Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың
және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 26 шілдедегі № 833 Қаулысы
(2011.22.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім), 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (ерекше бөлім), 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1329 Қаулысымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану ережесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен; 2005.21.04. № 372 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.31.12 № 1329 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2010.30.09. № 1009 Қаулысымен (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жекелеген негiздер бойынша республикалық меншiкке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкiлеттi орган болып белгіленсiн.
Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті атқарушы органдар жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар болып белгіленсін.
3. ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 372 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 қыркүйектегi № 1467 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 476-құжат) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 2011.22.08. № 936 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 26 шілдедегі
№ 833 қаулысымен
бекітілген
Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс)
мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті (бұдан әрі - Мүлік) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереженің әрекеті мүлікті есептеу, сақтау және бағалау бөлігінде сот шешімімен республикалық меншікке түскен деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.
3. Республикалық меншікке айналдырылған иесіз қауіпті қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті және оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы Ережемен айқындалатын тәртіппен республикалық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай Мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және бұдан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады:
1) тәркіленген мүлікті;
2) сот актілерінің негізінде мемлекет кірісіне айналдырылған заттай айғақтарды (бұдан әрі - заттай айғақтар);
3) мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұратын көмбелерді (бұдан әрі - көмбелер);
4) лауазымдық жағдайына байланысты немесе қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне берілген, арнаулы мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды (бұдан әрі - сыйлықтар);
5) республикалық меншікке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеусіз өткен мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік ресімделген тауарларды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
5. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар) коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мынадай мүлікті:
1) белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған (бұдан әрі - иесіз мүлік), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекет кірісіне айналдырған деп танылғанға дейін мемлекеттік мекемелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың иелігіндегі иесіз мүлік;
2) мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен, оның ішінде қайтыс болған адамнан мұрагерлікке қалған (бұдан әрі - мұрагерлік мүлік);
3) олжаларды;
4) қараусыз қалған жануарларды;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1371 қаулысымен белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен мүлікті;
6) мәдени құндылықтарға жататын заттарды қамтымайтын көмбелерді (қазыналар үлесін) есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
6. Уәкілетті орган мен коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар салық органдарына салық қызметінің уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша Мүлік туралы мәліметтерді беруге міндетті.
2. Мүлікті есепке алу және сақтау
7. Мүлікті есепке алу мынадай негіздерде жүзеге асырылады:
1) тиісті сот актілері;
2) мемлекеттің мұрагерлікке нотариус беретін құқығы туралы куәлік;
3) кедендік ресімдеу аяқталғаннан кейін мемлекет пайдасына бас тарту кеден режиміне сәйкес мәлімделген кеден декларациясы;
4) мемлекет меншігінің құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар.
Мүлік, сонымен қатар, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда есепке қойылады.
8. Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (1-қосымша) негізінде Мүлік беріледі. Мүлікті тізімдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі (бұдан әрі - Тізімдеу актісі) Тізімдеу актісінде көрсетілген тараптардың саны бойынша жасалады.
9. Тізімдеу актілерін есепке алу үшін тізімдеу актілерінің есепке алу кітабы (2-қосымша) жүргізіледі. Тізімдеу актілерінің есепке алу кітабына (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) Тізімдеу актілері олардың түскеніне қарай тіркеледі. Есепке алу кітабындағы Тізімдеу актілерінің реттік нөмірлері Мүлік жазбаларының нөмірлеріне сәйкес келуі тиіс. Есепке алу кітабындағы жазбалар уақтылы, анық және былғанбай жүргізілуі тиіс. Есепке алу кітабы нөмірленуі, баулануы және уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның мөрімен бекітілуге тиіс.
10. Тізімдеу актісін Есепке алу кітабына енгізгеннен кейін әр жазбаға түгендеу карточкасы (3-қосымша) ашылады. Түгендеу карточкасының тақырыбы Мүліктің кімге берілгені, сондай-ақ Мүлікті беру уақыты туралы мәліметтен тұруға тиіс. Мүлікті сатқан кезде түгендеу карточкасында бюджетпен есеп айырысу мерзімдері, төлем құжатының (тарының) нөмірі мен күні көрсетіледі.
Түгендеу карточкасына Тізімдеме актісінің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі. Мүлік бір Тізімдеме актісі бойынша бірнеше ұйымдарға берілген жағдайда түгендеу карточкалары әр ұйымға бір нөмірмен жеке ашылады.
11. Коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар иесі жоқ жылжымайтын затты есепке алған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін бұл затты аудандық коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы талаппен сотқа жүгінеді.
12. Мүлікті сақтау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленетін талаптарға сәйкес жүргізіледі.
3. Мүлікті бағалау
13. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде сату немесе мемлекеттік меншікке өтеусіз беру үшін бағалау (қайта бағалау) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Бағалаушыны таңдау заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік меншікке өтеусіз берілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлкінің құны теңгерімнен алынатын үзінді көшірмемен және басқа да құжаттармен расталады.
15. Ақша мен төлем құжаттары бағалаушыны тартусыз атаулы құны бойынша бағаланады.
16. Бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды бағалау алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау орталығы» (бұдан әрі - Орталық) филиалына тасымалдау (қайта жіберу) мақсатында жүргізіледі.
17. Республика меншігіне айналдырылған (айналдырылуға тиіс) Мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды уәкілетті орган жүргізеді.
Коммуналдық меншікке айналдырылған (айналдырылуға тиіс) Мүлікті бағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде сату
18. Мүлікті одан әрі пайдалану, оның ішінде сату мынадай тәртіпті сақтай отырып жүргізіледі:
1) комиссия шартының негізінде сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақтау) мерзімі шектелген азық-түлік тауарлары;
бұрын пайдалануда болған өнеркәсіп тауарлары (көлік құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;
2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;
3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.
Егер сауда ұйымдары арқылы немесе аукциондарда өткізуден кейін мүлік толықтай немесе ішінара өткізілмей қалса, уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдар осы мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Комиссия тағайындаған ең төменгі бағамен сатылмаған, пайдалануға жарамды мүлік балалар үйлеріне, қарттар және мүгедектер үйлеріне, балабақшаларға, мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге не болмаса арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін субъектілерге ақысыз (тегін) беріледі.
Төмен бағамен сатылмаған Мүлік туралы мәлімет 15 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органдардың ресми сайтында жарияланады.
Төмен бағамен сатылмаған Мүлікті қайтарымсыз иеленуге арыз ақпарат жарияланған күннен бастап бір ай ішінде беріледі. Арыз уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органда тіркелуге тиіс. Мүлікті меншігіне иеленуге бірнеше үміткер болған жағдайда, басымдық арызды бұрын берген адамға беріледі.
Егер Мүлік жеке негіздер бойынша одан әрі қарай қолданылмаса, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті орган ең кемінде үш орган қызметкерлерінің қолы қойылған акт жасайды.
Одан әрі қарай пайдалануға жатпайтын Мүлік және төмен бағамен сатылмаған Мүлік комиссияның шешімімен жойылады.
19. Аукцион ұйымдастырушыны таңдау аукциондарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
Мүлікті сатуға байланысты туындаған аукцион ұйымдастырушысымен қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және осы Ережеге сәйкес реттеледі.
Мүлікті сату жөніндегі аукциондар мынадай тәртіпті сақтай отырып өткізіледі:
1) уәкілетті орган немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген орган жасалған шартқа сәйкес аукцион ұйымдастырушыға атауы, саны, бастапқы бағасы, орналасқан жері қамтылған Мүліктің тізбесін береді, сондай-ақ аукционды өткізу әдісін анықтайды;
2) аукцион ұйымдастырушы белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған республикалық немесе жергілікті мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органмен немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органмен келісім бойынша өзге мерзімді баспа басылымдарында жариялануы тиіс аукционда сату үшін ұсынылып отырған Мүлік туралы ақпараттық хабарламаны аукцион өткізу хабарланған күнге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей жасайды;
Аукционда сату үшін ұсынылып отырған мүлік туралы ақпараттық хабарлама уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның ресми сайтында қосымша жариялануы мүмкін;
3) ақпараттық хабарламада мынадай мәліметтер болуы қажет:
аукцион өткізілетін күн, уақыт және орын;
аукцион өткізудің әдісі;
Мүлік туралы қысқаша мәліметтер, оның бастапқы бағасы;
кепіл жарналарының мөлшері және оны енгізу тәртібі;
аукциондарға қатысуға өтінімдерді қабылдау орны, уақыты және мерзімі;
4) аукцион ұйымдастырушы ақпараттық хабарлама жарияланғаннан кейін уәкілетті органды немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органды аукционды өткізу күні, уақыты және орны туралы 3 жұмыс күн ішінде хабардар етеді;
5) аукционға уәкілетті органның, коммуналдық меншікті басқаруға уәкілеттік берілген органның қызметкерлері және мүлікті аукцион өткізілетін мемлекеттің меншігіне айналдыру туралы шешім шығарған судьялар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері және жақын туысқандары (ата-аналары, жұбайлары, туған аға-інілері және апа-сіңлілері, балалары немесе жекжаттары - жұбайларының туған аға-інілері және апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары) қатыса алмайды;
6) Мүліктің бастапқы бағасының бес пайызы мөлшерінде кепіл жарна енгізген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен аукционның ұйымдастырушысы тіркеген жеке және заңды тұлғалар аукционға қатысуға жіберіледі;
7) кепіл жарнасын енгізу аукционға қатысушының мынадай:
аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес Мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу міндеттемелерін қамтамасыз етеді;
8) аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін:
аукционға қатысуға өтінім;
қатысушының жеке басын куәландыратын құжатты;
кепіл жарна енгізілгенін растайтын төлем құжатын;
өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжатты;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы жарғы мен куәліктің көшірмелерін (заңды тұлғалар үшін);
мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармасымен құрылтай құжаттарын (шетелдік заңды тұлғалар үшін) беру қажет;
9) аукционға қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап қабылданады және аукционды өткізгенге дейін бір сағат бұрын аяқталады;
10) аукцион оларды өткізу ережесін, сату затының қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы бағасын, бағаны өзгерту қадамын жариялаудан басталады;
11) егер аукционға кемінде екі қатысушы қатысып, олардың бірі сауда-саттыққа қойылған Мүлікті сатып алса, ол өткізілген болып саналады;
12) Мүлікке неғұрлым көп баға ұсынған аукционға қатысушы жеңімпаз болып жарияланады;
13) өткізілген аукционның нәтижелері бойынша аукционды ұйымдастырушы сатып алушы, Мүліктің атауы, оның бастапқы құны және сату бағасы туралы мәліметтерді көрсете отырып, аукционның нәтижелері туралы хаттама жасайды, оған аукцион жеңімпазының, аукционды ұйымдастырушының және уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның өкілдері, сондай-ақ аукционның басқа да қатысушылары қол қояды. Аукционның нәтижелері туралы хаттама оған қол қойған тараптардың саны бойынша жасалады және сауда-саттық аяқталғаннан кейін олардың әрқайсысына бір-бір данадан тапсырылады;
14) аукционның нәтижелері туралы хаттама Мүлікті сатып алу-сату шартын жасасу үшін аукционның жеңімпазына негіздеме болып табылады;
15) Мүлікті сатып алу-сату шарты уәкілетті органның немесе коммуналдық меншікті басқаруға уәкілетті органның, аукционның жеңімпазы мен ұйымдастырушысы арасында аукционды өткізгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда жасалады;
16) өткізілген аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан және/немесе Мүлікті сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан аукцион жеңімпазы осы Мүлік бойынша өткізілетін аукциондарға одан әрі қатысу құқығынан айрылады, кепілдік жарнасы оған қайтарылмайды, ал сатып алушы бас тартқан аукционның заты сауда-саттыққа қайтадан қойылады;
Кепілдік жарнасы сондай-ақ мынадай:
аукционға қатысудан оны өткізгенге дейін бір сағат бұрын бас тартқан;
нәтижелерімен негізсіз келіспеген аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюдан қатысушы бас тартқан жағдайларда қайтарылмайды;
17) аукционның қандай да бір затын сатып алған тұлғаларға кепілдік жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының шотына есептеледі, ал аукционға қатысқан, бірақ одан ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепілдік жарнасының сомасы қайтарылады;
18) бірінші аукцион өткізілмеген болып жарияланған жағдайда, аукционды ұйымдастырушы бірінші аукцион өткізілмеді деп жарияланғаннан кейін кемінде 10 жұмыс күні өткен соң осы тармақта белгіленген оны өткізу рәсімдерін сақтай отырып, сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша келесісін өткізе алады.
Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукционы өткізу кезінде Мүліктің құны қатысушылардың бірі оны жарияланған баға бойынша сатып алуға келіскен сәтке дейін жарияланған қадаммен төмендетіледі, ол комиссия белгілеген ең аз бағадан төмен болмауы тиіс;
19) сауда-саттық кезінде бағаның арту немесе төмендеу қадамы бастапқы бағасының үштен бес пайызына дейінгі шекте белгіленеді.
20. Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы болуы мүмкін мүлікке «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын арнаулы комиссия сараптама жасайды.
Тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылыққа жатқызылған мүлік тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік мұражайларға өтеусіз берілуі мүмкін.
21. Бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар Тізімдеме актісінің негізінде Орталыққа тапсырылады.
22. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына (бұдан әрі - филиал) немесе Орталыққа жіберілетін бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдар ішкі тігіспен тігілген тығыз матамен қапталып, ағаш жәшікке немесе картон қорапқа (құндылықтардың санатына қарай) буып-түйілуі тиіс (бұдан әрі - құндылықтар салынған жөнелтілім). Бағалы металдардан жасалған монеталарды ішкі тігіспен тігілген тығыз матадан жасалған екі қапқа (бірінің ішіне бірі салынып) буып-түюге рұқсат етіледі (бұдан әрі - құндылықтар салынған қап). Құндылықтар салынған жөнелтілімдер (құндылықтар салынған қаптардың ауыздары) ораманы және пломбаны бұзбай ашудың мүмкін еместігін қамтамасыз ететіндей түрде буылуы (тігілуі) және корғасын пломбамен пломбалануы тиіс. Жөнелтілімдерде (немесе қапқа таңбаларда) бағасы, өлшемдері: ұзындығы, ені, биіктігі сантиметрмен, брутто салмағы, алушының және жіберушінің мекен-жайы көрсетіледі. Құндылықтар бар бір орынның (жөнелтілімнің немесе қаптың) ең жоғарғы салмағы 10 (он) кг-дан аспауы тиіс. Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) поштамен және қағаз пакеттермен жіберуге тыйым салынады.
Көрсетілген талаптарды бұза отырып ресімделген құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) филиалдар мен Орталық қабылдамайды.
Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) уәкілетті орган өз бетімен немесе жергілікті арнайы байланыс бөлімдері арқылы Орталыққа не Алматы қалалық филиалы мен Алматы облыстық филиалын қоспағанда, одан әрі Орталыққа жіберу үшін өз бетімен филиалға жібереді.
Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) қабылдаған соң филиал «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен белгіленген тәртіппен түбіртек береді.
Уәкілетті орган құндылықтарды буып-түю кезінде пайдаланылатын пломбалар таңбаларының уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылған үлгілерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары мен Орталыққа беруді қамтамасыз етеді. Пломбалар таңбаларының куәландырылған үлгілері (олар ауыстырылған жағдайда таңбалардың жаңа үлгілері) құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жібергенге немесе тапсырғанға дейін алдын ала ұсынылуы тиіс. Филиалдар құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) ашпай, эмиссиялық-кассалық операцияларды және құндылықтарды сақтауды реттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен Орталыққа жіберуді жүзеге асырады.
Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) Орталыққа жіберуді филиалдар оның жүк көтергіштігі, сыйымдылығы және есіктерінің ені шегінде тек арнайы вагонмен жолай жеткізу мүмкін болғанда ғана жүзеге асырады.
Құндылықтар салынған жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген кезде уәкілетті орган бағалы металдың немесе тастың санын, салмағын, сынамасын, түрін (атауын) және әрбір заттың ерекше белгілерін көрсете отырып, олардың әрқайсысының егжей-тегжейлі сипаттамасы көрсетілген Тізімдеме актісін (тізімдеме) жасайды, оған уәкілетті органның тиісті өңірлік бөлімшесінің басшысы қол қояды.
Тізімдеме актісі (тізімдеме) үш данада жасалады, олардың бір данасы уәкілетті органда қалады, екіншісі - құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ішіне салынады, үшіншісі - ілеспе хатпен бірге Орталыққа жіберіледі. Ілеспе хатта құндылықтар Мүліктің қандай түріне жататындығы (тәркіленген, мұрагерлік, иесіз немесе қазына), оның мемлекет меншігіне қандай негіз бойынша өткені, құндылықтарды тәркілеуге арналған құжаттардың көшірмесі қоса беріліп (алып қою актілері, сот шешімдері, сот сараптамасының актілері және т.с.с), оның кімнің иелігінде болғаны (егер ол белгілі болса), сондай-ақ жөнелтілімді (қапты) ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде уәкілетті орган өкілінің міндетті қатысуының қажеттігі көрсетіледі немесе өз өкілінің қатысуынсыз жөнелтілімді (қапты) ашуға және құндылықтарды қабылдауға келісім беріледі.
Құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алғанын растау үшін Орталық уәкілетті органға алдын ала қабылдау актісін жібереді. Жөнелтілімді ашу және құндылықтарды саны бойынша қабылдау кезінде өз өкілінің міндетті қатысуының қажеттігіне арналған уәкілетті органның нұсқауы бар құндылықтар салынған жөнелтілімді (қапты) алдын ала қабылдау актісіне ілеспе хатта құндылықтар салынған жөнелтілімнің (қаптың) ашылған күні көрсетіледі. Көрсетілген күні уәкілетті органның өкілі келмеген жағдайда, Орталық жөнелтілімді ашуды және құндылықтарды қабылдауды өз бетінше жүзеге асырады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі алдын ала қабылдау актісін алған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құндылықтарды қабылдаған филиалға құндылықтарды тапсыру туралы түбіртекті қайтарады.
Жөнелтілімді (қапты) ашуды, құндылықтарды қабылдауды және сұрыптауды Орталық жөнелтілімдердің түсу тәртібі бойынша жүзеге асырады және ол құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актісімен ресімделеді. Орталықтың жөнелтілімдерді ашу және құндылықтарды қабылдау нәтижелері түпкілікті болып табылады.
Құндылықтарды қабылдау және сұрыптау актісін Орталық уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Құндылықтарды қабылдау уақытында ілеспе құжаттардың деректерімен алшақтықтар анықталған кезде құндылықтар бар жөнелтілімдерді (қаптарды) жіберген уәкілетті органға бес жұмыс күні ішінде тиісті шаралар қабылдау үшін анықталған алшақтықтарды көрсете отырып наразылық жіберіледі.
23. Жекелеген негіздемелер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) бағалы металдарды, асыл тастар мен олардан жасалған бұйымдарды есепке алу, беру және өткізу мақсаттары үшін қабылдау, сұрыптау, есепке алу, құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган белгілейді.