15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Туроператорда және турагентте туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың жарамды шарты болған кезде туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.
Туроператор және турагент туралы мәліметтер олардың өтініштері негізінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады.
Туроператор туристерге дербес немесе туристер алдындағы оның міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындау жүктелетін үшінші тұлғаларды тарту арқылы туристік өнімге кіретін барлық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туроператорлық қызмет көрсетуге тыйым салуға әкеп соғады.
Туроператорлық қызметке берілетін лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке берілетін лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Турагент турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған (қайта жасаған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу туралы өтінішті уәкілетті органға жолдауға міндетті.
Турагент Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана туристерге ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы мен өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған, туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарт негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагент арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта міндетті түрде туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы, туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары туралы мәліметтер, туристік бағдардың сипаттамасы, туристік өнім туралы дәйекті ақпарат болуға тиіс.
4. Туристік өнімнің құрамында жоқ экскурсиялық қызметті немесе туризм нұсқаушысының қызметін көрсеткен кезде экскурсоводтың, гидтің (гид-аудармашының), туризм нұсқаушысының қызметін көрсететін тұлғалар туристерге саяхаттың ерекшеліктері, олар саяхат жасаған кезде кездесетін қауіп-қатерлер туралы мәлімет беруге, сондай-ақ туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын қабылдауға, оның ішінде саяхат кезінде туристермен болатын төтенше жағдайлар туралы мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына ақпарат беруге міндетті.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-1 баппен толықтырылды
15-1-бап. Туристерді орналастыру орындарының сыныптамасы
1. Туристерді орналастыру орындары туристер легін және барлық туризм түрлерінен түсетін кірістерді арттыруға жәрдемдесу мақсатында сыныпталуға тиіс.
2. Сыныптама жүргізу кезінде туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелерінің негізінде санаттардың біріне аттестаттауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін туристерді орналастыру орындарының сипаттамалары қаралады.
3. Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережелері негізгі мақсаттарды, ұйымдық құрылымды, ең төменгі талаптарды айқындайды және туристерді орналастыру орындарына санаттар беру тәртібін реттейді.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 15-2 баппен толықтырылды
15-2-бап. Туристік өнімді қалыптастыру
1. Туристік өнімді қалыптастыру - туроператордың туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтер көрсететін үшінші тұлғалармен шарттарды жасасу және орындау жөніндегі қызметі.
2. Туроператор туристік өнімді өз қалауы бойынша туристік нарықтың конъюнктурасын негізге ала отырып немесе нақты тапсырыс бойынша қалыптастырады.
3. Туроператор кіретін қызметтер көрсетуге құқықты жекелеген туристік қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалармен жасалатын шарттар негізінде алады.
2007.12.07. № 222-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
16-бап. Туристік қызмет саласындағы стандарттау
Туристік қызметті стандарттау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Туристiк қызмет көрсету шарты
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Туристік қызметтер көрсету шарт негізінде жүзеге асырылады. Туристік қызмет көрсету шарты, гидпен (гид-аудармашымен) және экскурсоводпен жасалатын шарттарды қоспағанда, жазбаша нысанда жасалады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуға тиіс.
Туристік қызметтер көрсету шартының елеулі талаптары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шартта белгіленеді.
2. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Шартты жасасу кезiнде басшылыққа алынған мән-жайдың елеулi түрде өзгеруiне байланысты тараптардың әрқайсысы шартты өзгертудi немесе бұзуды талап етуге құқылы.
4. Мән-жайлардың елеулi түрде өзгеруiне мыналар жатады:
1) саяхат жағдайларының нашарлауы, саяхат мерзiмiнiң өзгеруi;
2) көлiк тарифтерiнiң ойламаған жерден өсуi;
3) салықтар мен алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жаңа ставкаларын енгізу немесе олардың қолданыстағы ставкаларының артуы;
4) тараптардың келісімi бойынша белгiленетiн өзге де негiздер.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартты орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте турист Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртiппен шартты бұзуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға шартты орындаудан бас тарту туралы хабардар етiлгенге дейiн көрсетiлген қызметтерi үшiн олардың iс жүзiнде шығарған шығындарын төлеген жағдайда, саяхат басталғанға дейiн шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
7. 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8. Турдың құрамына кiретiн туристiк қызметтер көрсетiлуiн сатып алған жағдайда туристiк ваучер туристiң тиiстi қызмет көрсетудi пайдалану құқығын растайтын құжат болып табылады.
9. Туристiң кiнәсiнен туристiк қызмет көрсету шартын орындау мүмкiн болмайтын жағдай туындаған ретте, егер заң актілерінде немесе өтелмелi қызметтер көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетiлген қызметтерге толық көлемде ақы төленуi тиiс.
10. Туристiк қызмет көрсету шартын орындаудың мүмкiн болмауы тараптардың бiр де бiрi жауап бермейтiн мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, турист туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаға iс жүзiнде шығарған шығындарын өтейдi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Туристiң кiнәсiнен болған жағдайды қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға тапсырыс берушiге шартты бұзудан келтiрiлген залалдарды толық өтеген жағдайда ғана шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
12. Басқа елге келген жерi бойынша не жүру барысындағы маршруты бойынша шарт талаптарына сәйкес келмеген жағдайда туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шарт талаптарының тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапты болады.
18-бап. Залалдар мен моральдық зиянды өтеу, туристiк қызмет көрсету шартын өзгерту жағдайлары
1. Туристерге келтiрiлетiн залалдар мен моральдық зиянды өтеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға саяхат жасау кезiнде дүлей күштiң ықпалы салдарынан туристке келтiрiлген залал үшiн жауап бермейдi.
3. Жолаушыларды көлiктiң кез келген түрiмен тасымалдаған кезде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристке жөнелтiлетiн және баратын пункттер атаулары, жолаушылардың негiзгi құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген жеке немесе топтық (туристер тобына қызмет көрсету кезiнде) тасымалдау құжатын (билетiн) беруге мiндеттi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4 -тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристің төтенше жағдайға тап болғаны туралы туристің отбасын өз есебінен жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
5. Өлшеуге берiлмеген жүктi тасымалдау, оның сақталу жауапкершiлiгi туристке жүктеледi. Егер туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға билет, жүк квитанциясын немесе тасымалдауға қабылданған жүктiң жөнелтпе құжатын берсе, бiрақ олар дұрыс ресiмделмеген болса немесе жоғалса, немесе оларды қандай да бiр басқа себептермен ұсыну мүмкiн болмаса, тасымалдау шарты күшiнде қалады.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6.Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға шартпен көзделген мән-жайлар өзгерген жағдайда және шарттың талаптарын елеулi түрде өзгерту қажет болған жағдайда туристке жазбаша нысанда осындай өзгерiстердiң сипаты және ықтимал салдарлары туралы дереу хабарлауға мiндеттi.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар өз филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар әдiлет органдарында тiркелген, туристік қызметті жүзеге асыратын басқа тұлғалардың атауларын пайдалана алмайды.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың бірлестіктері
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 20- бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар және туристік индустрияның өзге де тұлғалары өздерiнiң кәсiптiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделердi бiлдiру және қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады.
21-бап. Туристердiң бiрлестiктерi
Қазақстан Республикасының азаматтары туристердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау, туризмді дамытуға жәрдемдесу мақсатында қоғамдық бiрлестiктер құра алады.
22-бап. Туристiк қызмет саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Туризм саласындағы мамандарды кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды білім беру саласында тиiстi лицензиялары бар білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
23-бап. Гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсовод
Қазақстан Республикасының азаматы ғана гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсовод бола алады.
4-тарау. Туристің құқықтары мен міндеттері, туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету
24-бап. Туристiң құқықтары
Транзитті қоса алғанда, саяхатқа әзірленген, саяхат жасаған кезде туристiң:
1) өзiнiң жеке басына немесе мүлкiнiң қауiпсiздiгiне қол сұғылған жағдайда консулдық, дипломатиялық, өзге де мемлекеттік, сондай-ақ туристiк өкiлдiктерге өтiнiшпен жүгiнуге;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) уақытша болатын елге (жерге) бару, сондай-ақ уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелерi туралы, уақытша болатын ел (жер) заңнамасының ерекшеліктері туралы, жергiлiктi халықтың әдет-ғұрпы туралы, дiни салт, қасиеттi орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткiштер және туристерге көрсетiлетiн, ерекше қорғаудағы басқа да объектiлер, қоршаған ортаның жай-күйi туралы қажеттi және дұрыс ақпарат алуға;
3) еркiн жүрiп-тұруға, уақытша болатын елде (жерде) қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристiк ресурстарға еркiн қол жеткiзуге;
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлға туристiк қызмет көрсету шартын орындамаған жағдайда келтiрiлген залал мен моральдық зиянның Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтелуiне;
5) шұғыл медициналық жәрдем алуға;
6) шетелдік туристердiң құқықтық көмек және көмектiң өзге де түрiн алуына Қазақстан Республикасының мемлекеттік билiк органдарының жәрдемдесуiне;
7) туристердiң қолда бар байланыс құралдарына кедергiсiз қол жеткiзуiне құқығы бар.
Туристердiң өзге құқықтары болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
25-бап. Туристiң мiндеттерi
Саяхат жасаған кезде, транзиттi қоса алғанда, турист:
1) уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарын сақтауға;
2) уақытша болатын елдегi (жердегi) қоршаған ортаны сақтауға, табиғи, тарихи және мәдени ескерткiштерге ұқыпты қарауға;
3) уақытша болатын елге (жерге) келу және онда болу, сондай-ақ уақытша болатын елден (жерден) кету ережелерiн және транзиттiк жүрiп өтетiн елдердегi ережелердi сақтауға;
4) саяхат кезiнде жеке өзiнiң қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Туристiң өзге мiндеттерi болатын елдiң (жердiң) заңдарымен айқындалады.
26-бап. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристердiң қауiпсiздiгiне Қазақстан Республикасы кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының турист-азаматтарына оның шегiнен тыс жерлерде қорғау және оларға қамқорлық жасау кепiлдiгiн бередi.
2. Туристердiң қауiпсiздiгi деп туристердiң жеке қауiпсiздiгi, олардың мүлкiнiң сақталуы және саяхат кезiнде қоршаған ортаға залал келтірмеуі, сондай-ақ туризмді заңсыз көші-қон мен үшiншi елдерге транзит, азаматтарды сексуалдық, еңбек және өзге де мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге бағытталған шаралар кешенi түсiнiледi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Уәкiлеттi орган туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туристерге саяхат басталудан үш күн бұрын жазбаша түрде уақытша болатын елге (жерге) бару, уақытша болған елден (жерден) шығу және сонда болу ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтер беруге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыруға міндетті.
2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 5 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті орган мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органға, сондай-ақ туристің отбасына саяхат кезінде туристің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы білген немесе білуге тиіс кезден бастап дереу хабарлауға міндетті.
Егер шетелдік туристер - Қазақстан Республикасының аумағында немесе Қазақстан Республикасының турист азаматтары Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде төтенше жағдайға ұшыраған болса, туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға міндетті.
6. Өзi уақытша болатын елге (жерге) саяхат жасағысы келетiн туристер халықаралық медицина талаптарына сәйкес профилактикадан өтуге мiндеттi.
7. Қазақстан Республикасының аумағында қасiретке душар болған туристерге қажеттi көмектi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мамандандырылған қызметтер жүзеге асырады.
8. Уәкiлеттi орган мүдделi министрлiктермен және басқа да атқарушы органдармен бiрлесiп, туристердi қорғау және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 9 тармақ өзгертілді
9. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдігі туристердi қорғаудың және олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң аймақтық бағдарламасын әзiрлеп, оның орындалуын ұйымдастырады.
27-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру
1. Халықаралық шарттарда, уақытша болатын елдiң (жердiң) заңдарында көзделген реттерде, туроператор немесе турагент, турист өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiктi табыс еткен жағдайда шетелге шығу көзделетiн туристiк жолдаманы сатады.
2. Сақтандыру шартында туристке медициналық көмек көрсету ақысы және сақтандыру жағдайы тiкелей уақытша болатын елде (жерде) туындаған кезде олардың шығынының орнын толтыру көзделуге тиiс.
3. Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетiн туристерге өмiрi мен денсаулығын сақтандыру туралы куәлiгi болуы жөнiнде талап белгiлеуге құқылы.
4. Туроператор мен турагент туристiк қызмет көрсетуге жасалған шарттардан туындайтын азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруға мiндеттi.
5-тарау. Қорытынды ережелер
ҚР 22.02.02 ж. № 296-11 Заңымен 28-бап өзгертілді; 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
28-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 28-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 28-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 28-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
28-1-бап. Туристiк қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Туристiк қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
29-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заң қолданысқа енгiзiлген кезде туристiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай мерзiм iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының