақ авариялардың салдарларын жою үшiн қажеттi құралдары мен ұтқыр бөлiмшелерінің болуы жолымен оларды тасымалдау қауiпсiздiгін қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 2005.21.07. № 759 қаулысымен 35-тармақпен толықтырылды
35. Осы Ереженің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкiлеттi орган және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде басқа да мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Автокөлiк құралдарымен қауiптi жүктердi тасымалдау,
олардың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп
өту ережесiне және қауiптi жүктердi тасымалдайтын
жүргiзушiлер мен автокөлiк құралдарына қойылатын
біліктілік талаптарына
1-қосымша
Жүргiзушiге арналған нұсқаулық
Жүргiзушiге арналған нұсқаулық нақты бағытта осы қауiптi жүктi тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралының жүргiзушiсiне басшылық етушi нұсқаманы қамтуы тиiс.
Бұл ретте нұсқаулыққа мынадай ақпарат енгiзiледi:
1. Нұсқаулық берілетін жүргізушінің деректері, қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша дайындығы туралы куәлiктiң №.
2. Автокөлiк құралының, автокөлiк ұйымының деректерi, олардың деректемелерi.
3. Жүктi жiберушi, қауiптi жүкпен шығу күнi мен уақыты.
4. Жүктi алушы, қауiптi жүктi жеткiзудің бағдарланған күнi мен уақыты.
5. Қозғалыс бағыты.
6. Автокөлiк ұйымының гаражына қайтып оралудың бағдарланған уақыты.
7. Қауiптi жүк туралы деректер.
Жүктің атауы | Қауiпті жүктiң класы | Қауiптілік № | БҰҰ тізімі бойынша № |
Синонимдер |
Физикалық қасиеттерi | Қауiптiлік белгiлерi |
Қайнау температурасы, оС Балқу температурасы, оС Ұшқыштық (бу қысымы) Бу тығыздығы (aуa бойынша) Тығыздық (cу бойынша) Суда ерiгiштiк |
Өрт және жарылыс қаупi |
Ұшқындау температурасы (тұтану), оС | Өздігінен от алу температурасы,оС | Булардың от алу аумағы | От алу шектерi, оС |
төменгi | жоғарғы |
| | | | |
Адам үшін қауіптілігі |
ПДК мг/м3 | ЛД50. мг/кг (ішке түскен кезде) | ЛД50. мг/м3 (тері арқылы) | ЛК50. мл/м3 |
|
Ағзаға түсу жолдары Уыттылық әсерi Терiге және шырышты қабықшаға әсерi Қауiптің өзге түрлерi Экологиялық қауiпсiздiк |
Қауiптілік туралы ақпараттық жүйенің авариялық карточкасы Өрттi өшiру құралдары |
Ұсынылғандар | Тыйым салынғандар |
өрт кезiнде | жану кезінде | |
| | | | | | | | |