ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тармақ 3) тармақшамен толықтырылды
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталына конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы ақпаратты орналастыруға тиіс.
203. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына өзі туралы мәліметтер енгізілген әлеуетті өнім берушінің жазбаша сауалын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтемсіз негізде табыс етуге тиіс.
204. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес үлгі шарттарға сәйкес жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және оны әлеуетті өнім берушіге жібереді.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 8 бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8. Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 205-тармақ жаңа редакцияда
205. Электрондық мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу ережесіне сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталында электрондық қызметтер беру арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 206-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
206. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 207-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
207. ҚР Үкіметінің 2010.02.04. № 280 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 208- 219 және 220-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 221- 231-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Жүйенің жұмыс істеу тәртібі және Жүйедегі жұмыстың шарттары
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 232- 234-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Алдағы қаржы жылына арналған мемлекеттік
сатып алудың жылдық жоспарын Жүйеге орналастыру
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 235- 248-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Электрондық мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
9. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Жалпы ережелер
249.ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
250. Арнайы тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, біліктілік талаптарын белгілейтін, сондай-ақ Заңда көзделген мемлекеттік сатып алуды өткізудің рәсімдері мен мерзімдерін регламенттейтін нормаларды қоспағанда, Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 345 Қаулысымен кіші бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздіктің, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті, құпиялылық режимінің сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің кепілдігін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
251. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу құпиялылық режимін сақтауды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ерекше тәртібін белгілеу талап етілетін жағдайда, құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтер құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған жағдайда жүзеге асырылады.
Ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алу жабық рәсімдер қолданыла отырып, конкурс тәсілімен өткізіледі.
252. Жабық рәсімдерді қолдана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алудың веб-порталында және тапсырыс берушілердің интернет-ресурстарында мемлекеттік сатып алудың конкурс тәсілімен жүзеге асырылатыны туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттамалардың мәтіндерін, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу, конкурста қатысуға жіберу туралы және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы қол қойылған хаттамаларды орналастырмастан жүзеге асырылады.
253. Жабық рәсімдерді қолдана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы жазбаша шақыру хатында белгіленген мерзімде олардың осындай шақыру алғанын растау шартымен кемінде екі әлеуетті өнім берушінің атына жазбаша шақыру жібереді.
254. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер пайдаланылмайтын, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, таратылуы шектелген қызметтік ақпараты бар мәліметтер пайдаланылатын жағдайларды қоспағанда, жабық рәсімдер қолданылатын конкурсқа қатысу үшін жазбаша шақыру хат жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдаланатын жұмыстарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және оның органдары белгіленген тәртіппен беретін рұқсаты болуы тиіс.
255. Аттарына шақыру жіберілетін әлеуетті өнім берушілердің тізімін тапсырыс беруші Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді ескере отырып жасайды және тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам бекітеді.
256. Егер белгілі бір тауарды не белгілі бір жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық тұрғыдан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың есе мөлшерінен аспаса, онда жабық рәсімдер қолданылатын конкурс мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адам не оның міндетін атқаратын адам шешімімен конкурстық комиссия бекітіледі, конкурстық комиссияның хатшысы анықталады;
2) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кемінде екі әлеуетті өнім берушіге жазбаша шақыру жіберіледі. Конкурстық құжаттама конкурстық өтінімді берудің маңызды талаптары мен нысандары көрсетілген шарт жобасымен қоса, сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті лауазымды адам қол қойған жазбаша сұрау салу түрінде ресімделеді. Сұрау салу мынадай:
мемлекеттік сатып алу үшін бөлінген сомаларды көрсете отырып, өткізілетін мемлекеттік сатып алу мәні болып табылатын тауарлардың саны туралы, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы;
сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің (техникалық талаптарын көрсете отырып), қысқаша сипаттамасы;
тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету орны;
тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің талап етілетін мерзімдері;
әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерді ұсынуды бастау және аяқтау мерзімі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
Әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар сұратылмайды;
3) сатып алуды ұйымдастырушының сұрау салуында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін ұсынылған конкурстық өтінімдер олардың ұсынылуына қарай хронологиялық тәртіппен конкурстық өтінімдері бар конверттерді тіркеу журналына енгізуге жатады;
4) әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсыну аяқталған күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей ашады және конкурстық баға ұсыныстарын салыстырады да ең төмен конкурстық баға ұсынысын ұсынған әлеуетті өнім берушіні жеңімпаз етіп анықтайды.
Егер ең төмен конкурстық баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынса, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан бұрын келіп түскен әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады;
5) әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімі, егер:
ол осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асатын болса;
әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасының талаптарымен келіспесе не өзгертуді және (немесе) маңызды талаптармен толықтыруды ұсынса;
әлеуетті өнім беруші біреуден артық конкурстық баға ұсынысын ұсынса, кері қайтаруға жатады.
Конкурстық өтінімдерді өзге негіздемелер бойынша кері қайтаруға жол берілмейді;
6) конкурстың қорытындылары туралы шешім мынадай:
тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атаулары, олардың почталық мекен-жайы;
өткізілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;
конкурстық өтінімдерін конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін ұсынған әлеуетті өнім берушілердің толық атаулары, олардың тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мәлімделген бағалары;
кері қайтару себептерін негіздей отырып, кері қайтарылған конкурстық өтінімдер туралы;
конкурс жеңімпазы туралы мәліметтер көрсетіле отырып, жазбаша түрде ресімделеді;
7) конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сатып алуды ұйымдастырушы хабарлама жіберу жолымен конкурстық өтінімдерін ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілерді конкурстың қорытындылары туралы хабардар етуі тиіс.
257. Осы тарауда реттелмеген жағдайларда тапсырыс берушілер, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар мен конкурстық комиссияның мүшелері Заңды және осы Ережені басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 258- 260-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде көзделген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды және амбулаториялық, дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асырудың ерекше тәртібі
Дәрілік заттарды сатып алудың ерекшеліктері
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен кіші бөлімі мен 261- 272-тармақтар алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі
көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру
және өткізу ерекшеліктері
Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін
қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
273. Іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде міндетті түрде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі - МҒТС) жүргізілетін, олар үшін Заңда сатып алуды жүзеге асырудың басқа тәсілі көзделмеген мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылуға тиіс.
274. Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ осындай зерттеулер жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурстың ерекше тәртібі, жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың конкурсын өткізу, мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу және МҒТС өлшемдері мен параметрлеріне сәйкес келуін бағалау негізінде ғылыми бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдау қажеттілігінен тұрады.
275. Ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ нормативтік-техникалық құжаттама әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жекелеген ғылыми-техникалық бағдарламалардың және (немесе) жобалардың конкурсы негізінде өткізуге болады.
276. МҒТС талаптарына сәйкес конкурстық өтінімдерді бағалау талаптары мен өлшемдерін белгіленген тәртіппен тапсырыс беруші анықтайды және конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын Нұсқаулықта көрсетіледі.
277. Мемлекеттік сатып алу бойынша іс-шаралар тізбесін тапсырыс беруші Заңның 29-бабының негізінде және «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 8-тармағына сәйкес анықтайды.
278. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді әлеуетті өнім беруші әрбір бағдарлама, жоба (лот) бойынша ресімдейді және бағдарламалар мен жобаларды іске асыру кезінде ұсыныстың ғылыми-техникалық тиімділігін, әлеуметтік, экологиялық және басқа да салдарын және зерттеулердің нәтижелерін сараптамалық бағалау үшін қажетті және жеткілікті ақпаратты, сондай-ақ қабылданған міндеттемелерді орындау үшін кәсіби білімдердің, тәжірибенің, беделдің, қажетті қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстарының болуын растайтын құжаттарды қамтуға тиіс.
279. Конкурстық құжаттаманы Заңның 17-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әзірлейді және МҒТС бағдарламалары мен жобаларын бағалау талаптары мен өлшемдерін қамтуға тиіс.
280. Бастапқы конкурстық өтінімдерді ашу және түпкілікті қабылдау мерзімін тапсырыс беруші Заңның 18-бабының 1-тармағына сәйкес белгілейді.
281. Әлеуетті өнім беруші дайындаған және ұсынатын конкурстық өтінім мынадай құжаттарды қамтуға тиіс:
1) конкурстық құжаттамаға сәйкес толтырылған конкурсқа қатысуға өтінім;
2) әлеуетті өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін қажетті біліктілікті меңгергендігін куәландыратын құжаттамалық дәлелдер;
3) сатып алынатын қызметтердің техникалық, сапалық және өзге сипаттамаларына қатысты ұсыныстар және оларды көрсету шарттары;
4) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар.
282. Бастапқыда конкурстық құжаттама әлеуетті өнім берушілердің Заңның 8-бабында санамаланған біліктілік талаптарға және конкурстық өтінімдердің техникалық ерекшелігі мен бағаларының талаптарына сәйкестігін қоспағанда, конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемдерге сәйкестігін қарайды.
283. Конкурстық өтінімдерді ашу кезінде конкурстық комиссия конкурстық өтінімді егер:
1) оны ұсынған әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап бермесе, қайтарады.
284. Ашу нәтижелері осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес тиісті жеке хаттамамен ресімделеді.
285. Ашу нәтижелері бойынша Заңның 8-бабының талаптарына және конкурстық құжаттамада көрсетілген өлшемдерге сәйкес келеді деп танылған конкурстық өтінімдерді конкурстық комиссия ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамаға жібереді.
286. Қажет болған жағдайда бағдарламалар және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің жобалары арнайы (экологиялық және/немесе басқа) сараптамаға жіберілуі мүмкін.
287. МҒТС ұсынымы бойынша конкурстық комиссия конкурстық өтінімнің және бағдарлама жобасының (жобаның) техникалық ерекшелікке сәйкестігі мәселесін қарайды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға арнап бөлінген қаржыландыру көлемінің шеңберінде қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын ескере отырып бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.
288. Салыстыру және салыстырып тексеру мақсатындағы бағадан басқа, конкурстық өтінімдерді бағалау мынадай өлшемдерді қамтуы тиіс:
1) жобаның конкурс жарияланған бағдарламаның негізгі бағыттарына сәйкес келуі;
2) жоспарланатын жұмыстардың жаңашылдығы, ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті, перспективалығы, кешенділігі, отандық және шетелдік ұқсастармен салыстырғанда күтілетін нәтижелердің басымдығы;
3) жобаның іске асыруға дайындық деңгейі, технологиялық іске асырымдылығы, ғылыми-техникалық бөлімінің болуы;
4) жұмыстарды іске жүргізудің экономикалық тиімділігі мен орындылығы;
5) қойылған міндетті орындау үшін орындаушылар ұжымының жеткілікті біліктілігі мен оның тәжірибесі (кадр құрамы, ғылыми-өндірістік әлеует);
6) қойылған міндетті орындаудың ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
7) сұрау салынатын қаржыландырудың негізділігі.
289. Ерекше тәртіпті қолдана отырып ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру бойынша конкурсты өткізу кезінде конкурстық өтінімнің қолдану мерзімі конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашқан күнінен бастап кемінде 75 күнтізбелік күнде белгіленеді.
290. Конкурстық комиссия жұмысының қорытындылары ғылыми зерттеулерді жүргізу жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес осы зерттеулерді жүргізу үшін қажетті нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша конкурс қорытындылары туралы хаттама нысанында шешіммен ресімделеді.
291. Ғылыми ұйымдар ғылыми қызмет ерекшелігіне орай конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуден босатылады.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаға жеке меншік
құқығында тиесілі тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
292. Хабарландыру жарияланған және тапсырыс берушінің интернет-ресурсында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының тұрғын үйді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірмейтін мерзімде әлеуетті өнім берушілер конверттерге салынған мынадай құжаттарды беруге тиіс:
1) жеке тұлға үшін жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
2) СТН (ЖСН) көшірмесі;
3) тұрғын үйге құқығын белгілейтін құжаттар.
293. Конверттерді тіркеу осы Ережеге сәйкес жүргізіледі. Конверттерді конкурстық комиссия белгіленген мерзімде келген өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.
294. Құжаттарды қарау әлеуетті өнім берушілердің және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілер құжаттарды қарау барысында өз баға ұсыныстарын азайта алады.
Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді
өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібі
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 295-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
295. Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу, егер көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық көлемі құндық шамада тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген төрт мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын жағдайларда жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 296-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
296. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, жиналыстарды, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 297-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
297. Көрмелерді, семинарларды, конференцияларды, кеңестерді, форумдарды, симпозиумдарды, тренингтерді өткізу үшін тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу біліктілік талаптарын белгілейтін нормаларды қоспағанда, Заңға және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 298-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
298. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Заңмен және осы Ережемен көзделген конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама рәсімдеріне қосымша басқа бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлама мәтінін жариялауға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 299-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
299. Көрмелер өткізу үшін тауарларды, көрсететін қызметтерді мемлекеттік сатып алу екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен жүзеге асырылады, ол мынадай дәйекті кезеңдер жиынтығын білдіреді:
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны анықтауы;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының сараптау комиссиясын құруы не сарапшыны анықтауы;
тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастыруы;
Заңда және осы Ережеде көзделген екі кезеңді рәсімдерді пайдаланатын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырманы ұсынуы;
сараптау комиссиясының не жұмыс сызбалары жобасы мен тұжырымдамалар сарапшысының әлеуетті өнім берушілердің көрмені өткізуді ұйымдастыру және сатып алынатын тауарлардың техникалық, сапалық және (немесе) басқа да сипаттарына қатысты мәселелерді олармен талдау үшін оларды көрсетуді келісу шарттарын қарауы;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігін әзірлеуі;
мемлекеттік сатып алуды әзірлеушінің қонкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бекітуі;
мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы көрмені өткізуді ұйымдастыру үшін бірінші кезеңде жұмыс сызбалары мен тұжырымдамаларды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңгі рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыруды жіберуі;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар екінші кезеңде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 300-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
300. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңгі рәсімдерді пайдаланумен конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін Заңның 18-бабы 1) және 2) тармақшаларына сәйкес көрмені өткізу үшін осындай мемлекеттік сатып алу туралы хабарламаны алған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрме өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар:
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді;
тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаның білімсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына құқық берілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін;
Үлгі конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес біліктілік туралы мәліметтерді;
көрме өткізуді ұйымдастыру үшін жұмыс сызбалары мен тұжырымдаманың жобаларын;
көрмені өткізуді ұйымдастыру жөнінде жұмыс тәжірибесін көрсете отырып ұсыным хаттарды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 301-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
301. Әлеуетті өнім берушілер тауарларды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдаланумен конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін көрмені өткізу үшін конкурстың бірінші кезеңінің қорытындысын жасаған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) заңды тұлғалар:
әлеуетті өнім беруші ұсынған, Үлгі конкурстық құжаттамаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген және әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындарын қамтитын бағаны;