37. БИЖ-дің ТЭН-і әзірленгеннен және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалар жүргізілгеннен кейін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері олардың түпнұсқаларын БИЖ-дің ТЭН-інің электронды нұсқасын, оның ішінде БИЖ бойынша қаржылық-экономикалық үлгілерін ұсына отырып мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
38. БИЖ осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысанда берілетін экономикалық қорытындысы БИЖ-дің экономикалық талдауын кешенді бағалаудың міндетті нысаны болып табылады және осы Ереженің 36, 44 және 45-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті келіп түскеннен кейін қырық бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі, онда тиісті заңды тұлғалар жүзеге асыратын БИЖ-дің ТЭН экономикалық сараптамаға отыз жұмыс күні беріледі.
39. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган құжаттар пакеті түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды мына жағдайларда бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне қайтарады:
1) олардың болуы БИЖ-ге экономикалық сараптама жүргізу үшін қажет сараптамалардың болмауы;
2) БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге ТЭН-де белгіленген талаптарға сәйкес қажет бөлімдердің болмауы.
40. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БИЖ-ді БИЖ-дің ТЭН-ге экономикалық сараптамасының қорытындысына есепке ала отырып қарайды және ол бойынша экономикалық қорытындыны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жібереді.
41. Республикалық БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға жүзеге асырады.
42. Жергілікті БИЖ ТЭН-інің, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жергілікті БИЖ ТЭН экономикалық сараптамасын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалар жүзеге асырады.
43. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган БИЖ-дің ТЭН-і бойынша құжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ТЭН түпнұсқалары мен тиісті сараптамаларды қоса бере отырып, заңды тұлғаға БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптама жүргізу қажеттілігі туралы хат жібереді.
44. БИЖ ТЭН-інің экономикалық сараптамасы ұсынылған БИЖ ТЭН-інің және жобаның ерекшелігіне байланысты талап етілетін сараптамалардың тиісті оң қорытындылары негізінде жүргізіледі, атап айтқанда:
1) жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген заңды тұлғаның мемлекеттік сараптамасы;
2) салалық органның сараптамасы;
3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның экологиялық сараптамасы;
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
5) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау саласындағы уәкілетті органның сараптамасы.
45. Құрылыс қызметін көздейтін БИЖ бойынша салалық сараптама, ТЭН-ге мемлекеттік, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама қорытындылары, сондай-ақ ТЭН-ді әзірлеу тапсырмасына қоса берілетін құжаттардың көшірмелері, оның ішінде техникалық шарттар, жаңа объектілерді салуды көздейтін жобалар бойынша жер учаскелерін бөліп беру туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері (қажет болған жағдайда жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып) және жұмыс істеп тұрған объектілерді қалпына келтіруді көздейтін жобалар бойынша жылжымайтын мүліктің тиісті құқық белгілейтін құжаттарының көшірмелері талап етіледі.
Құрылыс қызметін қамтитын БИЖ-дің ЖСҚ ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ-ді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті сараптамадан өткен ТЭН бекітілгеннен кейін әзірленеді.
Ақпараттандыру саласындағы БИЖ бойынша салалық сараптама және ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысы талап етіледі.
Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның қорытындысы мынадай ақпаратты қамтиды:
1) БИЖ ТЭН-інің БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестігін бағалау;
2) саланың ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау. Бұл бөлімде құрылып жатқан БИЖ-дің іске асырылуы арқылы шешілетін сала проблемасы айқындалады;
3) БИЖ-ді іске асыру көзделетін қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау. Бұл бөлімде БИЖ-дің сыртқы ортасы, оның ішінде құрылып жатқан жобаны іске асыру көзделген қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, құқықтық және басқа да шарттар, сондай-ақ көрсетілген шарттардың құрылып жатқан жобаның іске асырылуына әсері сипатталады;
4) технологиялық және техникалық шешімдерді бағалау. Бұл бөлім жоба шеңберінде сатып алынатын жабдықтардың техникалық сипаттамаларының БИЖ ТЭН-інің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігін бағалау, жабдықтың мемлекеттік және әлемдік стандарттарға сәйкес таңдалуын бағалау, қазіргі күні пайдаланып отырған жабдықтың технологиялық сәйкестігін бағалау;
5) БИЖ бойынша шығыстарды оңтайландыру мақсатында электронды үкіметтің базалық компоненттерімен құрылып жатқан ақпараттық жүйелердің кірігу мүмкіндігін бағалау;
6) құрылып жатқан ақпараттық жүйелер шеңберінде электронды мемлекеттік қызметтер көрсету мүмкіндігін белгілеу. Бұл бөлімде құрылатын ақпараттық жүйелер арқылы электронды мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну мүмкіндігінің болуы немесе болмауы көрсетіледі;
7) қолданыстағы ақпараттық жүйелер шеңберінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері құрған БИЖ-дің іске асырылу дәйектілігін, орындылығын және нәтижелілігін бағалау;
8) құрылып жатқан ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бағалау;
9) БИЖ-ді таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған барлық шешімдердің баламалы нұсқаларының талдауын қамтитын қаралған баламалы нұсқаларды бағалау;
10) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау.
Инновациялық және/немесе ғарыштық қызметті көздейтін БИЖ бойынша салалық сараптама және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы талап етіледі.
46. БИЖ-дің салалық сараптамасы мен мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындысы мынаны көздейді:
1) БИЖ ТЭН-інің БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге арналған техникалық тапсырмаға сәйкестігін бағалау;
2) саланың одан әрі дамуына әсер ететін оның ағымдағы жай-күйінің, проблемаларын бағалау;
3) БИЖ іске асыру көзделетін қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
4) өнімге/қызметтерге қазіргі және болжамды (БИЖ тіршілік циклі) сұраныстың немесе осы өңірдегі бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің көрсеткіштерін бағалау;
5) БИЖ-ді іске асырудан болатын пайда мен шығындарды бөлуді бағалау;
6) БИЖ ТЭН-де қабылданған технологиялық, техникалық шешімдерді оның ішінде БИЖ-ді іске асыру кестесін бағалау;
7) бағалық шешімдерді бағалау, БИЖ ТЭН-інде келтірілген оның ішінде инвестициялық және пайдалану шығындарының барлық компоненттері бойынша баға-сапа қатынасының тиімділігін тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге жоспарланған бағаларды тиісті нарықтық бағалармен салыстырылуын бағалау;
8) БИЖ таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
9) БИЖ іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалау.
47. Басқа мемлекеттердің аумағында іске асыру жоспарланып отырған, сондай-ақ құрылыс қызметі көзделмейтін БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасы БИЖ-дің ТЭН-і және оған салалық орган сараптамасының қорытындысы негізінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасына БИЖ-ді іске асыру көзделген мемлекеттердің заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалар және осы қызметті реттейтін тиісті нормативтік құқықтық актілер ұсынылады. Қажет болған жағдайда тиісті сараптамалар мен талап етілетін нормативтік құқықтық актілердің аудармасын қамтамасыз етуді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жүзеге асырады.
48. Егер БИЖ-ді республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылса, салалық сараптаманы тиісті саланың орталық уәкілетті органы жүргізеді.
Егер БИЖ-ді жергілікті бюджет қаражаты немесе жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асыру ұсынылса, салалық сараптаманы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
49. Салалық сараптамаға мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен ресми құжаттар үшін белгіленген тәртіппен рәсімделеді.
50. Қажет болған жағдайда БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген тиісті заңды тұлға қосымша ақпарат береді және/немесе БИЖ-дің ТЭН-де және жүргізілген сараптамада қамтылмаған және/немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы талап ете алады.
Қажетті ақпаратты ұсыну және/немесе қосымша сараптаманы және/немесе тәуелсіз сараптаманы жүргізу бойынша сауалды тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне сауалдық көшірмесі осы Ереженің 36, 44 және 45-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакеті түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
51. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері сауал түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қажетті ақпаратты ұсынады немесе ақпаратты ұсыну үшін қосымша бірақ күнтізбелік отыз күннен көп емес мерзімнің қажеттілігі туралы хабарлайды.
Сауал жіберілген күннен бастап және қажетті ақпарат түскенге дейін экономикалық сараптама жүргізу мерзімі тоқтатылады.
52. Жүргізілген сараптамада қамтылмаған немесе толық қамтылмаған мәселелер бойынша қосымша сараптаманы, сондай-ақ тәуелсіз сараптаманы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қамтамасыз етеді.
Қосымша сараптамаларға мыналар жатады:
1) банктік сараптама;
2) мемлекеттік сараптама;
3) экологиялық сараптама;
4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама;
5) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама;
6) уәкілетті мемлекеттік органдардың сараптамалары.
Қосымша сараптама немесе тәуелсіз сараптама жүргізу қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттар пакеті кейіннен тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жіберу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға қайтарылады.
53. БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының қорытындысын БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасын жүзеге асыруға белгіленген тиісті заңды тұлғалар тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
54. БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының нәтижелері оң қорытынды немесе теріс қорытынды немесе пысықтауға жіберу қорытындысы болып табылады.
БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының оң қорытындысы құрылымы мен мазмұны БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес келетін және БИЖ ТЭН-інің бекітілген техникалық-экономикалық параметрлері расталатын, сондай-ақ жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігінің алғы шарттары бар БИЖ ТЭН-іне ұсынылады.
БИЖ-дің ТЭН-інің экономикалық сараптамасының теріс қорытындысы бағалау нәтижелері жобаның БИЖ-дің ТЭН-інің жүзеге асырылмайтындығын және/немесе тиімсіздігін көрсететін БИЖ ТЭН-ге ұсынылады.
Пысықтауға жіберілетін қорытынды мазмұны БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және жобаның жүзеге асырылатындығы мен тиімділігі алғы шарттарының болуын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда БИЖ ТЭН ұсынылады.
55. Осы Ереженің 39-тармағында көзделген, сондай-ақ БИЖ-дің ТЭН-ін пысықтау қажет болған жағдайларда бюджеттік бағдарламалар әкімшілері күнтізбелік 60 күн ішінде осы Ереженің 36, 44 және 45-тармақтарында көзделген тәртіпте пысықталған құжаттарды қайта енгізеді.
56. Тиісті сараптаманың оң қорытындысын алған БИЖ-дің ТЭН-і мен ЖСҚ-ны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе уәкілетті мемлекеттік органдар бекітеді.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеу тәртібі
57. БИЖ-ді іріктеу мен тиісті бюджет комиссиясының қарауына ұсынуды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітілген БИЖ-дің ТЭН-ін экономикалық сараптамасын және қорытындысын БИЖ-дің оң экономикалық қорытындысын ұсынғаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган іске асырады.
58. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің БИЖ-дің ТЭН-ін олардың қаржы қаражатымен қамтамасыз етілуі растайтын құжаттарының болуы тұрғысынан қарайды және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның БИЖ-ға экономикалық қорытындысын ескере отырып, бюджет комиссиясының қарауына олар бойынша қорытындыны енгізеді.
59. БИЖ-дің бекітілген ТЭН-інің, БИЖ бойынша оң экономикалық қорытындының және тиісті бюджет комиссияның оң шешімінің негізінде БИЖ тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
60. Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға алып келетін БИЖ-дің белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, сондай-ақ бекітілген БИЖ-дің ТЭН-де көзделмеген қосымша компоненттерді қосу қажеттілігі жағдайында, Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізу қажет болған жағдайда кейіннен БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізуге қойылатын талаптарға сәйкес мемлекеттік жоспарлау және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органдар белгілейтін сараптама жүргізе отырып, БИЖ-дің ТЭН-ін түзету жүргізіледі.
Республикалық БИЖ-дің ТЭН-ін түзетуге байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттен іске асырылатын БИЖ-дің ТЭН-ін, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға жоспарланған жергілікті БИЖ-ді түзетуге байланысты шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін
бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу тәртібі
61. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік өтінімінің құрамында тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.
ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Құрылыс қызметін болжайтын БИЖ-дерге жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып) қоса беріледі.
62. Тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
63. Тиісті қаржы жылының бюджетіне қосылған, ТЭН әзірлеуді талап етпейтін БИЖ бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес ЖСҚ әзірлеуді қамтамасыз етеді.
64. Бірыңғай техникалық параметрлері бар жобалар бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес үлгі жобаны әзірлеу жүзеге асырылады.
65. Жобаларды іске асыру кезінде үлгі жобаларды қолдану нақты құрылыс алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.
5. Сметалық құнын ұлғайту болжанатын жобаларды қарау және іріктеу тәртібі
66. Жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) түзетуге немесе оған қосымша компоненттер енгізуге байланысты республикалық БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
67. ЖСҚ-ны түзету немесе оған қосымша компоненттер енгізуге байланысты жоғары тұрған бюджеттен нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ сметалық құнының ұлғаюына байланысты шығыстар тиісті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
68. БИЖ-дің құнын бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынысынсыз ұлғайтуға жол берілмейді.
69. Республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген БИЖ бойынша ЖСҚ әзірлеуге жол берілмейді.
70. Бюджеттен қосымша шығыстарға әкеп соғатын БИЖ-дің ЖСҚ-сын тиісті бюджет нақтыланбай түзетуге жол берілмейді.
71. Бекітілген ТЭН-де көзделмеген БИЖ-дін ЖСҚ-ға қосымша компоненттер енгізуге жол берілмейді.
72. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін республикалық БИЖ-ді қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
73. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жергілікті БИЖ-ді қарауды бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жүзеге асырады.
74. Сметалық құнын ұлғайтуды көздейтін БИЖ-ді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджетті нақтылау кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
75. БИЖ-дің сметалық құнын ұлғайту мәселелерін шығару тәртібі екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезең - бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ұсынған құжаттар негізінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның жобалау құжаттамасын түзету орындылығын айқындау жөніндегі бюджет комиссиясының шешімі.
Екінші кезең - түзетілген жобалау құжаттамасы бойынша ұлғайту құнын қаржыландыру туралы бюджет комиссиясының шешімі.
76. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бірінші кезеңде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) болжанатын қымбаттау сомасы көрсетілген, мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған өтінім-хат;
2) мемлекеттік орган - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы қол қойған, мынадай ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба:
бекіткен ТЭН-де қарастырылмаған қосымша құрамдауыштарды немесе ЖСҚ-да техникалық өзгерістерді енгізудің орындылығы;
БИЖ-дің іске асырылуын аяқтау үшін талап етілетін болжамды қосымша шығыстар негіздемесі;
ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде жасалған шарттар туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүргізу нәтижесінде үнемделген сомаларды көрсету;
ЖСҚ әзірлеу басталғаннан бастап жобаны бюджеттен әрбір жыл сайын қаржыландыру. Игерілмеген жағдайларда оның себептері көрсетіле отырып, бұл ақпарат әрбір жыл үшін жоспармен және фактімен сүйемелденуі тиіс;
қымбаттауға әкелетін себептерді егжей-тегжейлі көрсету (мердігерлердің бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне шартта көрсетілген құнды (сметаны) өсіру қажеттілігі туралы хаттарының көшірмелерін қоса бере отырып ескерткендігін растайтын);
оның кінәсінен қымбаттау болған ұйым не жеке тұлға, сондай-ақ осы ұйымға не жеке тұлғаға қатысты қабылданған шаралар;
3) түзетілген ТЭН;
4) БИЖ-дің ерекшелігіне байланысты тиісті уәкілетті органның немесе ақпараттандыру саласындағы тиісті уәкілетті органның (егер жоба ақпараттандыру саласына тиесілі болса) ресми хат нысанда, бірінші басшы қол қойған құнның ұлғаюының және техникалық шешімдердің өзгеруі мен қосымша компоненттерді енгізудің болжамды параметрлерінің негізділігі мен дұрыстығын растайтын қорытындысы;
5) БИЖ-дің сметалық құнының ұлғаюы себебінің негіздемесімен бастапқы құн бойынша ЖСҚ-ның мемлекеттік ведомстводан тыс мемлекеттік құрылыс сараптамасының қорытындысы;
6) бірінші басшы, не оны алмастыратын тұлға қол қойған, мөрмен расталған тиісті саланың уәкілетті органының салалық қорытындысы және БИЖ-дің сметалық құнының ұлғаюы негіздемесі;
7) бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуы, сондай-ақ бұзушылықтардың болмауы тұрғысынан Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау органының актісі.
Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау органының актісі ЖСҚ әзірлеуден бастап БИЖ-ді іске асыру шеңберінде бөлінген барлық бюджет қаражатын қамтуы тиіс.
Үкімет уәкілеттік берген ішкі бақылау органының актісіне қойылған күн құжаттарды ұсынған күннен бастап 6 айдан кеш болмауы тиіс;
8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамада көзделген жағдайларда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығы немесе бюджеттік бағдарлама әкімшінің бастапқы құнға бұйрығы;
9) тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі шыққан сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға БИЖ-дің электрондық порталына, қағаз және электронды тасығыштарда осы Ережеге 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша салыстырма кестесін ұсынады.
Қағаз тасығыштағы салыстырма кесте бірінші басшы не оны алмастырған тұлға қол қойып, мөрмен расталып, ұсынылады;
10) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір ай бұрын түсірілген, объектінің нақты жай-күйі туралы толық көрініс беретін фото, бейне түсірілімдер материалдары.
77. Егер БИЖ шет мемлекеттердің аумағында іске асырылған жағдайда, БИЖ-дің бастапқы және түзетілген құнын растайтын, аумағында осы жоба іске асырылып жатқан мемлекеттің құрылыс саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті құжаттар ұсынылады.
78. Құжаттаманың толық пакеті ұсынылмаған не қымбаттаудың пайда болуының дәл және негізді себептері берілмеген, сондай-ақ кінәлі тұлғалар немесе ұйымдар және оларға қолданылған шаралар (егер ондай болса) көрсетілмеген БИЖ сметалық құнының ұлғаюы мәніне қаралмайды.
79. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган осы Ереженің 76-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін қарайды және олар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
80. Бюджет комиссиясының оң қорытындысын алған кезде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жобалық құжаттамаға тиісті түзетулер енгізеді.
81. Екінші кезеңде бюджеттік бағдарлама әкімшісі БИЖ-дің сметалық құнының ұлғаю себебінің негіздемесімен түзетілген құнға ЖСҚ-ның мемлекеттік ведомстводан тыс мемлекеттік құрылыс сараптамасының қорытындысын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға енгізеді.
82.Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган түзетілген жобалық құжаттамалар бойынша БИЖ құнының ұлғаюын тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
83. Тиісті бюджет комиссия сметалық құнын ұлғайту болжамдалған іріктеген БИЖ бойынша тізбе қалыптастырылады және бюджет заңнамасында белгіленген тәртіпте тиісті бюджетке енгізеді.
6. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды
мониторингілеу және бағалау жүргізу тәртібі
1. Жоспарлау кезеңінде бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу тәртібі
84. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес қағаз және электронды тасығыштарда БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы мынадай ақпаратты көрсете отырып, ақпаратты ұсынады:
БИЖ-дің атауы;
инвестициялық ұсынысты енгізген бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы;
БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізуге қажетті (бөлінген) ақша қаражатының мөлшері;
БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу кезінде игерілген ақша қаражатының мөлшері;
БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу мерзімдері;
БИЖ-дің ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптама жүргізу барысы туралы ақпарат.
2. Бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу тәртібі
85. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін нақты алынған нәтижелерді есепті күнге жоспарланғандармен салыстыру арқылы жүргізіледі.
86. БИЖ-ді іске асыруға мониторинг мыналарды көздейді:
1) БИЖ-дің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинау;
2) әрбір уақыт аралығында БИЖ-ді іске асырудың қол жеткізілген көлемін және ТЭН-ге және/немесе ЖСҚ-ға сәйкес шығындарды нақты қол жеткізілген сандық-сапалық нәтижелерді БИЖ-ді іске асыруды жоспар-кестесінде (бұдан әрі - Жоспар-кесте) көрсетілген көрсеткіштермен салыстыру арқылы талдау;
3) БИЖ-ді мониторингілеу нәтижелері туралы есепті (бұдан әрі - Мониторинг бойынша есеп) дайындау.
Нақты көрсеткіштердің бұрын жоспарланғандардан (Жоспар-кесте бойынша) ауытқуы анықталған БИЖ бойынша БИЖ-ді тиімді іске асыру жөнінде ұсынымдар мен шаралар қалыптастырылады.