ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 қыркүйектегі № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік
емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін қараңыз
1. «Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс мекенжайы бойынша, сондай-ақ мемлекеттік қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтихандарын Қазақстан Республикасының әділет органдары мен бағалаушылар палаталарының өкілдерінен құрылған Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүргізеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 3), 4) тармақшаларының, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының, «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 қаулысының, «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 419 қаулысының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.minjust.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат порталдың call-орталығының телефоны (1414) бойынша беріледі.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
1) біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімін не емтиханнан өтпегені туралы Комиссияның хаттамасынан үзіндінің көшірмесін, лицензия беруден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап беру;
2) уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы электрондық цифрлық қолтаңба қойған электрондық құжат нысанында мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияны, қайта ресімдеуді, лицензия телнұсқасын www.elicense.kz порталында беру болып табылады.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық нысанда беріледі. Өтініш беруші немесе лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және лицензиар-органның мөрімен және басшысының қолымен расталады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны электрондық форматта беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қағаз жеткізгіште беріледі.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда телнұсқасы уәкілетті органда немесе портал арқылы беріледі.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтініш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жоғарғы оң жақ бұрышында жаңа нөмір бере отырып, лицензияның телнұсқасын береді.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген (ол болған кезде), оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде дара кәсіпкерді қайта тіркеу, оның мекенжайы мен атауы өзгерген кезде, заңды тұлға қосу, біріктіру, бөліп шығару немесе қайта ұйымдастыру нысанында қайта құрылған, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген, сондай-ақ егер мұндай өзгеріс қызмет түрі және (немесе) кіші қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялар мәнінің өзгеруіне әкеп соқпағанда, қызметтің түрі және (немесе) кіші түрі өзгерген жағдайда, қайта ресімделген лицензия беріледі.
Лицензиат төменде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, күнтізбелік отыз күн ішінде қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет алушының уәкілетті органға немесе порталға жүгінген сәтінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
біліктілік емтиханынан өту үшін олардың түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей құрайды;
біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім емтихан өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей дайындалады және үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;
лицензия он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі;
лицензияның телнұсқасы өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі;
лицензия он жұмыс күні ішінде қайта ресімделеді;
2) құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет:
1) біліктілік емтиханын өткізу тегін көрсетіледі;
2) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру ақылы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым белгіленген. Лицензиялық алымның сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін алымды төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі:
1) уәкілетті органда - мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түске үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін күн сайын көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі;
2) порталда тәулік бойы көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызмет:
1) мемлекеттік қызмет алушының таңдауы бойынша жеке шығатын есігі бар рұқсаттама бюросы беретін біржолғы рұқсатнама бойынша ғимаратқа кіру көзделген уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Біржолғы рұқсатнама тікелей қызмет көрсететін лауазымды тұлғаның телефон арқылы берген өтінімі бойынша ресімделеді.
Құқықтық тәртіпті сақтау үшін ғимаратта тәулік бойы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Кіреберіс есігі дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандустармен жабдықталған;
2) порталда жеке кабинетте көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік қызмет алушы немесе оның уәкілетті өкілі мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың мынадай тізбесін:
уәкілетті органға:
біліктілік емтиханынан өту үшін:
1) өтінішті;
2) «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары экономикалық немесе техникалық білімі туралы дипломның (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін - жеке тұлға үшін;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін - жеке тұлға (немесе оның уәкілетті өкілі) үшін;
4) өкілдің өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
лицензияны, лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) өтінішті;
2) заңды тұлға үшін - жарғысының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін төлнұсқасын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған), өтініш берушінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін не анықтаманы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін - жеке тұлға үшін;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
5) өтініш берушіні салық органына есепке қою туралы куәліктің (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
6) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың (тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесін;
3) лицензияның және лицензияға қосымшаның (болған жағдайда) көшірмесін ұсынады.
Порталда:
лицензияны, лицензияның телнұсқасын алу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
2) сканерден өткізілген көшірме түріндегі жарғы электрондық сұрау салуға қоса бекітіледі;
3) электрондық сұрау салуға қоса берілетін сканерден өткізілген көшірме түріндегі біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды;
мына:
4) жеке тұлға үшін - мемлекеттік қызмет алушының жеке басын куәландыратын құжаттың;
5) заңды тұлға үшін - өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін не анықтаманы;
6) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушіні дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерін;
7) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы мәліметтерді ұсынады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық құжат нысанында алады.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салуды;
2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы мәліметті;
3) лицензияның және лицензияға қосымшаның деректері немесе сканерден өткізілген көшірме түріндегі лицензия мен лицензияға қосымша электрондық сұрау салуға қоса бекітіліп, ұсынылады.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық құжат нысанында алады.
12. Мемлекеттік қызмет алу үшін:
1) мемлекеттік қызмет алушы біліктілік емтиханынан өту, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын алу үшін еркін нысанда өтініш береді, оның үлгісі Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында орналастырылған;
2) лицензия беруге мемлекеттік қызмет алушы Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсында көрсетілген «Лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 қаулысымен бекітілген белгіленген үлгідегі өтінішті толтырады.
Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұрау салу нысанын толтыру қажет.
13. Уәкілетті органда құжаттарды қабылдау поштамен жіберу арқылы жүзеге асырылады не уәкілетті органның кеңсесіне мына мекенжайға: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021-бөлме тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
Электрондық сұрау салуды жіберу мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады.
Сұрау салу автоматты түрде адресат мемлекеттік органға таңдап алынған қызметке сәйкес жіберіледі.
14. Осы стандарттың 11-тармақтарында көрсетілген құжаттардың қабылданғанын растау мемлекеттік қызмет алушыға күні мен уақыты, уәкілетті орган кеңсесінің құжатты қабылдаған қызметкерінің тегі мен аты-жөні көрсетілетін тізімдемені беру болып табылады.
Портал арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет алушының порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Біліктілік емтиханына жіберу туралы хабарлама мемлекеттік қызмет алушыға пошта арқылы жіберіледі, біліктілік емтиханының өткізілу орны, күні және уақыты туралы хабарлау портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Біліктілік емтиханынан өткені туралы Комиссияның шешімі не емтиханнан өтпегені туралы Комиссия хаттамасынан үзіндінің көшірмесі мемлекеттік қызмет алушыға өзі келген кезде қолма-қол мына: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 112-114-бөлмелер мекенжайы бойынша беріледі.
Лицензияны беруден, қайта ресімдеуден, лицензияның телнұсқасын беруден бас тарту себептері туралы дәлелді жауап мемлекеттік қызмет алушыға уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру электрондық Үкіметтің «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.
16. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіз ұсынылған құжаттарды тиісінше ресімдемеу және толық ұсынбау фактілерін белгілеу болып табылады.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Құжаттарды толық ұсынбаған фактісі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
Егер:
1) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрімен айналысса;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмесе;
3) мемлекеттік қызмет алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) мемлекеттік қызмет алушыға лицензия беру келісім беретін мемлекеттік органмен келісілмесе;
5) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрін жүзеге асыруға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;
6) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуына тыйым салса,
7) электрондық ақпараттық ресурсты мемлекеттік қызмет алушыға қатысты қол жетімділікке шектеулер болғанда және сұрау салуды жіберген адамның сұратылған электрондық ақпараттық ресурсқа қол жеткізу құқығы болмаса;
8) сұратылған электрондық ақпараттық ресурс болмаса және оның кімнің иелігінде екені оған белгісіз болса;
9) сұрау салудың мәнін нақтылау кезінде сұрау салушы адамның нақты қандай электрондық ақпараттық ресурсты беру туралы өтінім жасағанын анықтау мүмкін болмағанда;
10) егер шығыстарды төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделсе, электрондық ақпараттық ресурсты сұратушы мемлекеттік қызмет алушы орындау шығыстарын төлемесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері болып табылады.
Егер уәкілетті орган белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға лицензия бермеген не лицензия беруден дәлелді бас тарту ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімі өткен күннен бастап лицензия берілген деп есептеледі.
Уәкілетті орган лицензия беру мерзімі өткен сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет алушыға тиісті лицензияны беруге міндетті.
Уәкілетті орган бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензияны бермеген жағдайда, лицензия алынды деп есептеледі, ал сол лицензияны алғанға дейін қызметтің лицензияланатын түрін жүзеге асыру заңдылығын растайтын құжат уәкілетті органның құжаттарды қабылдау күні туралы белгісі бар тізімдеменің көшірмесі болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімде мемлекеттік органда немесе электрондық құжат түрінде порталдағы «жеке кабинетінен» алады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасының Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Уәкілетті органның немесе Министрліктің кеңсесі уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін Астана қаласы, Орынбор к., № 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 13-кіреберіс, № 1021 және (немесе) № 925-бөлмелер мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-07-68, 74-07-97 телефондары арқылы түсіндіреді және шағым даярлауға жәрдем көрсетеді.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты порталдың call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызмет телефоны бойынша алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Уәкілетті орган немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
22. Тиісінше қызмет көрсетілмеуіне байланысты шағым жазбаша түрде пошта арқылы не Уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ портал арқылы call-орталық телефонының нөмірі (1414) бойынша жіберіледі.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым лицензия беру туралы өтініштің көшірмесімен қоса, еркін нысанда беріледі.
25. Шағым уәкілетті органның және (немесе) Министрліктің кеңсесінде, осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тіркеледі.
Шағым берген адамға өтініштің қабылданған күні мен уақыты, оны қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған адамнан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Уәкілетті орган қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
Шағымды қарау нәтижесі өтініш берушінің (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы жіберіледі не қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық өтінішті жібергеннен кейін мемлекеттік органда өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат мемлекеттік қызметті алушыға «жеке кабинетінен» (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту) қолжетімді болады.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.minjust.kz интернет-ресурсынан алуға болады.
«Зияткерлік меншікті, материалдық емес
активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті жүзеге
асыру құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматқа қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызмет алушылардың %-ы (үлесі) | | | |