2. Құжаттар ксерокөшірмелерін жасауға арналған өтінімдерге (№ 1 нысан) Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының, оның орынбасарларының, Кеңсе құрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының қол қоюға құқығы бар.
3. Кіріс хат-хабарларын, оның ішінде Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын ксерокөшіруге арналған (№ 2 нысан) өтінімдерге Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің, оның орынбасарларының және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметтік хат-хабар секторы меңгерушісінің қол қоюға құқығы бар.
4. Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің, Үкімет мәжілістері хаттамаларының, оларға қосымшалардың, өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің, сондай-ақ Кеңсенің мұрағаттық құжаттарының түпнұсқаларын ксерокөшіру Кеңсенің Басшысы немесе оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі немесе оның орынбасарлары қол қойған өтінімдер (№ 3 нысан) бойынша ғана жүзеге асырылады.
5. (Алынып тасталды).
6. Құпия құжаттар ксерокөшірмесін жасау: Кеңсе Басшысы, оның орынбасарлары, Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі және оның орынбасарлары, құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі қол қойған өтінімдер бойынша ғана қатаң белгіленген санда жүзеге асырылады және бөлек есепке алынады (№ 4 нысан).
7. Көбейту-көшіру бюросында көбейтілген құжаттарды сақтау осы құжаттарға қатысы жоқ адамдардың олармен танысу мүмкіндігін болдырмайтындай ретте жүзеге асырылуы тиіс.
8. Көшіру-көбейту бюросы өтінімдердің негізінде көбейтілген құжаттардың саны мен таралымын, қағаз бен басқа да материалдар шығынының есебін жүргізеді. Көшіру-көбейту жұмыстары орындалғаннан кейін нобайлық материал белгіленген тәртіппен жойылады.
9. Осы Тәртіптің сақталуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
№ 1 нысан
Құжаттан ксерокөшірме дайындауға арналған
ӨТІНІМ
Бөлім____________________
Орындаушының тегі, аты-жөні_____________
телефоны_____________
Р/сN | Құжаттың күні, атауы | Төлнұсқадағы парақтар саны | Таралымы | Барлық парақ- тар саны |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Күні_________жалпы парақтар шығысы___________
Рұқсат етемін: Кеңсе құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасары (кеңесші, бас инспектор)________________________
Ксерокөшірмелерді алғандығы туралы қолхаты ________________________
№ 2 нысан
Құпия құжаттардың ксерокөшірмесін жасауға арналған
ӨТІНІМ*
Орындаушының тегі, аты-жөні_______________
телефоны_______________
Құжаттың атауы | Құжаттың күні мен № | Төлнұсқадағы парақтар саны | Таралымы | Барлық парақтар саны |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
| | | | |
Күні____жалпы парақтар шығысы___________
Рұқсат етемін: Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (орынбасары) немесе құпия іс жүргізу және ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі__________________________
Ксерокөшірмелерді алғандығы туралы қолхаты_____________________
_____________
* нарядтарды есепке алу журналы бойынша МҚҚБ-де есепке алынуға тиіс (31-ИРС нысаны)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Нұсқаулық «Қызмет бабында пайдалану үшiн» белгісімен. Деректер базасына енгізілмейді
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен нұсқаулық өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.06. № 643 Қаулысымен нұсқаулық алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде есептеу техникасы құралдарын қолдану
арқылы іс жүргізу жөніндегi
НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 31 қаңтардағы
№ 168 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, орталық және жергілікті атқарушы
органдарда құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметінің кесімдерін, Премьер-Министрдің өкімдерін, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының, оның орынбасарларының тапсырмалары бар құжаттардың және Парламент депутаттарының сауал салуларының, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру туралы өтінішпен Парламент Палаталары хаттарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды регламенттейді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Премьер-Министрдің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Yкіметінің Регламентіне сәйкес бақылаудағы құжаттардың орындалуын бақылау жөнінде ұйымдастыру және таңдау жұмысын жүзеге асырады, орындаушылық тәртібінің жай-күйі туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне жүйелі түрде хабарлап отырады.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 ; 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде (бұдан әрі - Премьер-Министрдің Кеңсесі) бақылау жұмысын үйлестіруді Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады, ол мынадай құжаттарды, оның ішінде құпия іс жүргізудегі құпия құжаттарды (бұдан әрі -бақылаудағы құжаттар) бақылауға алады:
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін не актілерінің тармақтарын;
2) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар бар халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын;
3) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмаларды не тапсырмалардың тармақтарын;
4) Үкіметке және оның басшылығына жолданған Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметке, Премьер-Министрге және оның орынбасарларына «Бақылауға алынды» деген мөртабаны, «шұғыл», «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» белгілері болған кезде, қызметтік және өзге де құжаттар бойынша жолданған тапсырмаларын не тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ мазмұнынан оларды бақылауға қою қажеттілігі туындайтын тапсырмаларын;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкімет қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін, Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын, Премьер-Министрде, Премьер-Министрдің орынбасарларында, Кеңсе Басшысында болған кеңестерді;
7) орындалу мерзімі көрсетілген немесе «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» белгілері бар, бақылауға алу туралы нұсқау бар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Премьер-Министр Кеңсесінің, Кеңсе Басшысының (оның міндетін орындаушы тұлғаның) атына жолданған тапсырмаларын;
8) Парламент депутаттарының сауалдарын, депутаттар бастамашылық еткен заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының мәлімдемелерін;
9) прокурорлық қадағалау актілерін.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Бақылаудағы құжаттар олардың орындалуын бақылау үшін Кеңсе Басшысы бекіткен осы бөлімшелер мен олардың функционалдық міндеттері туралы ережелерге сәйкес немесе Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының (бұдан әрі - Басшылық) тапсырмаларына сәйкес Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бекітіп беріледі.
Қандай да болмасын іс-шаралар жоспарын бекітетін Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің орындалуын бақылау, тұтастай алғанда, осы қаулыны немесе өкімді орындаушыға (қаулы немесе өкім жобасының Кеңседе өтуі үшін жауап беретін Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне) жүктеледі.
Бір бөлімнен екінші бөлімге бақылаудағы құжаттарды беру Кеңсе Басшысының қарары негізінде Премьер-Министр Кеңсесінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте құрылымдық бөлімшенің іс жүргізушісі бақылау карточкасына және электрондық дерекқорына құжат келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей орындаушының тегін, атын, әкесінің атын енгізеді.
5. Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бөлімшеге бекітілген әрбір бақылаудағы құжатқа тұтас құжаттың не оның жекелеген тармақтарының орындалуын бақылау оған жүктелетін бөлімшенің қызметкерін (бұдан әрі - орындаушы) айқындайды.
6. Бақылаудағы құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылауды Кеңсенің бақылаудағы нақты құжаттар оған бекітіп берілген құрылымдық бөлімшесі мен Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы (бұдан әрі - бақылау секторы) жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Егер бақылаудағы құжаттарда нақты орындалу мерзімі көрсетілмесе, онда мұндай құжаттар бір ай мерзімде, ал «өте шұғыл» белгісі болған кезде - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісі болған кезде - он жұмыс күні ішінде орындалады.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторы бақылаудағы тапсырманы орындаудың белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде, тиісті ескертпені қағаз немесе электрондық тасығыштарда мемлекеттік органдардың атына жібереді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларын, егер Қазақстан Республикасының Президенті өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күнінен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар және лауазымды тұлғалар орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімдерін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Президенттің және Президент Әкімшілігі Басшысының тапсырмаларын көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы күні бұрын белгіленген мерзімге дейін бір күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырма берген лауазымды тұлғасының атына (не мемлекеттік орган басшысының қолы қойылып - Кеңсенің лауазымды тұлғасының атына), орындаудың ағымдағы жай-күйін, орындау мерзімін ұзарту не орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, орындаудың нақты мерзімі, нақты жауапты саяси мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды және ұйымдардың жауапты лауазымды тұлғаларын міндетті түрде көрсете отырып хат жібереді.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300 қаулысымен; 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Егер Басшылық тапсырманы Кеңсенің бірнеше құрылымдық бөлімшесіне берсе, онда орындалуын бақылау және үйлестіру жөніндегі жұмысты тапсырмада бірінші көрсетілген құрылымдық бөлімше не оның атауының жанында «(жинақтау)» белгісі бар бөлімше жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелер - тапсырмаларды бірге орындаушылар жинақтауды жүзеге асыратын бөлімшеге өз ұсыныстарын тапсырманың белгіленген орындалу мерзімі өткенге дейін бір күннен кешіктірмей енгізеді.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Егер бақылаудағы құжаттарда Премьер-Министр Кеңсесінің бірнеше құрылымдық бөлімшесінің құзыретіне жататын тапсырма болса, онда құжаттың орындалуын толығымен бақылау бекітіліп берілген құрылымдық бөлімше үш жұмыс күні ішінде нақты тармақтарын орындауды бекітіп беруді Премьер-Министр Кеңсесінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге (әрбір тармақ бойынша Кеңсенің нақты құрылымдық бөлімшесіндегі орындаушы мен орындау күні көрсете отырып) жасайды және келіседі, оны Кеңсе Басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам бекітеді. Бекітілген бекітіп берудің көшірмелері тартылған құрылымдық бөлімшелерге, қызметтік хат-хабар секторына және бақылау секторына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 9-1-тармақпен толықтырылды
9-1. Бақылау секторы Үкімет Регламентінде көзделген әр түрлі іс-шаралар жоспарларын бекітуді көздейтін енгізілетін Үкімет қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын тіркеу алдындағы тексеру барысында жобалардың мәтіндерінде және іс-шаралар жоспарларында келіспеушіліктерді, оның ішінде негізделмеген орындау мерзімін, аяқталу нысанының дұрыс еместігін және орындаушыларды дұрыс белгілемеуді анықтаған кезде бұл жобалар әзірлеушіге тіркеусіз қайтарылады.
Кеңседе тіркелген көрсетілген жобалар Басшылықтың қарауына енгізілгенге дейін бақылау секторымен келісілуге (бұрыштама соғылуға) тиіс. Басшылық кеңесшілеріне (көмекшілеріне) және қабылдау бөлмелерінің аға мамандарына мұндай жобаларды бақылау секторының келісімінсіз (бұрыштамасынсыз) қабылдауға тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Орындаушы Президенттің және Yкіметтің бақылауға алынған әрбір кесіміне, Премьер-Министрдің өкіміне жинақтаушы папка (ic) ашады, және тіркеу-бақылау кәртішкесін толтырады.
Жинақтаушы папкалардағы құжаттар мынадай тәртіппен топталады:
бақылаудағы кесімнің (қаулының, өкімнің) көшірмесі;
құжатты бақылаудан алу туралы жазба және тапсырма;
бақылаудағы құжаттың және оның жекелеген тармақтарының орындалу барысы туралы ақпарат пен басқа да құжаттар (хронологиялық тәртіппен орналастырылады).
Президенттің кесімдерін, Үкіметтің қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін орындау жөніндегі құжаттар бар істер толық орындалып, бақылаудан алынғанға дейін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сақталуы мүмкін, одан кейін мұрағатқа тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 11-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы құжаттар мен олардың жекелеген тармақтарын орындау туралы есептер Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі. Бұл ретте есептердің төлнұсқалары - құжаттың тұтастай орындалуын бақылау бекітіліп берілген Кеңсенің құрылымдық бөлімшесіне, ал олардың көшірмелері Кеңсе Басшысы (оның міндетін атқарушы тұлға) бекіткен немесе оның тапсырмасымен бекітілген бекітіп беруге сәйкес бақылаудағы құжаттардың жекелеген тармақтарының орындалуына жауапты құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
Егер орталық немесе жергілікті атқарушы органдар бақылаудағы құжаттың орындалуы туралы есептерді белгіленген мерзімде немесе толық көлемде тапсырмаса, онда нақты құжаттың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Кеңсенің тиісті құрылымдық бөлімшесі мемлекеттік органдар үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін орындалу мерзімінің бұзылу себептері туралы Басшылыққа хабарлауға және осы бақылаудағы құжаттың одан әрі орындалуы жөнінде ұсыныс енгізуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2000.12.10. № 1300; 2005.14.04. № 358 Қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.25.06. № 641 қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ жаңа редакцияда
12. Премьер-Министр Кеңсесіндегі тұтастай құжаттың немесе оның жекелеген тармақтарының бақылауы үшін жауапты орындаушы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан есеп алғаннан кейін құжаттың, оның ішінде құпия сипаттағы құжаттың әрбір бақылаудағы тармағы бойынша есептің орындалу уақтылылығы, толықтығы және сапасы мәніне талдау жүргізеді, оның нәтижелері бойынша нақты қорытындылар мен ұсыныстары бар қызметтік жазба не тиісті қарардың жобасын дайындайды. Бақылаудағы және бақылаудағы емес құжаттар бойынша есептерге талдау жүргізу мерзімі олардың Премьер-Министр Кеңсесінде тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Келіп түскен ақпараттың негізінде және талдау нәтижелеріне қарай орындаушы орындалу мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Басшылыққа:
1) Президенттің актілері мен тапсырмалары бойынша - оларды бақылаудан алу туралы (егер тапсырма толық көлемде орындалса) не орындау мерзімін ұзарту туралы не құжаттарды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлғаның) атынан Президент Әкімшілігіне нақты орындалу мерзімдері мен жауапты орындаушыларды көрсете отырып, негізді хаттың белгіленген тәртіппен дайындалған жобасын;
2) үкіметтік шешімдер, хаттамалық шешімдер және Басшылықтың тапсырмалары бойынша - бақылаудан алу, орындау мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы ұсыныстармен бірге нақты орындау мерзімдерін көрсете отырып, талдау нәтижелері бойынша жазбаны тапсырады.
Нақты орындалу мерзімін көрсете отырып бақылаудан алу, мерзімін ұзарту Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарарымен бөлімнің жазбасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ррындаушы мемлекеттік органдарды үкіметтік шешімдер мен Басшылық тапсырмаларының нақты орындалу мерзімін көрсете отырып орындалу мерзімін ұзарту немесе орта мерзімді және ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы дереу хабардар етеді.
3) мемлекеттік органның тапсырманы сапасыз орындағаны белгіленген кезде Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты бөлімі тапсырма берген Үкімет Басшылығының немесе Кеңсе Басшысының атына сапасыз орындалғанын негіздей отырып, жазба дайындайды.
13. Оларға Басшылықтың қарарлары бар, орындалу мерзімі көрсетілген құжаттарды, соның ішінде «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» белгісімен, не оны бақылауға қою туралы нұсқау болса немесе «баяндалсын», «ұсыныс енгізілсін» және т.с.с. белгілері бар құжаттар адресаттарға жіберілуден бұрын міндетті түрде бақылау секторына тапсырылады да, ол құжатқа «БАҚЫЛАУҒА» немесе «БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ» мөртабанын қояды да, одан кейін құжаттар нысанасына қарай жіберу үшін қызметтік хат-хабар секторына тапсырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестер хаттамаларының тармақтарын бақылауға қоюды Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары бойынша Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 14-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 14-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, Үкімет Бағдарламасын, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкімет мәжілістерінің хаттамаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын бекіту туралы Үкімет қаулыларының орындалуын бақылауды тұтастай алғанда Макроэкономикалық талдау және бағдарламалық мониторинг бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15. Басшылықтың аймақтар әкімдеріне берген тапсырмаларының орындалуын бақылауды Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Құпия құжаттардың орындалу мерзімдерін бақылау Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің құпия іс жүргізуінде жүзеге асырылады.
17. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. ҚР Үкіметінің 2008.04.06. № 535 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18. Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі Кеңсенің Басшысымен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың орындалуына тексеру жүргізуге және бұзылуы анықталған фактілер туралы шешім қабылдау үшін Басшылыққа баяндауға құқылы.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-1-тармақпен толықтырылды
18-1. Бұрыштама соғар және қол қою алдында Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшесінің жауапты қызметкері Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының атына орындалуы туралы жауаптардың жобаларын Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бақылау секторына нөмірге сілтеменің, құжат нөмірі мен тапсырма тармағының дұрыстығын тексеру үшін жібереді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 18-2-тармақпен толықтырылды
18-2. Премьер-Министрде бақылау тәртібімен қаралатын тапсырмалар (Үкімет мәжілістерінің, Премьер-Министрдегі кеңестердің хаттамалары) бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшесі апта сайын әр сенбіде сағат 11-ден кешіктірмей ақпаратты бақылаудағы әрбір тармағы бойынша бөлім меңгерушісінің, ал ол болмаған кезде - оның міндетін атқарушы тұлғаның қол қоюы үшін Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөліміне береді. Мұндай тапсырмалардың тізбелерін Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінің атына Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі апта сайын әр бейсенбіде жібереді.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда
19. Бақылаудағы құжаттардың уақытылы әрі сапалы орындалуына, заңнамалық және нормативтік құқықтық кесімдер жобаларының әзірленуіне, олардың Қазақстан Республикасының Президенті мен Премьер-Министрдің қарауына ұсынылуы үшін жауапкершілік орталық атқарушы органдардың бірінші басшыларына, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жүктеледі. Бұл ретте, көрсетілген органдардың басшылары бақылау жұмысын ұйымдастыруға жауапты бөлімшелер мен лауазымды адамдарды белгілейді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы үшін бақылауды мынадай лауазымды тұлғалар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның жауапты хатшысы, аппарат басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуы және орындаушылық тәртіптің сақталуы үшін бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады
ҚР Үкіметінің 2005.14.04. № 358 Қаулысын 20-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20. Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының жанында «(жинақтау)» белгісі бар орган жауапты болып табылады. Жауапты органның бірлесіп орындаушылармен келіскеннен кейін орындау мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
Тапсырмада жауапты орындаушы белгіленбеген жағдайда, яғни «(жинақтау)» белгісі болмаса, тапсырмада санамаланған барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар тапсырма берушіге өз жауаптарын жібереді.