1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртібін бұзу -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12-тарау.
Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 111-бап өзгертілді
111-бап. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы
1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі мiндеттердi дәлелдi себептерсіз орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -
ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 111-1- баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту
1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізу
Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен 112-1-баппен толықтырылды
112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру
1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -
ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 113- бап өзгертілді
113-бап. 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 114-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 114- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 114-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
114-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы
1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 115-бап өзгертілді
115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге тарту
1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -
аталған өнiмдi тәркiлей отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 115-1-баппен толықтырылды
115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдарды сату
1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 116- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу
Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібін не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
117-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз қызмет
Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөніндегі заңсыз iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
13-тарау.
Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 118- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 118- бап өзгертілді
118-бап. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіс беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
119-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 120- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің белгіленген тәртібін бұзу
Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің белгіленген тәртібін бұзу, сол сияқты оған өзгерістерді заңсыз енгізу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 121-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 121- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
121-бап. Арнаулы белгілерді жою
1. Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жою, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жер асты суларын байқаушы және режимдік ұңғыларды, су объектілеріндегі байқаушы режимдік тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық және нивелирлік пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 122- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
122-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмілелер жасау, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 123- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
123-бап. Кен орны учаскелерін іріктеп өңдеу
1. Кен орны учаскелерін пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысырабына әкеп соғатын іріктеп өңдеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кен орны учаскелерін өңдеу жөніндегі жобалық шешімдерді қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғатын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 124- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
124-бап. Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Су объектілерін заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа біреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лимиттерді бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен алынған немесе бөлінген жер асты және жер үсті суларын қырсыздықпен пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 125- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
125-бап. Орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзу
Орман қоры учаскелерін орманға мемлекеттік меншік құқығын бұзатын сатып алу-сату, сыйға тарту, кепілге салу, заңсыз иелену және айырбастау, сондай-ақ орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын басқа біреуге заңсыз беру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 126- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
126-бап. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын бұзу
1. Жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ өсімдіктер дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін өсімдіктер дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 127- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 127- бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.04.07. № 25-V ҚР Заңымен 127-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
127-бап. Энергияны немесе суды заңсыз қосу, пайдалану
1. Электр және (немесе) жылу энергиясын пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз қосу, пайдалану -
жеке тұлғаларға - елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Су құбырлары желiлерiнен суды пайдакүнемдiк мақсатта заңсыз қосу, пайдалану, сол сияқты кәрiздiк желiлерге заңсыз қосу -
жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 128 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 128-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
128-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу
1. Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті, интегралдық микросхема топологиясын заңсыз пайдалану, автордың немесе арыз берушінің келісімінсіз өнертабыстың, пайдалы модельдің, өнеркәсіптік үлгінің, селекциялық жетістіктің, интегралдық микросхема топологиясының мәнін олар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланғанға дейін жария ету, сол сияқты авторлықты иеленіп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен 129 - бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 129-бап өзгертілді; 2012.12.01. № 537-IV ҚР Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
129-бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу
1. Интернет желісінде пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Адамдардың шектелмеген тобының қол жеткізуіне мүмкіндік беру мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін интернет желісінде орналастыру арқылы заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Электрондық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын айырбастауға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-
авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың қаруы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бір жүзден бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.