ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің, «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (электрондық мекенжайы www.minjust.kz), сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың үй-жайларындағы стенділерде орналасқан.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі:
әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу және әке болуды анықтау туралы куәлікті беру, не қағаз жүзінде әке болуды анықтаудан дәлелді бас тарту.
Тууды тіркеу мен әке болуды анықтауды тіркеу туралы өтініштер бір мезгілде берілген жағдайда, туу мен әке болуды анықтауды тіркеу мемлекеттік тіркеу және туу мен әке болуды анықтау туралы куәліктер беру болып табылады.
Әке болуды анықтаудың актілік жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілгеннен кейін мемлекеттік қызметті алушыға қағаз жүзіндегі құжатты берген уәкілетті тұлғаның қол қойылып куәландырылған өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізілген жаңа куәлік беріледі, не электрондық құжат нысанында немесе қағаз жүзінде дәлелді бас тарту туралы жауап беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) мемлекеттік қызмет 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Егер туу туралы акт жазбасы басқа аймақта болса, уәкілетті орган көрсетілген мәліметтерді анықтау үшін көшірмелерді сұратады.
Қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
Әке болуды анықтау актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың Орталық серверінде республика бойынша актілік жазбалардың электрондық нұсқасы болғанда, күнтізбелік 15 күн ішінде қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызметті алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
2) құжаттар тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.
8. Әке болуды анықтауды тіркеу тегін көрсетіледі, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік баж сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде есептеледі және заңдық маңызы бар іс-қимылдар жасалған және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдар немесе лауазымды тұлғалар құжаттарды берген орны бойынша төленеді.
9. Құжаттарды қабылдау күн сайын, сенбі, жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезекке тұру тәртібімен жүргізіледі.
10. Уәкілетті органның үй-жайында азаматтарды қабылдауға арналған жеке кабинеттері болады, онда мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған. Кабинеттерде толтырылған бланкілер үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар:
ата-анасының бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 2-қосымша);
2) баланың туу туралы куәлігін, ондай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде - медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтамасын. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасының психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқығынан айрылған немесе шектелген; баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) өзін баланың әкесі деп мойындайтын адамның өтінішін (осы стандартқа 3-қосымша);
2) анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болу туралы куәлігі; психикалық немесе ақыл есі кемдігі салдарынан анасын әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп тану туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 4-қосымша);
2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесін;
3) баланың туу туралы куәлігін;
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
әке болуды анықтау туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін:
1) осы стандартқа 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) мемлекеттік қызметті алушының туу туралы куәлігін, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - туу туралы тіркеу анықтамасын;
3) әке болуды туралы куәлігін, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса - әке болуды туралы анықтау тіркеу анықтамасын;
4) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді керектігін растайтын құжаттарды;
5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжатты ұсынады;
6) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
12. Өтініш үлгісі порталда, сонымен қатар Әділет министрлігінің: www.minjust.kz интернет-ресурсында («Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету» бөлімінің «Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары» кіші бөлімі) немесе осы стандарттың 1-қосымшасында мекенжайлары көрсетілген уәкілетті органның күту залындағы арнайы тағандарда орналастырылған.
13. Уәкілетті органда мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттар мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органның маманына тапсырылады.
14. Тиісті құжаттарды уәкілетті органда қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:
1) сұрау салуды қабылдаған күні;
2) қоса берілген құжаттардың саны;
3) құжаттарды беру күні, уақыты;
4) құжаттарды ресімдеуге қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттар қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
15. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген дайын құжаттарды беруді уәкілетті органның маманы қолхат негізінде мемлекеттік қызметті алушының онда көрсетілген мерзімде келген кезінде жүзеге асырады.
16. Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық ұсынылмағаны анықталған кезде (міндетті жолдардың толтырылмауын қоса алғанда), мемлекеттік қызметті алушыға құжаттар тапсырылғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде себептері көрсетілген дәлелді жазбаша негіздегі бас тарту беріледі.
Уәкілетті органда құжаттарды сақтау мерзімі және жою тәртібі ведомстволық нормативтік құқықтық актілермен айқындалады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын өтеу кезіндегі заңдылықты сақтауға және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы және тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын осы мемлекеттік қызмет стандартын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Әрекетке (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібін түсіндіру және шағымды дайындауға көмек көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары және телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді.
21. Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті органдар басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
23. Шағым жазбаша түрде пошта арқылы немесе заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не жұмыс күндері қолма-қол осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген ұйымдардың кеңселері арқылы қабылданады.
Шағымға уәкілетті органның мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттар қоса беріледі.
24. Қолма-қол арқылы да және пошта арқылы да уәкілетті органға түскен шағымның қабылданғанын растау оны уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтініштері журналына тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады).
Мемлекеттік қызметті алушы шағымын қолма-қол өткізген жағдайда оны қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіпте және мерзімде жүргізіледі.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді
енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының
уәкілетті органдарының тізімдері мен мекенжайлары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37 | 8 (7162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 а | 8 (7132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қабылиса Жырау көшесі, 69 а | 8 (7282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 а | 8 (7122) 46-53-15 46-53-12 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6 | 8 (7232) 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 а | 8 (7262) 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208 | 8 (7112) 50-82-91 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1 | 8 (7212) 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38 | 8 (7142) 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 | 8 (7242) 23-03-57 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департамент | Ақтау қаласы, 2 шағын аудан, 8 | 8 (7292) 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18 | 8 (7182) 32-43-02 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72 | 8 (7152) 33-27-53 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16 | 8 (7252) 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287 | 8 (727) 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15 | 8 (7172) 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді
енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
________________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
мекен-жайы:
________________________________________
жеке куәлік № __________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Әке болуды тануды мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІШ
Мен,_________________________________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
өзімді баланың әкесімін деп растаймын,
______________________________________________________________________________________________________________
(баланың аты, әкесінің аты, тегі)
азаматшада ___________________________________________________________________________________________________
(анасының аты, әкесінің аты, тегі)
«__________» _______________20 ________ жылы туылған
Мен,
______________________________________________________________________________________________________ баланың
(баланың аты, әкесінің аты, тегі)
анасы ________________________________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
азамат _______________________________________________________________________________________________________
(әкесінің аты, әкесінің аты, тегі)
_______________________________________________________________________ менің баламның әкесі екенін растаймын
Әке болуды тануды баланың әкесінің атын әкесінің аты бойынша жазып тіркеуді сұраймыз тегін беруді _______________________
Сонымен бірге баланың тууы туралы акт жазуында әке туралы мәліметті енгізуді және ананың некеге дейінгі тегін түзетуді сұраймыз
______________________________________________________________________________________________________________
Баланың әкесімен неке қию барысында қабылдаған
________________________________________________________________________________________ тегіне ауыстыруыңызды
(бала әкесімен некелі (ерлі-зайыптылықты) жағдайда анасы толтырады)
Туу «__»______________________20____ж.
____________________________________________________________________________________________________ тіркелген
(тіркеуші орган атауы)
Акт жазуының нөмірі __________________________________________________________________________________________
Анасы туралы мәлімет:
Аты _____________________ Әкесінің аты (бар болғанда)___________ Тегі
_________________________________________________________________
Туған күні «__________» ____________ 20______ ж. Ұлты _______________
Жасы: ________________________________________________________________________________________________________
Азаматтығы ___________________________________________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы _____________________________________________________________________________________
Отбасылық жағдайы ____________________________________________________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
______________________________________________________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі ________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы _____________________________________________________________________________________________
Әкесі туралы мәлімет:
Аты _____________________ Әкесінің аты (бар болғанда) _______________
Тегі ________________________________________________________________
Туған күні «__________» ____________ 20______ ж. Ұлты _______________
Жасы: ________________________________________________________________________________________________________
Азаматтығы ___________________________________________________________________________________________________
Білімі _________________________________________________________________________________________________________
Жұмыс орны және лауазымы _____________________________________________________________________________________
Отбасылық жағдайы ____________________________________________________________________________________________
Некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу күні мен орны
______________________________________________________________________________________________________________
Неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазуының нөмірі _________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы _____________________________________________________________________________________________
Өтінішке қосымша тапсырамыз: 1. Баланың тууы туралы куәлік
2. Ата-анасы некелі (ерлі-зайыпты)
болса, неке қию (ерлі-зайыпты болу)
туралы куәлік.
Әкесі ________________________________________________________ (қолы)
Анасы ________________________________________________________ (қолы)
«____» ________________20___ ж.
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді
енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
________________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
мекен-жайы:
________________________________________
жеке куәлік № __________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Өзін баланың әкесімін деп танитын адамның өтініші бойынша
әке болуды белгілеу туралы
ӨТІНІШ
Мен, __________________________________________________________________________________________________ өзімді
(аты, әкесінің аты, тегі)
азаматша ___________________________________________________________________________________________________
(аты, әкесінің аты, тегі)
___ жылы «___» __________ туған ____________________________________________________________________, баланың
(аты, әкесінің аты, тегі)
әкесімін деп танимын.
Баланың әкесінің атын менің есімім ___________________________________________________________________________
бойынша көрсетіп, _________________________________________________________________________________________
тегін көрсетіп, әке болуды тіркеуді сұраймын.
Бір мезгілде баланың туу туралы акті жазбасына әкесі туралы мәліметті енгізуді, сондай-ақ ондағы анасының некеге дейінгі тегін __________________________ баланың әкесімен некеге тұрған кезде қабылдаған тегіне _________________________ түзетуді сұраймын.
Баланың туу туралы жаңа куәлігі берілсін, туу
_____________________________________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
____ жылғы «___» __________ тіркелген.
Акті жазбасының нөмірі
_____________________________________________________________________
Анасы мен әкесі туралы мәлімет:
| | ӘКЕСІ | АНАСЫ |
1 | Туған күні | __ жылғы «___» __________ | __ жылғы «___» _________ |
2 | Ұлты | | |
3 | Азаматтығы | | |
4 | Тұрғылықты тұратын жері | қала (ауылы) ___________ ауданы__________________ облысы (өңірі, республикасы) __________ ________________________ көшесі _________________ пәтер № _____________ | қала (ауылы) ________ ауданы________________ облысы (өңірі, республикасы) ________ ______________________ көшесі _______________ пәтер № ___________ |
5 | Қай жылдан бастап | | |
6 | Қайда және кім болып жұмыс істейді | | |
7 | Білімі | | |
8 | Жеке басты куәландыратын құжаты (сериясы, нөмірі, қашан және кім берген) | | |
Анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттың атауы
______________________________________________________________________________________________________________
(қашан және қандай орган берген, нөмірі мен берген күні)
Өтінішке қоса беремін:
1) өзін баланың әкесі деп танитын адамның өтініші;
2) әкесінің жеке басын куәландыратын құжаты;
3) егер ата-анасы некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрған болса, неке қиғаны (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігі;
4) анасының болмауы мән-жайларын растайтын құжаттары: анасының қайтыс болуы туралы куәлігі; психикалық ауруы немесе есі кемдігі салдарынан анасын әркетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялағаны туралы, анасын ата-ана құқығынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұрғылықты жерін белгілеудің мүмкін еместігі туралы анықтама.
Әкесі
______________________
(қолы)
20__ жылғы «___» _____
---------------------------------------------------------------------
(жыртылатын жері)
20___ж. «______» _________ қарауға _____________ құжаттар қабылданды.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _____________________________________________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алу үшін: 20___ж. «______» ______ келсін.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә.________________________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді
енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
________________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
мекен-жайы:
________________________________________
жеке куәлік № __________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Соттың шешімі бойынша әке болуды белгілеу туралы
ӨТІНІШ
___________________________________________ сотының 200__ жылғы «___»
_______________ № _________шешімінің негізінде азамат _______________ баланың әкесі болып
танылды ____________________________________________________________________________________________________
(анасының тегі бойынша баланың тегі, аты, әкесінің аты)
азаматша _____________________________________________________________________________________________________
(анасының тегі, аты, әкесінің аты)
«___» ____________ ж. т. туған.
Баланың әкесінің атын _________________________________________________________________________ әкесінің
аты бойынша көрсетіп, ___________________________________________________________________________ тегін
беріп әке болуды тіркеуді сұраймыз.
Баланың туу... жылы «___» ___________ _______________________________
АХАЖ бөлімінде № ________________________________ жазбамен тіркелген.
Мынадай мәліметтерді хабарлаймын:
№ | | Әкесі | Анасы |
1. | Туған күні | | |
2. | Ұлты | | |
3. | Тұрғылықты тұратын жері | | |
4. | Қайда және кім болып жұмыс істейді | | |
5. | Білімі | | |
6. | Жеке басты куәландыратын құжаты (№, қашан және кім берген) | | |
Өтініш берушінің қолы _________________ 20__ ж. «___» ________
(қолы)
_____________________________________________________________________
(жыртылатын жері)
20___ж. «______» _____________ қарауға _________ құжаттар қабылданды.
Өтініш берушінің Т.А.Ә.
_____________________________________________________________________
Әке болуды белгілеу туралы куәлікті алуға: 20___ж. «______» _________ келсін.
Құжаттарды қабылдаған маманның Т.А.Ә. _______________________________
«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына
өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді
енгізу» мемлекеттік қызмет стандартына
5-қосымша
________________________________________
(тіркеуші органның атауы)
________________________________________
(өтініш берушінің аты, әкесінің аты, тегі)
мекен-жайы:
________________________________________
жеке куәлік № __________________________
(нөмірі, кім және қашан берген)
Азаматтық хал актілеріне өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы
(керегінің астын сызу)
ӨТІНІШ
______ туралы № _______________________ «___» ________ ж. акт жазуына
келесі өзгерістерді, қосымшаларды, түзетулерді:____ ___________________________________________________________