1) Ережені;
2) биржалық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдердің нысанын;
3) нақты биржалық сауда-саттық мәні болып табылатын тауарлардың тізбесін (тауарлар тобын);
4) нақты биржалық сауда-саттықта биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдер тізілімін;
5) тұрақты жұмыс істейтін биржалық төреліктің регламентін;
6) биржалық мәмілелердің нысандарын;
7) клиенттер бұйрықтарының түрлерін әзірлейді және бекітеді
66. Тауар биржасы:
1) биржалық сауда-саттықты ұйымдастыруды және жүргізуді;
2) тауар биржасында жасалатын мәмілелерді, оның ішінде спот-тауарлармен жасалатын мәмілелерді тіркеуді және ресімдеуді;
3) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
4) тауар биржасында жүргізілген сауда-саттық нәтижесінде тауарға биржалық бағаны тіркеуді;
5) биржалық сауда-саттық арқылы сатылатын биржалық тауардың сапасына биржалық саудаға қатысушының талабы бойынша сараптама ұйымдастыруды;
6) тауар биржасының мүшелеріне ұйымдастырушылық,
консультациялық, ақпараттық, әдістемелік қызметтер көрсетуді;
7) тауар биржасының сауда жүйесін пайдалануды;
8) халықаралық биржалық сауда-саттықтарды дамытуды регламенттейтін құжаттарды қабылдай (бекіте) алады.
67. Сауда-саттық қатысушылары үшін тауар биржасының ішкі құжаттары тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, сауда-саттық қатысушыларының, олардың өкілдерінің немесе үшінші тұлғалардың мүддесінде пайдалануға жол берілмейтін мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету шарттарын қамтуы тиіс.
68. Тауар биржасының ішкі құжаттары Ережеге сәйкес тауар биржасының мүшелеріне хабарланады.
8. Тауар биржасындағы мәмілелерді есепке алу және тіркеу
тәртібі
69. Биржалық мәміле биржалық саудаға қатысушылардың биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімдері негізінде биржалық сауда-саттық барысында жасалады.
Тауар биржасының сауда жүйесіне әрбір биржалық мәмілеге биржалық мәміленің жеке есепке алу парағы, егер Ережемен өзгеше белгіленбесе, қалыптастырылады.
70. Мәмілені жасауды клиенттің бұйрығына сәйкес биржалық сауда-саттықтың қатысушысы жүзеге асырады.
71. Биржалық мәміленің заңдылығын Биржаның уәкілетті тұлғасы тексереді, одан кейін биржалық мәміле есебінің парағы үш данада басып шығарылады және сауда сессиясы өткізілген күні биржалық мәмілені жасаған биржалық сауда қатысушыларының трейдерлері қол қояды.
72. Биржалық мәміле есебінің бірінші парағы биржалық мәміленің орындалуын бақылау үшін тауар биржасында қалады. Биржалық мәмілені есепке алу парағының бір данадан мәмілелер шартты ресімдеу үшін мәмілелер жасаған биржалық сауда қатысушыларына беріледі.
73. Тауар биржасының сауда жүйесіндегі биржалық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша биржалық мәмілені жасаған биржалық сауда қатысушысының әрбіріне трейдер немесе биржалық саудаға қатысушының өзге уәкілетті тұлғасы, тауар биржасының уәкілетті қызметкері қол қойған Ережемен белгіленген нысан бойынша биржалық саудаға қатысушының мәмілелер тізілімі екі данада қалыптастырылады және тауар биржасының мөрімен немесе мөртабанымен куәландырылады. Биржалық саудаға қатысушылардың мәмілелер тізілімінің бір данасы биржалық мәмілелердің орындалуын бақылау үшін тауар биржасына қалдырылады. Биржалық саудаға қатысушылардың мәмілелер тізілімінің екінші данасы оның трейдеріне немесе өзге уәкілетті тұлғасына беріледі.
74. Биржалық сауда қатысушысы трейдерінің немесе өзге биржалық сауда қатысушысы уәкілетті тұлғасының биржалық мәмілені есепке алу парағына және (немесе) мәмілелер тізіліміне қол қоймауы Ережені бұзу болып табылады.
75. Тауар биржасының сауда жүйесінде биржалық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша тауар биржасында маклер немесе өзге уәкілетті тұлға тіркейтін, осы сауда сессиясында жасалған биржалық сауда-саттыққа қатысушылардың биржалық мәмілелерінің жиынтық тізілімі қалыптастырылады.
76. Жасалған биржалық мәміле шартты жасасу және тіркеу үшін негіз болып табылады.
77. Биржалық мәміле жасаған биржалық саудаға қатысушылар ұсынылған тауар биржасының нысаны бойынша, егер Ережеде өзгеше белгіленбесе, жасалған биржалық мәміленің мәніне сәйкес келетін шарттың үш данасын ресімдейді және оларды тауар биржасында тіркейді.
Шарт, қосымша келісім, шартты (биржалық мәмілені) бұзу туралы келісім олардың тауар биржасында тіркелген сәтінен бастап жасалды деп есептеледі.
78. Шартқа қол қоюдан бас тарту немесе одан жалтару жасалған биржалық мәмілені жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылмайды.
79. Қол қою құқығы трейдерге ұсынылған шарт, биржалық мәміле жасалған күнінен кейінгі күнінен кешіктірілмей ресімделген және тауар биржасына тіркеуге ұсынылуға тиіс.
80. Егер трейдерге шартқа қол қою құқығы берілмесе, шарт тарапының уәкілетті өкілі ресімдеуі, қол қоюы және биржалық мәміле жасалған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тауар биржасына тіркеуге ұсынуы тиіс.
81. Шартты биржалық мәміле жасаған биржалық саудаға қатысушылардың бірі Ережеге сәйкес, егер шарт талаптарында өзгеше көзделмесе, тауар биржасына тіркеуге ұсынады.
82. Шартты тіркеу оның тауар биржасына ұсынылған күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі, шарт үш данада толтырылып, тіркеу мөртабанымен расталады, тауар биржасының уәкілетті қызметкерінің қолымен және тауар биржасының мөртабанымен куәландырылады.
83. Тіркелген шарттың бір данасы тауар биржасында қалдырылады.
84. Биржалық мәмілелер осы мәмілелерді жасасуды растауға тауар биржасы беретін құжаттармен ресімделеді.
85. Клиенттер бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны және ресімдеу тауар биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
86. Клиент бұйрығын орындауды осы бұйрықта көрсетілген мәмілелерді жасасу шарттарын сақтай отырып биржалық сауда-саттыққа қатысушылар жүзеге асырады. Егер мәміле жасасу кезінде мәміле шарттарын өзгерту қажеттілігі туындаса, биржалық сауда-саттыққа қатысушы өз іс-қимылын клиентпен келіседі.
87. Брокерлер мен дилерлер әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күнінен бастап бес жыл ішінде сақтауға міндетті.