Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2301 Қаулысы
(2011.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы қаулыға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамыр № 682 Қаулысын қара (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;
2) фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары;
3) ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515 құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі»;
3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Алматы қаласының аумағында жүзеге асырылатын қызметтен басқа, медициналық қызметтің мынадай кіші түрлері:
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен қызметтердің түрлерін шығару, қайта шығару және өткізу;
санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериялогиялық, вирусологиялық, физикалық факторларды (шуді, дірілді, электромагниттік өрісті және басқаларын) өлшеу, паразитологиялық, радиометрия және дозиметрия, санитариялық-химиялық, токсикологиялық;
сараптама: сот-медициналық, психиатриялық (оның ішінде сот-психологиялық-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық);
еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсіптік жарамдылық сараптамасы;
республикалық денсаулық ұйымдары жүзеге асыратын медициналық қызметтің мынадай кіші түрлері:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
ересектерге және (немесе) балаларға мынадай мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия,
ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегі хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, трудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу;
медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
анестезиология және реаниматология;
фармацевтикалық қызметтің мынадай кіші түрлері:
дәрілік заттарды шығару;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығару;
медициналық техниканы шығару;
дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме саудада өткізу;
медициналық техниканы көтерме саудада өткізу;
есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты денсаулық сақтау жүйесіндегі қызметтің кіші түрлері: денсаулық сақтау жүйесіндегі есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды шығару, тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою».
реттік нөмірі 27-1-жолда:
3-бағанның оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«республикалық денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыратындардан басқа, медициналық қызметтің мынадай кіші түрлері:
алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті, жедел медициналық көмек;
диагностика: радиологиялық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық, патологиялық анатомия;
зертханалық диагностика: бактериялогиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу;
ересектерге және (немесе) балаларға мынадай мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология;
педиатрия;
инфекциялық аурулар;
терапия: жалпы терапия, невропатология, кардиология, ревматология, гастроэнтерология, нефрология, пульмонология, эндокринология, аллергология (иммунология), гематология, кәсіптік патология, отбасылық дәрігер;
хирургия: жалпы хирургия, трансплантология, кардиохирургия, ангиохирургия, пластикалық хирургия, жақ-бет сүйегі хирургиясы, нейрохирургия, оториноларингология, офтальмология, трансфузиология, урология, травматология және ортопедия;
дерматовенерология (дерматокосметология);
психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;
фтизиатрия;
онкология;
стоматология;
дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалды терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу;
медициналық реабилитология: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру;
спорттық медицина;
анестезиология және реаниматология;
фармацевтикалық қызметтің мынадай кіші түрлері:
дәрілік препараттарды дайындау;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау;
дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткізу;
медициналық техниканы бөлшек саудада өткізу».
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбектік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысымен
бекітілген
Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік
талаптары
Медициналық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мыналардың болуын қамтиды:
1) меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары;
2) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес медициналық және (немесе) арнайы жабдықтар, аппаратуралар мен құрал-саймандар, аспаптар, жиhаздар, мүкәммал, көлік және басқа құралдар;
3) осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес медицина қызметкерлері туралы мәліметтермен расталатын медицина қызметкерлерінің штаты;
4) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлеріне сәйкес тиісті білім;
5) мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша соңғы 5 жылда мамандануы немесе жетілдірілуі және біліктілігін арттырудың басқа түрлері;
6) жеке тұлғаларда мәлімделетін медициналық қызметтің кіші түрлері бойынша мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
7) маманның тиісті сертификаты.
Медициналық қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптарына
қосымша
Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер
____________________________________________
(денсаулық сақтау субъектісінің атауы)
(2009 жылғы «___» __________ жағдай бойынша)
р/с № | Тегі, аты, әкесінің аты | Атқарып отырған лауазымы | Білімі | Мамандығы бойынша өтілі | Соңғы бес жылдың ішінде біліктілігін арттыру туралы құжаты | Біліктілік санаты берілмеген және біліктілік санаты берілген маман сертификатының болуы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Басшы __________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Кадр бөлімінің бастығы (кадр жөніндегі маман) _______________
(қолы, Т.Ә.А.)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысымен
бекітілген
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары
Фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі - біліктілік талаптары) мыналардың болуын қамтиды:
1. меншік құқығындағы үй-жай немесе ғимарат немесе үй-жайға (ғимаратқа) немесе оны жалдауға меншік құқығын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерімен расталған жалдау шарты немесе көрсетілген үй-жайдың (ғимараттың) қабаттық жоспары;
2. санитариялық-гигиеналық киім, өртке қарсы мүкәммал және персоналды қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігіне оқыту жөніндегі нұсқаулықтар;
ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелеріне сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды және өндіру, дайындау, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етуге арналған жабдық пен жиһаз, мүкәммал, аспаптар мен аппаратура;
ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді)
3-1. шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз ететін тиісті шкафтар мен тоңазытқыш жабдықтар бар автомобиль көлігі;
4. мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріханаларында дайындалған дәрілік препараттарды құрылымдық бөлімшелерге бөлуге арналған қабылдау-экспедициялық үй-жай;
5. дәріхананың көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізуді жүзеге асыруы үшін сауда залында көзге салынатын және көруді түзейтін линзаларды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуге арналған жеке сөре;
6. жеке және заңды тұлғаның штаттық кестесі;
ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. тиісті білімі және (немесе) жұмыс өтілі бар фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандар:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығаратын ұйымдар үшін:
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен айналысатын бөлімшелердің басшыларында жоғары фармацевтикалық немесе химия-технологиялық, химиялық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника шығарумен тікелей айналысатын бөлімшелердің басшыларында техникалық білімі;
дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық немесе химиялық, биологиялық білімі немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде техникалық білімі;
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығарудың технологиялық үдерісінде пайдаланылатын жабдықтарға қызмет көрсету жөніндегі маманның техникалық білімі;
2) дәрілік препараттарды дайындайтын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі - дәрілік препараттарды дайындайтын дәріханалар) үшін:
дәрілік препараттарды дайындауды жүзеге асыратын дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің басшыларында, сондай-ақ дәрілік препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
дәрілік препараттарды тікелей дайындауды және дайындалған дәрілік препараттарды жіберуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың және оның өндірістік бөлімдерінің басшыларында орта фармацевтикалық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
3) дәріхананалар үшін:
дәріхананың немесе оның бөлімдерінің басшысында жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
аудан орталығында және ауылдық жерде жоғары фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда дәріхананың басшысында орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын мамандарда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
4) бастапқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті (бұдан әрі - дәріхана пункті) үшін:
дәріхана пунктінің меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған дәріхана пункттерінде фармацевтикалық білімі бар маман жоқ жағдайда дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады.
5) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар дүкені үшін:
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
медициналық техника өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі;
6) оптика дүкені меңгерушісінде және көзге салынатын және көру қабілетін түзейтін линзаларды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі;
7) дәріхана қоймасы үшін:
дәріхана қоймасының басшысында және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерде жоғары фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
дәріхана қоймасы бөлімдерінің басшыларында және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды, сақтауды және өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
8) медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасы үшін:
медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар қоймасының басшысында жоғары фармацевтикалық немесе медициналық білімі және кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі;
медициналық техниканы өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық, медициналық немесе техникалық білімі;
9) дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәріхана пункті (бұдан әрі - жылжымалы дәріхана пункті) үшін:
дәріхана пунктінің меңгерушісінде, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді жүзеге асыратын қызметкерлерде жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі.
Фармацевтикалық білімі бар маман болмаған жағдайда жылжымалы дәріхана пункттерінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізуді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен аттестатталған, медициналық білімі бар мамандар жүзеге асырады.
8. Заңды тұлға құрмай фармацевтикалық қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғаларда жоғары немесе орта фармацевтикалық білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет.
Ережесі. ҚР Үкіметінің 2011.05.12. № 1452 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 қаңтарда қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2301 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдары мен препараттарын дайындау, өндіру, қайта өңдеу және көтерме сату жөніндегі қызметті, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер түрлерін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 12 маусымдағы № 636 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 17, 185-құжат).
2. «Медициналық, дәрігерлік қызметті лицензиялау ережесін және лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1057 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 500-құжат).
3. «Фармацевтикалық қызметті: дәрілік заттарды өндіруді, дайындауды, көтерме және бөлшек саудада сатуды лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 620-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1341 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 546 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 284-құжат).