Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.
2. Қызметтің бұл түрі қызметтің мынадай кіші түрлерін қамтиды:
1) атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу және реттеу;
2) атом энергиясын пайдалану объектілері үшін жобалық қауіпті зерттеу бойынша қызметтер ұсыну;
3) ядролық немесе басқа радиоактивті материалдары бар ядролық қондырғыларды, объектілер мен көлік құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектілерінің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) ядролық және басқа радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету.
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.
5. Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия қолданылу мерзіміне шек қойылмай берілетін бас лицензия болып табылады.
2. Лицензия беру тәртібі
6. Өтініш беруші лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға мына құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі өтінішті;
2) Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін (заңды тұлға үшін);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін);
4) өтініш берушінің жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін (жеке кәсіпкер үшін);
5) өтініш берушінің салық органында есепке қою туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін;
6) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды ұсынады.
7. Лицензиясы бар қызмет түрінің шеңберінде лицензияға қосымшаны алу үшін мына құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) біліктілік талаптарына (қызметтің кіші түріне) сәйкес мәліметтер және құжаттар.
8. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін лицензиарға өтінішпен бірге берілген барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі өтініш берушіге лицензиардың құжаттарды қабылдап алған күні туралы белгі қойылып жіберіледі (тапсырылады).
9. Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны белгіленген тиісті құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
10. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ереженің 6-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген;
3) осы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартылуы мүмкін.
11. Лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тартқан жағдайда өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде бас тартудың себептері көрсетіліп, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
12. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себебі туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге арналған мерзімдер аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші лицензиарды қызметтің өзі мәлімдеген түрін және (немесе) кіші түрін жүзеге асыруды бастау туралы жазбаша хабардар етеді.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны береді.
13. Лицензиар берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, жаңартылған және қолданылуы тоқтатылған лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
14. Лицензияның қолданылуын тоқтату, айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
15. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Лицензиялау туралы заңнамада көзделген жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға міндетті.
17. Лицензиардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
18. Лицензиар лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын лицензиаттың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 19 наурыздағы
№ 270 қаулысымен
бекітілген
Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды
физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Осы Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары «Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Бұл түр мынадай кіші түрлерді:
1) жабдықтарды және атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, реттеу жөніндегі қызметті;
2) атом энергиясын пайдалану объектілері үшін жобалық қауіпті зерттеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті;
3) ядролық қондырғыларды, ядролық немесе басқа радиоактивті материалдары бар объектілер мен көлік құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектілерінің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті;
4) ядролық және басқа радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті қамтиды.
3. Жабдықты және атом энергиясын пайдалану объектілерін физикалық қорғау жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалануға қосу, пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу, реттеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет белгі беру құралдарын монтаждау, реттеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметке арналған лицензиясының;
2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
3) жобалау, құрастыру процесінде пайдаланылатын аттестатталған
есептік бағдарламалары мен кодтарының;
4) белгіленген тәртіппен бекітілген мәлімделетін қызмет түрі бойынша (жобалауды қоспағанда) технологиялық регламентінің (нұсқаулықтың);
5) физикалық қорғау жүйелеріне сынақтар өткізудің нұсқаулықтары мен әдістемелерінің;
6) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;
7) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.
4. Атом энергиясын пайдалану объектілері үшін жобалық қауіпті зерттеу бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының;
2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
3) қорғалатын объектінің ерекшелігін ескере отырып персоналды даярлау бағдарламаларының;
4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің болуын қамтиды.
5. Ядролық қондырғыларды, ядролық немесе басқа радиоактивті материалдары бар объектілер мен көлік құралдарын қоса алғанда, атом энергиясын пайдалану объектілерінің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде:
1) жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясының;
2) тиісті дипломдармен, сертификаттармен, аттестаттармен, еңбек кітапшасындағы жазбалармен немесе келісім-шарттармен расталған, техникалық пайдалану ережелерін және қауіпсіздік ережелерін білуі бойынша біліктілігін тексеруден өткен, мамандығы бойынша тиісті білімі және кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылардың, мамандардың білікті құрамының;
3) қорғалатын объектінің ерекшелігін ескере отырып персоналды даярлау бағдарламаларының;
4) мәлімделетін қызмет түрі бойынша өтініш беруші бекіткен нормативтік құқықтық актілер, нормативтік, техникалық және әдістемелік құжаттамалар тізбесінің;
5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартының болуын қамтиды.
6. Ядролық және басқа радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдаған кезде физикалық қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары өтініш берушіде: