Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандартымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі-уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі-Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының негізінде жүзеге асырылады.
4. «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz «Ақпарат мәліметтер» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (филиалдары мен өкілдіктерді) мемлекеттік тіркеу» бөлімінде орналастырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында www.minjust.kz және тізбесі осы стандарттың 1-қосымшасын көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қағаз немесе электронды тасымалдағыштарда:
1) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы;
2) заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің бар болуы туралы;
3) заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы;
4) жеке тұлғаның заңды тұлғаларда, филиалдар мен өкілдіктерде қатысуы туралы анықтама беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет барлық жеке және заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі-тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген қажетті құжаттарды тапсырған және қолхат алған сәттен бастап:
бірінші жұмыс күні ішінде (құжатты қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
электрондық сұрау түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
2) мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 15 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Уәкілетті органда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс уақытымен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет көрсету күн сайын дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтың филиалдары мен өкілдіктерінде үшін бір сағаттық түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Электрондық өтінішті қабылдау «Электрондық үкімет» порталында: www.e.gov.kz «Электрондық қызметтер» бетінде уәкілетті органның жұмыс кестесі бойынша жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызметті орталықтың анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасалған ғимаратында көрсетеді.
Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жасау, Орталықта жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында шағымдар мен ұсыныстар журналы жүргізілді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушылар мемлекеттік қызметті алу үшін:
1) ұсынылатын ақпарат түрі көрсетілген белгіленген нысандағы өтініш, тұтынушының деректері (тегі, аты, жөні, төлқұжат мәліметтері (жеке куәлік мәліметтері), ал жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда - жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы мен деректемелері, болған жағдайда бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН);
2) жеке басты куәландыратын құжатты ұсынады.
Тұтынушы «Электронды үкімет» порталы арқылы электронды түрде жүгінген жағдайда өтініш сауалды жіберген тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасымен куәландырылады.
12. Мемлекеттік қызметтерді алуға өтініш Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекіткен нысан бойынша толтырылады.
Өтініштің бекітілген нысаны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсы www.minjust.kz «Ақпарат мәліметтер» бөлімінде бұдан әрі «Заңды тұлғаларды (олардың филиалдары мен өкілдіктерін) мемлекеттік тіркеу» одан әрі «Өтініш үлгілері» бөлімдерінде орналастырылған.
Бланкілері күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе консультанттарда болады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенің» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі. Орталықтардың мекенжайлары осы стандарттың 1- қосымшасында көрсетілген.
Электрондық өтінішті қабылдау «Электрондық үкімет» порталында: www.e.gov.kz «Электрондық қызметтер» беті арқылы жүзеге асырылады.
14. Тұтынушыға мынадай мәліметтері бар нысан бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұратылып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Тұтынушының электронды мекенжайына мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама есеп беріледі.
15. Электронды түрде өтініш келіп түскен жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін тұтынушы өзі келу тәртібімен қабылдайды.
Тұтынушыға анықтама беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметті электронды түрде көрсету нәтижесі «Электронды үкімет» порталында: www.e.gov.kz «Электронды қызметтер» беттерінде қабылданады.
16. Уәкілетті органдар осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық берілмеген және олар тиісінше ресімделмеген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қызмет көрсетудің белгіленген мерзімі ішінде Орталыққа кейіннен тұтынушыға беру үшін бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органдар мен Орталықтар басшылыққа алатын жұмыстардың негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) әдептілік;
3) азаматтардың құқықтарының сақталуы және қорғалуы, бостандығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
4) көрсеткен мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
5) мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы және уақытында орындау;
6) тұтынушының құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы;
7) тұтынушының уақытында ала алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын «Заңды тұлғалар» мемлекеттік дерек қорынан анықтама беру» мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібі түсіндірілуі үшін тұтынушы осы стандартқа 1-қосымшада телефондары көрсетілген Орталық басшысына жүгінеді.
21. Орталық көрсеткен мемлекеттік қызметтердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
Уәкілетті органдар көрсеткен қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Комитет Төрағасының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша немесе электронды нысанда (krs.opp@minjust.kz) пошта арқылы немесе қолмен жеткізу арқылы мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 13-кіреберіс, 1021 кабинет, кеңсе телефоны 8 (7172) 740768, Комитет Төрағасының қабылдау телефоны 8 (7172) 740276, Комитет Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарының телефоны 8 (7172) 740229.
22. Мемлекеттік қызметті уәкілетті органдар тікелей ұсынады.
Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым беру тәртібі осы стандарттың 21-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес келеді.
23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Шағым беру кезінде мемлекеттік құпияларды немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды қоспағанда, тұтынушылар шағымды қарауға қажетті маңызы бар құжаттары мен басқа да материалдарын қоса ұсынады.
25. Қолмен алып келген және пошта арқылы түскен шағымдарды қабылдаудың растамасы оның уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналында тіркелуі (шағымның немесе шағымға ілеспе хаттың екінші данасына мөртабан, кіріс және шығыс тіркеу нөмірі мен күні қойылады) болып табылады.
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымды қараудың нәтижелері туралы тұтынушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Заңды тұлғалар»
мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекенжайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5§ |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | (87162) 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | (87132) 56-24-53 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | (87282) 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | (87122) 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | (87232) 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | (87232) 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | (87112) 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | (7212) 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | (87142) 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | (87242) 23-07-51 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | (87292) 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | (87182) 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | (87152) 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | (87252) 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | (8727) 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | (8727) 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | (8727) 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9а | (8727) 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | (8727) 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | (8727) 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9-үй | (8727) 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | (87172) 61-84-03 | 61-84-03 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Субханбердин көшесі, 2-үй | (87172) 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | (87172) 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | (87172) 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27 | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | (87172) 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Заңды тұлғалар»
мемлекеттік деректер қорынан анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |