2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау нәтижелері сыйлықақы беру, көтермелеу, оқыту, мансаптық жоспарлау, ротация жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін үш жыл бойы бағалау нәтижелері оларды аттестаттаудан өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.
3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кәсiби даярлық деңгейін және олардың лауазымдық мiндеттерді орындау қабілетін айқындау жөніндегі рәсім аттестаттау болып табылады.
Аттестаттау тестілеуді және әңгімелесуді қамтиды. Кемiнде он бес жыл мемлекеттiк қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшілік қызметшiлері тестiлеуге жатпайды.
4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметін бағалау және оларды аттестаттау тәртібін уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері аттестаттауға дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Аттестаттауда теріс нәтижелер алған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметінен төмендетілуге не босатылуға жатады.
Қызметінен төмендету «Б» корпусының төмен тұрған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымы болған, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі осы лауазымға қойылған біліктілік талаптарына сай келген кезде жүзеге асырылады.
Қайта аттестатталуға жататын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қайта аттестаттау аяқталғанға дейін ауысу тәртібімен тең дәрежелі не жоғары тұрған лауазымдарға тағайындала алмайды.
5. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай аттестаттау комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай аттестаттау комиссиясын құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай аттестаттау комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.»;
10) 18-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-1-бап. Ротация
Мемлекеттік қызметте «А» корпусының мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерiн ротациялау мансаптық жоспарлау шеңберінде олардың келісімімен жүзеге асырылады.
Ротация жүргізудің тәртiбiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.»;
11) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Мемлекеттік қызметті өткерудің өзге де мәселелері
1. Мемлекеттiк әкiмшілік лауазымдарға алғаш рет қабылданған адамдарға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тәлімгерлер бекітіледі.
2. Мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне алынған адамдардың тағылымдамадан өтуі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережеде регламенттеледі.»;
12) 20-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «кадрлар резервi» және «Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi» деген сөздер тиісінше «кадр резервi» және «Кадр резервiн қалыптастыру тәртiбi және онымен жұмысты ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы
20-1-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызмет этикасын сақтау жөнінде қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік қызметшілер:
1) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
2) жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
3) азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік танытуға;
4) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне кедергі жасайтын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;
6) заңдарда белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7) мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық міндеттерін адал және кәсіби деңгейде атқаруға;
8) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жеке және заңды тұлғаларға ерекше ықылас көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
9) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
10) кадрларды туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
11) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
12) басқа адамдарды құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы жұрт таныған моральдық-этикалық нормалармен сыйыспайтын іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;
13) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және олардың жолын кесуге міндетті.
2. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде ресми мінез-құлық нормаларын сақтауға тиіс.
3. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың мүддесіне орай, оның ішінде оларға өзінің көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
20-2-бап. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері
1. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен ұштасатын немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдайлар туғызатын әрекеттерге жол бермеуге тиіс.
2. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.
3. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.
Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштер жолдау арқылы шаралар қолдануға міндетті.
4. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндірудің анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіні оның құқықтарын, заңды мүдделерін кемсітетін қудалаудан қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.
5. Мемлекеттік қызметшілер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.
6. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.
20-3-бап. Көпшілік алдында сөйлеу
1. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер пікірталастарды әдепті түрде жүргізуге тиіс.
2. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік саясатты жүргізуге және мемлекеттік органның қызметіне қатысы жоқ мәселелер бойынша мемлекеттік органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді.
Педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет жөнінде материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде өз атынан жүзеге асырады.»;
14) 23-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн үлгiлi орындағаны, мiнсiз мемлекеттiк қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн, сондай-ақ өз қызметінің бағалану нәтижелері бойынша:
1) бiржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көтермелеудiң өзге де нысандарымен, оның ішінде ведомстволық наградалармен және омырауға тағатын ерекшелік белгілерімен марапаттау арқылы көтермеленуi мүмкiн.»;
15) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік орган таратылған (жойылған) жағдайда, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда жаңадан құрылған мемлекеттік органның басшылығы қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес жұмыс ұсынады.
Басқа мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және штат бірліктері берілген мемлекеттік орган берілген функцияларды, өкілеттіктерді орындаған және осы штат бірліктерінде қызмет атқарған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың біліктілігіне сәйкес жұмыс ұсынады.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан босатылады. Бұл ретте, кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.
Мемлекеттік органның штат саны қысқарған жағдайда мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.»;
16) 26-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік саяси қызметшілер Конституцияда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген негіздерде және тәртіппен отставкаға өтініш береді және отставкаға кетеді.»;
5-тармақ алып тасталсын;
17) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын басшыларының ауысуы жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси және (немесе) әкімшілік қызметшілердің бастамасы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшінің атқарып отырған лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.»;
18) 28-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны, терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға адамдарды заңсыз тағайындағаны және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды заңсыз босатқаны, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды заңсыз қолданғаны, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн бұзғаны, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария еткені, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөнінде шаралар қолданбағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сол сияқты осы Заңда белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге тәртiптiк жазалар:»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай тәртіптік комиссия құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындауға құқығы бар адамның шешімімен құрылады.
Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай тәртіптік комиссия құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының шешімімен немесе жоғары тұрған органның шешімімен құрылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы желтоқсанның 14-і.
№ 59-V