«6. Салық төлеуші салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңі аяқталған күннен кешіктірмей салық органына салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта қалпына келтіру) туралы салықтық өтініш беруге құқылы. Мұндай өтініш онда көрсетілген қызметті қайта бастау күніне дейін патент құнының есеп-қисабын табыс етпеуге негіз болып табылады.
7. Салық төлеуші қызметін қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент құнының есеп-қисабын салық органдарына беру арқылы қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін қызметін қайта бастауға құқылы.
8. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру кезеңінде патент құнының есеп-қисабы табыс етілген кезде салық төлеуші осы есеп-қисапта көрсетілген қызметтің басталған күнінен қызметін қайта бастаған болып танылады.
9. Салық төлеуші салықтық өтінішті немесе осы баптың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген патент құнының есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеушінің қызметі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште көрсетілген қызметін тоқтата тұру мерзімі аяқталған күннен бастап қайта басталған болып танылады.»;
33) 77-бапта:
4-тармақта:
бірінші бөліктің 4) тармақшасындағы «шот фактуралары;» деген сөздер «шот-фактуралары жөніндегі ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есепке алуды жүргізу мен қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсіпкерлер үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) табыстарды есепке алу;
2) сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді есепке алу;
3) жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша;
4) мыналар:
қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы;
жер үсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу бойынша ақпаратты көрсету үшін салық тіркелімдерінің нысандарын белгілеуге құқылы.»;
34) 78-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан асатын мерзімге жасалған лизинг шарты бойынша мүлікті беру, егер ол мынадай талаптардың біріне сай келсе:»;
үшінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қайталама лизинг деп лизинг шарты (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - бастапқы лизинг шарты) тоқтатылған, бұзылған не лизинг нысаналары санының өзгеруіне байланысты ол өзгертілген жағдайда лизинг берушінің меншігінде қалған лизинг нысаналарын басқа лизинг алушыға (лизинг алушыларға) лизингке мынадай талаптарды бір мезгілде сақтай отырып беру танылады:»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүлікті қаржы лизингіне беру лизинг берушінің мүлікті лизинг алушыға өткізуі ретінде қаралады. Бұл ретте лизинг алушы лизинг нысанасының иесі ретінде, ал лизингтік төлемдер - лизинг алушыға берілген кредит бойынша төлемдер ретінде қаралады.»;
бесінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың мақсаттарында:»;
4-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналар қаржы лизингі болып табылмайды:»;
3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лизинг алушыны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, лизинг шартын жасасу күнінен бастап үш жыл өткенге дейін олар бойынша міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг алушы өзгерген лизингтік мәмілелер;
3-1) қайта құру арқылы оны қайта ұйымдастыру жағдайын қоспағанда, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы нәтижесінде лизинг беруші өзгерген лизингтік мәмілелер;»;
35) 85-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер табыстардың бірнеше баптарында сол бір табыстар көрсетілуі мүмкін болса, көрсетілген табыстар жылдық жиынтық табысқа бір рет енгізіледі.
Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, осы бөлімнің мақсаты үшін табысты тану, оны таныған күнді қоса алғанда, қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Табысты қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тану табысты осы Кодекске сәйкес анықтау және тану тәртібінен ерекшеленетін жағдайда, көрсетілген табыс салық салу мақсаттары үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен бір рет есепке алынады.»;
36) 87-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құн өсімінен түсетін табыс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, амортизацияға жатпайтын активтерді өткізу;
2) амортизацияға жатпайтын активтерді жарғылық капиталға салым ретінде беру;
3) бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде амортизацияға жатпайтын активтердің шығып қалуы кезінде құралады.
Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті өткізу жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс амортизацияға жатпайтын активті жарғылық капиталға салым ретінде беру жүзеге асырылған салық кезеңінде танылады.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, құн өсімінен түсетін табыс:
бірігу, қосылу, бөліну жолымен қайта ұйымдастыру кезінде - тарату салық есептілігі табыс етілген салық кезеңінде;
бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру кезінде - бөліну балансы бекітілген салық кезеңінде танылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) осы Кодекстің 116-бабы 2-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес тіркелген активтерге жатқызылмайтын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мыналардан:
осы Кодекстің 115-бабының 14) тармақшасында көрсетілген шығындарды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес шегерімдерге жатқызылмайтын шығындардан (шығыстардан);
осы Кодекстiң 100-бабы 12-тармағының екiншi бөлiгiне сәйкес шегерiмдерге жататын шығындардан (шығыстардан);
салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан басқа, егер осы баптың 12-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығындардың, сондай-ақ олардың құнын арттыратын, оның ішінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың құнын сатып алынғаннан кейін арттыратын басқа да шығындардың жиынтық құны болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген активтердің бастапқы құны нөлге тең деп танылады.
4-2. Осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген активтердің бастапқы құны деп мұндай активтердің шығып қалған күнгі қайта бағалануы мен құнсыздануы есепке алынбаған баланстық құны танылады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ іс жүзінде енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.»;
9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер амортизацияға жатпайтын активтер өтеусіз алынған болса, онда осы Кодекске сәйкес осы баптың 4 және 7-тармақтарында көрсетілген, амортизацияға жатпайтын активтердің бастапқы құнын арттыруға жататын шығындарды ескере отырып осы активтердің өтеусіз алынған мүліктің құны түрінде жылдық жиынтық табысқа енгізілген құны осы баптың мақсаты үшін бастапқы құн болып табылады.»;
37) 89-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«89-бап. Күмәндi мiндеттемелер бойынша түсетін табыс
1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады. Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.
Көрсетілген күмәнді міндеттемелер осы Кодекстің 8-бөлімінде белгіленген тәртіппен есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
2. Күмәнді міндеттеме бойынша табыс:
1) кредит (қарыз, микрокредит) шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - кредит (қарыз, микрокредит) шартының талаптарына сәйкес сыйақы төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
2) лизинг шарттары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - лизинг шартының талаптарына сәйкес лизингтік төлемді төлеу мерзімі басталған күннен кейінгі күннен бастап;
3) қызметкерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша - осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес қызметкерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілмеген күмәнді міндеттемелер бойынша:
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалған міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап;
сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша орындау мерзімі айқындалмаған міндеттемелер бойынша тауарды берген, жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен күннен бастап есептелетін үш жылдық кезең аяқталған салық кезеңінде танылады.»;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 38) тармақша өзгертілді (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
38) 90-бапта:
38) тармақшаның екінші және үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:»;
4-тармақтың 38) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 106-бабының 1-1-тармағына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар деп:
1) борышкер талапты орындаған кезде орындау сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
2) цессия шартын жасасу жолымен басқаға қайта табыстау туралы шарттың, талап ету құқығын жаңарту, қайта беру шартының негiзiнде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде борышкерге қойылатын талаптардың мөлшерiн азайтқан кезде талаптар мөлшерiн азайту сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары;
3) талаптарды қайта сыныптаған кезде қайта сыныпталған талаптың сомасына пропорционалды мөлшерде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизияларды (резервтердi) азайту сомалары;
4) қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша бухгалтерлік есепте көрсетілген, күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқықтарын сатып алуға банктің еншілес ұйымы ұсынған күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы есепті және (немесе) алдыңғы салық кезеңдерінде шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомалары танылады. Осы тармақшада көрсетілген провизиялардың (резервтердiң) сомалары 2026 жылға келетін салық кезеңі үшін банктің жылдық жиынтық табысына кіреді.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Есепті салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резервтің мөлшері мен алдыңғы салық кезеңінің соңында айқындалған серпінді резерв мөлшерінің арасындағы теріс айырма провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылады.
Осы тармақтың ережелері осы Кодекстің 106-бабының 1-2-тармағына сәйкес шегерімге құқығы бар салық төлеушілерге қолданылады.»;
2-тармақта:
алтыншы абзацтағы «алынған жағдайларда, провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-1 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды;» деген сөздер «алынған;» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацтағы «банк басқаға берген» деген сөздер «банк басқаға берген жағдайларда провизиялардың (резервтердің) бұрын шегерімге жатқызылған, борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кездегі сомасы осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды;» деген сөздермен ауыстырылсын;»;
4-тармақтың 38) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға берген жағдайда - банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру күнгі осындай банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарынның құны мен борышкерден алынуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құнының арасындағы теріс айырма бөлігінде борышкерге қойылатын талаптар мөлшері азайтылған кезде бұрын шегерімдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы - осы Кодекстің 106-бабының 1, 1-3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтерді) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші құрған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс деп танылмайды.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.».
39) 91-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс талап ету құқығын басқаға беру жүргізілген салық кезеңінде танылады.»;
40) 92-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс осы Кодекстің 119-бабына сәйкес мұндай активтердің шығып қалуы орын алған салық кезеңінде танылады.»;
4-тармақтың 41) тармақшасы 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
41) 94-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«94-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөнiндегi іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін табыс
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылуы кезеңіне қалыптастырылған кен орындары салдарын жою қоры есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған салық кезеңінің жылдық жиынтық табысына енгізілуге жатады.
Бұл ретте жылдық жиынтық табысқа енгізілуге жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты осы Кодекстің 107-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңінде жер қойнауын пайдаланушы жүргізген жылдық жиынтық табысты түзету сомасына азайтылады.»;
42) 95-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Жеке тұлға олар бойынша салық төлеуші осы Кодекстің 133-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының ережелерін қолданған оқыту шығыстарын өтеген болса, жеке тұлға мұндай өтеуді өзін оқыту аяқталған (еңбек шарты жасалған күнінен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған) салық кезеңін, сондай-ақ одан кейінгі салық кезеңін қамтитын уақыт кезеңі ішінде жүргізген жағдайда, мұндай өтеу сомасы алдыңғы салық кезеңдерінің салық салынатын табысын азайтуға жатқызылған осындай шығыстар бөлігінде салық төлеушінің жылдық жиынтық табысына қосылады.»;
43) 96-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтеусіз алынған мүлік, оның ішінде жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түріндегі табыс осындай мүлік алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген салық кезеңінде танылады.»;
44) 99-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы «алып тасталуға жатады» деген сөздер алып тасталып, 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
4-тармақтың 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
«14-1) банкті қайта құрылымдаудың сот бекіткен жоспарында қамтылған, қайта құрылымданатын активтер мен міндеттемелер тізбесіне енгізілген банктің міндеттемелерін кредитордың есептен шығаруынан түсетін табыстар алып тасталуға жатады.
Осы тармақшаның ережелері дауыс беретін акцияларының 80 пайыздан астамын банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банкке қолданылады;
4-тармақтың 44) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді және 2014 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
14-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктен кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға байланысты алған, талап ету құқықтарын басқаға беруден түсетін табыстар алып тасталуға жатады.
Осы тармақша акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, ұлттық даму институты болып табылатын банктің басқару органының осындай кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беруді жүргізу туралы шешімі болған кезде қолданылады.»;
45) 100-баптың 16-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1. Жарнамалау мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген және осындай беру күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, мұндай тауарды беру жүзеге асырылған салық кезеңінде шегерімдерге жатқызылуға жатады.»;
46) 102-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«102-бап. Өкілдік шығыстар сомасының шегерімі
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдау бойынша;
2) салық төлеушінің атқарушы органдарынан басқа, директорлар кеңесінің, өзге де басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша, өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтын жеке тұлғаларды қабылдау және оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстар жатады.
Өкілдік шығыстарға сонымен қатар:
1) осы Кодекстің 101-бабының 1) тармақшасына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақыға жататын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз етуге;
2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай тұлғаларды тамақтандыруға;
3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылар көрсететін қызметтерге ақы төлеуге;
4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) ресімдеуге арналған шығыстар да жатады.
2. Шақырылған адамдардың тұруына, мұндай тұлғалар үшін визалар ресімдеуге, бос уақытын, ойын-сауықты, демалысты ұйымдастыруға арналған шығыстар, сондай-ақ осы тармаққа сәйкес өкілдік іс-шараларға қатысушы тұлғаларды көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатқызылмайтын шығыстар өкілдік шығыстарына кірмейді және шегерімге жатпайды.
Өкілдік іс-шараларға қатысушылардың теміржол, теңіз және әуе көлігімен жүру шығыстары көлікпен қамтамасыз ету шығыстарына жатпайды.
3. Мыналар:
1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсатын және оны өткізуге жауапты тұлғаларды көрсете отырып, оны өткізу туралы жазбаша бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
2) салық төлеуші бекіткен мұндай іс-шараның шығыстар сметасы;
3) жауапты тұлғалардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, жүргізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;
4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстардың шегерімін жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.
4. Өкілдік шығыстар осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында көрсетілген қызметкерлердің салық салуға жататын табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.»;
47) 103-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сыйақы шегерімі осы баптың ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Осы баптың мақсаты үшін мыналар:
1) осы Кодекстің 12-бабында айқындалған сыйақылар;
2) өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
3) өзара байланысты тарапқа берілетін кепілдік үшін төлемақы сыйақылар болып танылады.
Сыйақы сомасы:
1) есепті салық кезеңінде және (немесе) есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде шығыс деп танылған сыйақы сомасының шегінде есепті салық кезеңінде;
2) есепті салық кезеңінде шығыс деп танылған сыйақы сомасы шегінде есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңдерінде төленген, осы тармаққа сәйкес танылған сыйақы мөлшерінде айқындалады.»;
48) 105-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған талаптар және талаптар туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар күмәнді талаптар болып танылады. Өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.
Осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушілердің 2012 жылғы 31 желтоқсаннан кейін аударылған: