3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті жергілікті атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар бөледі.
4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.
5. Шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдары үшін жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.
8-бап. Жол бойындағы белдеулер
1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.
Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Салынуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, белгіленген тәртіппен қабылдайды.
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді
5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде әрi пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге ғана арналады.
2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру
1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектісін орналастыру кезінде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде - облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн құжат болған жағдайда жол берiледi.
2. Бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс.
3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:
1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы қызметiне жалпы басшылық жасау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидасын, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары желісінің тізбесін, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төлеу тәртібі мен оның ставкаларын бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) автомобиль жолдары желісінің және жол қызметінің болашақ даму бағдарламаларын бекіту;
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын;
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға беру туралы шешім қабылдау;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді
6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру ;
6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;
7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалануға берудің үлгі шартын бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9 тармақшамен толықтырылды
9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыретi
1. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауына:
1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;
6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;
2012.10.07. № 31-V ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін анықтайтын заң актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі ұлттық стандарттардың жобаларын әзірлеу;
8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
9) балансында жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;
2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді
10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;
11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін концессияға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн белгілеу;
17) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
18) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
19) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 22) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 22) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды
24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
25) автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту;
2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды
26) Қазақстан Республикасының исламдық жалдау сертификаттарын шығаруы шеңберінде олардың нысанасы жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi бола алатын қосалқы жалдау шартын жасасу жатады.
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:
1) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және коммуналдық меншiктегi елдi мекендердiң көшелерiн дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:
1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;
3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;
4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
2. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакция
1) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша өзгертілді
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін ставкалардың мөлшерін әзірлеу;
2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 3) тармақша өзгертілді
3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 4 ) тармақша жаңа редакцияда
4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;
5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды
6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды
7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары бекітілген республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердiң көше-жол желісін дамыту iсiн жоспарлауды тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.
2. Жол саласында тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттік, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын күрделi және орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.
15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жұмыстың сапасы
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етілген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді
2. Жол қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмысты Қазақстан Республикасы заң актілерінiң талаптарын сақтай отырып орындауға мiндеттi.
Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттік бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.
3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды заңдардың талаптарын бұза отырып орындау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
16-бап. Жол қызметiн лицензиялау
1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады
2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекітілген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.
2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Концессионерлердің автомобиль жолдары учаскелерінің концессиясы шартына байланысты шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)