Осы Кодекстің 396-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салық базасы есепті салық кезеңінің 1 қаңтарындағы жағдай бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын ұзақ мерзімді дебиторлық берешек мөлшерінде белгіленеді.»;
«4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлердің салық салу объектілері бойынша оларды сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға жұмсалған шығындардың, сондай-ақ реконструкциялау мен жаңғыртуға жұмсалған шығындардың жиынтығы салық базасы болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 118-бабының 11-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға жұмсалған, сондай-ақ мәмілелер бойынша алынған бағасы (құны) белгісіз не өтеусіз, оның ішінде сыйға тарту, мұраға қалдыру, қайырмалдық, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрінде алынған салық салу объектілері бойынша шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте салық салу объектісінің осы активке меншік құқығы туындаған күнге айқындалған нарықтық құны салық базасы болып табылады.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелеріне қарамастан, осы Кодекстің 406-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген салық салу объектілері бойынша салық базасы осы бапта көзделген тәртіппен айқындалады.»;
165) тармақша 2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
165) 398-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мүлік салығын осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.»;
166) - 168) тармақшалары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
166) 399-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық салу объектілерінің салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша айқындалған баланстық құнына тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы айқындалады.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңінің 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей, салықтың ағымдағы төлемдерінің сомасын тең үлестермен енгізеді.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, мүлік салығын есептеу бойынша түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және оны төлейді.
8. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін декларацияны тапсыру мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей мүлік салығын төлейді.»;
167) 402-баптың 1-тармағының бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, салық төлеушілер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны тапсыруға міндетті.
Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына декларация тапсыруға міндетті.»;
168) 403-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын;
«6) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлері бойынша дара кәсiпкерлер.»;
169) 405-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«405-бап. Салық салу объектісі
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі - пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады.»;
170) 406-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«406-бап. Салық базасы
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.
Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К функц х К айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
Қ б - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,
S - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,
К физ - физикалық тозу коэффициенті,
К функц - функционалдық тозу коэффициенті,
К айм - аймаққа бөлу коэффициенті,
К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының ұлттық валютамен көрсетілетін бір шаршы метрінің базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
Р/с № | Елді мекеннің санаты | Базалық құн, теңгемен |
1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | |
1. | Алматы | 30000 |
2. | Астана | 30000 |
3. | Ақтау | 18000 |
4. | Ақтөбе | 18000 |
5. | Атырау | 18000 |
6. | Қарағанды | 18000 |
7. | Қызылорда | 18000 |
8. | Көкшетау | 18000 |
9. | Қостанай | 18000 |
10. | Павлодар | 18000 |
11. | Петропавл | 18000 |
12. | Талдықорған | 18000 |
13. | Тараз | 18000 |
14. | Орал | 18000 |
15. | Өскемен | 18000 |
16. | Шымкент | 18000 |
17. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12000 |
18. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6000 |
19. | Кенттер | 4200 |
20. | Селолар (ауылдар) | 2700 |
Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес белгіленеді.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.
Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мұндай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x K айм.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
Қ - салық салу мақсаты үшін құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:
тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,
гараж бойынша - 15 пайыз,
S - тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,
К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.
4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
К физ = 1 - Т физ, мұнда:
Т физ - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:
Т физ = (Т физ - Т п.б) х Н аморт/100, мұнда:
Т баз - салық есепке жазылған жыл,
Т п.б - салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Р/с № | Күрделілік тобы | Үйдің сипаттамасы | Н аморт, % | Қызмет -ету мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 1 | Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар; | 0,7 | 143 |
2. | 2 | Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темірбетонды, бетонды немесе ағаш ғимараттар; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар | 0,8 | 125 |
3. | 3 | Қабырғалары жеңілдетіліп кірпіштен қаланған, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе жеңілдетіліп кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар | 1,0 | 100 |
4. | 4 | Қабырғалары аралас, кесілген немесе бөрене ағаштан салынған ғимараттар | 2,0 | 50 |
5. | 5 | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан құйылған, кесектен соғылған ғимараттар | 3,3 | 30 |
6. | 6 | Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тастан қаланған немесе негізгі панельден салынған тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан - 65 пайыздан асса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады.
5. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мынадай формула бойынша есептеледі:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,
К бұр - тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын ескеретін коэффициент,
К қ. мат - қабырғалар материалын ескеретін коэффициент,
К жайл - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент,
К жылу - жылыту түрін ескеретін коэффициент.
Қабаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:
Р/с № | Қабат | К қабат |
1 | 2 | 3 |
1. | Бірінші | 0,95 |
2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.
Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:
Р/с № | Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскесінде орналасуы | К бұр |
1 | 2 | 3 |
1. | Бұрыштағы пәтер | 0,95 |
2. | Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырғалар материалына қарай мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:
Р/с№ | Қабырға материалы | Коэффициент |
1 | 2 | 3 |
1. | Кірпіштен | 1,1 |
2. | Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған | 1,0 |
3. | Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған | 1,05 |
4. | Темірбетонды панелден | 1,0 |
5. | Темірбетонды панельдерден кiрпiшпен қапталған | 1,05 |
6. | Кесек-балшықтан соғылған | 0,5 |
7. | Кесектен соғылған, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған | 0,6 |
8. | Монолитты шлакты-бетонды | 0,7 |
9. | Темірбетонды блоктардан | 1,0 |
10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған | 0,75 |
12. | Кесiлген ағаштан | 0,85 |
13. | Шпалдан | 0,75 |
14. | Шпалдан, кiрпiшпен қапталған | 0,95 |
15. | Қамыс-қаңқалы | 0,6 |
16. | Өзгелері | 1,0 |
Тұрғын жайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.
Адамдардың тұруы (тұрмыстық), онда болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:
Р/с № | Жылыту түрі | К жылу |
1 | 2 | 3 |
1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
2. | Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту | 0,98 |
3. | Қатты отынды пайдаланып, сумен жергiлiктi жылыту | 0,95 |
4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:
ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;
алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.
8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық базасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.
9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.
10. Салық қызметі органдары пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қб х S х 2, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,
Қб - осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,
S - аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.»;
171) 409-баптың 1, 2, 5, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілер;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығында иеленудің немесе пайдаланудың нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей жүргізеді.
Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.
2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.»;
«5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.»;
«7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге тиіс.
Салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) салықтың жылдық сомасын бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.»;
172) 426-бапта:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама) - бір салық салу режімінен өзге салық салу режіміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады.
4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау;
3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі.
5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.»;
7-тармақ алып тасталсын;
173) 427-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«427-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің 429 және 433-баптарында көрсетілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.
2. Арнаулы салық режімi шағын бизнес субъектiлерi үшiн төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта көрсетілмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн тапсыру жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
3. Осы баптың 8-тармағына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімдерін қолданатын салық төлеушілердің табысына мөлшері осы тарауға сәйкес айқындалатын табыстардың мынадай түрлері қосылады:
1) тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс, оның ішінде роялти, мүлікті жалға беруден түсетін табыс;
2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс;
3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;
4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;
5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);
6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;
7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;
8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық және демеушілік көмекті қоспағанда);
9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;
10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.
5. Заңды тұлғалар осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстар бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мен төлеуді және ол бойынша осы Кодекстің 4 және 5-бөлімдеріне сәйкес жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық есептілігін тапсыруды жүзеге асырады.
6. Дара кәсіпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар:
1) осы Кодекстің 180, 180-1, 180-2 және 180-3-баптарында белгіленген тәртіппен мүліктік табыстың;
2) осы Кодекстің 184-бабында белгіленген тәртіппен өзге де табыстардың;
3) осы Кодекстің 19-тарауында белгіленген тәртіппен төлем көзінен салық салынатын табыстардың;
4) осы Кодекстің 183-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көрсетілмеген табыстардың мөлшерін айқындайды.
Бұл ретте осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және салық есептілігін табыс ету тиісті табыс түрі үшін осы Кодекстің 20 және 21-тарауларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:
1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін - осындай берілген мүліктің құны;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу;
3) егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өзіне берілген, дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны қаралмайды.