«
1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi | Хром кенi (концентраты) | 16,2 |
Марганец, темір-марганец кенi (концентраты) | 2,5 |
Темір кенi (концентраты, шекемтастар) | 2,8 |
Уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) | 17,5 |
».
7-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексi) 264-бабы 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«Шот-фактураның бiрiншi данасы көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарапқа берiледi.».
8-бап. Кредиттер (қарыздар) бойынша кешірілген үмітсіз берешектің жалпы сомасының біріктірілген көрсеткішке арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде, салық кезеңі үшін кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру нәтижесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын шегерімге жатқызылған провизияларды (резервтерді) азайту сомалары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде провизиялардың (резервтердiң) мөлшерiн азайтудан түсетiн табыс болып танылмайды деп белгіленсін.
Біріктірілген көрсеткішті айқындау тәртібін және ең жоғарғы арақатынас мөлшерін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Осы бап кредит (қарыз), кредиттер (қарыздар) бойынша борышкердің үмітсіз берешегі кешірілген жағдайда, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
кешірілген кредит (қарыз) сомасы мөлшері мен тәртібін салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындайтын есептік көрсеткіштен аспағанда;
салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк уәкілетті органмен келісе отырып Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген негіздер бойынша және тәртіппен кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешек кешірілгенде қолданылады.
Егер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 90-бабында өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес борышты кешіру нәтижесінде кредит (қарыз) бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару), сондай-ақ сауда-саттықта «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен - кредиттің (қарыздың) кепілге қойылған мүлкін сатқаннан кейін өтелмеген сомаға ипотекалық шарт жасасқан күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз ететін, кепілге қойылған мүлікті сату кезінде кредитті (қарызды) қайтару бойынша міндеттемені тоқтату (есептен шығару) кредит (қарыз) бойынша үмітсіз берешекті кешіру деп танылады.
Осы баптың ережелері 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген кредиттерге қолданылады.
9-бап. Осы Заң:
1) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 10) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 41) тармақшасын, 51) тармақшасының екінші - он алтыншы абзацтарын, 52), 53), 55) тармақшаларын, 70) тармақшасының жиырма төртінші - жиырма жетінші, қырық үшінші және қырық төртінші абзацтарын, 127), 141) тармақшаларын, 153) тармақшасының төртінші - сегізінші абзацтарын, 158), 198), 200), 211), 216), 228) тармақшаларын, 249) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтарын, 254) тармақшасының он екінші және он үшінші абзацтарын, 22-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын;
2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 207), 212) тармақшаларын;
3) 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 104) тармақшасының екінші - тоғызыншы абзацтарын, 105) тармақшасының жиырма екінші абзацын, 106), 108) тармақшаларын, 250) тармақшасының жетпіс бесінші абзацын;
4) 2010 жылғы 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 17-тармағының 2) тармақшасын;
5) 2010 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 242) тармақшасының алтыншы абзацын, 244) тармақшасын;
6) 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 22-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағын;
7) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 5), 109), 110) тармақшаларын, 139) тармақшасының он бірінші абзацын, 165), 209) тармақшаларын, 210) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын, 239) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 247) тармақшасын, 248) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 251) тармақшасын, 16-тармағының 8) - 10) тармақшаларын, 11) тармақшасының екінші абзацын, 22-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;
8) 2012 жылғы 4 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) - 4), 6) және 8) тармақшаларын, 9 және 23-тармақтарын;
9) 2012 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16-тармағы 11) тармақшасының үшінші абзацын;
10) 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 220) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 241) тармақшасын;
2013.21.06. № 107-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтарын, 11) - 17), 24) тармақшаларын, 38) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 66) тармақшасының алпыс бірінші, алпыс үшінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен сегізінші абзацтарын, 67) тармақшасының қырық бесінші - елу сегізінші абзацтарын, 70) тармақшасының сегізінші - он бесінші абзацтарын, 112) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтарын, 118) тармақшасының екінші және үшінші, 142), 143) тармақшаларын, 156) тармақшасының бесінші абзацын, 160), 161), 166) - 168) тармақшаларын, 176) тармақшасының алтыншы және он сегізінші абзацтарын, 177) тармақшасының алтыншы - тоғызыншы абзацтарын, 178) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 201) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 213) тармақшасын, 242) тармақшасының екінші - бесінші абзацтарын, 243) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 250) тармақшасының қырық бірінші және қырық екінші абзацтарын, 255) тармақшасын, 15-тармағын, 16-тармағының 3) тармақшасын, 17-тармағының 1) тармақшасын;
12) 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 3) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 21), 103) тармақшаларын, 120) тармақшасының екінші - он алтыншы, жиырма бірінші, отызыншы - отыз үшінші, қырық жетінші - қырық тоғызыншы, елу үшінші - елу бесінші абзацтарын, 121) тармақшасының сегізінші - жиырмасыншы абзацтарын, 122) және 125) тармақшаларын;
13) 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 44) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 83) тармақшасының жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;
2016.30.11. № 26-VI ҚР Заңымен 15-1) тармақшамен толықтырылды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15-1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 49) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын;
16) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтарын, 44) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 26-і.
№ 61-V