3) мемлекеттік органның және ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
129. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілердің тармақтары;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;
4) Үкіметке немесе оның басшылығына берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмалары; -5.
5) «Бақылауға алынды» деген мөртабан, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныстар енгізілсін» деген белгілер болған кезде Президенттің қызметтік не өзге де құжаттар бойынша Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына берілген тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары, сондай-ақ мазмұнынан бақылауға қою туындайтын тапсырмалар;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Премьер-Министрдің өкімдері, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы және Кеңсе Басшысындағы кеңестер;
7) «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілер бар орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесінің атына, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тапсырмалары;
8) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері;
9) прокурорлық қадағалау актілері.
130. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
1) халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша актілер мен тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
131. Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімі олар мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
132. Президент актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар қажет болғанда оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 132-1-тармақпен толықтырылды
132-1. Үкімет орындаушысы болып табылатын Қазақстан Республикасы Президентінің хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау кезінде Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыттар бойынша тиісті орынбасарының жетекшілігі көзделеді.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 133-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
133. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға:
1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға - тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері барлары - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттар форматында Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы жібереді.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 134-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
134. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Президенттің Үкіметке және (немесе) Премьер-Министр Кеңсесіне арналған актілерін және/немесе тапсырмаларын бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.
135. Егер Үкімет тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, бірлесіп орындаушылар орындау мерзімінің бұзылғанына жауапты болады.
136. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімін ұзартуды тек Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
137. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарлары бар Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшысының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, мемлекеттік органдардың атына Президент және (немесе) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
138. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі мәжіліс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпестен, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
Егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал «өте шұғыл» деген белгі болған кезде -үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгі болғанда он жұмыс күні ішінде орындалады.
Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше он жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкімет пен Премьер-Министрдің актілеріндегі, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізіледі.
Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, онда тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей нақты орындалу мерзімін, әзірлеуші мемлекеттік органның нақты жауапты мемлекеттік саяси қызметшілерін, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып, орындалу мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттігін дәлелдеп негіздеуі тиіс.
Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдар орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» белгісі қойылған орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келіскеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
Актілер және (немесе) тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
139. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар немесе ұйымдар тоқсан сайын Премьер-Министр Кеңсесіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың екінші күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімінің бұзылуына немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.
140. Бақылаудан алу не орындау мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Президенттің тапсырмалары (жеке тапсырмалары), оның ішінде Президент актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша;
2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген адамның қарары бойынша;
3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер- Министрдің немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде олар өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар бойынша - Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы адамның қарары бойынша жүзеге асырылады.
141. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері бойынша - тапсырманың нөміріне, күні мен нақты тармағына, оның мазмұнына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде осындай тәртіп қамтамасыз етіледі - егер тапсырма болмаса, жоба бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
142. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептермен тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) нақты орындау мерзімін міндетті түрде көрсете отырып, не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы өтініш;
3) егер тапсырма толық көлемде және сапалы орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
4) егер тиісті актіде немесе тапсырмада мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы есепті ақпарат Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларьшың орындалуынбақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінің 50-тармағында белгіленген нысандағы мәліметтерді қамтуға тиіс.
143. Іс-шаралар жоспарларының және Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысы тапсырмаларының, оның ішінде хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін:
1) тапсырманың толық және сапалы орындалуы;
2) Үкіметтің тиісті қаулысының немесе Премьер-Министр өкімінің не өзге нормативтік құдықтық актінің қабылдануы;
3) мемлекеттік органдардың ақпарат (есептер) енгізуі;
4) туындаған объективті жағдайлар себебінен орындаудың мүмкін еместігі негіз болады.
Бұл ретте Кеңсенің тұтастай құжатты немесе оның жекелеген тармақтарын бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелері есептің орындалу толықтығы мен сапасы мәніне талдау жүргізеді және Үкіметтің немесе Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының тиісті анықтамасын және (немесе) қарарын дайындайды. Есептерге талдау жүргізу мерзімі олар Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
144. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, окың ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
145. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін (екі және одан көп) ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (олардың өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.
146. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Премьер-Министр Кеңсесінде бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
147. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері Президенттің жэне Әкімшілік басшылығының тапсырмаларын орындау жөніндегі жауаптардың жобаларын Президент Әкімшілігінің жауапты орындаушыларымен алдын ала жұмыс тәртібімен келіседі.
148. Президент Әкімшілігіне әзірлеуші мемлекеттік орган жіберетін ақпарат Президент актісінде белгіленген актілер мен тапсырмалардың, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Жазылған мэліметтердің дұрыстығы үшін әзірлеуші мемлекеттік органның бірінші басшысы жауапкершілікте болады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 148-1-тармақпен толықтырылды
148-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке және тікелей тапсырмаларын орындау жөніндегі есептік ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндеттерін орындайтын тұлға) немесе Премьер-Министрдің осы тапсырмаларды орындау тапсырылған орынбасары қол қойылады.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 148-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 148-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
148-2. Үкімет немесе Кеңсе Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасының Президенті актілері мен тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы жіберетін есеп беру ақпаратқа Премьер-Министр (оның міндетін атрқарушы тұлға) не Премьер-Министрдің жетекшілік ететін бағыт (мәселе) бойынша орынбасары немесе Кеңсе Басшысы қол қояды. Құқықтық сипаттағы мәселелер болған кезде, есеп беру ақпараты алдын ала Кеңсе Басшысының (құқықтық мәселелерге жетекшілік ететін) орынбасарымен алдын ала келісіледі.
149. Нормативтік құқықтық жарлықтардың әзірлеушісі болып табылатын мемлекеттік органдар тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және артыжылдықтың соңғы айының отызыншы күніне дейінгі мерзімде Президент Әкімшілігіне мониторинг нәтижелері туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда тиісті жарлықтарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу не олардың күші жойылды деп тану туралы ұсыныстар жібереді.
150. Кеңсе Басшысы Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр, оның орынбасарлары мен Кеңсе Басшысы тапсырмаларының орындалу мәніне тексеру жүргізуге тапсырма беруге құқылы.
151. Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары осы Регламент талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен регламент 11-тараумен толықтырылды
11. Меморандумдар дайындау және бекіту
152. Үкімет қаулысымен бекітілетін мемлекеттік органның стратегиялық жоспары негізінде әрбір мемлекеттік орган мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қоятын және Премьер-Министр бекітетін тиісті қаржы жылына арналған меморандум әзірлейді.
153. Меморандум мемлекеттік органның бірінші басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында көзделген түйінді нысаналы индикаторлар мен міндеттер көрсеткіштеріне басым тәртіппен қол жеткізуді қамтамасыз ету ниетін растайтын құжат болып табылады.
Меморандумды қалыптастыру кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанында өткен жыл меморандумының түйінді нысаналы индикаторлары мен міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды ескере отырып жүзеге асырылады.
154. Меморандумдарды қарауды, бекітуге дайындауды және бағалауды Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері құзыреттері бойынша жүзеге асырады.
Меморандумдарды әзірлеу, мазмұны мен бағалау тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2011.27.05. № 590 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
_______________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/ с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері. | |
9. | Өзге де мәліметтер | |
10* | Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі | |
* Кеңсе Басшысы мен Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қбпү/22п-қбпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесін ескеріп, әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша.
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _____________/______________________
қолы қолдың толық жазылуы
__________________
Күні
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-1-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 1-1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жылғы « » мәжілісіне
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы бойынша
АНЫҚТАМА
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
«_________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Әзірлеуші орган -__________________________________________________.
(жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актісі тармағының нөмірі,
____________________________________________________________________
(қабылданған күні мен атауы не тапсырманы кім бергені, оның
нөмірі мен күні, бастамашылық жасалуы көрсетіледі)
Жобада мыналар көзделеді (Жобаны қабылдау неге негізделген):
Жобаны қабылдау___________________________мүмкіндік береді.
Әзірлеушінің ақпараты бойынша жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді (жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржы шығындары, республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) бюджет қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа да қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлуді талап етеді (талап етпейді).
Жоба Қаржы (министр (вице-министр) - тегі және аты-жөні), Әділет (министр (вице-министр) - тегі және аты-жөні) министрліктерімен, өзге де мемлекеттік органдармен келісілді.
Премьер-Министр Кеңсесінің жобаға ескертулері жоқ (мынадай ескертулері бар. Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің қорытындысы қоса беріліп отыр.
Айтылғандардың негізінде жобаны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруға болады деп пайымдаймыз (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» немесе жобаны кейінге қалдыру немесе жобаны пысықтауға жіберу орынды деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 1-2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министріне
«_____________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулысының жобасын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің мәжілісінде қарау қорытындылары туралы
«__________________________________________________________________»
(жобаның атауы)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы____________жылғы
« « Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде қаралды.
Жобаны әзірлеу үшін мыналар негіз болып табылады:
____________________________________________________________________
(жобаға берілген анықтамадан тиісті деректер көрсетіледі)
Үкімет мәжілісіне дайындалған жоба бойынша анықтама қоса беріліп отыр
Жоба бойынша (Министр (вице-министр)__________________________
(аты-жөні)
баяндама жасады.
Талқылау қорытындылары бойынша жоба дауыс беруге енгізілді.
Жобаны қабылдау үшін___Үкімет мүшесі жақтап, ____Үкімет мүшесі
қарсы болып дауыс берді,____Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қол қоюға енгізіліп отыр (пысықталған жағдайда «пысықталған редакциясында» деп көрсетіледі).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Кеңсесінің Басшысы
ҚР Үкіметінің 2012.27.04. № 540 Қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
Р/ с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақтағандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы | | | |