Осы редакция 2012 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған
тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2011.28.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары бұдан әрі - уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (одан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орнатылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымайтын объектілер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді хабарламасын беру болып табылады.
6. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес сот, құқық қорғау органдарының және басқа мемлекеттік органдардың дәлелді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге адамдарға көрсетілген ақпарат құқық иесінің келісімі бойынша беріледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру) 30 минуттан аспайды.
мемлекеттік қызмет алу үшін электронды сұрау салулар қарастырылмаған;
2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісіндегі құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелері бір жұмыс күні ішінде беріледі (құжаттарды қабылдаған және берген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Уәкілетті органда демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін оның жұмысын қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау, күн сайын, еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, дүйсебіден бастап сенбіні қоса алғанда, Орталықтың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін жүзеге асырылады. Орталықтардың филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттар бір сағаттық түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 19.00-ге дейін қабылданады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
10. Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналастырылады. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібi
11. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушылар мыналарды:
1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы сұрау салуды;
2) жеке басын куәландыратын құжатын;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатын ұсынады.
Құқық қорғау, сот және атқарушы органдар өз құзыретіне сәйкес өтініш жасаған жағдайларда және нормативтік құқықтық актілерде көзделген басқа да жағдайларда сұрау салуда талап етілген ақпараттың негіздемесі, сондай-ақ сұралатын ақпараттың пайдаланылу мақсаты (арналуы) көрсетіледі.
12. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не Орталықтың консультанттарында болады.
13. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
14. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні, уақыты және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
15. Дайын құжаттарды тұтынушыға беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы күн сайын мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырады.
16. Уәкілетті орган жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беруден мынадай жағдайларда:
1) тиісті емес тұлға жүгінгенде;
2) осы стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар толық ұсынылмағанда;
3) құжаттар тиісті түрде рәсімделмегенде бас тартады.
Қызмет көрсетудің бекітілген мерзімінде уәкілетті орган кейіннен тұтынушыға ұсыну үшін Орталыққа бас тартудың себебін көрсетіп хабарлама жолдайды.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен уәкілетті органдардың жұмыстары бағаланатын «Жылжымайтын мүлік объектілері жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру» мемлекеттік қызметтерінің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіліп отырады.
5. Шағымдану тәртібі
20. Орталық инспекторларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіру және өтініштерді дайындауға жәрдемдесу үшін тұтынушы осы стандарттың 2-қосымшасында телефондары көрсетілген Орталық басшыларына жүгінеді.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының телефондары мен мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін беріледі.
22. Орталық қызметкерлері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Орталық басшысының немесе қарамағына Орталық кіретін Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетіне беріледі. Орталықтардың басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген, Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы мен телефоны осы стандарттың 26-тармағында көрсетілген.
23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңда көрсетілген жағдайда шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда пошта немесе электронды түрде (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электронды мекен-жайына: krs.opp@minjust.kz) не осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қажет жағдайда тұтынушылар шағымға уәкілетті органдар ұсынған мемлекеттік қызметтердің сапасыздығын және Орталық қызметкерлерінің дөрекі қызмет көрсеткенін растайтын құжаттарын қоса береді.
25. Шағымдардың пошта және қолма-қол қабылданғанын растау оларды Орталық немесе уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалар өтінішін журналға тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу мерзімі қойылады).
Тұтынушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Шағымның қаралу нәтижесі туралы тұтынушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.
26. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, № 276 кабинет, телефоны: 74-03-27, интернет-ресурс: http://mci.gov.kz/main/.
«Жылжымайтын мүлік объектілері
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тіркеу органы куәландырған тіркеу
ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Уәкілетті органдардың тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Уәкілетті органның орналасқан мекенжайы | Бөлімнің телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының Әділет департаменті | Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 37-үй | (87162) 41-21-65 | 25-09-39 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының Әділет департаменті | Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы, 51 «а» үй | (87132) 56-30-16 | 55-09-59 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының Әділет департаменті | Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі, 69 «а» үй | (87282) 24-43-47 | 21-08-15 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының Әділет департаменті | Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 «а» үй | (87122) 46-53-15 46-53-12 | 35-75-38 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 6-үй | (87232) 55-59-26 | 22-19-83 қабылдау бөлмесі |
6 | Жамбыл облысының Әділет департаменті | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 43-67-17 | 43-05-05 қабылдау бөлмесі |
7 | Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті | Орал қаласы, Достық көшесі, 208-үй | (87112) 50-82-91 | 51-80-43 қабылдау бөлмесі |
8 | Қарағанды облысының Әділет департаменті | Қарағанды қаласы, Прогресс көшесі, 1-үй | (87212) 56-64-12 | 42-05-33 қабылдау бөлмесі |
9 | Қостанай облысының Әділет департаменті | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 38-үй | (87142) 50-65-40 | 54-82-23 қабылдау бөлмесі |
10 | Қызылорда облысының Әділет департаменті | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29-үй | (87242) 23-03-57 | 26-24-03 қабылдау бөлмесі |
11 | Маңғыстау облысының Әділет департаменті | Ақтау қаласы, 2 шағын ауданы, 8-үй | (87292) 50-32-20 | 42-05-70 қабылдау бөлмесі |
12 | Павлодар облысының Әділет департаменті | Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 18-үй | (87182) 32-43-02 | 32-32-58 қабылдау бөлмесі |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Петропавл қаласы, Конституция көшесі, 72-үй | (87152) 33-27-53 | 33-23-80 қабылдау бөлмесі |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті | Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 16-үй | (87252) 23-31-70 | 23-23-76 қабылдау бөлмесі |
15 | Алматы қаласының Әділет департаменті | Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 287-үй | (8727) 392-16-16 | 392-25-75 қабылдау бөлмесі |
16 | Астана қаласының Әділет департаменті | Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 15-үй | (87172) 48-88-36 | 39-12-13 қабылдау бөлмесі |
«Жылжымайтын мүлік объектілері
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тіркеу органы куәландырған тіркеу
ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарының
тізімі мен мекенжайлары
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасқан мекенжайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | (87162) 25-77-16 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | (87132) 56-24-53 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | (87282) 24-31-10 | 24-41-33 қабылдау бөлмесі |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | (87122) 28-31-14 28-40-06 | 28-40-14 қабылдау бөлмесі |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚКО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | (87232) 22-48-03 | 28-94-67 қабылдау бөлмесі |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚКО | Семей қаласы, 408 квартал, 21-үй | (87232) 33-57-97 | 33-55-93 қабылдау бөлмесі |
7 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | (87262) 51-44-79 | 43-84-14 қабылдау бөлмесі |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | (87112) 28-13-12 | 23-68-81 қабылдау бөлмесі |
9 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | (7212) 41-63-03 | 41-63-10 қабылдау бөлмесі |
10 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | (87142) 53-26-00 21-13-11 | 54-10-20 қабылдау бөлмесі |
11 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | (87242) 23-07-51 | 23-08-46 қабылдау бөлмесі |
12 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау қаласы, 15 шағын аудан, 67 «б» үй | (87292) 42-23-19 | 42-23-12 қабылдау бөлмесі |
13 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | (87182) 33-47-54 33-47-48 | 33-47-35 қабылдау бөлмесі |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | (87152) 42-69-50 | 33-31-03 қабылдау бөлмесі |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | (87252) 21-48-96 | 30-06-79 қабылдау бөлмесі |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | (8727) 378-09-10 | 378-09-09 қабылдау бөлмесі |
17 | Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 24-үй | (8727) 377-19-80 | 377-19-80 қабылдау бөлмесі |
18 | Алматы қаласы Әуезов ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Бөкеев көшесі, 128-үй | (8727) 317-82-29 | 256-08-69 қабылдау бөлмесі |
19 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Алмагүл шағын ауданы, 9а | (8727) 293-41-14 | 248-17-77 қабылдау бөлмесі |
20 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | (8727) 378-46-72 | 390-18-07 қабылдау бөлмесі |
21 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | (8727) 239-65-53 239-65-47 | 239-65-52 қабылдау бөлмесі |
22 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚКО | Алматы қаласы, Рихард Зорге көшесі, 9-үй | (8727) 234-09-27 | 234-09-35 қабылдау бөлмесі |
23 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 25-үй | (87172) 61-84-03 | 61-84-03 қабылдау бөлмесі |
24 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы, Субханбердин көшесі, 2-үй | (87172) 23-23-62 | 23-23-62 қабылдау бөлмесі |
25 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 47-үй | (87172) 32-42-79 | 32-40-95 қабылдау бөлмесі |
26 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қаласы Сүйінбай ақын көшесі, 85-үй | (87172) 37-74-34 | 37-74-34 қабылдау бөлмесі |
27 | Астана қаласы Есіл ауданының ХҚКО | Астана қаласы, Сауран көшесі, 7-үй | (87172) 50-13-69 | 50-13-72 қабылдау бөлмесі |
«Жылжымайтын мүлік объектілері
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тіркеу органы куәландырған тіркеу
ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)
Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықты)
мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға
№_________Сауал
Мен,_________________________________________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә., паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері) және жеке тұлғаның тұратын жері,
______________________________________________________________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
______________________________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________________ негізінде
(өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
_____________________________________________________________________________________________________ атынан әрекет етуші
(уәкілетті өкіл толтырылады)
Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы;
жылжымайтын мүліктің меншік иесінің (құқық иесі) туралы мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша;
жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.
Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі _____________________________________________________________________________________
Объектінің тұрған жері __________________________________________________________________________________________________
Мына құжаттарды қоса беремін:
______________________________________________________________________________________________________________________
Күні____________,____________________________________________________________________________________/_________________
(өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
______________________________________________________________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі: _________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________
тексерілді: күні_____________20__ж.
______________________________________________________________________________________________________________________
(маманның Т.А.Ә. және қолы)
«Жылжымайтын мүлік объектілері
жоспарын (схемасын) қоса алғанда,
тіркеу органы куәландырған тіркеу
ісі құжаттарының көшірмелерін беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және тиімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |