39) халықаралық коммерциялық төреліктерде және шетелдік сот органдарында мемлекеттің не тапсырыс берушілердің мүдделерін қорғау мен білдіру жөніндегі консультациялық және заң қызметтерін сатып алу;
40) 2010.02.04. № 279 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
41) лизинг қызметін жүзеге асыру кезінде тауарларды кейіннен лизингке беру үшін, сондай-ақ сатып алуға, жеткізу мен лизинг мәнін жұмыс жағдайына келтіруге тікелей байланысты тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
42) емделушінің өміріне қауіп төнген жағдайда дәрілік заттарды сатып алу;
43) қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, техникалық көмекті, тестік аккредиттеуді және аккредитттеуді қамтитын холдинг клиникаларын халықаралық аккредиттеуге дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
43-1) ұлттық компанияның жарғылық мақсаттарына сәйкес білім беру, ғылым қызметтерін ұйымдастыру мен жүзеге асыру үшін білім беру және оқу бағдарламаларын (соның ішінде талапкерлерді таңдау және қабылдау, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім беру және ғылыми қызмет мәселелері бойынша басшы персоналды іріктеу бойынша), даму тұжырымдамаларын әзірлеу, енгізу және (немесе) іске асыру жөнінде қызметтерді және (немесе) жұмыстарды сатып алу;
44) мемлекеттік тапсырысты орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
45) кіреберіс жолдарды пайдалану қызметтерін сатып алу;
46) жерсерік ресурсын жалға беру жөніндегі қызметтерді сатып алу;
47) теле бағдарламаларды, оның ішінде жерсеріктер және жер үсті құрылыстары арқылы тарату, трансляциялау жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
48) бейне/аудиоматериалдарды жіберу бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
49) рейтингтік агенттіктердің, қаржы қызметтерінің қызметтерін сатып алу;
50) ағындарды (кәріз) бұру қызметтерін сатып алу;
51) мамандандырылған авиажөндеу кәсіпорындарында авиациялық техниканы жөндеу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
52) электр энергиясын, оның ішінде холдингке кіретін энергия жабдықтаушы ұйымнан сатып алу;
53) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
54) темір жолда жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеу және сату жөніндегі қызметтерді сатып алу.
56) стратегиялық әріптестерден білім және ғылым, білім беру үдерісін әдіснамалық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
56-1) «Назарбаев Университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» оқу және (немесе) ғылыми зертханаларының қызметін қамтамасыз ету үшін зертханалық шығыс материалдарын сатып алу;
57) білім беру және (немесе) ғылыми бағдарламаларының мазмұнына сәйкес шетелдік арнайы оқу және көркем әдебиетті сатып алу;
он үшінші абзацы 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады
58) тапсырыс берушіге «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің», сондай-ақ «Назарбаев Университетінің» құрылысына бөлінген жер учаскелеріндегі құрылыстарды сатып алу және бұзу бойынша жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган болып табылатын заңды тұлғадан сатып алу;
59) акцияларының елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі заңды тұлғалардың акцияларын қор нарығына орналастыру жөніндегі консультациялық қызметтерді сатып алу.
19. Тапсырыс беруші осы Үлгі ереженің 11-тармағында көзделген тәсілдермен сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейін өнім берушімен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сатып алу туралы шарт жасасады.
20. Қазақстан Республикасының резидент емесімен сатып алу туралы шарт жасасқан жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынатын нысанда сатып алу туралы шартты ресімдеуге жол беріледі.
21. Сатып алу ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша талаптарды қамтуы мүмкін.