4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарының;
5) объектінің біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысандағы паспортының;
6) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің барлығы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің;
7) өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың) болуын қамтиды.
9. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 9.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.1. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдалану үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, өрт сөндіру құралдарының, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететін құралдардың, жабдықтардың (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды;
еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер бойынша: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын кесте мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарының;
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 9.2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.2. Сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптарының, өрт сөндіру құралдарының және сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ-мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдалану процесін қамтамасыз ететін құралдардың, жабдықтардың (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
сорғы-сығымдаушы станциялардың жабдықтарын, қондырғыларын, магистральдық газ, мұнай өнімдері құбырларының резервуарлық парктері мен желілік бөлігін, сондай-ақ жерасты газ қоймаларының технологиялық жабдықтары мен ұңғымаларын пайдаланудың технологиялық процесті сақтауды;
еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - мұнай-газ саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
аварияларды жою жоспарының;
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 9.3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.3. Магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдыққа техникалық қызмет көрсету, оларды жөндеу (дәнекерленген жіктердің қосылыстар мен бекітпелердің профилактикасы, оларды тексеру, техникалық жай-күйін бақылау, жай-күйінің диагностикасы) үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініші берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
магистральдық құбырларға, негізгі және қосалқы жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің, оларды жөндеудің технологиялық процесін сақтауды;
өнім сапасын өндірісішілік бақылауды;
еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және осы салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының;
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс стажын қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
аварияларды жою жоспарының болуын қамтиды.
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 9.4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.4. Сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбыр жолдары желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасы үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасы процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдықтар, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
сорғы-сығымдаушы станциялар жабдығының және магистральдық құбыржолдары желілік бөлігінің, оның ішінде суасты өтпелерінің диагностикасының технологиялық процесін сақтауды;
өнімнің сапасын ішкі өндірістік бақылауды;
еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің.
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және осы салада практикалық жұмыста тәжірибесі бар білікті техникалық басшылардың және мамандардың құрамын қамтамасыз ететін қызметтердің.
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес өткізілетін:
қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
аварияларды жою жоспарының болуын.
5) өтініш берушінің қызметтің лицензияланған түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 9.5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9.5. Тоттанудан электр химиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде тоттанудан электрохимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
тоттанудан электрхимиялық қорғау құралдарына техникалық қызмет көрсету процесін сақтауды;
өнімнің сапасын ішкі өндірістік бақылауды;
еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің.
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және осы салада практикалық жұмыста тәжірибесі бар білікті техникалық басшылардың және мамандардың құрамын қамтамасыз ететін қызметтердің.
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер жөнінде: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штаттық кесте мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес өткізілетін:
қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
аварияларды жою жоспарының болуын.
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
10. Минералдық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары (кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеуден басқа) құрамында пайдалы қазбалар бар минералдық шикізаттан, тау-кен байыту, металлургиялық және басқа да өндірістік қалдықтардан пайдалы қазбаны айырумен байланысты жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) техникалық жобалардың және технологиялық регламенттердің;
2) меншік құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) немесе жалгерліктің (жалгерлік шарты):
мамандандырылған өндірістік ғимараттардың (байыту фабрикасы, зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, қалдық қоймаларының, шламтұндырғыштардың, шикізатты, дайын өнімді, жарылыс-өрт қаупі бар, күшті әсер ететін улы заттарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың;
ұсақтау-сұрыптау кешенінің, диірмендердің, бұлғағыштардың;
орталықтан тебетін, гравитациялық, магниттік, электр магниттік жабдықтардың, сепараторлардың, сүзгілердің, экстракторлардың, кептіру агрегаттарының;
өндірістік пештердің (кептіру, қыздыру, күйдіру, балқыту);
3) мыналарды:
машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
11. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйелерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлерге) қолданылады және мыналардың:
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 11.1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11.1. Газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер) пайдалану үшін:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерінің (газ таратушы пункттер, газ таратушы қондырғылар, жоғары, орта және төмен қысымдағы газ таратушы желілер), сондай-ақ оларды пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау процесін қамтамасыз ететін басқа да активтердің не газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау үшін қажетті мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады) болуын;
2) мыналарды:
жабдықты пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді;
газбен жабдықтаудың сыртқы жүйелерін пайдалану технологиялық процесінің, техникалық қызмет көрсету мен ұстаудың сақталуын;
еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
қоршаған ортаны қорғауды;
өнім сапасының ішкі өндірістік бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің (меншікті авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы) авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің.
Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар немесе техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілік тексеруден өткен техникалық басшылар мен мамандар біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте)
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
қоршаған ортаны қорғау, техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
газ реттеуші пункттер мен қондырғыларды, газ желілерін, негізгі технологиялық жабдықтың ағымдағы және күрделі жөндеулерін техникалық куәландыратын кестелерінің;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарларының;
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктердің болуы туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 11.2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11.2. Үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау кезінде:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде үй ішіндегі газ желілеріне, газ құралдары мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуді, оларды ұстауды қамтамасыз ететін мүліктің (цех, жабдық, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары) (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықты пайдалануды және оған техникалық қызмет көрсетуді;
үй ішіндегі газ желілерін, газ аспаптары мен жабдықтарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ұстау процесінің, техникалық қызмет көрсетілу мен ұстаудың сақталуын;
еңбекті қорғауды және техника қауіпсіздігін;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыру жүйесіндегі шаруашылық жүргізуші субъектінің (меншікті авариялық қызметі немесе авариялық қызметпен шарттың болуы) авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметтердің.
Растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде өтініш беруші осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар немесе техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілік тексеруден өткен техникалық басшылар мен мамандар біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте)
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
техника қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарының болуын;
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
12. Химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр энергетикалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды дайындау, монтаждау (өндірісті пайдалану кезеңінде) және жөндеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жабдықты жасау, іске қосу-реттеу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) тиісті техникалық құжаттаманың;
2) меншік құқығындағы өндірістік ғимарат пен жабдықтардың (меншік құқығындағы зауыт, цех, шеберхана, станоктар, механизмдер, құрал-саймандар, бақылау-өлшеу аспаптары) (меншік немесе жалдау құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері);
3) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
өнімнің сапасын өндіріс ішінде бақылауды;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша осы салада практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
5) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы Мемэнергияқадағалау (энергетикалық, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды жөндеу) өнеркәсіптік және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1296 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Электр энергиясын электрмен жабдықтау мақсатында сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдарға, өкілдіктерге) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) қолданылады және мыналардың болуын қамтиды:
1) тиісті білім деңгейіне жауап беретін білікті басшылар мен мамандар құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
2) тұтынушылармен (абоненттік қызметтер, учаскелер) жұмысты, жедел диспетчерлік қызметті қамтамасыз ететін қызметтердің (персоналдың) немесе диспетчерлік қызмет көрсету жөніндегі қандай да бір заңды диспетчерлік орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) болуы;
3) банк анықтамасымен расталған кемінде 10000 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айналым қаражатының;
4) тұтынушыларға, оның ішінде өңірден тысқары жерлерге электр энергиясын жеткізудің өтініш беруші мен энергия өндіруші және (немесе) энергия беруші ұйымдардың арасында, авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен тұтынушыға дейін электр энергиясын жеткізуге және тасымалдауға арналған шарттардың немесе ниеттер хаттамаларының болуымен бірге техникалық мүмкіндігінің;
ҚР Үкіметінің 2008.30.12. № 1296 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) меншік құқығында (шаруашылық жүргізу не жедел басқару) немесе лизинг, концессия, жалдау, сенімді басқару шарттары бойынша тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) ғимараттың немесе үй-жайдың.
Біліктілік талаптарына
1-қосымша
Өтініш берушінің лицензия алуға біліктілігі туралы мәліметтер
1. Өтініш берушінің атауы және заңдық мәртебесі
____________________________________________________________
2. Тіркелген жері ____________________________________
3. Мекен-жайы мен негізгі қызмет орны, оның ішінде филиалдары және өкілдіктері ___________________________________________
____________________________________________________________
4. Лицензия __________________________________________
(қызметтің түрі, № және берілген күні, лицензияның көшірмесі қоса беріледі)
5. Өтініш берушінің соңғы жылдары көрсеткен қызметтерінің түрлері
____________________________________________________________
6. Өтініш берушінің ұсынымдарымен кейін тәжірибеге енгізілген жұмыстардың тізбесі (1-кесте).