3. Тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйелерін пайдалану:
1) сыртқы газбен жабдықтау жүйелерін пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау (газ тарату пункттері, газ тарату қондырғылары, жоғары, орташа және төмен қысымды газ тарату желілері);
2) үй ішіндегі газ желілерін, газ құралдары мен жабдығын пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және ұстау.
ҚР Үкіметінің 2009.03.03. № 237 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Электр энергиясын энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алу.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге 3-қосымша
ЕСЕП
Лицензияланатын қызмет түрі бойынша ____ _______ жұмыс кезеңі үшін
(лицензия № ______________________________________________ жылғы)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметтің түрі, лицензиаттың атауы, мекен-жайы, телефон, факс)
Tүсіндірме жазба
1. Аумақтық қадағалау органдарының тексеру актілерін қоспағанда, біліктілік талаптарына сәйкес лицензияланатын қызмет түрі бойынша ақпарат, сондай-ақ:
1) қадағалау органдарының ұйғарымдары бар болғанда, ұйғарымдардың көшірмесі және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат ұсынылады;
2) лицензия алу үшін ұсынылған мәліметтерде болған өзгерістер туралы ақпарат.
2. Лицензиат электр энергетикасы саласындағы жоғарыда көрсетілген ақпараттан басқа:
1) белгіленген тәртіппен бекітілген:
энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шараларды;
осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламаларды;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларын (бағдарламаларын) іске асыру бойынша есепті ұсынады.
Басшы ________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
200__ жылғы «______»
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1311 қаулысымен
бекітілген
Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын
біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жеке мұқтаждық үшін жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіруді қоспағанда, электр энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды, кернеуі 35 кВ және одан да жоғары электр энергиясының көздерінен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде тұтынушыға дейін электр энергиясын беру мен таратуды жүзеге асыратын тиісінше электр желілері мен шағын станцияларының не электр энергиясын өндіру процесін қамтамасыз ететін мүліктің (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, электр энергиясын бақылаудың және есептеудің автоматтандырылған жүйелерімен және электр энергиясын есепке алу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша жұмыс істеп тұрған электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті;
жедел диспетчерлік басқаруды;
еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады);
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
5) электр энергиясын өндірудің сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Электр станцияларын, электр желілерін және шағын станцияларды пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы энергиямен жабдықтау объектілері мен бірыңғай технологиялық процесте пайдаланылатын энергиямен жабдықтау объектілерін қоспағанда, электр станцияларын, электр желілерін және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын шағын станциялардың барлық түрлерін (трансформаторлық шағын станцияларды, бөлу құрылғыларын, релелік қорғауды және автоматиканы) пайдалануды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлерге) және заңды тұлғаларға қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде электр станцияларының және (немесе) электр желілерінің және шағын станциялардың және (немесе) электр станцияларын және (немесе) электр желілерін және шағын станцияларды пайдалану процесін қамтамасыз ететін мүліктің (цех, құралдар, диагностикалық, бақылау-өлшеуіш аспаптары, техника, жабдық және құрылғылар) (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
кернеу, ток жиілігі, релелік қорғаныш және аварияға қарсы автоматика - параметрлері мен режимдері бойынша қолданыстағы электр энергиясын беру және тарату жүйесімен технологиялық үйлесімділікті;
жедел диспетчерлік басқаруды;
еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады);
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
5) электр энергиясын беру және таратудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жылу энергиясын өндіру, беру және тарату жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары жылу энергиясын өз мұқтаждары үшін өндіруді есептемегенде, елді мекендерді, өндірістік үй-жайлар мен объектілерді жылумен жабдықтау үшін жылу энергиясын өндіруді және (немесе) беру және тарату жөніндегі қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде жылу энергиясын өндіру және (немесе) беру және тарату процесін қамтамасыз ететін мүліктің (теңгерімдегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық, энергетикалық сипаттамалары бойынша ақпарат, жылу энергиясын есептеу аспаптарымен жарақтандыру бойынша ақпарат, жылу желілерінің (жылумен жабдықтаудың) схемалары ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қорғауды және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - орта білім) жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 50% кем емес) (өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады);
4) белгіленген тәртіппен бекітілген және кестелерге сәйкес іске асырылатын:
энергия үнемдеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жылу энергиясын өндіруге және (немесе) таратуға байланысты электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
5) жылу энергиясын өндіру, беру және таратудың сенімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, қолда бар қуат параметрлерін белгіленген қуатқа сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелердің;
6) жылу энергиясын қазандықтармен өндіру кезінде және жылу энергиясын қазандықтардан беру және тарату кезінде тиісті білім деңгейі (басшылар үшін - жоғары техникалық білім, мамандар үшін - орта білім) және лицензияланатын кіші қызмет түрі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар (басшылар үшін - кемінде 3 жыл, мамандар үшін - кемінде 1 жыл) білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын, білімі туралы мәліметтерді, лауазымын, жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестесі ұсынылады) болуын қамтиды.
4. Тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау, химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургиялық, энергетикалық жабдықтарды, жарылыстан қорғалған электр техникалық жабдықтарды, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ жұмыс істеу қысымы 0,7 кг/см2 жоғары және жылу жеткізу температурасы 115 0С жоғары қазандықтарды, 0,7 кг/см2 қысымнан жоғары қысыммен жұмыс істейтін сауыттар мен құбырларды жобалау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары басқа мемлекеттердің аумағында орындалған және Қазақстан Республикасында енгізілетін жер қойнауын пайдалану, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия өндірістері саласындағы жобалық және жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоса алғанда, тау-кен жұмыстарын орындау технологиясын әзірлеуге, мұнай-газ өңдеу, мұнай-химия, химия, өнімдерін өндіру технологияларын, әдістерін, тәсілдерін әзірлеуге мамандандырылатын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) меншік (меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) немесе жалға алу (сенімгерлік басқару және өзге шарттардың нысандары) құқығындағы өндірістік ғимараттың, үй-жайдың;
2) тиісті білім деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, мамандығы бойынша білімін, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
3) сертификаттардың, лицензиялардың, пікірлердің, ұсынымдардың болуын қамтиды (бар болса).
5. Тау-кен өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары пайдалы қазбалар өндірумен байланысты тау-кен жұмыстарының кешенін орындайтын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) жобаға сәйкес келетін тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің;
2) меншік құқығындағы өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын, құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері) немесе жалгерліктің (жалгерлік шарты):
пайдалы қазбаларды өндіру (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, мұнай, газ, газ конденсатын қатты пайдалы қазбалар), кен орындарын аршу және игеру, кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргізу үшін, тарату жұмыстарының - инженерлік құрылыстардың, машиналардың, механизмдердің, құрал-саймандардың, арнайы көліктердің, жабдықтардың, арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың, тау-кен өндірістерінде пайдаланылатын химиялық реагенттерді сақтауға арналған сыйымдылықтардың;
пайдалы қазбаларды өндіру үшін жарылыс, бұрғылау-жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде - жарылғыш материалдарды өндіріс орнына тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйымдармен лицензиясының не шартының; уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатының не жарылғыш заттарды, материалдарды сақтауға арналған қажетті қоймалары бар мамандандырылған ұйымдармен шарттың; ашық тау-кен жұмыстарында ұңғымаларды бұрғылау үшін бұрғылау станогының;
каротаждық жұмыстарды орындау кезінде - каротаждық стансалардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсетулерін тіркеуге арналған жер бетіндегі аппаратура, арнайы (каротажды) кәбіл, ұңғымада түсіру-көтеру операцияларына арналған жүкшығыр);
мұнай және газ ұңғымаларында ату-жару жұмыстарын жүргізу үшін перфорациялық жүйенің;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның ішінде теңізде және ішкі су қоймаларында бұрғылау үшін, ұңғымаларды күрделі және жерастында жөндеу, ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау үшін, жуу, кірігу, ұңғымаларды сыннан өткізу мен игеру, құрлық пен теңізде мұнай төгілулерін болдырмау және жою жұмыстары, мұнай мен газ шығарындыларын өзі төгетін ұңғымалардың (фонтанға қарсы жұмыстарды қоспағанда), ұңғымаларды сақтау - бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергіш агрегаттардың, жуу-кірігу агрегатының, бақылау-өлшеу аспаптарының;
мұнай беруін арттыру үшін химиялық реагенттерді мұнай қабаттарына айдау үшін - техникалық құралдар кешенінің, мамандандырылған техникалардың;
актісінің (өндіріс саласын нақтылай отырып) болуын қамтиды.
Көрсетілген технологиялық жұмыстардың түрлері бойынша сервистік қызметтер көрсететін заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қойылатын біліктілік талаптары:
- тапсырыс берушінің жобасына сәйкес келетін тау-кен жұмыстарын орындаудың технологиялық регламентінің;
- қажетті өндірістік базаның (меншік құқығын растайтын құжаттар, жалдау шарты немесе тапсырыс берушінің базасында жұмыстарды орындау туралы шарт);
- машиналардың, механизмдердің, көлік құралдарының, аспаптардың, жабдықтардың пайдаланылуын және оларға техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін қызметтер туралы;
- шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде аварияларды жою жоспарының;
- біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік туралы мәліметтердің және ұсынылған мәліметтерді растайтын құжаттардың;
- өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды;
3) мыналарды:
машиналарды, механизмдерді, көлік құралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлік жұмыстарды қамтамасыз ететін қызметтердің;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі аварияларды жою жоспарының;
5) тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша іс жүзіндегі жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, қызметін, осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын жиынтық кесте);
6) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындау үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеруі.
6. Мұнай-химия, химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мұнай (және/немесе) газдан алынатын өнімдерді қайта өңдеуді (мотор отынын: бензин, керосин және т.б. мұнай өнімдерін, жеңіл дистилятті, орташа дистилятті, ауыр дистиллятті отынды (дизель отынын) қоспағанда), басқа негізгі органикалық (химиялық) заттарды өндіруді, бастапқы түріндегі пластмасса өндіруді, синтетикалық каучук өндіруді, бояулар мен лактар өндіруді, жасанды және синтетикалық талшықтар өндіруді, резеңке-техникалық бұйымдар өндіруді, құрамында мұнай бар қалдықтарды қайта өңдеуді, химиялық өзгерістердің негізінде органикалық және биоорганикалық химия өнімдерін өндіруді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) еңбек қауіпсіздігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкес келетін технологиялық регламенттің;
3) мамандандырылған өндірістік ғимараттардың (зауыт, цех), жабдықтар мен механизмдердің, технологиялық желілердің, шикізатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикізатты сақтау үшін арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, дайын өнімдердің, жарылыс өрт қауіпті, улы күшті әсер ететін заттардың (салынған объектіні пайдалануға қабылдап алу туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясы актісінің көшірмесі, құқықты белгілейтін құжаттардың, меншік немесе жалдау құқығын растайтын көшірмелері);
4) өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың);
5) шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысы бекіткен өндірістегі аварияларды жою жоспарының;
6) мыналарды:
машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді;
еңбек қауіпсіздігін бақылауды;;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететін қызметтердің;
7) тиісті білім беру деңгейіне жауап беретін және мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың біліктілік құрамының (аты-жөнін, білімі бойынша мамандығын, қызметін, осы саладағы жұмыс стажын қамтитын жиынтық кесте);
8) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің (өндіріс түрін, жұмыстар түрін көрсете отырып) болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мұнай-газ өңдеу өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде мұнай-газ өңдеу өндірісі процесін қамтамасыз ететін мүліктің (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
мұнай-газ өңдеу өндірісінің технологиялық процесін сақтауды;
берілген сападағы өнім шығаруды;
еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3) тиісті білім деңгейіне (басшылар үшін - электр энергетикасы саласындағы жоғары білім, мамандар үшін - ең кемі арнаулы орта білім) жауап беретін білікті техникалық басшылар мен мамандар құрамының (өндірістік персоналдың жалпы санының 70 % кем емес);
Өтініш беруші мәліметтер мен құжаттар ретінде әрбір қызметкер бойынша: тегін, атын, әкесінің атын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтілін қамтитын штат кестесі мен жиынтық кестені ұсынады.
4) белгіленген тәртіппен бекітілген:
қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі бағдарламалар мен іс-шаралардың;
осы заманғы жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, электр энергетикасында қолданылып жүрген өндірістік объектілерді қайта жаңарту, жаңғырту және жаңаларын салу жөніндегі бағдарламалардың;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының);
аварияларды жою жоспарының;
5) белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс паспортының;
6) еңбек қауіпсіздігінің, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің және қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкес келетін технологиялық регламенттің;
7) өнім сапасының стандарттарға, нормаларға және техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша белгіленген тәртіппен аккредиттелген зертхананың (немесе қызмет көрсетуге арналған шарттың);
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін орындауы үшін өндірістік, техникалық мүмкіндіктерінің болуы туралы өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы аумақтық органдардың тексеру актісінің болуын қамтиды.
ҚР Үкіметінің 2010.30.11. № 1295 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Газ, мұнай және мұнай өнімдерін сақтау объектілерін (мұнай-, газ сақтау, мұнай-, газ-, ағызу-құю эстакадаларын, мұнай базаларын, авто жанар-май құю станцияларын, газ толтыру станциялары мен пункттерін, автоцистерналарды, автогаз құю станцияларын, автогаз толтыру станцияларын, баллон жинау аралық пункттерін:
тез тұтанатын және жанғыш сұйықтарды, сұйытылған және жанғыш газдарды (бірыңғай технологиялық процесті қамтамасыз ететін объектілерді қоспағанда) қабылдау, ағызу, құю, сақтау, босату) пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары заңды тұлғаларға (оның ішінде филиалдар, өкілдіктер) және жеке тұлғаларға (дара кәсіпкерлер) қолданылады және:
1) меншігінде немесе өзге де заңды негіздерде газды, мұнайды және мұнай өнімдерін сақтаудың жоғарыда көрсетілген объектілерінің (өтініш берушінің теңгеріміндегі негізгі өндірістік активтердің тізбесі, құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері, негізгі жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат ұсынылады);
2) мыналарды:
жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
газды, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды;
сатылатын (босатылатын) өнімнің сапасын бақылауды;
еңбекті қорғауды және қауіпсіздік техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды;
өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметтердің;
Өтініш беруші растаушы мәліметтер мен құжаттар ретінде: осы қызметтерді құру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2008.09.06. № 552 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) тиісті білім деңгейіне жауап беретін, лицензияланатын кіші қызмет түрі бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар және (немесе) өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан және инструктаждан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткен техникалық басшылар мен мамандар біліктілік құрамының (тегін, атын, әкесінің атын, білімі, лауазымы, жұмыс өтілі туралы мәліметтерді және өнеркәсіптік (өрт) қауіпсіздік мәселелері бойынша оқудан, инструктаждан, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өткендігі туралы ақпаратты қамтитын жиынтық кесте)