Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін қуру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 Қаулысы
(2012.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылға 13 сәуірдегі Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Үйлестіру кеңесі туралы ереже;
2) Үйлестіру кеңесінің құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1266 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі
туралы ереже
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Үйлестіру кеңесі) қызметінің міндеттерін, функцияларын, құқықтық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Үйлестіру кеңесі мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесінің құрамына Үйлестіру кеңесіне жүктелген міндеттерді заңнамаға сәйкес шешу құзыретіне енетін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық ұйымдарының өкілдері олармен келісім бойынша енгізіледі.
4. Үйлестіру кеңесі өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары
5. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеті:
Мүгедектерді оңалту бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру;
орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықаралық және өзге де ұйымдармен, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
6. Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары:
Бағдарлама іс-шараларының орындалуы жөніндегі істің жай-күйін талдау;
мыналарды:
мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді;
мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қызметін;
мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Үйлестіру кеңесінің құқықтары
7. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында Үйлестіру кеңесінің:
орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
Үйлестіру кеңесінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және ұсыныстар енгізуге;
Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуы жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы іс-шараларды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 644 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Үйлестіру кеңесін төраға басқарады.
Төраға Үйлестіру кеңесінің қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Үйлестіру кеңесі жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Үйлестіру кеңесі әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын төрағаның орынбасары орындайды.
9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті материалдарды, Үйлестіру кеңесінің ұсынымдарын дайындауды Үйлестіру кеңесінің хатшысы жүзеге асырады.
Үйлестіру кеңесі өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.
10. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын төраға немесе оның тапсырмасы бойынша - төрағаның орынбасары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет шақырады. Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Үйлестіру кеңесінің отырысы заңды деп есептеледі.
11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған Үйлестіру кеңесінің мүшелері жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 644 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша міндетті түрде оның барлық мүшелері қол қоятын хаттама жасалады. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
13. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2006.07.07. № 644 (бұр.ред.қара); 2006.17.11. № 1088 (бұр.ред.қара); 2007.20.04. № 320 (бұр.ред.қара); 2007.15.10 № 904 (бұр.ред.қара); 2007.29.12. № 1384 (бұр.ред.қара); 2008.27.11. № 1098 (бұр.ред.қара); 2010.25.05. № 461 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.07. № 875 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.15.05. № 614 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1266 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің
құрамы
Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрайым |
Ахметов Серік Әбжәлиұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Масалиева Дәрия Асқарқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектерді оңалту және медициналық-әлеуметтік ұйымдардың қызметін үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, хатшы |
Кармазина Лена Мағауияқызы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Әбілқасымова | - Қазақстан Республикасының Экономикалық Мәдина Ерасылқызы даму және сауда вице-министрі |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Смағұлов Баянбек Жарылғапұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары |
Крюкова Наталья Алексеевна | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры |
Төлеғалиева Ажар Ғинаятқызы | - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры |
Аманбаев Әли Әбілдаұлы | - Қазақстандағы мүгедектер ұйымы одағының төрағасы (келісім бойынша) |
Әубәкіров Байболат Абайұлы | - «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі орталық басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Әбдімомынов Мұрат Өсербайұлы | - «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Байменова Құралай Базарбайқызы | - «Ақтөбе қаласының сал ауруларды қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) |
Бекбатыров Жангелді Рахманұлы | - «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола филиалы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Ерділдинова Дина Исламқызы | - «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) |
Жолмағамбетов Сапарғали Шабайұлы | - «Қазақ зағиптар қоғамының Ақтөбе оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры (келісім бойынша) |
Ивкин Александр Михайлович | - «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Иманәлиев Қайрат | - «Намыс» жоғары білімді мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Исай Тезекбай Ділдәбекұлы | - «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Қалтаева Ләззат Молдабекқызы | - «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы (келісім бойынша) |
Мирвазетдинова Мағиза Мүбаракқызы | - Шығыс Қазақстан облысы мүгедектерінің ерікті қоғамының төрайымы (келісім бойынша) |
Омарбекова Жанат Әнуарбекқызы | - «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, төрайымы (келісім бойынша) |
Төлегенов Руслан Қаншыбекұлы | - «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Четвериков Георгий Михайлович | - «Павлодар қалалық мүгедектердің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |
Шиманский Василий Леонидович | - «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша) |