Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 16 қаңтардағы № 45 қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегi Орман кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2004 жылғы 16 қаңтардағы
№ 45 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу
ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман орналастыруды жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртібін регламенттейдi.
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілеттi орган) қарауындағы мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары орындайды.
3. Мемлекеттік орман иелiктерi үшiн әзiрленетiн орман орналастыру жобалары өткен тексеру кезеңiнде орман шаруашылығын жүргiзудiң және мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешендi бағасын және алдағы тексеру кезеңiне орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргiзудiң негiзгi қағидаларын қамтиды.
2. Орман орналастыруды жүргiзу шарттары мен тәртібі
4. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен бiрыңғай жүйе бойынша орындалады.
5. Мемлекеттік орман қорында орман орналастыру жыл сайын белгіленген тексеру кезеңiнiң ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттік орман иеленушілердiң орман орналастыру жобаларының уақтылы жаңартылып тұруын қамтамасыз ететiн көлемде жүргiзіледi.
6. Орман орналастыру кезiнде Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 55-бабында көзделген орман орналастыру iс-әрекеттерi, сондай-ақ мынадай шаралар:
1) табиғи-климаттық, орман өсiмдiктерi мен орман экономикалық шарттардың ерекшелiктерiн қорытындылайтын, орман шаруашылығын жүргiзу қағидаттарын, орман бағалаудың нормативтiк-анықтамалық материалдарын iрiктеп алып, орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау ерекшелiктерiн негiздейтiн құжат - облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман шаруашылығын жүргiзудiң негiзгi ережелерiн әзiрлеу;
Көрсетілген құжат дайындық жұмыстары жүргiзілетiн жылы әзiрленедi және уәкiлетті орган бекiткеннен кейiн тиiсті облыс (өңiр), Астана қаласы немесе республикалық маңызы бар қалалар аумағында орман орналастыруды жүргiзу және орман орналастыру жобаларын әзiрлеу кезiнде нормативтiк кесiм болып табылады;
2) облыс (өңiр), Астана қаласы және республикалық маңызы бар қалалар бойынша орман орналастырудың жиынтық материалдарын құрастыру, орман қорының тиiсті тақырыптық карталарын дайындау, орман мониторингiнiң ақпараттық базасын құру;
3) дистанциялық зондтау материалдарын, компьютерлiк технологияларды пайдалану, геоақпараттық жүйелердi енгізу негiзiнде орман ресурстарын есепке алудың жаңа технологиялары мен әдiстерiн әзiрлеу;
4) мемлекеттік орман иелену аумағындағы дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат ресурстарын анықтау;
5) мемлекеттік орман кадастры мен ормандар мониторингiн жүргiзу үшiн материалдар әзiрлеу жүзеге асырылады.
7. Орман орналастыруға тиiс объектiде орман орналастыру жұмыстары үш жыл бойы жүргiзiледi және мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) әзiрлiк кезеңi (1-жыл) - жұмыстар далалық орман орналастыру жұмыстарының алдындағы жылы жүргiзiледi, бұл ретте ұйымдық-техникалық сипаттағы мәселелер шешіледi және орман орналастырылуы тиiс аумақтардың аэрофотосуретке түсiрiлуi жүргiзіледi;
2) далалық кезең (2-жыл) - орман орналастырудың жердегі және дистанциялық әдiстерi қолданылып, орман орналастыру объектiсiнде мемлекеттік орман қорын түгендеу жүргiзiледi;
3) камеральдық кезең (3-жыл) - далалық кезеңде алынған ақпаратты камеральдық өңдеу жүргiзіледi, уәкілетті орган бекiткен нысан мен құрылым бойынша орман орналастыру жобасы әзiрленедi.
8. Орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде аэрофотосуретке түсiру материалдары техникалық негiз болып табылады.
Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргiзу кезiнде пайдаланылатын аэрофотосуреттер деректерiнiң ескілігi 3 жылдан аспауға тиiс. Ескілiгi 3 жылдан асатын аэрофотосуреттердi пайдалануға уәкiлетті органның рұқсатымен ғана жол беріледi.
9. Орман орналастыру жобасы әзiрленетiн тексеру кезеңiнiң ұзақтығы орман шаруашылығын жүргiзудiң қарқындылығына, сондай-ақ мемлекеттік орман иеленушілерiне жүктелген мiндеттерге байланысты және оны уәкiлетті орган орман орналастырудың бiрыңғай жүйесiнiң құрамында белгiленедi.
10. Мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен мемлекеттік орман иелiктерiнiң орман орналастыру жобалары оларды уәкілетті орган бекiткеннен кейiн орман шаруашылығын жүргiзу оның ағымдағы және перспективалы жоспарлануы үшiн мiндеттi нормативтiк кесiмдер болып табылады.
Орман орналастыру жобалары орман орналастыру жұмыстары аяқталған жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзіледi.
Орман орналастыруды жүргiзбейiнше және орман орналастыру құжаттамасы болмайынша мемлекеттік орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға тыйым салынады.
11. Тексеру кезеңi аяқталған және орман орналастырудың жаңа жобасы күшiне енбеген жағдайда мемлекеттік орман иелiгiнiң аумағында:
1) өртке қарсы iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде орындалады;
2) орманды санитарлық мақсатта кесудi қоса алғанда орман қорғау шаралары мемлекеттік орман иеленушiлер немесе осы салада мамандандырылатын ұйымдар жүргiзетiн орман-патологиялық зерттеулердiң материалдары бойынша айқындалатын көлемде ормандардың санитарлық жай-күйiне байланысты орындалады;
3) ормандарды молықтыру және орман өсiру жөніндегі iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына, ең алдымен ағаш кесілiмдерi мен өртеңдерге белгіленген көлемде орман дақылдары қорының бар-жоғына байланысты орындалады;
4) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу оны тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде жүргiзудi қажет ететiн, екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды екпелерден аластатуды талап ететiн екпелердiң бар-жоғына байланысты орындалады;
5) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу уәкілеттi орган бекiткен сүректi түбiрiмен босатудың жыл сайынғы мөлшерiнде есептi кеспеағашта орман орналастыру жобасы белгiлеген шекте жүргiзіледi, бұл ретте жыл iшiнде есептi кеспеағашқа Қазақстан Республикасының орман заңнамасы белгiлеген тәртiппен түзету жүргiзіледi;
6) осы Ереженiң 11-тармағының 2), 4), 5) тармақшаларында көрсетілмеген орман пайдаланудың қалған түрлерi орман орналастыру жобасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылуы мүмкiн.