Биржа саудасының үлгі ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2042 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңының 3-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Биржа саудасының үлгі ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2042 қаулысымен
бекітілген
Биржа саудасының үлгі ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Биржа саудасының үлгі ережесі (бұдан әрі - Үлгі ереже) «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және биржалық тауарлармен биржалық мәмілелерді жасау кезіндегі тауар биржасының мүшелері қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Үлгі ереже негізінде әрбір тауар биржасы Биржа саудасының ережесін (бұдан әрі Ереже) әзірлейді және бекітеді.
3. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ашу бағасы - биржалық сауда басталатын баға не нақты биржалық саудада нақты биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша бірінші биржалық мәміле жасалған баға;
2) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім - Үлгі ережеге сәйкес биржалық мәміле жасау үшін қажетті барлық жағдайларды қамтитын биржалық саудаға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысы (оферта) немесе биржалық саудаға қатысушының биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдауы туралы хабарламасы (акцепт);
3) биржалық брокер (бұдан әрі - брокер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және клиенттің тапсырмасы бойынша соның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
4) биржалық дилер (бұдан әрі - дилер) - сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган беретін лицензия негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын, акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебінен, сондай-ақ клиенттің тапсырмасы бойынша биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық саудаға қатысушылар - белгіленген Ереже бойынша тауар биржасында өзара әрекет ететін клиенттер, брокерлер және дилерлер;
6) биржалық тауар - айналымнан алынып тасталмаған немесе айналымда шектелмеген тауар, оның ішінде жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген мерзімді келісім-шарт;
7) биржалық сауда-саттық - биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған Ереже шеңберінде жүргізілетін үдеріс;
8) биржалық алым - тауар биржасы биржалық сауда-саттықты ұйымдастыру үшін алатын комиссия;
9) есептік ұйым - банк немесе онымен тауар биржасы және (немесе) клирингтік орталық биржалық сауда-саттық өткізу кезінде өзара әрекеттесу тәртібі және биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру туралы шарттар жасаған банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйым;
10) клиент - биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокер және (немесе) дилер көрсететін қызметтерді пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
11) классикалық сауда режимі - мәмілелерге міндеттемелер бойынша алдын ала төлемсіз биржалық сауда-саттық;
12) қосарлы қарсы аукцион режимі - сатушылар да, сатып алушылар да бәсекеге түсетін, осы баға бойынша сатушылар саны сатып алушылар санына тең болатын, ал баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін нысаны;
13) маклер - биржалық саудаға қатысушылар жасаған биржалық мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыруға уәкілетті тауар биржасының қызметкері;
14) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
15) сауда режимі - өтінімдерді жариялау және тауар биржасының сауда жүйесінде мәмілелер жасасу шарттарының жинағы;
16) стандартты аукцион режимі - дауысты сауда-саттық өткізу жолымен тауар биржасының сауда жүйесі пайдаланылмайтын биржалық сауда-саттық;
17) тауар биржасының сауда жүйесі - тауар биржасының материалдық-техникалық құралдар, бағдарламалық өнімдер, ішкі құжаттар және өзге де қажетті активтер мен рәсімдер кешені, тауар биржасындағы сауда-саттыққа қатысушылар арасында биржалық тауарлармен мәмілелер жасалатын сауда-саттық солардың көмегімен жүзеге асырылады;
18) тауар биржасы - акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға;
19) трейдер - биржалық сауда-саттыққа қатысушының, онымен биржалық сауда-саттыққа қатысушының атынан мәмілелерді жасасуға байланысты тауар биржаларының әрекеттерін тауар биржасының сауда жүйесінде жүзеге асыруға өкілдік берілген және белгілеген тәртіппен тауар биржасында тіркелген қызметкер.
4. Ереже биржалық сауданың барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылады.
5. Тауар биржасы биржалық сауданың барлық қатысушыларына биржалық мәмілелердің жасалуы бойынша тең шарттарды қамтамасыз етеді.
2. Тауар биржасына мүшелікке қабылдаудың, мүшелікті тоқтата
тұрудың және тоқтатудың шарттары мен тәртібі
6. Тауар биржасының мүшелері тауар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар биржасының ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар брокерлер және (немесе) дилерлер болып табылады.
7. Биржа мүшелерінің саны үшеуден кем болмауға тиіс.
8. Тауар биржасына мүшелік биржалық сауда-саттыққа қатысуды қамтамасыз етеді.
9. Тауар биржасының мүшелігіне қабылдау үшін үміткер тауар биржасына мына құжаттарды ұсынады:
1) мынадай мәліметтер көрсетілген тауар биржасы мүшелігіне қабылдау туралы өтініш:
толық атауы;
орналасқан орны, телефон және факс нөмірі, электрондық почта мекенжайы;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі);
әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күні мен нөмірі;
ол арқылы мәміле бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын осы шот өзінің шоты болып табылатындығы көрсетіле отырып, банктік шоттардың деректемелері;
2) жарғының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);
3) уәкілетті орган берген тауар биржасындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (салыстыру үшін тұпнұсқалар берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
4) кіру жарнасын төлегені туралы түбіртек;
10. Үміткерді тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы шешімді Үлгі ереженің 9-тармағында көрсетілген өтініш пен құжаттарды қабылдаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде тауар биржасы қабылдайды. Үміткерге қабылданған шешім туралы жазбаша хабарланады.
Үміткерге тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы шешім негізінде Ережеде көзделген нысан бойынша тауар биржасының мүшелігіне қабылдау туралы куәлік беріледі.
11) Үлгі ереженің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы және (немесе) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттардың ұсынылуы тауар биржасына мүшелікке қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.
12) Тауар биржасына мүшелікті тоқтата тұру мынадай негіздер бойынша:
1) мынадай мәліметтерді:
мүшелікті тоқтату себебін;
тоқтата тұру мерзімін;
биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелердің орындалғанын көрсете отырып, өтініш берген тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша.
Тауар биржасы мүшелікті тоқтата тұру туралы өтінішті өтініш қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер анықталған жағдайда, тауар биржасы өтінішті қарауға биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер орындалғанға дейін қабылдамайды.
2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен уәкілетті орган берген тауар биржасындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның әрекетін тоқтата тұруы;
3) белгіленген жылдық жарналардың төленбеуі;
4) тауарлар биржасы туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар сақталмаған жағдай бойынша жүзеге асырылады
13. Тауар биржасына мүшелікті тоқтату мынадай негіздер:
1) тауар биржасы мүшесінің тілегі бойынша мынадай мәліметтер көрсетілген өтінішті ұсыну:
мүшелікті тоқтату себебі;
биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелерді орындағаны.
Бұл ретте тауар биржасы мүшелікті тоқтату туралы өтінішті ол қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырады. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша орындалмаған міндеттемелер анықталған жағдайда, тауар биржасы өтінішті қарауға биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша барлық міндеттемелер орындалғанға дейін қабылдамайды.
2) уәкілетті орган берген тауар биржасындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия әрекетінің тоқтатылуы;
3) тауар биржасы мүшесі таратылған жағдайда;
4) тауарлар биржалары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптар бір жыл ішінде қайтадан сақталмаған жағдай бойынша жүзеге асырылады
14. Тауар биржасындағы мүшелікті тоқтата тұру немесе тоқтату туралы шешімді тауар биржасы Ережеде көзделген тәртіппен қабылдайды.
3. Биржалық сауда-саттықты жүргізу тәртібі
15. Биржалық сауда-саттық тауар биржасы белгілеген нысан бойынша биржалық сауда-саттыққа қатысушылар берген биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер негізінде жүргізіледі.
16. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) ниеті бар биржалық сауда-саттыққа қатысушы тауар биржасына биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім береді.
Биржалық тауарды сатуға арналған өтінімде бағаны төмендету мүмкіндігі көрсетілуі мүмкін, биржалық тауарды сатып алуға арналған өтінімде - оны көтеруге, сондай-ақ биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерде биржалық сауда барысында биржалық мәміленің басқа да келісу мүмкіндіктері көрсетілуі мүмкін.
17. Биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдері Ережеде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен беріледі.
18. Өтінімдерді қабылдаудан бас тарту үшін:
1) өтінімді берудің бекітілген мерзімдерінің және тәртіптерінің бұзылуы;
2) биржалық мәмілелер қамтамасыз етіле отырып жасалған жағдайда міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің болмауы;
3) биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық алымдарды төлемеуі негіз болып табылады.
19. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерді қабылдаудан бас тартылған жағдайда тауар биржасы бұл туралы биржалық сауда-саттық басталғанға дейін биржалық сауда-саттыққа қатысушыға хабарлайды.
20. Биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдерді беруі осы өтінімдерде көрсетілген шарттарда биржалық сауда-саттықты жасаумен олардың сөзсіз келісуін білдіреді.
21. Биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) қабылданған өтінімдерді қабылдау тауар биржасында тіркелуге және Ережеде белгіленген тәртіппен тауар биржасының сауда жүйесіне енгізілуге тиіс.
22. Биржалық сауда-саттыққа қатысушы биржалық сауда-саттық басталғанға дейін өтінімнің шарттарын өзгертуге немесе Ережеде белгіленген мерзімдерде және тәртіппен қайтарып ала алады.
23. Тауар биржасы биржалық сауда-саттық басталғанға дейін:
1) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер тізілімін құрайды. Тізілім тауар биржасы бекіткен нысан бойынша жасалады;
2) трейдерлер мен олардың көмекшілерін тіркейді;
3) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдердің қалыптастырылған тізілімі туралы трейдерлерді хабардар етеді;
4) ашылу бағасын, бағалық дәлізді, бағаның қадамын белгілейді және биржалық сауда-саттыққа қатысушыларға хабарлайды.
24. Биржалық сауда-саттыққа қатысушының трейдері, өтінім тізіліміне енгізілген биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінім биржалық сауда-саттыққа қатысады. Тауар биржасына алдын ала хабарлаусыз биржалық сауда-саттық трейдерінің болмауы Ереженің бұзылуы болып табылады.
25. Биржалық сауда-саттық мынадай сауда режимдерінде өткізілуі мүмкін:
1) классикалық сауда режимі;
2) қосарлы қарсы аукцион режимі;
3) стандартты аукцион режимі.
26. Сауданың әрбір режимінде биржалық сауда-саттықты өткізу тәртібі Ережеде айқындалады.
27. Биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелерден бір жақты бас тартуға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, өзге заңнамалық актілерінде және тараптар келісімінде көзделген жағдайларда ғана жол беріледі.
28. Биржалық сауда-саттық тауар биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып, электрондық, дауыс беру және электрондық-дауыс беру түрінде жүргізіледі.
Ережеде дауыс беру сауда-саттығын өткізу жолымен тауар биржасының сауда жүйесін пайдаланусыз стандартты аукцион режимінде биржалық сауда-саттықты өткізу мүмкіндігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда осындай сауда-саттықты өткізу тәртібі Ережеде айқындалады.
29. Белгілі бір биржалық тауармен биржалық сауда-саттықта жасалған осы мәмілелерден болған міндеттемелер бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері биржалық тауармен жасалған мәмілелер бойынша шарттармен айқындалады.
30. Мүдделік жанжалдар туындаған жағдайда, тауар биржасының мүшелері мәмілені өз мүддесінен емес, клиент мүдделерінің басымдығын ескере отырып жасайды.
31. Биржалық мәмілелерді тауар биржасының атынан және есебінен жасауға болмайды.
32. Тауар биржасының қызметкерлеріне биржалық мәмілелерге қатысуға, сондай-ақ коммерциялық ақпаратты өз мүдделерінде пайдалануға тыйым салынады.
33. Тауар биржасында биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуді ұсына отырып және мұндай қамтамасыз етуді ұсынбай-ақ биржалық мәмілелер жасалуы мүмкін.
34. Тауар биржасында:
халықаралық іскер операциялармен өзара байланысты мәмілелерді коса алғанда, спот-тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бере отырып жасалған мәмілелер;
фьючерстік мәмілелер;
опциондық мәмілелер;
қойма құжаттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара бере отырып мәмілелер жасалады.
35. Тауар биржасында фьючерстік және опциондық мәмілелерді жасау құқығына тек қана брокерлер және (немесе) дилерлер ие.
4. Биржалық сауда-саттықта тауарлармен жасалған мәмілелер
бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру тәртібі
36. Тауар биржасымен биржалық саудаға қатысушылардың есебі Ережеге және биржалық қызмет көрсетуге арналған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
37. Тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша тауар төлемі мен оларды жеткізу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:
1) тауар биржасымен немесе клирингтік ұйыммен биржалық сауда-саттық нәтижелері бойынша тиісті мәміле жасалған клиринга жүзеге асыратын Ережеде көзделген биржалық тауарларды жеткізуді растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда ашылатын биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын есептік ұйымның қатысуын көздейтін шарт жасалған клирингтік ұйымның есепті ұйымда шотты ашу жолымен биржалық тауарларға ақы төлеу;
2) қарапайым немесе екі жақты қойма куәлігін (кепілді куәліктен бөлек қойма куәлігі) немесе биржалық тауардың болуы немесе тиеу-түсіру фактісін растайтын Ережеде айқындалған өзге де құжаттардың тиісті мәмілесі жасалған Ережеде айқындалған мамандандырылған ұйымда шарттарды сақтауға беру кезінде «төлемге қарсы жеткізу» шарттарында шот ашпай-ақ есептік ұйым арқылы биржалық тауарларға ақы төлеу;
3) сатып алушының биржалық тауарға алдын ала ақы төлеуі шарттарында биржалық тауарды жеткізу;
4) сатушымен биржалық тауарды алдын ала жеткізу шарттарында биржалық тауарларға ақы төлеу;
38. Ережеде биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айрысудың бір немесе бірнеше тәсілдері көзделуі мүмкін.
39. Егер Ережеде белгілі бір сауда режимінде биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысудың бірнеше тәсілі көзделген болса, тараптар өтінім беру кезінде есеп айырысу кодын көрсету арқылы мәмілелерді жасасу кезінде осындай тәсілдердің бірін таңдайды.
40. Қамтамасыз етуді ұсыну арқылы биржалық мәмілелер негізінде жасалған шарттар бойынша есеп айырысу мынадай жағдайларда тауар биржасының есебі пайдаланыла отырып жүргізіледі:
1) егер биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сатушы немесе сатушы мүддесін білдіруші ретінде көрінетін, биржалық сауда қатысушысы және шарт талаптары бойынша ұсынылса, есеп айырысулар алдын ала төлеу нысанында жүргізіледі;
2) егер биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету сатып алушы немесе сатып алушы мүддесін білдіруші ретінде көрінетін, биржалық сауда қатысушысы және шарт талаптары бойынша ұсынылса, тауарды жеткізу оның төлеміне дейін жүзеге асырылады;
41. Тауар биржасы онда жасалатын фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында клирингтік орталықтар арқылы есеп айырысу қызметін көрсетуді ұйымдастырады.
42. Клирингтік орталықтар:
1) фьючерстік және опциондық мәмілелердің орындалуына және осы мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалмауы не тиісінше орындалмауы нәтижесінде пайда болған зиянды өтеуге кепілдік беретін жарналардың түрлерін, мөлшерін және оларды алу тәртібін белгілейді, сондай-ақ осы мәмілелерге қатысушылардың басқа да қаржылық міндеттемелерін айқындайды;
2) фьючерстік және опциондық мәмілелерге кепілдік беру үшін шаралар қабылдайды;
3) тауарлармен мәмілелер жасау нәтижесінде жүзеге асырылатын есеп айырысуларға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерінің есебін жүзеге асырады.
43. Тауар биржасы қойма құжаттарына қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру мәмілелері және тауар биржасының ішкі құжаттарына сәйкес спот-тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру мәмілелері бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
44. Биржалық сауда қатысушысы биржалық мәмілелер бойынша орындалуы көрсетілген құралдармен қамтамасыз етілген, міндеттемелерді орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда биржалық мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету қаражаты тауар биржасы белгілеген тәртіппен биржалық мәміле бойынша жәбірленуші тарапқа аударылады.
5. Тауар биржасындағы сауда-саттықты тоқтата тұрудың және қайта
жаңартудың шарттары мен тәртібі
45. Тауар биржасының сауда жүйесінде техникалық ақаулар туындаған және биржалық сауданы ұйымдастыруға байланысты қызметтер көрсетуді жалғастыруға мүмкіндік бермейтін жағдайларда, тауар биржасы техникалық ақаулар журналында техникалық ақау фактісі мен уақытын тіркейді, қызметтер көрсетуді тоқтатады және мыналарға бағытталған шараларды тез қабылдайды:
1) техникалық ақауларға әкелетін себептерді анықтау және жою;
2) ақаулардың техникалық, салдарын жою;
3) тауар биржасының сауда жүйесінде орналасқан ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету және техникалық ақаулар нәтижесінде жойылған ақпаратты қалпына келтіру.
46. Биржалық сауда-саттықтың жеке қатысушысының жұмысына кедергі келтіретін техникалық ақаулар жағдайында, ақаулардың себебі биржалық сауда-саттыққа қатысушының күшімен және қаражатымен, егер ақаулар тауар биржасына байланысты емес себептерден туындаса, өзге жағдайларда - тауар биржасының күшімен және қаражатымен жойылады.
47. Ақауларды жедел жою мүмкін болмаған кезде, биржалық сауда-саттық қатысушысы телефондық байланыс құралы арқылы тауар биржасына ол жариялаған өтінімді алып тастауға өтініш беруі мүмкін. Телефон бойынша өтініш ұсынылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей көрсетілген өтініш жазбаша немесе электронды нысанда тауар биржасына жіберіледі. Тауар биржасы телефон бойынша өтініш алынғаннан кейін тауар биржасының сауда жүйесінен осы биржалық сауда-саттық қатысушысы жариялаған өтінімдерді жояды.
48. Тауар биржасының сауда жүйесінде ақаулар анықталған кезде тауар биржасы сауда-саттықты тоқтату туралы шешім қабылдайды, бұл туралы сауда-саттық қатысушыларына тауар биржасының сауда жүйесін пайдаланумен немесе басқа да қол жетімді тәсілмен хабарланады. Сауда жүйесінің жұмысқа қабілеттілігі қалыптасқаннан кейін сауда-саттық қайта басталады.
49. Егер сауда жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін қалыптастыру мүмкін болмаса, сауда биржасы сауда-саттықты мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды. Аталған шешімді тауар биржасының сауда-саттық жүйесін пайдаланып немесе басқа қол жетімді тәсілмен барлық биржалық сауда-саттық қатысушыларына хабарлайды.
50. Тауар биржасы алдыңғы сауда-саттық нәтижесінде қалыптасқан бағаларға сүйене отырып, бір сауда күні шеңберінде нақты биржалық тауарға арналған бағалар деңгейінің ең төменгі немесе барынша жоғары шектерден асқан жағдайда, сауда-саттықты тоқтата алады.
6. Биржалық төрелік қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру
тәртібін, сондай-ақ биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер
жасасуға байланысты дауларды шешу тетіктері
51. Биржалық мәмілелер жасасумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.
Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының аралық соттар туралы заңнамасымен реттеледі.
52. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікті құру үшін тауар биржасы тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің регламентін және тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік қызметін жүзеге асыратын аралық соттар тізімін бекітеді.
53. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік Қазақстан Республикасының Конститутциясына, заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес дауларды қарайды.
54. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік шарт талаптарына сәйкес және іскерлік айналымының дағдысын ескере отырып, шешім қабылдайды.
55. Дау қатынастарын реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде заңдардың жалпы бастамалары мен мағынасынан шыға отырып, дауларды шешеді.
56. Дау аралық тараптарының арасында жасалған келісімнің, яғни тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауында туындаған немесе туындауы мүмкін даулар туралы тараптардың жазбаша келісімінің болуы кезінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің қарауына берілуі мүмкін.
57. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік қызметінің тәртібі тауар биржасы бекіткен, тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламентімен айқындалады.
58. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік аралық талқылауды тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік регламентіне сәйкес, егер тараптар аралық талқылаудың басқа ережелерін қолдану туралы келіспесе, жүзеге асырады.
59. Қуынушы өз талаптарын тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелікке берілетін жазбаша нысандағы, талап өтініште баяндайды. Талап өтініштің көшірмесі жауап берушіге жіберіледі.
60. Аралық келісім жасаған тараптар тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің шешімін орындау міндеттерін өзіне алады. Тараптар және тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік шешімі әділетті орындалуына бар күшін салады.
61. Істердің мән-жайы зерттелгеннен кейін тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрамына кіретін аралық соттардың басым дауысымен шешім қабылдайды.
62. Шешім тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің отырысында хабарланады.
63. Егер аралық талқылау барысында тараптар дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін және басқа тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделерін бұзбайтын бейбіт келісімді жасау арқылы реттелсе, тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік тараптардың өтініші бойынша және олардың тарапынан қарсылық болмаған кезінде талқылауды тоқтатады, бұл келісілген шарттарда тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің шешімі түрінде реттеуді белгілейді.
64. Тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің шешімі аралық талқылаумен бірге қабылданды деп есептеледі және ол аралық сот (соттар) қол қойған күні күшіне енеді.
7. Биржалық сауда бойынша құжаттарды қабылдау (бекіту) тәртібі
65. Тауар биржасы тауар биржасының жарғысында көзделген тәртіппен мынадай ішкі құжаттарды: