Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 58 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 634 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері өтініш берушінің Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сәйкестігі бөлігінде темекі өнімдерін өндіруге лицензия беруге келісетін мемлекеттік орган болып белгіленсін.
3. «Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 шілдедегі № 628 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 296-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»;
1-тармақ алынып тасталсын.
4. Қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 қаңтардағы
№ 58 қаулысымен
бекітілген
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың
тізбесі
Р/с№ | Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: | Құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметтің түрі үшін |
1 | Темекі өнімдерін өндірушінің өндіріс паспорты | Темекі өнімдерін өндіруші әзірлеген және толтырған өндіріс паспортының көшірмесі | Өндірістік паспорты «Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтай отырып толтырылады |
2 | Өндіріс паспортында көрсетілген, өтініш берушіге меншік құқығында тиесілі темекі өнімдерін өндіру үшін қажетті ғимараттар мен үй-жайлар немесе өзге құқықтар | Өндірістік тіркелгені туралы тіркеу органының белгісі бар құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі, өндірістік тіркелгені туралы хабарламаның көшірмесі - құқықтық кадастр ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген жағдайда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынылады). Аталған шарттарды бір жылдан аз мерзімге жасаған жағдайда жалға беру немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі | Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы немесе уақытша иелік ету, пайдалану құқығы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы белгіленеді |
3 | Өндіріс паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық | Технологиялық жабдықтың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | Көрсетілген жабдықтың болуын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді |
4 | Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары | Өлшеу құралдарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны (қосымшаға сәйкес) | Өлшеу құралдарының болуын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді |
5 | Темекі өнімдерін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды және ыдыстарды сақтау шарттары санитарлық- эпидемиологиялық қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келетін қойма үй-жайлар | Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның лицензиардың сұрауына жауабы | Санитарлық-эпидемиялогиялық қадағалау саласындағы уәкілетті орган лицензиардың сұрауына жауапты «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабында белгіленген тәртіппен ұсынады |
6 | Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар | Зертхананың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | Зертхананың болуын «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес лицензиар бақылаудың өзге нысанын жүргізу жолымен белгілейді |
7 | Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі | Өндірілетін өнім тізбесі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | - |
8 | «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар | Нормативтік техникалық құжаттарының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес) | - |
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптары және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
қосымша
Темекі өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын
біліктілік талаптарына мәліметтер
нысандары
1. Темекі өнімдерін өндірушінің өндірістік паспортында көрсетілген өндірістің технологиялық схемасына сәйкес келетін темекі өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын технологиялық жабдық:
мыналар:
1) жабдықтың атауы _____________________________________________________________________________________________;
2) түрі _________________________________________________________________________________________________________;
3) маркасы _____________________________________________________________________________________________________;
4) жабдықтың өнімділігі __________________________________________________________________________________________;
5) саны ______________________________________________________________________________________________________;
6) жабдықты сатып алуды растайтын құжаттың нөмірі мен күні _________________________________________________________;
7) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні _________________________________________________________________ көрсетілсін.
2. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары:
мыналар:
1) өлшеу құралының атауы ________________________________________________________________________________________;
2) түрі __________________________________________________________________________________________________________;
3) маркасы ______________________________________________________________________________________________________;
4) саны _________________________________________________________________________________________________________;
5) соңғы және кейінгі тексеру (калибрлеу) күні __________________________________________________________________ көрсетілсін.
3. Темекі өнімдерінің өндірісін технологиялық бақылау бойынша зертханалар:
Болған кезде мыналар:
1) аккредиттеу аттестатын (куәлігін) берген орган _______________________________________________________________________;
2) аттестаттың (куәліктің) қолданыс мерзімі ____________________________________________________________________________;
3) аккредиттеу (аттестаттау) саласы ___________________________________________________________________________________;
4) аккредиттеу аттестатының (куәлігінің) нөмірі және күні _______________________________________________________ көрсетілсін;
5) берген орны __________________________________________________________________________________________________.
4. Барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнім тізбесі:
мыналар:
1) барлық тауар белгілерінің дәл және толық атауларын көрсете отырып, өндірілетін өнімнің дәл және толық атауы _________________;
2) тауар белгісін тіркеу нөмірі және күні ________________________________________________________________________ көрсетілсін.
5. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес келетін нормативтік техникалық құжаттар:
техникалық құжаттаманың болуы көрсетілсін:
1) стандарттың нөмірі және күні ______________________________________________________________________________________;
2) техникалық регламенттің нөмірі және күні ___________________________________________________________________________;
3) технологиялық нұсқаулық нөмірі және күні (болған кезде)
_________________________________________________________________________________________________________________;
4) басқа құжаттама (болған кезде) ____________________________________________________________________________________.