Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 270 Қаулысы
Осы редакция 2012 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) атом энергиясын пайдалану объектілерінің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) Ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен, (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
4) ядролық материалдармен, иондаушы сәуле шығару көздерімен (медициналық мақсаттағы рентген-диагностикалық қондырғылардан басқа) және радиоактивті заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
5) Медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
6) медициналық рентгенологиялық жабдықтарды пайдалануды қоспағанда, рентгендік жабдықты әзірлеу, өндіру, өткізу және пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
7) Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
8) атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
9) Ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
10) ядролық материалдарға, иондаушы сәуле шығару көздеріне, радиоактивті материалдар мен радиоактивті қалдықтарға арналған көліктік контейнерлердің, орау жиынтықтары мен материалдарының, құралдардың, контейнерлердің техникалық құжаттамасын әзірлеу, оларды құрастыру, дайындау, өндіру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
11) Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
12) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
13) Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
14) ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығарудың радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
15) Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа да аумақтардағы қызметті лицензиялау ережесі;
16) бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында жүргізілген ядролық жарылыстардың салдарынан ластанған және басқа да аумақтардағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
17) Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
18) ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
19) Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
20) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметке арналған мамандар мен персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы № 100 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |