1) егер атқарушы органның қызметі қоғамның мақсаттарына қол жеткізуді және міндеттерін орындауды қамтамасыз ете алмаған жағдайда;
2) егер қоғамның атқарушы органы қоғам мүшелері жалпы санының оннан бір бөлігінің жалпы жиналыс шақыру туралы талабын мұндай талап мәлімделген күннен бастап он төрт күн ішінде орындамаса, дербес шақырады.
5-тарау. ҚОҒАМНЫҢ МYЛКI
21-бап. Қоғамның мүлкін қалыптастыру көздерi
1. Қоғамның мүлкін қалыптастыру көздері:
1) құрылтайшылардың жарналары;
2) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ақшалай және өзге де ерікті жарналар;
5) сақтандыру резервтерін және өзге де қаражатты орналастырудан алынған кірістер;
6) осы Заңда көзделген өзге де қызметтен түскен кірістер.
2. Қоғам меншігіндегі мүлікке билік ету тәртібі қоғам мүшелерінің жалпы жиналысында белгіленеді.
22-бап. Сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерi
1. Қоғам мүшелері төлеген сақтандыру сыйлықақыларын қоғам сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде сақтандыру төлемдері түрінде пайда алушыға төлейді.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері мен оларды есептеу тәртібі қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен қоғамның өзара сақтандыру ережелерінде белгіленеді.
3. Егер есептік кезеңнің аяғында қоғамда сақтандыру төлемдері бойынша берешектер, сондай-ақ салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектер болмаса, қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы кезекті сақтандыру сыйлықақыларын азайту немесе оларды төлеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
4. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен қоғамның өзара сақтандыру ережелерінде белгіленеді.
23-бап. Қосымша жарналар
1. Қосымша жарналарды есептеу мен енгізу тәртібі қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен қоғамның өзара сақтандыру ережелерінде белгіленуге тиіс.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоғам мүшелерінің қосымша жарналары сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға ғана жұмсалады.
3. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
24-бап. Қоғамның сақтандыру және өзге де резервтерi
1. Қоғам өзінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін алынған сақтандыру сыйлықақыларынан сақтандыру резервтерін қалыптастырады. Сақтандыру сыйлықақыларының алынған сомасы толық көлемде сақтандыру резервтерін қалыптастыруға жіберілуге тиіс.
Сақтандыру резервтерiн қалыптастыруға, оны есептеу әдiстемесiне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
Егер қоғам жарғысында өзге резервтер құру көзделмеген болса, онда қоғамның инвестициялық кірісі мен өз қаражаты да сақтандыру резервтерін қалыптастыруға жіберіледі.
2. Егер қаржылық жылдың аяғында қоғамда сақтандыру төлемдері бойынша берешектер, сондай-ақ салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектер болмаса, қоғам мүшелерінің жалпы жиналысы сақтандыру резервтерінің бір бөлігін немесе бүкіл сомасын қоғамның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілетін қамтамасыз ету үшін қоғамның қоғам жарғысында көзделген өзге де резервтеріне жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін. Алдағы қаржы жылына арналған сақтандыру резервтерінің қажетті сомасы міндетті түрде кезекті сақтандыру сыйлықақыларының есебінен қалыптастырылуға тиіс.
3. Сақтандыру резервтерінің қаражаты инвестициялау және (немесе) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
4. Қоғамда оның өзара сақтандыру ережелеріне сәйкес актуарий жүзеге асыратын өз мүшелері алдындағы міндеттемелерінің, қоғамның сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру резервтері есептерінің актуарлық бағасы болуға тиіс.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
25-бап. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 5-і.
№ 163-III ҚРЗ