Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 Қаулысы
(2012.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 (бұр. ред. қара); 2007.14.05. № 382 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану арқылы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулық бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырлды
1-1. Көрсетілген нұсқаулықтардың талаптары оларға қатысты бөлігінде барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 14 қазандағы № 195 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап бір ай өтісімен күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Қ. Тоқаев |
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысын қара ; ҚР Үкіметінің 2003.01.07. № 635 қаулысын қара; Осы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын қара; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен нұсқаулық жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде іс жүргізу жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережеге сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау процесінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Кеңсе) құжаттармен жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
2. Осы Нұсқаулықта белгіленген құжаттармен жұмыс істеу ережесі мен тәртібі Кеңсенің барлық қызметкерлеріне қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы Нұсқаулық құпия емес сипаттағы және «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттарды дайындау, ресімдеу, олардың өту тәртібін белгілейді.
Таралуы шектелген қызметтік ақпаратты дайындау, таныстыру және олардың өтуі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 51 қпү қаулысымен бекітілген Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Нұсқаулықтың ережелері электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық (құпия) кілтін және электрондық цифрлық қолтаңба құралын (электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру мен тексеру процестерін іске асыратын ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын) пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электрондық құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбасын есептеу мен тексеруден кейін электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің (электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растаудың (анықтаудың) оң қорытындысын белгіленген тәртіппен айқындау туралы растамасы бар электрондық құжаттарды қоса алғанда, жеткізгіш түріне қарамастан, құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыруға қолданылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Осы Нұсқаулықпен:
1) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың орындалуын бақылау тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленетін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, сондай-ақ азаматтарды қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта белгіленген құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру;
3) жекелеген арнайы нұсқаулықтарда белгіленетін арнайы байланыс түрлерін пайдалана отырып, құпия іс жүргізу мен құпия хат жазысуды жүргізу тәртібі реттелмейді.
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізу, құжаттардың есебі, сақталуы, уақтылы өтуі және орындалуы үшін жауапкершілік олардың басшыларына жүктеледі.
6. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің жаңа қызметкерлерін осы Нұсқаулықпен және Кеңсенің қызметін регламенттейтін басқа құжаттармен таныстырады.
________________
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300, 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 358 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қызметтік хат-хабарларды қабылдау тәртібі
7. Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінің органдарымен, ұйымдарымен және азаматтарымен хат жазысу мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі, өзге шетелдік хат-хабармен басқа да шет тілдерінде жүргізілуі мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Премьер-Министр Кеңсесіне қағаз жеткізгішпен келіп түсетін кіріс хат-хабарларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы (бұдан әрі - қызметтік хат-хабар секторы) күнін, уақытын, құжаттарды алған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қолын қойдырып қабылдайды, ал электрондық құжаттар -электрондық құжатқа қол қойған адамның және құжаттың қажетті деректемелерін куәландырған адамның ақпаратты криптографиялық қорғау құралын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі -ЭЦҚ) тексеру рәсімін өткізгеннен кейін қабылданады.
Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі — БКО) және Мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің Ведомствоаралық құжат айналымы орталығының сервері (бұдан әрі -БЭКДЖ ВҚО) арқылы түсуге тиіс.
Хат-хабар электрондық құжаттар форматында түскен кезде осы құжаттармен одан әрі барлық рәсімдер Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін (бұдан әрі - БЭҚАЖ) пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес жасалады.
Шетелдік елшіліктердің ноталары мен хаттары тек Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы қабылданады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Кеңсеге сенбі күндері келіп түсетін құжаттарды қабылдауды сағат 11.00-ге дейін қызметтік хат-хабар секторының кезекші қызметкерлері жүзеге асырады, сондай-ақ оларды кейіннен қызметтік хат-хабар секторына тіркеуге міндетті түрде беру арқылы Премьер-Министрдің қабылдау бөлмесінің жауапты кезекшісі де жүзеге асыра алады.
Жекелеген нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен электр және электрондық байланыс құралдарының көмегімен хабарларды (ақпаратты) жеделхаттар, телетайпограмдар, факсограмдар, телефонограммалар мен почталық файл (электрондық) хабарларын беру жүзеге асырылады. Факсограммалардың қағаздағы түпнұсқалары ұқсас хат-хабар жіберу үшін осы Нұсқаулықта көзделген тәртіппен адресаттарға дереу жеткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлеріне осы Нұсқаулықтың 13-3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік хат-хабар секторында тіркелмеген құжаттарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Конверттерді ашардың алдында қызметтік хат-хабар секторының қызметкері олардың арналуы мен ресімделуінің дұрыстығын, орамының бүтіндігін (мөрлер болған кезде) тексереді. Конверттерді ашқан кезде мекен-жайдың жөнелтуші атауымен, пакетте көрсетілген салу нөмірлерінің құжаттарға қойылған нөмірлермен сәйкестігі салыстырылады, құжаттардың және оларға қосымшалардың жинақтылығы тексеріледі.
Құжаттар жеткіліксіз болған, пакеттер бүлінген, конверттердің нөмірлері құжаттардың нөмірлерімен сәйкес келмеген жағдайда үш данада акт жасалады (2-қосымша), бұл ретте актінің бір данасы қызметтік хат-хабар секторында қалады, екіншісі құжатпен бірге арналуы бойынша беріледі, ал үшіншісі жөнелтушіге жолданады.
Дұрыс арналмаған және ресімделмеген, қате салынған құжаттар арналуы бойынша қайта жөнелтіледі немесе жөнелтушіге қайтарылады.
Құжаттар салынған конверттер құжаттарды жөнелтушінің мекен-жайын, олардың жөнелтілген және алынған күнін тек сол арқылы ғана анықтау мүмкін болатын жағдайларда сақталады.
«Жеке өзіне» деген белгісі бар конверттерді қоспағанда, барлық конверттер қызметтік хат-хабар секторында ашуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Белгіленген үлгідегі бланкіде ресімделуге тиіс, бірінші басшының (ол болмаған кезде бұйрық болған кезде оның міндетін атқарушы тұлға) қол қойған немесе толтырылған деректемелері бар (ЭЦҚ тексерудің оң нәтижесінің белгіленген тәртіппен анықталғаны туралы растамасы бар) электрондық құжаттың оған сәйкес шаблонын пайдалана отырып жасалған құжаттардың бірінші даналары Премьер-Министр Кеңсесінде қабылдауға жатады. Үкімет басшылығы тапсырмаларының орындалуына жауапты мемлекеттік органдардың хаттарына міндетті түрде бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері қоса тіркеледі. Құжатқа міндетті түрде: күні, шығыс нөмірі, құжаттың қысқаша тақырыбы, тапсырмалардың орындалуы туралы сауалға жауап қайтару немесе есеп (ақпарат) беру кезінде Кеңсенің тіркеу нөміріне сілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Бұл ретте Кеңсе күні оларды Премьер-Министр Кеңсесіне өткізген күніне сәйкес келетін құжаттарды (басқа қалалардан поштамен келіп түскен хат-хабардан басқа) ғана қабылдайды. Орындаушының тегі, аты-жөні, оның телефонының нөмірі, сондай-ақ құжат данасының саны міндетті түрде қолдан кейін төменгі оң жақ бұрышында немесе құжаттың бірінші парағының артқы жағына қойылады (мысалы: С.А. Асанов, тел. 742469). Құжат қосымшаларына құжатқа қол қойған немесе дайындаған адам алдын ала қол қоюы тиіс.
Үкімет басшылығы мен Кеңсе Басшысының атына жіберілген мемлекеттік органдардың хат-хабарлары (оның ішінде электрондық құжат форматында келіп түсетін) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуі тиіс (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы коса беріледі).
Электрондық құжаттарды қабылдау кезінде даналарының саны ескерілмейді.
Премьер-Министр Кеңсесіне жұмыс істемейтін уақытта келіп түсетін электрондық құжаттар қызметтік хат-хабар секторының қызметкері тіркегенге немесе қабылдаудан бас тартқанға дейін БЭҚАЖ-дың тиісті папкасында сақталады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13. Премьер-Министр Кеңсесіне:
1) осы Нұсқаулықтың белгіленген талаптары бұзыла отырып ресімделген құжаттар мен оларға қосымшалар;
2) факсимилесі, бояуы және өзге де былғанышы бар, қандай да бір бүлінген, оның ішінде тескішпен тігілген, нобайқағазға және мемлекеттік органдар бланкілерінің көшірмелеріне шығарылған құжаттар;
3) дұрыс арналмаған (Премьер-Министр Кеңсесінің атауын, Үкіметпен Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының лауазымын, тегін, атын, әкесінің атын дұрыс жазбау) хаттар;
4) бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар хаттарының көшірмелері жоқ мемлекеттік органдардың хаттары қабылдауға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 2-1-тараумен толықтырылды
2-1. Қызметтік хат-хабарды тіркеу тәртібі
13-1. Кеңсеге келіп түсетін барлық хат-хабар сағат 9.00-ден бастап 15.30-ға дейін қабылданады және оларды әрбір келіп түскен құжатқа кіріс (шығыс, ішкі) құжаттарды тіркеуге арналған тіркеу-бақылау карточкасын (1-қосымша) толтыратын қызметтік хат-хабар секторы тіркейді.
13-2. Келіп түскен қызметтік хат-хабарды құзыреті бойынша қызметтік хат-хабар секторының меңгерушісі алдын ала белгілейді, бөледі. Үкімет, Премьер-Министр Кеңсесі басшылығының атына келіп түскен қызметтік хат-хабарды бөлу қойылған мәселелердің сипатына, маңыздылығына және мерзімділігіне қарай жүзеге асырылады.
Алдын ала қаралғаннан кейін қызметтік хат-хабар белгіленген тәртіппен тіркеледі. Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.
13-3. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері қабылдаған хат-хабар қызметтік қажеттілігіне орай Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен қатар қызметтік хат-хабар секторына тіркеуге дереу берілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 13-4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-4. Кіріс хат-хабарын тіркеуді оң жақ төменгі бұрышына (немесе бос кеңістік болмаған жағдайларда сол жақ жоғарғы бұрышына) негізгі құжаттың және оған қосымшалардың кіріс тіркеу нөмірі, түскен күні, парақтарының саны көрсетілетін мөртаңба қою жолымен қызметтік хат-хабар секторы жүзеге асырады. Бұрын тіркелген кіріс құжаттарына келіп түскен құжаттарға «№___ -ге» деген белгімен негізгі құжаттың тіркеу нөмірі қойылады.
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат ЭЦҚ тексерілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесіне сәйкес тіркеледі және Кеңсе басшылығының қабылдау бөлмелері мен құрылымдық бөлімшелеріне электрондық форматта жіберіледі.
Шет тіліндегі кіріс хат-хабарын тіркеген кезде мөртаңба түпнұсқаға және аударма мәтінге «Аударма» деген белгімен қойылады.
13-5. Құжат туралы мәліметтер карточкаларға екі данада енгізіледі, олар Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті бөліміне беріледі; олардың біріншісі қол қойдырып, құжатты алған күні мен уақыты көрсетіліп, қызметтік хат-хабар секторында қалады және ағымдағы картотекада сақталады. Одан әрі бұл карточкада осы құжаттың қаралу барысы да белгіленіп отырады.
Карточканың екінші данасы орындаушы бөлімнің картотекасында маманда қалады, онда сондай-ақ қызметтік хат-хабардың БЭҚА дерекқорына (бұдан әрі - ДҚ) орындаушының тегін, аты-жөнін және жұмыс телефонын міндетті түрде енгізумен осы құжаттың қозғалысы көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметтік хат-хабарын қарау және олардың өтуі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Қағаз құжаттар қызметтік хат-хабар секторында алдын ала қаралғаннан және тіркелгеннен кейін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің келісімі бойынша құзыреті бойынша басшылық пен бөлімдердің қабылдау бөлмелеріне тапсырылады, онда күні мен уақытын көрсете отырып, құжаттарды алғаны үшін қол қоятын және олардың өтуі мен тиісінше сақталуы үшін дербес жауап беретін қызметкерлер қабылдайды.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі зерделеу нәтижелері бойынша мыналарды:
1) өтініш жасаушылардың немесе өзге де мемлекеттік органдардың айрықша құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өтініштерін;
2) өздері дайындаған нормативтік құқықтық актілердің және өзге құжаттардың жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың немесе орталық атқарушы органдар жұмыс органдары болып табылатын ведомствоаралық комиссиялардың қарауы туралы тапсырма беру өтінішімен әзірлеуші мемлекеттік органдардың өтініштерін;
3) Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің шешімдерін, оның ішінде республикалық бюджеттен және Үкіметтің резервінен қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдауды талап ететін, бірақ өтініштерде көтеріліп отырған мәселелер құзыретіне жататын орталық атқарушы органдарда пысықталмаған мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің немесе жекелеген заңды тұлғалардың өтініштерін;
4) белгіленген есептілікте берілуі көзделмеген ақпаратты;
5) Үкіметтің бақылауында жоқ және олар бойынша Үкіметті және/немесе Премьер-Министрдің Кеңсесін хабардар ету қажеттілігі туралы нақты тапсырмалар берілмеген тапсырмаларды орындау жөніндегі ақпаратты;
6) салықтарды төлеу мерзімін ұзарту туралы өтінішті;
7) жабылған конверттердегі құжаттарды (құпия, кадр мәселелері бойынша және басқа қаладан келген, сондай-ақ соттар жіберген хат-хабарды қоспағанда);
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің талаптарын және осы Нұсқаулықты бұзып дайындалған құжаттарды қамтитын құжаттарды қабылдамауы немесе қарамастан қайтаруы мүмкін.
15. Құпия хат-хабар тек Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторында (бұдан әрі - құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторы) ғана өңделеді.
16. Құжаттардың одан әрі өтуінде түсініксіздік пайда болған жағдайларда, ол Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісіне, ал қажет болған жағдайда Кеңсе Басшысына немесе оның орынбасарларына мәлімделеді.
17. Үкіметтің қарауын талап етпейтін әрі орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдар шеше алатын заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін Үкіметтің Регламентіне және Кеңсе туралы ережеге сәйкес Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (ол болмаған кезде - меңгерушінің орынбасары) тиісті министрліктерге, агенттіктерге, әкімдерге және өзге де мемлекеттік органдарға жібереді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге де мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің тиісті жылға арналған республикалық бюджетте көзделмеген қосымша қаржыландыру не жеке салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер беру жөніндегі өтініштері, егер ол Үкімет Регламентінде белгіленген тәртіппен келісілмеген болса, тіркеусіз қайтарылады.
Осы Нұсқаулыққа 3-қосымшада көрсетілген құжаттар тіркеуге жатпайды.
18. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен келіп түсетін кіріс хат-хабарын өңдеу және тіркеу кезінде құжатқа танысу парағын (4-қосымша) тіркей отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының аппараттарында, ұйымдарында және мекемелерінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құжаттарымен жұмыс істеу ережесін қосымша басшылыққа алу қажет.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.13.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді
19. Үкіметке келіп түсетін хат-хабар, әдетте, мынадай тұрғыда бөлінеді:
1) Премьер-Министрдің қарауына:
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
Парламент палаталары төрағаларының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Жоғарғы Сот Төрағасының, Премьер-Министрдің жеке өзіне жолдаған хаттары;
Бас прокуратураның хаттары;
мемлекеттер басшылары мен үкіметтер басшыларының хаттары;
Конституциялық Кеңестің өтініштері;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің хаттары;
Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметтік жазбалар мен басқа да хат-хабар;
шығуға дейін 3 күн бұрын ақшалай қаражат бөле отырып, министрліктердің, ведомстволардың, республикалық бюджет есебінен ұсталатын басқа да орталық мекемелер басшыларының, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкімдерінің іссапарға шығуға рұқсат алуға байланысты өтініштері;
Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттер бөлісуге сәйкес өзге де хат-хабар беріледі;
2) Премьер-Министрдің орынбасарларының қарауына тікелей оларға жолданған хат-хабар, сондай-ақ Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес олар жетекшілік ететін мәселелер бойынша хат-хабар беріледі;
3) Кеңсе Басшысына:
Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің уақтылы және сапалы орындауын бақылау мәселелері жөніндегі материалдар, сондай-ақ Үкімет мәжілістерінің хаттамалары;
Үкіметтің мәжілістерін, кеңестер, республикалық деңгейде басқа да іс-шаралар өткізуге байланысты құжаттар;
СІМ-нің халықаралық шарттарды жасасу және іске асыру, мемлекеттер, үкіметтер басшыларының, халықаралық ұйымдардың, ірі шетелдік фирмалардың басшыларын қабылдау, Премьер-Министрдің таяу және алыс шетелдерге сапарлары мәселелері жөніндегі материалдары;
Премьер-Министр бекіткен Ақпараттық материалдарды Премьер-Министрге ұсыну кестесіне сәйкес ақпараттық-анықтамалық материалдар;
кадр мәселелері жөніндегі құжаттар және тікелей соның атына жіберілген хат-хабар;
Премьер-Министрдің Кеңсесінде қарау талап ететін Президент актілерінің жобалары, заң жобалары және Үкіметке өзге де өтініштер;
Үкіметтің Регламентіне, Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережеге және Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес басқа да құжаттар жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Хат-хабарды (құжаттарды) тіркегеннен кейін қызметтік хат-хабар секторының қызметкері БЭҚАЖ дерекқорында сақталған есептік деректері бар карточканың екі данасын қағазға басып шығарады (1-қосымша) және бөлуге сәйкес қызметтік хат-хабар секторының арнайы стеллажының мекенжай жәшігіне қояды.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
21. Қызметтік хат-хабар секторының қызметкері хат-хабарды (құжаттарды) Премьер-Министр Хатшылығының қабылдау бөлмесіне, Премьер-Министр орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қабылдау бөлмелеріне жеткізеді және оларды қызметтік хат-хабар секторына қайтарылатын карточкада алған күні мен уақытын көрсетумен қол қойдырып, оларды қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне тапсырады.
Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы құжаттарды қарағаннан кейін қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері оларды адресаттарға кейіннен жөнелту үшін басшылықтың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат форматында жасалған тапсырмаларымен бірге (қажет болған жағдайда қағаз жеткізгіште) Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі қызметтік хат-хабар секторының қызметкеріне береді.
Қызметтік хат-хабар секторының арнайы стеллажынан Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы орынбасарларының, құрылымдық бөлімшелердің қабылдау бөлмелерінің қызметкерлері белгіленген кесте бойынша қызметтік хат-хабар секторында құжаттарға жауапты адамда қалатын карточканың екінші данасына қолын қойып, келіп түскен хат-хабарды алуды жүргізеді. Бұл ретте қызметтік хат-хабар секторының қызметкері телефон арқылы шұғыл хат-хабардың (құжаттардың) түскені туралы тиісті қабылдау бөлмелерінің қызметкерлеріне дереу хабарлайды, олар шұғыл хат-хабарды (құжаттарды) кестеден тыс дереу алуды жүзеге асыруға тиіс; хат-хабар (құжаттар) бір мезгілде электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, электрондық құжаттар форматында белгілеуге (таратқыш есебіне) сәйкес бірлесіп орындаушы басқа құрылымдық бөлімшелерге жібереді.
22. Премьер-Министрдің қарауына жолданатын құжаттар Премьер-Министрдің Хатшылығы (бұдан әрі - Хатшылық) қабылдау бөлмесінің қызметкеріне беріледі.
Хатшылық тікелей Премьер-Министр, оның орынбасарлары немесе Кеңсе Басшысы бергендерді қоспағанда, тіркеуден өтпеген хат-хабарды қабылдамайды. Бұл ретте Премьер-Министр, оның орынбасарлары, сондай-ақ Кеңсе Басшысы тікелей қабылдаған хат-хабар дереу қызметтік хат-хабар секторына тіркеуге беруі тиіс.
23. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түсетін Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын (арнайы қаптамаларда), Премьер-Министрдің хаттары мен тапсырмаларын (таза қаптамаларда) Хатшылықтың қызметкері қабылдап алады және қажетті келісулер мен құжаттардың болуын тексереді, одан кейін Премьер-Министрге баяндау үшін және кейіннен қол қою үшін береді.